Понедельник , 30 июня 2025

Ринат Зайытов НЕ ДЕДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

Ақын­ның айтары

 

Жуыр­да от ауы­зды, орақ тіл­ді айтыс­кер ақын Ринат Зай­ы­тов ҚазҰУ-дың сту­дент­тері­мен кез­де­су өткізді. Әр заман­да да ақы­нын әспет­те­ген елдің ақын­нан күтері аз бол­ма­са керек. Оның бір дәлелі – осы кез­де­су­ге жиналған жұрт­тың мол­ды­ғы. Бір бұры­шта бүкіл кез­де­су­ге куә боп біз де тұр­дық. Сосын да сол жер­де­гі жұрт болып жапы­ры­ла қой­ған сұрақтар­дың жау­а­бын ептеп түр­тіп алып, елді құлағ­дар ету­ге асықтық.

 

Топ пен тобыр

«Жалғы­здан жор­та­ды екен жол­ба­ры­стар, өзі мықты – қай­те­ді топ көбей­тіп?» деген сөз бар. Біз­де қазір – топ­та­нып қадам басуға тәр­би­е­лен­ген қоғам. Бірақ адам бала­сы пат­ри­от болу үшін, оған біре­удің соңы­на еріп қажеті жоқ. Сту­дент­тер, жастар, сөз жоқ – үлкен күш. Бірақ олар әлі өздерінің күш екенін сезіне қой­ған жоқ. Қазір «мына­дай топ болай­ық, бүй­тей­ік-сүй­тей­ік» десе, ол бір ада­мға ғана бағы­на­тын тобы­рға айна­ла­ды. Неге біздің прак­ти­кант-сту­дент­тер әрі кет­се мек­теп­ке бара­ды неме­се басқа бір меке­ме­ге бара­ды? Неге біре­уі мини­стр­лік­те     прак­ти­ка­дан өтпей­ді? Неге ең бол­ма­са шешу­ші қыз­мет­те оты­рған адам­ның көмек­шісі болып көр­мей­ді? Қазір осы бастан дай­ын бол­маған бала 30 жасқа кел­ген­ше, әркім­нің орын­ба­са­ры болып, туфлиін таза­лап беріп жүреді. 35 жасқа кел­ген­де, бір жер­ге бас­шы бол­са, одан оңған бастық шық­пай­ды. Ол жас кезін­де көріп алды, енді өзге­лер­ге де өз туфлиін сүрт­кі­зуді мін­дет етеді.

 

Үйре­ну мен жирену

Біздің жастар келе­шек тура­лы ойлан­бай­ды. Ең бол­ма­са, ертең үйле­не­мін неме­се тұр­мысқа шыға­мын: менің осын­ша балам бол­са ғой деген­ді де ойла­май­ды. Себебі олар бала­ның не үшін керек екен­ді­гін біл­мей­ді. Сон­дай мақ­сат­сызды­қтың нәти­же­сін­де интер­нет деген жақ­сы құрық пай­да бол­ды. Кім­ге қалай екенін қай­дам, бірақ менің намысы­ма тиер еді: егер менің қарын­да­сым неме­се қызым (құдай бетін әрі қыл­сын) жар­ты­лай жалаңаш кей­іп­пен айнаға қарап, өзін-өзі сурет­ке түсір­се. Бұл мен үшін жар­ты­лай өлім­мен тең! Әрине, бұл жер­де ол үшін бүтін жастар­ды кінәлай да алмай­мыз. Себебі біз оларға «Баты­стан үйренің­дер» дедік, бірақ не үйре­ну қажет екен­ді­гін айт­па­дық. Сол үшін де дәл қазір кеше­гі өткен Мағ­жан ақы­нға ұқсап, «Мен жастарға сене­мін» деп айта алма­сам да, мен жастар­дан үміттенемін.

 

Күпір­шілік пен шүкіршілік

Ел бола­шағы соғыс бол­маған жағ­дай­да ғана жарқын бола­ды. Біз­дер сахнаға шығып: «Ойбай, үкі­мет не қарап отыр?!» деп айтуы­мыз мүм­кін. Бірақ сол жағ­дай­лар­дың бар­лы­ғы бір күн­дік тыны­шты­ққа садаға болып кету­ге дай­ын тұра­ды. Біз жарқын бола­шақты қала­у­ы­мыз үшін, сана­лы қауым қажет! Қазір интер­нет­ті ашып қарай­ды да, біреу діни уағыз айт­са, «мынау дұрыс айтып отыр» деген пікір­де қала­ды. Ал оны айтып оты­рған адам кім? Сана­лы адам ең алды­мен сол сұраққа үңіледі. Үш мыңға жуық халы­қтың алдын­да айты­ста оты­рып, «мынау неге бүй­тіп жатыр, қол­да­ры­ңа таяқ алып, жүрің­дер, шығай­ық!» деу қолым­нан келер еді. Бірақ бұның соңы ешқа­шан жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Тыны­шты­ғы бар ел ғана, мей­лі он жыл­дан соң, мей­лі жүз жыл­дан соң, әйте­уір түбін­де дами­ды. Сон­ды­қтан бар­лы­ғы­мыз таңер­тең оянған­да, Аллаға шүкір­шілі­гі­мізді айтып, елі­мізді сақ­та­сын деп тілейік!

 

Музы­ка мен саясат

Музы­ка­ның жап­пай адам­затты бағын­ды­руға құдіреті жет­пей­ді. Біздің музы­каға кел­ген кез­де талға­мы­м­ыз жан-жаққа бөлі­неді. Музы­ка­ны сая­си құрал неме­се ұрпақ тәр­би­есіне ықпал ете­ді деген­ге өзім аса келіс­пей­мін. Музы­ка тек құлақтың еншісін­де­гі нәр­се. Ол саған ешқан­дай бағыт-бағ­дар да, ой да бер­мей­ді. Ол тек жаны­ң­ды тыны­штан­ды­ру үшін неме­се іште­гі жын­ды қоз­ды­ру үшін тың­да­ла­тын нәр­се деп білемін.

Бір­де мына­дай оқиға бол­ды: досым­мен шай ішіп алмақ­шы болып, кафе­ге кір­ген­біз. Қазақ қызы ұялы теле­фо­ны­нан музы­ка жіберіп қой­ып, тамақта­нып отыр­ды. Аны­ғын­да, ағы­л­шын тілін мен өзім жақ­сы біле бер­мей­мін, бірақ өлеңнің сөзін ептеп түсін­дім. Сосын қыздың өзіне барып: «Мынау не деген сөз, білесің бе?» – дедім. Қыз бол­са: «Жоқ, күшті өлең ғой!» – демесі бар ма?! Сон­да «Бұл осын­дай мағы­на береді, сен сон­дай­сың ба?» дегенім­де, әлгі қыздың көзі алақан­дай болға­ны бар. Мыса­лы, көз­деріңді бай­лап қой­ып, тамақ бер­се – жемей­сің­дер ғой. Енде­ше неге сөзін түсін­бей­тін музы­ка­ны тыңдайсыңдар?!

 

Намыс пен қамыс

Негізі­нен, қазақ жігітіне намыс қана керек. Қалға­ны­ның бар­лы­ғы – соның иле­уін­де­гі дүние.

Намысы жоқ адам шетел­ге бар­са да, «мен – қаза­қ­пын» деп айта береді, бірақ өз тілін біл­мей­ді. Жақын­да осы­ның аны­қта­ма­сын тауып еді. Келе­шек­те айта жүріңіз­дер: тілін біл­мей­тін қаза­қтың аны­қта­ма­сы – «полу­гра­мот­ный». Ол 42 әріп­ті жат­тай алмай­тын бол­са, оны толық сау­ат­ты деп айта алмай­мыз. Қаза­қ­ша «шала­са­у­ат­ты» деп ата­уға бола­ды. Бірақ бұл оның намысы­на тимейді.

 

Бас­шы мен қосшы

Қой­шы­ның бала­сы да, гене­рал­дың бала­сы да айта­ды: «Ел үшін құр­бан бола­мын» деп. Бірақ олар­дың мүд­де­лері әртүр­лі. Абай ата­мыз айт­пақ­шы, «мені» мен «менікінің» ара­сын ажы­ра­тып алу керек. Біз қазір өзі­міз­де не бар деп емес, ертең арты­мы­зда не қала­ды деп ойла­ну­дан қал­дық. Осы оты­рған әрқай­сысың – бір-бір күшсіңдер.

Аста­на­да оқып жүр­генім­де, бел­гілі мате­ма­тик Мұх­тар­бай Өтел­ба­ев­пен таны­стым. «Аға, кезін­де мате­ма­ти­ка­ны мықтап оқы­ған­сыз-ау» дедім. Сөйт­сем, ол үш-ақ сынып­ты бітір­ген адам екен ғой. Көр­діңіз бе? Бұл сіз­дер­дің де қол­да­ры­ңы­здан көп нәр­се келеді деген сөз. Қаза­қта «Бас­шы болған – жаман, қос­шы болған – аман» деген сөз бар. Біре­удің айтқа­ны­мен жүру – бәрі­міздің қолы­мы­здан келеді. Ал біре­у­ге айта білетін адам – Қаза­қстан­ның бола­шағын ойлай­тын нағыз аза­мат болады.

Шығы­стың бір шай­ы­ры­ның айтқан сөзі бар: «Жол­да жатқан жылан­ды бас­паға­ның – менен кей­ін біре­уді шақ дегенің» дей­тін. Біз Отан деп құр­бан болу үшін, алды­мен құр­бан болар­лық Отан­ды қалып­та­сты­рып алайық.

 

Дін­дар мен дүмше

Жақын­да мына бір жағ­дай­ды кезік­тір­дім. Алғаш Кон­сти­ту­ци­я­мыз қабыл­данған уақыт­та ол жер­де адам­ның бостан­ды­ғы емес, дін­нің бостан­ды­ғы бірін­ші жазы­лған. Демек, кей­ін ел ішіне іріт­кі салы­нар бол­са, дін арқы­лы ғана бүлік салы­на­ты­нын сол кез­де біл­ген. Сол уақыт­та сана­мыз бол­са, «мек­теп­те бірін­ші қаза­қ­ша­ны оқы­ң­дар» десе, жалғыз Алла­дан басқа ешкім­ге табын­баған Иас­са­у­и­ге келер едік; «Алла­ның өзі де рас, сөзі де рас» деген Абай­ға келер едік; «Кел, бала­лар, оқы­лық, бір Аллаға сый­ы­нып» деген Ыбы­рай­ға келер едік. Онда біз дүм­ше мен мол­да­ның ара­сын ажы­ра­тып алар едік. Егер дәл осы­лай «Ота­ным­ды сүй­ем» деп құр­дан-құр айқай­лай берер бол­сақ, оның да екі ұшы бар. Ертең­гі күні біреу кеп: «Ота­ны­ң­ды сүй­сең, жүр, көтеріліс жасай­мыз» десе, еріп кете берер еді. Бірақ, не үшін бара жатқа­нын біл­мей­ді. Отан үшін құр­бан болу деген мін­дет­ті түр­де өзіңнің өлуің емес, өзіңнің бір нәр­сеңді құр­бан ету. Мәсе­лен, бір маман­ды­қты амал­сыздан игеріп, кей­ін айлық үшін ғана жұмыс атқа­ру – сенің Отанға деген сатқын­ды­ғың бол­мақ. Мен Отан­ды сүй­ем деп жар сал­май-ақ, өзі­міз Отанға кіші­гірім қыз­мет жаса­сақ – ең абза­лы сол!

 

Өкініш пен қуаныш

Әңгі­мені тым ауыр­лат­пай, кіші­гірім өкіні­шім тура­лы айтып берей­ін. 2006 әлде 2008 жыл­да­ры Пари­ж­ге барған кез­де Түр­ки­я­ның бір қаза­ғы кеп: «Бауы­рым, дом­бы­раң­ды маған тастап кет­ші!» – деді. Арғы жағын ойлап жат­па­дым: дом­бы­рам­ды жақын­да ғана жасатқан кезім еді, бере алма­дым. Кей­інірек ойла­сам, ол кісі маған жақ­сы­лық жаса­мақ болған екен ғой. Егер менің дом­бы­рам сол жақта қал­са, ол Еуро­па­дағы қаза­қтар­дың жәді­геріне айна­лар еді. Олар өза­ра ара­ла­сып-құра­ла­сып тұра­ды: бәл­кім, сон­дай бас қосу­лар­да қол­да­рын­дағы менің дом­бы­рам екенін айта жүрер ме еді, кім біл­сін? Кей­де сол кез­де дом­бы­ра­ны қал­ды­рып кет­пе­гені­ме шын­дап өкі­нем… Бірақ биыл Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы той­ла­на­ты­ны­на шыны­мен-ақ қуа­нып жүрмін.

 

Тіл мен діл

Егер маған сал­са, Кон­сти­ту­ци­ядағы орыс тілін ресми пай­да­ла­ну деген­ді алып тастар едім: басқа ұлт­тарға қазақ тілін үйре­ну­ге 5 ай уақыт берер едім және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке қазақ тілін біл­мей­тін адам­ды алмау керек деген заң шыға­рар едім. Себебі бұл әлем­дік прак­ти­ка­да бар нәр­се. Тіл ешқа­шан, еш мем­ле­кет­те про­бле­ма болып көр­ген емес. Тек заң жүзін­де ғана шешу керек. Мыса­лы, ешкім салы­қты өз еркі­мен барып төле­мей­ді ғой. «Салық төле» деп теле­ди­дар­дан айта­ды, үйіне қағаз жібе­реді. Жыл­дың аяғын­да барып, сол салы­қты төлей­ді. Өйт­кені ол – заң. Тіл­ді қай­тіп үйре­неді деп жүре бер­меу керек, заң шық­са, оны бес ай, бес күн­де-ақ үйреніп алуға болады…

Дай­ын­даған – Қозы­бай ҚҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн