Понедельник , 7 июля 2025

Ресми дерек ЖҰМЫССЫЗДАР саны өсіп барады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 46 (270) от 18 декаб­ря 2014 г.

 

 

Ресми деректер бой­ын­ша, Қаза­қстан­да 2014 жылғы қара­ша­да жұмыс­сыздар саны баға­лау бой­ын­ша 458,3 мың адам­ды, жұмыс­сыздық дең­гейі 5,1% құра­ды. Жұмыспен қам­ту орган­да­рын­да 2014 жылғы қара­ша айы­ның соңы­на 47,8 мың адам («Жұмыспен қам­ту 2020 жол кар­та­сы» бағ­дар­ла­ма­сы­на қаты­са­тын­дар құра­мы­на енгізіл­ген тұлға­лар­дың есебін­сіз) ресми тір­кел­ген. Тір­кел­ген жұмыс­сыздар үлесі эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан бел­сен­ді халы­қтың 0,5%-ын құра­ды (2013 жылғы қара­ша­да – 0,5%), деп көр­сетіл­ген ҚР Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің ста­ти­сти­ка коми­тетінің таратқан хабарында.

Рес­пуб­ли­ка эко­но­ми­ка­сын­да 2014 жылғы қара­ша­да баға­лау бой­ын­ша 8,6 млн. адам жұмыспен қам­тыл­ды. Өткен жылғы сәй­кес кезең­ге қараған­да олар­дың саны 34,1 мың ада­мға неме­се 0,4%-ға көбей­ді. Жал­да­ма­лы қыз­мет­кер­лер­дің саны аталған кезең­де 6 млн. адам­ды (жұмыспен қам­ты­лған­дар­дың жал­пы саны­нан 69,9%) құрады.

2014 жылғы III тоқ­сан деректері бой­ын­ша, өз бетін­ше жұмыспен қам­ты­лған­дар­дың жал­пы саны­нан жұмыспен нәти­желі қам­ты­лған­дар үлесі 71,2%, жұмыспен нәти­же­сіз қам­ты­лған­дар – 28,8% құрады.

Қаз­ТАГ

Республиканский еженедельник онлайн