Понедельник , 7 июля 2025

РОЗА бесінші бала СҮЙДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №08 (279) от 26 фев­ра­ля 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Бауы берік болсын!

 

«Роза, ән сал­шы, әніңді ел сүй­еді» деп шырқап жүр­ген жұр­ты­ның сүй­ік­ті қызы Роза Әлқо­жа 24 ақпан күні бесін­ші сәбиін дүни­е­ге әкелді.

Жол­да­сы Айдын Қаба еке­уі «Ақбо­та­мы­зға сіңлі керек» деп ниет­теніп жүр­ген бола­тын. Сол арман­да­ры­ның орын­далған сәтін­де қуа­ны­шы қой­ны­на сый­маған Айдын пер­зент­ха­на­да жатқан жары Роза­ға көлік сый­лап, «Спа­си­бо за дочь!» деген жазу­ды асфаль­тқа қал­ды­рған екен.

Тағы бір сәби­ге ана ата­нып оты­рған әнші өз қуа­ны­шы мен елге деген алғы­сын «Фейс­бук­те­гі» парақ­ша­сын­да: «Аллаға мың мадақ!!! Бүгін таңғы сағат 8‑де менің гүлім жарық сәу­лені көр­ді. Елдің бата-тіле­гі деп біле­мін! Ниет­тес жан­дар­дың бар­ша­сы­на Алла разы бол­сын!» деп жет­кіз­ген еді.

Осы рет­те біз, Бей­ба­рыс, Жана­рыс, Ела­рыс атты үш арыс пен Ақбо­та сын­ды ару­дың ана­сы; қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен таны­мал әнші қызы Роза­ға сәбиінің бауы берік бол­сын дегі­міз келеді!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн