Вторник , 1 июля 2025

Ресейдің «жұлдыз соғысына» ТАҒЫ ДА ЖЕР БЕРЕМІЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Апта апты­ғы

Қасірет­тен көз ашпаған жерім-ай!


Қаза­қстан зымы­ран қал­ды­қта­рын құла­ту үшін Ресей­ге жер беретін бол­ды, – деп хабар­лай­ды ҚР Инве­сти­ция және даму вице-мини­стрі Аль­берт Рау.

 

Бұл жер­ге «Бай­қоңыр­дан» ұшқан «Союз» зымы­ран­да­ры­ның қал­ды­қта­ры құлай­тын бола­ды. Ол үшін сол­түстік­те­гі көр­шілері­міз жыл сай­ын өте­мақы ретін­де 460 мың дол­лар төлеп оты­ра­ды екен.

«Наш Коста­най» басы­лы­мы­на сұх­бат бер­ген вице-министр Аль­берт Рау: «Ресей жылы­на қан­ша зымы­ран ұшыр­са да, кесім­ді баға­сын төлеп оты­ра­тын бола­ды», – деп­ті. «Әңгі­ме құлай­тын зымы­ран қал­ды­қта­ры­ның тра­ек­то­ри­я­сы тура­лы болып тұр. Яғни, бұрын қал­ды­қтар Жезқазған аумағы­на құлап кел­ген бол­са, енді оның бағы­ты Ақтө­бе облы­сы­ның Ырғыз ауда­ны­на және Қоста­най облы­сы­ның Жан­кел­ді ауда­ны­на қарас­ты жазы­ққа ауы­сқан. Бұл мақ­сатқа бар болға­ны 63 мың гек­тар жер қарас­ты­ры­лып отыр. Оның 22 мың гек­та­ры Ақтө­бе облы­сы­нан және 41 гек­та­ры Қоста­най облы­сы­нан берілетін бола­ды», – дей­ді ҚР Инве­сти­ция және даму вице-мини­стрі Аль­берт Рау.

Оның айтуын­ша, Ресей төле­ген қара­жат бюд­жет­ке түсіп, кей­ін сол зымы­ран құлай­тын аумақта тұра­тын тұрғын­дар­дың әле­умет­тік про­бле­ма­ла­рын шешу­ге жұм­са­ла­тын болады.

 

«Бұл кірісі мол келісім бол­мақ. Ресей төлей­тін қар­жы әле­умет­тік қажет­тілік­тер­ге жұм­са­ла­тын бола­ды. Мен кар­таға қара­дым. Онда елді мекен аз екен. Ол аймақтар­да тұрып жатқан аза­мат­тар­дың әле­умет­тік про­бле­ма­ла­рын жаңағы қар­жы­дан шешу­ге бола­ды», – дей­ді Рау.

Раудың рапор­ты­на сен­сек, қазір Қаза­қстан­ның пар­ла­мен­ті Ресей­мен ара­да жасалған жер беру тура­лы келісім­ді рати­фи­ка­ци­я­лап жатқан көрінеді.

Естеріңіз­ге салай­ық, осы­дан үш жыл бұрын «Бай­қоңыр­дан» ұшы­ры­лған «Протон‑М» зымы­ра­ны апатқа ұшы­рап, сал­да­ры­нан Қаза­қстан тер­ри­то­ри­я­сы­на 600 тон­на улы геп­тил төгіл­ген бола­тын. Араға бір жыл сал­май, бел­гісіз себеп­тер­мен 140 мың­дай киік қыры­лып қал­ды. Қоғам бел­сен­ділері, эко­лог­тар табиғи апат­тың геп­тил­ден болға­нын айтып даб­ыл қақ­са да, билік өкіл­дері улы заттың табиғатқа мүл­дем зала­лы жоқ екенін айтып, халы­қты жұба­тып кел­ді. Ол кез­де­гі Төтен­ше жағ­дай­лар мини­стрі болған Бож­ко да былқ етпе­ді, басқа­сы да қыңқ еткен жоқ.

 

Ал бұры­нғы эко­ло­гия мини­стрі болған, марқұм Нұр­лан Қап­па­ров мыр­за 2013 жылғы «Про­тон» апа­ты­нан ел эко­ло­ги­я­сы­на 95 мил­ли­он дол­лар шығын кел­генін есеп­теп айтқан еді ғой.

Қазір­гі гео­са­я­си аху­ал­дарға назар аудар­сақ, Кремль қожай­ы­ны­ның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрға­ны жасы­рын емес. Біздің тер­ри­то­ри­я­мы­зда Кеңес кезін­де екі бір­дей ядро­лық сынақ поли­го­ны бол­ды. Ал қазір­дің өзін­де бес ресей­лік әске­ри поли­гон мен «Бай­қоңыр» бар. Сон­дай-ақ Қызы­лор­да облы­сы онко­ло­ги­я­лық ауру­лар жөні­нен көш бастап келеді. Өңір­де­гі еркек бел­сізді­гі мен әйел­дер беде­улі­гі тура­лы қаза­қстан­дық БАҚ аз жазған жоқ. Уәде етіл­ген, жал құны да дер кезін­де төлен­бей­тіні­мен қоса, біздің жетек­ші ғарыш­кер­лері­міздің өзі ұшып жатқа­ны шама­лы. Ал РФ тара­пы біздің ғарыш­кер Айдын Айым­бе­то­вты біздің ақша­мы­зға ұшыр­ды. Сон­да «Бай­қоңыр­ды» Ресей­ге жалға бер­ген­нен не ұттық?

Енді ертең Ресей зымы­ран­да­ры­ның қал­ды­қта­ры қазақ дала­сы­на шашы­ла­тын бол­са, нешетүр­лі ауру-сырқа­удың, бәле-жала­ның пай­да бол­ма­сы­на министр Рау кепіл бола ма, әлде Мұса­ба­ев па?

Нұр­гел­ді Әбдіғаниұлы,

Abai.kz

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн