Вторник , 13 мая 2025

Ресейдегі антиамериканизмнің ТҮП-ТАМЫРЫ ҚАЙДА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (359) от 17 нояб­ря 2016 г.

 

Гео­са­я­си гәп

 


 

Анти­аме­ри­ка­низм қазір Ресей­дің дініне айнал­ды. Ол – бір жағы­нан нұсқа­улық, бір жағы­нан әмбе­бап индуль­ген­ция. Ғалам­дық жылы­ну­ды, әлем­дік қар­жы дағ­да­ры­сын, орыс жемқор­лы­ғы­ның себеп­терін де АҚШ-қа жабуға бола­ды. Керек десеңіз «үйде неге су жоқ?» деген сау­алға да жау­ап осы тарап­тан табылады.

 

 

Қоры­ққан

бұрын жұды­ры­қтай­ды

Төбе­лес біт­кен соң жұды­рық сер­ме­удің еш қисы­ны жоқ екені бел­гілі, ал төбе­лес жоқ жер­де жұды­рық сер­меу – тіп­ті қауіп­ті. Төбе­лес­сіз жұды­рық сер­меу үшін адам шыны­мен қуы­ста­нуы, тым қат­ты сақта­нып тұруы керек. Ондай адам қоры­ққан­нан қос көрініп, біре­уді сұла­тып таста­уы мүм­кін. Анти­аме­ри­ка­низм де сол тәрізді – Кремль қолын жан­та­ла­са сер­меп, мұхит­тың ар жағын­дағы АҚШ-қа жұм­бақ ескер­ту жіберіп, қоқан-лоқы көр­се­ту­мен әлек. АҚШ бұл көрініс­ке абды­рай қарап, бұл «ұрыс баста­удың сыл­та­уы ма, әлде сезім­ді біл­дірудің ерекше әдісі ме?» – деп бас қаты­рып отыр.

Ядро­лық қару­мен бопса­лау, Кали­нин­град­тағы – «Искан­дер», Сири­ядағы С‑300 зымы­ран­да­ры, Куба мен Вьет­нам­дағы база­лар, күл­кілі уль­ти­ма­тум­дар (ядро­лық отын­ды өңдеу тура­лы келісім­нен шығу сияқты), Ресей сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің бірі­нен-бірі асқан сорақы «жұм­бақ ескер­ту­лері» – Ресей осы­ның бәрін қазір төпе­леп-ақ жатыр.

Бұл – ескі сүр­ле­удің жалға­сы емес, жаңа, ерекше бір сапаға өтудің басы тәрізді. Бұл сти­ли­сти­ка­ның артын­да нев­ро­ти­ка­лық сасқа­лақтау, ал біт­пей­тін қоқан-лоқы­ның артын­да жасы­руға кел­мей­тін бір қал­шыл­дау тұр. Жаңа анти­аме­ри­ка­лық қорқы­ны­штың қара­бай­ыр әрі раци­о­нал­ды негіз­дері бар. Олар – аусар­лық, күй­ге­лек­тік және үрей. Орыс билі­гі бір мезет­те осы үше­уін де басы­нан өткеріп жатыр.

 


 

Ресей­дің аусарлығы

Кремль кей­де «біз­де ешқан­дай анти­аме­ри­ка­низм жоқ» деп ақта­лып қояды. Мәс­кеу әлем сахна­ла­рын­да «Біз сен­дер­ді жер­лей­міз» деген совет спек­таклін қай­та қой­ып жатқан­дай көрі­неді. Кремль­дің қорқы­ны­шты спек­такль­дері – фан­та­сти­ка­лық сан­ды­рақ, ал Ресей сыр­тқы сая­са­ты­ның шынайы мақ­сат­та­ры қара­бай­ыр әрі түсінік­ті. Мәс­кеу «бізді жай­ы­мы­зға қал­ды­ры­ң­дар, ісі­міз­ге ара­лас­паң­дар және бұры­нғы Совет импе­ри­я­сы­ның аумағын біздің ықпа­лы­мы­зға қал­ды­ры­ң­дар» деген айқын сиг­нал жіберіп жатыр. Крем­ль­ге бұл сиг­нал әділет­ті болып көрі­неді, ал Баты­стың мұны түсін­бе­уі – Ресей­ді есі­нен ада­сты­ра­тын болды.

Шыдам­сызды­қтан әлі құры­ған Кремль Аме­ри­ка­ны «піскілеп», дұрыс жау­ап­ты «нұқып көр­се­те» баста­ды. Соған қара­ма­стан, Ресей­дің (қазір­гі жағ­дай­да және осы билік орнын­да тұрған­да) Аме­ри­ка­мен әлем­дік дең­гей­де тіре­сетін жос­па­ры жоқ. Олар өздерінің ішкі, май­да-шүй­де жос­пар­ла­рын ғалам­дық мақ­сат етіп күм­пи­тіп көрсетеді.

Кремль Ресей­ді Оңтүстік Корея сияқты еле­с­те­те­ді. Олар мем­ле­кет қамқор­лы­ғын­дағы нары­қтық эко­но­ми­ка­сы бар қатаң авто­ри­тар­лық жүй­ені қалай­ды. Сон­ды­қтан олар­да үне­мі сая­си екі­жүзділік көрініс таба­ды: бір тарап­та – үрей шыр­мауын­дағы «қабағы түюлі» күштік құры­лым өкіл­дері тұр­са, екін­ші тарап­та – орто­док­саль­ды-моне­тар­лық сенім жете­гін­де­гі «жады­раңқы» либе­рал эко­но­ми­стер тұр.

Путин екі тарап­тың ешқай­сысы­ның бір-бірін «жеп қоюы­на» мүм­кін­дік бер­мей­ді, десе де екі тарап­та да қар­сы­ла­сы­ң­ды жеп қоюы­ңа мүм­кін­дік бар деген иллю­зи­я­ны оята ала­ды. Бірақ басты мәсе­ле – оры­стың мәде­ни және сая­си дәстүрін еске­рер бол­сақ, мұн­дай сая­си-эко­но­ми­ка­лық екі­жүзділік­ті жасан­ды жол­мен ұзақ уақыт ұстап тұру – қиын­ның қиы­ны. Сон­ды­қтан Кремль, әрине, Оңтүстік Коре­я­ны көкей­де ұстаға­ны­мен, ақыр соңын­да Сол­түстік Коре­яға «айна­лып кетуі» мүмкін.

 

Өзін өзі алда­удың әлегі

Орыс сая­си мәде­ни­етінің таңға­лар­лық ерекшелік­терінің бірі – эли­та өзін гип­ноз жағ­дай­ы­на енгі­зе ала­ды. Ресей­де басқа­лар­ды алдау үшін жаса­ла­тын нәр­се­лер әдет­те өзін-өзі алда­уға ұла­сып жата­ды. Анти­аме­ри­ка­низм сая­си құрал ретін­де қай­та ойлап табыл­ды, бірақ ол көз алды­мы­зда көз­сіз мақ­сатқа айна­лып барады.

Бір нүк­те­де өте көп тренд­тер тоғы­сқан болып шықты, бұлар­дың бар­лы­ғы бірі­гіп, күшті жиын­тық әсер бер­ді. Бірін­ші­ден, қазір де сая­си бел­сен­ділі­гін жоғалт­паған бір­не­ше буын өкіл­дерінің сүй­е­гіне сіңіп қалған баяғы ескі совет­тік анти­аме­ри­ка­низ­мнің оты әлі сөн­ген жоқ. Ол сана түк­пірін­де бық­сып жат­ты, совет үгіт-наси­ха­ты­ның жарық жұл­ды­зы кіш­кене тамы­зы­қтың әсері­мен қай­та лау­лай жөнел­ді. Екін­ші­ден, «вер­саль син­дро­мы» іске қосыл­ды, бұл жағ­дай­да импе­ри­я­лық носталь­гия пеш­ке лақ еткізіп құя салған бір шелек жанар­май іспет­ті болды.

Сон­ды­қтан Крем­ль­ге қай­ы­қты ұзақ уақыт шай­қап тұру­дың қажет­ті­гі бол­ма­ды, ол өзі­нен-өзі ауда­ры­лып қал­ды. Бар­лық сұраққа оп-оңай әрі ұғы­ны­қты жау­ап тапқан мил­ли­он­даған жұрт үсті­нен жүк түс­кен­дей жеңіл­деп сала бер­ді. Таным-түсінік­терін­де бір-бірі­мен қабыспай­тын қай­шы­лық бар екені олар­ды еш қым­сынт­пай­ды. Мәсе­лен [Ресей билі­гі рито­ри­ка­сын­да] Аме­ри­ка бір жағы­нан құр­ды­мға кетіп бара жат­са, екін­ші жағы­нан әлем­ді билеп-төстеп әкетіп бара жата­ды. Бір­де ол «жалғыз ұлы дер­жа­ва» бола қала­ды да, енді бір­де ол гео­са­я­сат­тағы «ақсақ үйрек» (шипа­сы біт­кен ел – Ред.) болып шыға келеді.

АҚШ-тың қас­кү­нем­ді­гі тура­лы кон­спи­ро­ло­ги­я­лық аңыз көбей­ді – әлем­де аме­ри­ка­лы­қтар қасақа­на жос­пар­ла­маған қыл­мыс, кон­фликт, пасық әре­кет қал­ма­ды. Халық жаһан­ды жал­маған «зұлым­ды­қты» тауып, «әшке­ре­ле­удің» соңы­на түсіп кет­ті, енді бұдан шығу оңай болмайды.

 

Эко­но­ми­ка­лық гипо­ксия үрейі

Аусар­лық та, күй­ге­лек­тік те бұрын­нан, бәл­кім Болот­ный алаңын­дағы бүлік­тен және Қырым­ды аннек­си­я­ла­удан бері жалға­сып келеді. Бірақ соңғы айдағы­дай жан­та­лас ешқа­шан бол­маған. Бұл жолы бұрын-соң­ды бол­маған жаңа нәр­се – үрей­ден қал­ты­рау қосылды.

Эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс жүй­е­ге теле­ди­дар­дан айтып жатқан­дағы­дан әлдеқай­да ауыр зауал алып келеді деген қорқы­ныш билік­тің сана­сын тор­лап алды. Сарап­шы­лар қауым­да­сты­ғы Ресей санк­ци­я­лар­дың құр­са­уы­нан оңай шығып кете ала­ды деп тым асы­ғыс тұжы­рым жасап қой­са керек. Әрине, қысқа­мерзім­дік пер­спек­ти­ва тұрғы­сы­нан «укра­ин мәсе­лесін­де» Крем­ль­ге қысым жасау құра­лы ретін­де санк­ция әдісі онша тиім­ді бола қой­ма­ды. Ал ұза­қ­мерзім­дік тұрғы­дан алған­да, ол Ресей эко­но­ми­ка­сын бір­тін­діп тұн­шы­қты­рып жатыр.

Менің күді­гім бой­ын­ша, мұның бір себебі Ресей эко­но­ми­ка­сы жұрт айтып жүр­ген­дей «шикі­зат» эко­но­ми­ка­сы емес, «спе­ку­ля­тив­тік» эко­но­ми­ка болған­ды­ғын­да жатыр. Тұрақты­лы­қты сақта­уда Кремль­де­гілер жалған жиір­кені­шпен айта­тын «спе­ку­ля­тив­тік» капи­тал мен несие үлкен рөл ойна­ды. Ресей – алып қар­жы пира­ми­да­сын, құр­лы­қтың жеті­ден бір бөлі­гін алып жатқан «МММ» ком­па­ни­я­сын еле­с­те­те­ді. Сон­ды­қтан, Ресей­ді қар­жы нары­ғы­нан «ажы­ра­тып тастау» Крем­ль­ге қиын әсер ете­ді, бұл оны эко­но­ми­ка­лық гипо­кси­яға алып келеді. Әрине, біраз уақыт валю­та баға­мын еркіне жіберіп, «тыны­стай» тұруға бола­ды, бірақ мұны­мен ұза­ққа бара алмай­сың ғой…

 

Ресей тірел­ген тығырық

2014 жыл­дың қысын­да контр­ре­во­лю­ция болған кез­ден бастап, Ресей­дің ішкі және сыр­тқы сая­са­ты тығы­ры­ққа қамал­ды. (Ең әуелі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­дың нашар­ла­у­ы­нан болған) сая­си тұрақ­сыздық қау­пі «моби­ли­за­ци­я­лық сая­сат­тың» күше­юіне алып кел­ді, сөй­тіп ішкі нара­зы­лы­қты сыр­тқа қарай бағыт­тау керек бол­ды (Укра­и­на, Сирия, Түр­кия, келесі кезек – АҚШ-тікі). «Моби­ли­за­ци­я­лық сая­сат­тың» күше­юі – агрес­си­я­ның артуы­на, Баты­спен тәжі­ке­ле­су­ге алып келетіні анық. Ал Баты­спен тәжі­ке­ле­судің соңы жаңа санк­ци­я­лар­дың қабыл­да­нуы­на түрт­кі бола­ды. Санк­ци­я­лар эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ды одан әрмен ушы­қты­рып, «науқасқа» «моби­ли­за­ци­я­лық адре­на­лин­нің» жаңа доза­сын салуға итер­ме­лей­ді, ал бұл жаңа эска­ла­ция мен жаңа санк­ци­я­лар­ды туды­ра­ды, сөй­тіп шең­бер бой­ын­ша кете береді…

Кремль осы сая­си доңға­лақтың ішін­де­гі тиін іспет­ті дамыл­сыз жорға­лап келеді. Ұза­ққа созы­лған «мұнай кең­шілі­гі» кезін­де бұл тиін біраз қоң жинап алған, ал алда қаһар­лы қыс тұр, оның жүре­гі де сыр беруі мүм­кін. Мұның тығы­рық екенін түсін­ген Кремль шыға­тын жол іздеп әуре. Ол тиін емес, қасқыр болғы­сы келеді (неме­се сон­дай кей­іп таны­та­ды). Жаңа бопса­лау әдісінің мәнісі де осын­да жатыр: Баты­сты бірін­ші болып кері қадам жаса­уға көн­ді­ру, сөй­тіп режим­нің өз ажа­лы­мен өлуіне мүм­кін­дік беру үшін, қан­дай түр­де бол­са да санк­ция қысы­мын жеңілдету.

 

Өлмей­тін Кощей­дің ажалы

Ресей­дің сыр­тқы сая­са­ты оның ішкі сая­са­ты­ның жалға­сы болған кез кел­мес­ке кет­ті. Қазір бәрі керісін­ше: Ресей­де­гі бар тір­шілік ата­у­лы «Баты­сты қорқы­тып, шегі­ну­ге мәж­бүр­леу, санк­ци­я­лар­ды алғы­зып, капи­тал нары­ғы­на режим­нің жолын ашу» деп ата­ла­тын сыр­тқы сая­сат­тағы жаңа мақ­сатқа қол жет­кізу­ге жұмыс істеп жатыр.

Мұны қара­пай­ым жол­мен түсін­діру­ге бола­ды: ел ішін­де­гі режим­ге қауіп төн­діретін қатер­дің бар­лы­ғы жой­ыл­ды. Сая­си және эко­но­ми­ка­лық тұрақты­лық сақталған жағ­дай­да тіп­ті Путин кет­кен күн­нің өзін­де бұл режим өзін-өзі қай­та түлетіп оты­руға қауқар­лы. Алай­да бұл ста­тус-кво­ның сақта­луы Баты­сқа (ең алды­мен АҚШ-қа), соның ішін­де оның санк­ци­яға қаты­сты ұста­ны­мы­на бай­ла­ны­сты. Пси­хи­ка­лық шабуы­лға төтеп беріп, қысым­ды, соның ішін­де санк­ци­я­мен құр­са­у­ла­уды жалға­стыр­са, қазір­гі Ресей СССР-дің кебін киеді. Қорқып, кері шегін­се, онда про­це­стің аяқта­луы тағы бір­не­ше онжыл­ды­ққа шегеріледі.

Вла­ди­мир Пастуховтың

ком­мен­та­риін ағы­л­шын тілі­нен аударған

Rus.azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн