Воскресенье , 6 июля 2025

Ринат Тәттібай: «ҚАРА ПИАР» – жарнаманың БІР ТҮРІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

Соңғы жыл­да­ры Қаза­қстан­да «РR-мене­джер» деп ата­ла­тын маман­дар қата­ры көбей­ді. Әсіре­се шоу-биз­нес сала­сын­дағы пиар-мене­джер­дің «құдайы беріп тұр». Бірақ таса­да тұрып, «тау қопа­ра­тын» бұл маман­ның қыз­мет-қары­мы­нан көп­шілік жұрт бей­ха­бар. Нарық зама­ны­на сай кәсіп қуған жастарға бағ­дар нұсқау мақ­са­ты­мен «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет­ке» осы сала­ның мама­ны Ринат Тәт­ті­бай­ды шақырдық.

Айта кетелік, Ринат Тәт­ті­бай кезін­де «Қаза­қстан – Ақтау» және «Алма­ты» теле­ар­на­ла­рын­да жур­на­лист-жүр­гі­зу­ші болған. «Аста­на» арна­сын­да «Қай­ыр­лы таң!» бағ­дар­ла­ма­сын жүргізген.

 

–Ринат мыр­за, көп­шілік жұрт біле бер­мей­ді: РR-мене­джер деген кім? Бұл кім және не үшін қыз­мет қыла­тын адам?

– Жал­пы, «РR-мене­джер» деген бел­гілі бір тау­ар мар­ка­сын, тұты­ну қыз­метін неме­се жеке бір тұлға­ны, әсіре­се өнер иелерін халы­ққа кеңі­нен наси­хат­та­у­шы, жаңа­ша тіл­мен айтқан­да, жар­на­ма­ла­у­шы маман. Ком­му­ни­ка­ци­я­лық ақпа­рат ағы­ны қау­лаған қазір­гі заман­да ол бел­гілі бір субъ­ек­тіні тұты­ну­шы жұрт­шы­лы­ққа кеңі­нен таны­сты­ру­дың қамын күйт­тей­ді. Өзінің ком­му­ни­ка­тив­ті қыз­метін, іскер­лік қабілетін жалға беретін адам. Ал менің РR-қыз­метім эст­ра­да сала­сы­на, шоу-биз­неске бай­ла­ны­сты болған­ды­қтан, мен жеке­лей өнер адам­да­ры­мен жұмыс істей­мін. Олар­дың өнер­де­гі мүм­кін­ді­гі мен қабілет-қары­мын нарық қаты­на­ста­ры арқы­лы мате­ри­ал­дық игілік­ке айнал­ды­ру – мен сияқты маман­дар­дың басты мін­деті. Қысқа­ша айтқан­да, пиар мама­ны деген – осы.

– Біздің елде­гі ең мықты РR-мене­джер деп кім­ді атай аласыз?

– Шыны керек, бұл тұрғы­да салы­сты­ру жасап көр­ме­ген екем. Негізі – эст­ра­да­лық өнер сала­сын­да кім­дер­дің аты жиі ата­лып, кім­дер­дің «тасы өрге дома­лап» тұр­са, солар­дың пиар-мене­джер­лері табысты қыз­мет қылып жатыр деп есеп­теу керек. Әрине, бұл ара­да бел­гілі бір өнер тұлға­сы­ның өзін­дік табиғи мүм­кін­дік­тері жар­на­ма­лық тұрғы­да басты рөл атқа­ра­ты­нын ұмыт­пау керек. Мәсе­лен, қан­ша­ма ғажай­ып маман бол­саң да, есек­тің ақы­рға­нын неме­се өгіздің өкір­генін өнер етіп көр­се­ту мүм­кін емес екені дау­сыз аксиома.

– Ал Баян Есен­та­е­ва қай­сысы­на жата­ды: «РR»-ға ма, про­дю­сер­лік­ке ме?

– Баян Мақсұтқы­зын екі салаға да жатқы­зуға бола­ды. Баян ханым өзінің жоба­ла­рын өте жақ­сы, әрі ұтым­ды жар­на­ма­лай­ды. Тіп­ті, мен айтар едім, Баян Есен­та­е­ва­ның тәжіри­бесі ака­де­ми­я­лық оқу үлгісін жастар мен сту­дент­тер­ге сабақ үлгісі ретін­де өткізу­ге бола­ды. Бүгін­гі күні Баян әпке­міз осы сала­ның май­ын ішіп, жілі­гін шаға­тын дәре­же­ге жеткен.

– Біз­де­гі мем­ле­кет­тік билік­тің өз РR-мене­джер­лері бар екен. Мәсе­лен, олар Қаза­қстан­ның жағым­ды ими­джін жасау үшін, «Нью-Йорк таймс», «Гар­диан» сияқты таб­ло­ид­тар мен әлем­дік теле­ка­нал­дарға жар­на­ма жасай­ды деген қау­е­сет бар. Осы­дан сіз қан­ша­лы­қты хабардарсыз?

– Әрине, әр сала­ның өзін­дік жар­на­ма қыз­меті­мен айна­лы­са­тын мама­ны бола­ды. Тек қана өнер адам­да­рын­да ғана емес, өзін сая­сат сала­сы­на арнаған әр депу­тат­тың неме­се сая­сат­кер­лер­дің пиар-мене­джер­лері болға­ны дұрыс. Себебі – ол адам өзінің негіз­гі қыз­метін ел-жұр­тқа жария ету­ге мүд­делі. Сол арқы­лы халық оның не тын­ды­рып, недей ауқым­ды істер атқа­рып жүр­гені­нен хабар­дар бола­ды. Елі­міздің пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та пиар-мене­джер­лер­мен имидж қалып­та­сты­ру тұрғы­сын­да жұмыс жасай­ды. Ал пре­зи­дент­тің қыз­меті – мем­ле­кет­тік іс болған­ды­қтан, Қаза­қстан­ды басқа елдер­ге жар­на­ма­ла­удың әбес­ті­гі бол­ма­са керек.

– Біздің елде қан­дай сая­сат­кер­дің ими­джі келісті жаса­ла­ды деп ойлайсыз?

– Бұл орай­да суы­ры­лып шығып жүр­ген сая­сат­кер­ді бай­қа­ма­дым. Шама­сы, біздің жоға­ры лау­а­зым­ды сая­сат­кер­лер имидж-мей­кер жал­дау арқы­лы пиар қалып­та­сты­ру тәжіри­бесіне көп көңіл бөл­мей­тін сияқты. Деген­мен, сая­сат­кер тұлға жаңа заман тала­бы­на сай ком­му­ни­ка­ци­я­ны пай­да­ла­на біл­гені арты­қтық етпес еді…

– Ал, мәсе­лен, дауы­сы жоқ әлдебір әншіні пиар арқы­лы қан­ша­лы­қты кере­мет етіп көр­се­ту­ге болады?

– Әрине, бәрі жар­на­маға және оған жұм­са­ла­тын қара­жатқа бай­ла­ны­сты. Егер қомақты қар­жы бол­са, кез кел­ген дауы­сы жоқ адам­нан әнші жаса­уға бола­ды. Оған қоса, таны­мал бола­мын дей­тін адам­ның өзің­де де ынта-ықы­лас, бей­ім­ділік болуы тиіс. Қазір ком­пью­тер­лік тех­ни­ка­ның дамы­ған зама­ны ғой… Сол комп­тың көме­гі­мен «әу» дей­тін ғана халі бар адам­дар әнші болып жүр­генін көріп жүр­ген болар­сыз? Мен олар­дың есім­дерін айт­пай-ақ қояй­ын: «әу»-ден әрі­ге бар­май­тын дарын­сыз әншілер жетер­лік. Алай­да олар­дың жар­на­ма­ла­ры халы­ққа өтіп-ақ тұр. Оның үстіне көп­шілік­тің бүгін­гі талғам дәре­же­сі де сол «әу»-ді місе тұтар­лық жағ­дай­да. Ал сауда-сат­тық қау­лаған бұл заман­ның пиар-мене­джер­лері қомақты қар­жы­сы бар мұн­дай әнші­сы­мақтар­ды таны­мал етуі – нары­қтық «нақы­штан» туған әре­кет деп білу керек.

– Бүгін­гі РR-мене­джер­лер­дің дені – кеше­гі жур­на­ли­стер. Ал негізі­нен мұн­дай кәсіп­ті мең­ге­ру үшін қан­дай оқу­ды біті­ру керек?

– Негізі, мар­ке­тинг сала­сы­на қаты­сты білім беретін оқу оры­нын бітір­ген жөн бе дей­мін. Бұл кәсіп көбі­не­се жар­на­ма сала­сы­на қаты­сты болған соң, нары­қтағы сұра­ны­сты зерт­тей­тін маман­ның оқуы дұрыс сияқты. Алла бұй­ырт­са, өзім де Мәс­ке­у­ге оқуға барып, мар­ке­тинг-жар­на­ма сала­сы­нан біраз ілім алсам деп жүрмін.

Ал жур­на­ли­стің пиар мама­ны болуы – ол қабілет-қарым­нан туған жағ­дай деп білем. Қолы­нан кел­се, оның оқа­сы бол­мас: көп­шілік­ке сөзің өтер бол­са, басқа сала­ны неге бар­лап көрмеске?

– Айт­пақ­шы, біздің елде РR-мене­джер­лік кәсіп сала­сы қан­ша­лы­қты дамып жатыр? Кей­бір РR-мене­джер­лер шетел­дер­ге барып, тәжіри­бе жинақтай­ды екен…

– Өте қиын сұрақ. Нақты айта алмай­мын. Біздің елде бұл кәсіп кере­мет дамып жатыр деп ойла­май­мын. Бірақ бірқа­тар оқу орын­да­ры пиар маман­да­рын шыға­рып жатыр. Бірақ олар­дың бәрі бүгін­де қан­дай сала­да, қай­да қыз­мет қылып жүр­генін ит біл­сін. Деген­мен, алдағы 5–6 жыл­дың көле­мін­де пиар-мене­джер­лік кәсіп пісіп-жетілетініне сенімдімін.

– Ал сіздің «РR»-лығыңызда қан­дай өнер иелері бар?

– Ашы­ғын айт­сам, мен ешқан­дай өнер иелеріне ұсы­ныс жасаған емес­пін. Ұсы­ны­сты маған олар­дың өздері жасай­ды. Бұрын­да­ры Зива­ра, Ақбо­та Керім­бе­ко­ва сын­ды әншілер­мен жұмыс жасаға­ным бар.

Бұгін­гі таң­да менің «РR»-лығымда «Сер­пер» жастар сый­лы­ғы­ның иегері, ҚР мәде­ни­ет қай­рат­кері, тер­ме­ші, дәстүр­лі әнші Өмірқұл Айни­я­зов бар. Ол осы күні дәстүр­лі әнді эст­ра­да­лық фор­мат­та айтып жүр­ген талант­ты әртістің бірі. Өзі сән­гер әрі биші, про­дю­сер Жады­ра Сахи­ева­мен де жұмыс жүр­гі­зе­мін. «Қаза­қтың Леп­сі» атанған және көп­шілік­ке «Ой, жең­ге» әні­мен таны­лған, дауы­сы кең диа­па­зон­ды әнші Серік­бол Сай­лау­бек те менің пиар­лық «бағы­мым­да» жүр. Бір-ақ сәт­те «Чип-чип» әні­мен елге таны­лған Асхат Тарғы­нов та менің пиар­лы­ғым­ды қалап алды.

– Баты­стан бастау алған «қара пиар» біздің елде қол­да­ны­лып жүр ме? Бұл «РR» атың шық­па­са, жер өртенің кебі емес пе осы?

– Батыс демек­ші, маған Аме­ри­ка­ның атақты әншісі Леди Гага­ның пиар-мене­джер­лерінің жұмысы қат­ты ұнай­ды. Білесіз бе: олар халық алдын­да жүріп, көз­ге «күй­ік» болу үшін де жұмыс істей біледі. Естуім­ше, Леди Гага­ның қара­мағын­да 10-ға жуық пиар-мене­джер­лер қыз­мет жасай­тын көрі­неді. Олар ұйым­да­сты­ра­тын пиар-кам­па­ния алдағы бір жылға жос­пар­ла­на­ды. Мыса­лы, жел­тоқ­сан айын­да Леди Гага қан­дай киім­мен жаңа образ жасай­ты­ны, қан­дай маки­яж­бен сахнаға шыға­ты­ны көп­шілік­ке алдын ала айты­ла­ды. Сөй­тіп, көп­шілік­ті күні бұрын таң­дан­ды­ру­мен Леди Гагаға алдын ала тән­ті етіп қояды.

Біздің өнер адам­да­ры да ара-тұра «қара пиар­ды» қол­да­на­ды. Ол ешкім­ге жасы­рын емес. Мәсе­лен, бір әншіні «тонап кет­ті» неме­се «бір әртіс екін­шісін өсек­теп жатыр» деген сыңай­лы ақпа­рат тегін тара­май­ды. Мұның бәрі тап­сы­рыс беру­ші мен пиар-мене­джер­дің ара­сын­да келісіп жаса­ла­тын дүние. Бел­гілі бір кей­іп­кер­лер өза­ра ақыл­да­сып, пуб­ли­каға шыға­тын «оқиға­ның» бас-аяғын құрай­ды. Жал­пақ сөз­бен айтқан­да, интри­га­лық әңгі­ме ұйым­да­сты­ры­ла­ды. Егер интри­га бол­ма­са, адам­ның жар­на­ма­сы ел аузын­да жүр­мей­ді. Сон­ды­қтан «қара пиар» да жар­на­ма­ның бір түрі деп білу керек.

Осы орай­да айта кетей­ін, кей­де пиар жасай­мын деп, доста­ры­ң­мен рен­жісіп қала­тын сәт­тер де бола­ды. Мәсе­лен, «Ел аузын­да» теле­бағ­дар­ла­ма­сын­да жүр­гі­зу­ші: «Бүгін­гі күні қай өнер ада­мы­на пиар керек емес?» деп сау­ал қой­ды. Мен ойлан­ба­стан: «Нұр­лан Еспа­нов және Меру­ерт Түсі­п­ба­е­ваға» деп жау­ап бер­дім. Расын­да, ойым­да артық ештеңе бол­ма­ды: еке­уі өз пиар­ла­рын өздері жасап жүр­ген әншілер екені рас. Естуім­ше, осы сөзі­ме Меру­ерт ханым қат­ты рен­жіп қалған сыңай­лы. Егер нақ солай бол­са, Меру­ерт әпкем­нен кешірім өті­ну­ге дай­ы­н­мын. Ал Нұр­лан аға Еспа­нов­пен өмір­де түсіністік­пен ара­лас-құра­лас жүремін…

Ашы­ғын айтқан­да, өнер адам­да­ры­ның ара­сын­да бәсе­ке жоқ деген – бос әңгі­ме. Бәсе­ке қашан да болған, бола да бер­мек. Бәсе­кесіз өнер өрлемейді.

– Естуі­міз­ше, РR-мене­джер­дің табысы мен жетісті­гі сол елдің халық саны­на бай­ла­ны­сты бола­ды дейді…

– Әлбет­те! Мәсе­лен, 150 мил­ли­он­дық Ресей мен одан халқы он есе кем Қаза­қстан­ды салы­сты­рып көріңіз: егер бел­гілі бір әншінің дис­ка­сын 1000 адам­ның бірі сатып ала­ды десек, біздің үлесі­міз кен­де қала­ры анық. Бірақ, қалай десек те, біз «бары­мен – база­рға» үйрен­ген елміз ғой…

– Енде­ше сіздің табысы­ңы­зды былай­ша біліп көрелік: мініп жүр­ген авто­көлі­гіңіз қан­дай? Қан­дай бренд­пен киініп жүр­сіз? Қолы­ңы­зға таққан саға­ты­ңыз қан­дай маркалы?

– Бірін­ші­ден, мен­де көлік те, пәтер де жоқ. Екін­ші­ден, бренд я сән қуа­лап жүретін адам емес­пін. Өзі­ме ұнай­тын, ең басты­сы, жара­сым­ды киім­ді кие­мін. Ал қолы­ма таққан саға­тым – швей­ца­ри­я­лық мар­ка емес, поляк­тың «Skagen» фирмасы.

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн