Понедельник , 7 июля 2025

Құрманғазы РАХМЕТОВ: Бұл билікке сенім жоқ – САЙЛАУДАН КЕЙІН ДЕ өз күнімізді өзіміз көреміз

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

 

 

 

ДАТ

 

 

 

Құр­манға­зы Рах­ме­тов – Жел­тоқ­сан көтерілісі­нен кей­ін «жап­пай тәр­тіп­сіздік­ті ұйым­да­сты­ру­шы» ретін­де қыл­мыстық жаза­ға тар­ты­лып, жастық ғұмы­ры­ның бір­не­ше жылын түр­ме­де өткіз­ген ұлт­жан­ды аза­мат екені көп­шілік­ке мәлім. Соңғы он шақты жыл көле­мін­де ұлт­тық-пат­ри­от­тық қозға­лыс және демо­кра­ти­я­лық қоғам жолын­да бел­сене қыз­мет атқа­рып жүр­ген қай­рат­кер. Бұл күн­дері «Нағыз Жел­тоқ­сан» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төраға­сы. Ескер­те кетей­ік, ол кезек­тен тыс өткен 2011 жылғы пре­зи­дент­тік сай­ла­удың дода­сы­на үміт­кер болып қаты­сқан. Биы­лғы мез­гіл­сіз сай­ла­у­ға елге таны­мал аза­мат­тар­ды үміт­кер­лік­ке ұсы­ну тобын­да жүр­генін естіп, Құр­манға­зы мыр­за­ны әңгі­ме­ге тарттық.

 

– Биыл Аста­на­дағы демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ция бел­сен­ділік таны­тып, пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға өз өкілін ұсы­ну мүм­кін­дік­терін ізде­стіріп жатқан көрі­неді. Қазір­гі қалып­тасқан сая­си жағ­дай­да бұл әре­кет­тің нәти­же­сі бол­май­ты­нын біле тұра, осын­дай әбі­гер­ге түсудің мақ­са­ты не?

– Бұл ешқан­дай да әбі­гер емес, ел ара­сын­да пре­зи­дент­тік­ке лай­ық үміт­кер аза­мат­тар бар екенін көр­се­тудің кезек­ті ама­лы ғана. Әйт­пе­се бұл сай­ла­удың 100 пай­ы­зға жуық қоры­тындысы бесік­те­гі балаға да түсінік­ті бол­са керек.

– Ал бел­гілі сая­сат­кер, экс-сена­тор Уәли­хан Қай­са­ров осы­дан бірер апта бұрын ғана біздің газет­ке қазақ тілін­де сұх­бат беріп еді, оны тіл емти­ха­ны­нан өткіз­бе­уі қалай?

– Алды­мен Уәли­хан мыр­за сая­си ұста­ны­мы­на берік аза­мат екенін айту керек. Оның «ала­бө­тен» ойы­нан, тәу­ел­сіз мінезі­нен үрік­кен билік емти­хан кезін­де аяғы­нан шала­ды-ау деген күді­гі­міз болға­ны­мен, осы жолы ондай әре­кет­ке бара қой­мас деген үміті­міз бар еді. Қаза­қстан­да және Кем­бридж уни­вер­си­тетін­де жоға­ры білім алған аза­мат­тың айы­бы – орта мек­теп­те орыс­ша оқып, «Алтын бел­гі» алға­ны ма? Қаза­қ­ша­ны жақ­сы сөй­лей­тініне біз куә­міз ғой, ара­ла­сып, қоғам­дық істер­ді бір­ге атқа­рып жүр­міз. Ал өткен сай­ла­уда екі ауыз қаза­қ­ша­ның басын қоса алмай­тын Ғани Қасы­мов тіл емти­ха­ны­нан қалай өткенін ескер­сек, бұл жолы қаза­қ­ша­сы әлдеқай­да жетік Қай­са­ро­вты сай­ла­удан қағып тастау – мықты үміт­кер­ден үркудің бел­гісі деп білемін.

Біз, аста­на­лық бел­сен­ділер, сая­си дода ресми жари­я­лан­ба­стан бұрын қам­да­на баста­дық. Елдің көңілі­нен шыға­тын бір­не­ше аза­мат­тар­дың ара­сы­нан ғалым-эко­но­мист Жан­гел­ді Шым­шы­қов аға­мыз бен Уәли­хан­ның кан­ди­да­ту­ра­сын лай­ық деп шеш­кен­біз. Жан­гел­ді аға­мы­зды бірер жыл бұрын әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лу мез­гілінің уақы­ты әлі аяқтал­маған екен, сол себеп­ті ұсы­на алма­дық. Ал Уәли­хан Қай­са­ро­вты демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің аты­нан ұсы­ну үшін Аста­на мен Алма­ты­дағы аза­мат­тық өкіл­дер­мен келісіп, ортақ үміт­кер етпек болған ниеті­міз бар еді, билік осы мақ­са­ты­мы­зды жүзе­ге асыр­мас үшін, дегенін істеп бақты.

– Өзіңіз қаза­қстан­дық қоғам­нан кім­нің бала­ма үміт­кер ретін­де сай­ла­у­ға түс­кенін қалар едіңіз?

– Он жеті мил­ли­он­нан астам халқы бар мем­ле­кет­те сай­дың тасын­дай ірік­тел­ген атпал аза­мат­тар жоқ деген­ге кім сенеді? Бүгін­гі жүй­е­ге қар­сы­лас бола ала­тын, бала­ма үміт­кер­лер­дің атын ата­сам, ертең­гі күні билік солар­дың соңы­нан шам алып түседі. Сон­ды­қтан лай­ы­қты аза­мат­тар­дың атта­рын атай­тын уақыт әлі кел­ген жоқ сияқты…

– Әле­умет­тік желі­де лай­ы­қты бала­ма үміт­кер ретін­де Иманға­ли Тасмағам­бе­то­втің аты жиі ата­лу­да. Ол жөнін­де не айтасыз?

– Ата заңы­мыз бой­ын­ша сай­ла­у­ға, сай­ла­нуға әрқай­сы­мы­здың құқы­мыз бар ғой. Сон­ды­қтан «елім» дей­тін ерлер­дің аты ел аузын­да жүр­се, оған қар­сы не деу­ге бола­ды?! Әле­умет­тік желі­де Иманға­ли Тасмағам­бе­то­втен басқа да бір­не­ше аза­мат­тың аты ата­лып жүр. Бірақ бүгін­гі сая­си жүйе қалып­та­сты­рған сай­лау заң­ды­лы­қта­ры­мен сай­ла­у­ға түсіп, ешкім бере­ке тап­пай­ты­ны бел­гілі. Әйт­пе­се таң­дау еркі – халы­қтың құзы­рын­дағы қалау емес пе?

– Кезін­де сіз де пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер ретін­де сай­ла­у­ға түсу­ге тал­пы­ныс жаса­ды­ңыз: сай­лау науқа­ны­ның бары-жоғы екі ай мерзім­ге бел­гі­лен­генін қалай бағалайсыз?

– Мем­ле­кет­тің бола­шағы­на жау­ап­ты тұлға­ны таң­да­уға арналған науқанға екі ай ғана уақыт берілетіні ақыл-ойға сый­май­ды. Бұл өзі басқа үміт­кер­лер үшін дай­ын­ды­ққа мұр­ша бер­мей­тін жасан­ды айла екені айдан анық. Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да кез кел­ген сай­ла­удың өз уақы­тын­да өтпе­гені былай тұр­сын, сай­лау нәти­же­лерінің де бұр­ма­ланға­ны­на «еті­міз өліп» кет­ті. Деген­мен, халы­қтың өзгеріс­ке деген құл­шы­ны­сы бар. Мен 2011 жылы пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түс­кен кезім­де, өзім­нің жел­тоқ­сан­ды­қта­рым бес күн­нің ішін­де 80 мың адам­ның қолын жинап бер­ді. Егер демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің орта­сы­нан біреу осы додаға ілі­гетін бол­са, уақыт қан­ша­ма тар бол­са да, қажет­ті қол­ды жина­уға болар еді.

– Жал­пы, билік жасаған «ойын ере­же­сі» бой­ын­ша өтетін осы сай­ла­у­ға үміт­кер ұсы­ну қажет пе? Кім­нің басым дауы­сты мен­шік­те­нетіні бел­гілі және нәти­же­сін билік шешетін сай­ла­у­ға қар­жы шашып, күш-қуат жұм­сау керек пе?

– Билік­тің әкім­шілік әре­кетіне қар­сы тұра ала­тын­дай қоғам­дық инсти­тут­тар­ды қалып­та­сты­ра алмаға­ны­мыз рас. Халы­қтың ерік-жігеріне қар­сы бес қаруын сай­лап алған күш иесіне қар­сы тұру үшін ада­ми әрі мате­ри­ал­дық ресурс жағы­нан әлсіз тұста­ры­мыз көп. Авто­ри­тар­лық билік жүй­есі кез кел­ген қоғам­дық бел­сен­ділік­ті басып-жан­шып оты­ра­ты­нын кім­нен жасырамыз?!

Бірақ билік­ке намысы­мы­зды тап­татқан жоқ­пыз, сон­ды­қтан сай­лау алаңын пай­да­ла­нып, ел-жұр­тқа шын­ды­қты жет­кі­зуі­міз керек. Жеңіспен пара-пар жеңілістің де бола­ты­нын естен шығар­маға­ны­мыз жөн. Теле­ди­дар­да беріліп жатқан елдің көзін алда­уға арналған ақпа­рат­тарға мән берудің қажеті жоқ. Халы­қтың шынайы ой-пікірін әле­умет­тік желілер арқы­лы анық білу­ге бола­ды. Билік­те­гі лау­а­зым­ды шене­унік­тер жеке баста­ры­ның қамы үшін, Назар­ба­ев­ты кезек­ті пре­зи­дент­тік мерзім­ге өткізіп жібе­ру­ге мүд­делі. Осы мәсе­ленің ақ-қара­сын ел-жұр­тқа біз айт­па­сақ, кім айта­ды? Біз, қазақ халқы, осы мем­ле­кет­тің иесі емес­піз бе?!

– Деген­мен, осы кезек­тен тыс сай­лау баста­ма­сы­на сай сіз сияқты ұлт пат­ри­от­та­ры тара­пы­нан оң-теріс деген пікір айтыл­май жату себебін қалай түсіндіресіз?

– Үнсіздік­тің де өз себебі бар. Кей­бірі әліп­тің артын бағып, жағ­дай қалай болар екен деп, абды­рап оты­рған сыңай­лы. Олар­ды да түсі­ну­ге тыры­суы­мыз керек. Мәсе­лен, әле­умет­тік желі­де өз ойын ашық жазып жүр­ген ұлт пат­ри­от­та­ры­ның бірі Сәкен Бәй­ке­но­вты «үш әріп» Аста­на­да екі айға қамап таста­ды. Сәкен­нің қала­мы­нан шыққан ойлар әр қаза­қтың алаң­да­тып оты­рған мәсе­лені, елі­міздің бір­тұ­та­сты­ғы­на алаң болып, Ресей тара­пы­нан бодан­дық қауіп­тің төніп тұрға­нын жазу қыл­мыс па? Ұлтқа қажет­ті сөз айтыл­са, ұлт пат­ри­о­тын бас салып қамай­ды – бұл не деген масқа­ра?! Ал Тай­чи­бе­ков деген көк­соққан­ның қаза­ққа қар­сы айт­паған сөзі жоқ, аузы­нан ақ ит кіріп, көк ит шыға­ды: бірақ ондай бүл­дір­гілер­ді «үш әріп» неге көрмейді?

– Осы сай­ла­уда кім пре­зи­дент бол­са да, тағы да Назар­ба­ев­тың өзі ме, жоқ әлде ол ұсы­на­тын жұм­бақ үміт­кер ме – билік­тің ада­мы ел бас­шы­сы бола­ры анық. Қоғам үшін басқа қалау бол­май тұр. Сон­ды­қтан сіз 26 сәуір­ден кей­ін­гі қоғам­дық-сая­си жағ­дай жөнін­де ақор­да­лық өкіл­ге қан­дай ама­нат айтар едіңіз?

– Өкініш­ке орай, жиыр­ма бес жыл бойы жаңыл­май айтып жүр­ген ама­на­ты­мы­зға құлақ асар билік әзір­ге жоқ сияқты. Алдағы уақыт­та да ама­нат артуға тұрар­лық халы­қтық бейне бай­қал­май­ды. Өйт­кені қаза­қты Еура­зи­я­лық одақтың қорас­ы­на еріксіз кір­гізіп жібер­ген соң, бұл билік­ке айтар сөзі­міз де қал­ма­ды. Сай­ла­удан кей­ін­гі қаза­қтың күнін көз алды­мы­зға еле­сте­тудің өзі қиын болып тұр. Халық баяғы 2000-жыл­дарғы кеңістік­те қалып қой­са, билік 2050-ге аттап кет­ті! 26  сәуір­ден кей­ін де өз күні­мізді өзі­міз көре­міз де… Басқа не айтамыз?!

– Сай­лау жари­я­лау қар­саңын­да өткен үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­да эко­но­ми­ка­ны үнем­деу жағ­дай­ы­на көші­ру жөнін­де Назар­ба­ев мини­стр­лік­тер мен әкім­дер­ге тап­сыр­ма бер­ді. Соған қараған­да, сай­ла­удан кей­ін­гі елдің жағ­дайы бұры­нғы­дан да ауыр бола­тын сияқты ғой…

– Қазақ сол баяғы әле­умет­тік әділет­сіздік­тің қамы­ты­нан жуық маң­да шыға алмас, алдын ала қорқы­тып отыр демес­сіз, деваль­ва­ци­я­ның көкесін сол 26 сәуір­ден кей­ін көретін бола­мыз. «Бай­тал түгілі, бас қай­ғы­ның» кебін киетін түрі­міз бар. Әлем­нің дамы­ған демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тері Ресей­ге эко­но­ми­ка­лық шек­теу қой­ып жат­са, біз ол оры­спен одақ­та­сып, жылым­ның түбіне батып бара жатыр­мыз. Бола­ры болып, боя­уы сің­ген соң, «үнем­дей­міз» деп ұран­да­ту­дың нәти­же­сі қалай бола­рын бір Құдай­дың өзі білер. Сон­ды­қтан авто­ри­тар­лық билік өзінің күші­нен айы­ры­лып қал­мас үшін, есік-тере­зесін мықтап тұрып бекітіп, сай­ла­уды жедел­дет­ті. Алдағы уақыт­та билік­ке деген сенім­ге сел­кеу түсіп, халы­қтың нара­зы­лы­ғы ушы­ғып кету қау­пінің де алдын алуға кірісті.

Үнем­де­уді билік ең алды­мен өзі­нен бас­та­сын. Зәулім кең­се­лер­де қыз­мет атқарған­сып, елге масыл болып оты­рған шене­унік­тер­дің санын азайт­сын. «Үнем­дей­міз» деп, қара халы­қты несі­бе­ден қаға­тын бол­ды: өлме­стің күнін көріп оты­рған ел ол «үнем­мен» қалай күн көр­мек? Өйт­кені қоғам­дағы кез кел­ген келеңсіз жағ­дай­дан ең әуелі қара­пай­ым халық зардап шегеді. Жұмыс орын­да­рын, жалақы­ны қысқар­тып, тариф­тер­дің баға­сын қым­бат­тат­са да, бірін­ші кезек­те халық тауқы­мет тартады.

– Аста­на­дан алты шақы­рым жер­де­гі ауыл­дар­дың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы оңып тұр­маға­ны мәлім. Енде­ше осын­дай келеңсіздік­тер­ге бірін­ші кезек­те не кінәлі деп ойлайсыз?

– Астан­ның іргесін­де­гі жағ­дай тығы­ры­ққа тірел­ген кез­де, алыс аймақтағы қаза­қтың тұр­мыс-жағ­дайы қай­бір оңып тұр дер­сіз? «Аяғы жоқ, қолы жоқ құлан қай­тіп күн көре­рдің» кебін кигені­міз­ге зығыр­да­ным қай­най­ды. Осын­дай жағ­дай­ға жетуі­міз­ге кім кінәлі екенін жал­пы­ла­ма түр­де билік деп айта салуға болар еді, бірақ мен жеке-жеке атағым келеді: ең алды­мен – пре­зи­дент және оның солақай сая­са­ты; одан кей­ін қолы­нан ештеңе кел­мей­тін дәр­мен­сіз үкі­мет; үкі­мет­тің атқа­рып оты­рған қыз­метіне қадаға­лау жүр­гізу­ге шама­сы кел­мей­тін – пар­ла­мент; одан кей­ін елде заң­ды­лы­қтың сақта­луы­на бақы­лау жасау дәр­мені жоқ – сот жүй­есі мен құқық қорғау меке­ме­лері. Сон­да халық кім­ге сенуі тиіс? Жау­а­бы жоқ сау­а­лы­ңыз да осы бол­са керек.

– Құр­манға­зы мыр­за қазір қай­да, немен айна­лы­сып жүр, жұмысы­ңыз бар ма екен деген жұр­тқа не айтасыз?

– Мен «Нағыз Жел­тоқ­сан» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің жетек­шісі ретін­де қаза­қтың қамы үшін ұлт пат­ри­от­та­ры­мен бір­ге Аста­на қала­сын­дағы әртүр­лі шара­ларға бел­сене ара­ла­са­мын. Ал күн­көріс қамы, отба­сын асы­рау мәсе­лесіне келер бол­сам, Аста­на­дағы ЭКСПО құры­лыс нысан­да­ры­ның бірін­де жұмыс істеймін.

– Солай ма? Қаза­қтың несі­бесін азуы­нан жырған ғалам­дық жоба­ның шын­ды­ғын алы­стан ізде­мей, сіз­ден сұра­уы­мы­зға бола­ды екен ғой, Құрманғазы?

– Әрине! Құры­лыс фир­ма­сы дирек­то­ры­ның кеңес­шісі ретін­де біраз жағ­дай­ға қаны­қ­пын. Мәсе­лен, құры­лыс салу жұмыста­ры­на негіз­гі бас­шы­лық жасай­тын төрт фир­ма – мер­ді­гер екен, бар­лық нысан­дарға сол төрт фир­ма арқы­лы ғана қар­жы бөлі­нетінін біл­дім. Ал еншілес сана­ла­тын ұсақ-түй­ек жұмыс атқа­ра­тын қосалқы мер­ді­гер­лік жұмыстар қаза­қтарға тиіп­ті. Бұл орай­да қаза­ққа зала­лы зор мәсе­ленің аны­ғын қаз­ба­лай­тын жұмыс көп…

– Құр­манға­зы, қаза­қтың намысын қол­дан бер­мей­тініңіз­ге біз де сене­міз, ашық айтқан әңгі­меңіз­ге рахмет!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 

Құр­манға­зы­ның қағытпасы

Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сты түр­ме­де оты­рған кезім­де есті­ген бір анек­до­тым бар:

Ұста­лып қалған­дар­ды жаза­лау үшін, «КГБ»-ның айтуы­мен сот үкім шыға­рып жата­ды. Алда­ры­на әкелін­ген жас жігіттен:

– Алаң­да бол­дың ба? – деп сұрай­ды сот.

– Бол­дым!

– Енде­ше бір­ден атып тастаңдар!

Екін­шісіне де сон­дай сұрақ қойылады:

– Алаң­да бол­дың ба?

– Жол­даста­рым барай­ық деген­нен кей­ін, барған едім…

– Жол­даста­рын аны­қтап, өзін атып тастаңдар!

Бұны қулау жігіт­тер­дің бірі естіп қалады.

– Алаң­да бол­дың ба? – деп сұрай­ды одан сот.

– Жоға, болған жоқ­пын, өле алмай жүр дей­сіз бе?! – дегені сол-ақ екен:

– Алаң арқы­лы жетек­теп өткізіп алы­ң­дар да, арты­нан атып тастаң­дар, – деп­ті қаза­қтың соты.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн