Воскресенье , 6 июля 2025

РОЗАНЫҢ «ОРАМАЛЫ» енді әннен – сәнге айналды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (305) от 08 октяб­ря 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

«Мен сый­ға тар­тқан ора­мал…» деп, сағы­ныш қылын шер­те шырқай­тын Роза Әлқо­жа­ның әні енді кәдім­гі сән үлгісіне айна­ла­тын бол­ды. Бұған дей­ін біраз БАҚ баян еткен­дей, бұдан былай бес бала­ның ана­сы Роза ханым «Alkoja» деп ата­ла­тын бренд ора­мал­дар үлгісін саты­лы­мға шығарады.

Ора­мал таққан қазақ қызда­ры одан сай­ын сүй­кім­ді бол­сын деген ниет­тен осы әнді мате­ри­яға айнал­ды­рып, арнайы өндіріс ошағын және сауда дүкенін аштық, деген еді әнші-саз­гер-ақын Роза бренд­тің ашы­лу рәсі­мін­де. Бірақ сөзді сөй­лей салу­дан оңай іс жоқ, ал мына жұлы­мыр заман­да оны іске асы­ру оңай емес. Оны Роза­ның өзі де айт­ты: «Бір істі баста­удың өзі оңай емес: тігін цехы керек екен, жақ­сы мата­лар­ды таң­дай білу керексің… Экс­клю­зив­ті ора­мал­дар­ды қызда­ры­мыз екі ай жаса­ды. Әзір­ге үш тігін­ші­міз бар. Баға­сы аса қым­бат емес. Оның қасын­да басқа елдің де өнім­дерін сатып алып жүр­міз. Неге отан­дық өнім­ді қол­дан­басқа?.. Қаза­қтың да бренд­тік нәр­се­лері бол­сын деп, «Alkoja» деген атпен ора­мал­дар шыға­ру­ды қолға алдық», – дей­ді әнші.

Несі бар – дұрыс баста­ма. Бұған дей­ін бел­гілі поп-жұл­дыз Қай­рат Нұр­тас та өзінің «KN» деп ата­ла­тын киім­дер үлгісін шыға­ра бастаған. Біре­улер бір ішер­лік арақ шыға­ра­ды, енді біре­улер бір т…шарлық пель­мен сата­ды: оның қасын­да Роза­ның ора­ма­лы ән емес, іс жүзін­де қазақ қыз-келін­шек­терінің басы­на иман қон­ды­рар­лық қаси­ет­ті бастама.

Айт­пақ­шы, ора­мал дүкенінің ашы­луы­на Роза­ның өнер­де­гі әріп­те­стері мен дос-жаран­да­ры арнайы келіп құт­ты­қта­ды. Қонақтар­дың ара­сын­да қаһар­ман жазу­шы Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның келіні Зей­неп Ахме­то­ва дәстүр­лі түр­де дүкен­нің қызыл лен­та­сын қиды.

Шама­сы, Роза­ның осы дүкені­нен кей­ін «Ора­мал тон бол­май­ды, жол бола­ды» деген мәтел­дің мәні өзге­ретін шығар.

Себебі – бүгін­де бренд қуған қыз-қырқын «Луи Витон», «Арма­ни», «Вер­са­че», т.б. бренд ора­мал­ды қаза­қтың қара тоны­на айыр­ба­ста­май­ды. Ал Роза­ның «Alkoja»-сы көп­тің көңілі­нен шыққан сұра­ны­сқа ие бол­са, бренд қуып, Баты­сқа бару­дың қажеті бол­май қалады.

Жан­сая ЕРТАЙ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн