Воскресенье , 6 июля 2025

Розаның СЕНІМІ

Ойдан-қыр­дан

 

Кеше Алма­ты­дағы Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да қазақ при­ма­дон­на­сы Роза Рым­ба­е­ва­ның «Ертеңі­ме сене­мін» деген кон­цер­ті өтті. Әйгілі әнші өз шығар­ма­шы­лы­ғы­ның 40 жыл­ды­ғы­на арнаған бұл кон­церт­те ине шан­шар бос орын бол­ма­ды. Кон­церт баста­лар алдын­да алып-сатар­лар бір билет­ті 25 мың тең­ге­ден сатып жүр­генін көр­дік. Ішке ене алмай қалған қара-құрым жұрт­та сан жоқ.

 

Сахна­дағы кон­церт­тің қызы­ғын билет бұй­ы­рған жұрт өз көзі­мен көр­ді. Ән мен саз­дың сыңғыр сырын жазу­мен жет­кі­зе алмас­пыз. Ал сахна сыр­тын­да не қызық қалды?

Бірін­ші­ден, Роза-при­ма­дон­на­ның бар­лық жар­на­маға жап­сы­ры­лған мына сурет­те­гі кере­мет көй­ле­гін Дариға Назар­ба­е­ва сый­ға тар­тқан екен. Бұл жөнін­де Роза айтып­ты: «Әдет­те кон­церт көй­ле­гін өзім тап­сы­рыс беріп тік­кі­зу­ші едім. Бұл жолы мен Дариға Нұр­сұл­танқы­зы сый­ға тар­тқан Elie Saab лон­дон­дық мар­кі­де­гі көй­лек­пен шыға­мын», – деп.

Екін­ші­ден, елді дағ­да­рыс жай­лап жатқан заман­да, Роза­ның «Ертеңі­ме сене­мін» деген тақы­рып­пен өткіз­ген кон­цер­ті­нен қос қисын ізде­у­ге бола­ды. Бірін­шісі – қиын­шы­лық қысқан халы­қты жігер­лен­ді­ру, олар­ды «optimus»-пен (опти­мизм) қару­лан­ды­ру қисы­ны. Бұны енді ел-жұр­тқа руха­ни жәр­дем жаса­удың жара­сым­ды ама­лы деп түсін­сек жөн.

Екін­шісі – бұрын­да­ры өз кон­цер­тін «Роза шақы­ра­ды» деп атай­тын әнші базар баға­сы халы­қты қылқын­ды­рып жатқа­нын біле тұра, «Ертеңі­ме сене­мін» дегені несі? Ертеңі түгілі, бүгін­гі күні сары уай­ы­мға батқан жұрт­ты жұба­ту жоба­сын аңғал әнші­ге кім ұсын­ды екен? Егер «Ертеңі­ме сене­мін» деген тір­кес­ке осы тұрғы­да тіке қарар бол­сақ, Дариға қым­бат көй­лек­ті тегін­нен-тегін сый­ға тарт­паған болар…

«Сенім» деген­нен шыға­ды: бір­де бір топ жұмыс­шы кезек­ті өткен кезексіз пре­зи­дент­тік сай­лау қар­саңын­да Жаңақорған қала­сы­ның қақ орта­сын­да жар­на­ма­лық қалқан­ша орна­тып жата­ды. Ол қалқан­ша­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың суреті мен «Мен халқы­ма сене­мін» деген жазу болған екен. Сол кез­де көшені бой­лап келе жатқан бір жын­ды-сүрей: «О, шешең… Біз бұған сеніп жүр­сек, бұл біз­ге сенеді екен ғой!» – деп­ті дауы­стап. Дәл сол сай­лау болар шақта бір сенім­нің екі екіұ­дай мағы­на­сы кім­ге қан­ша­лы­қты қым­бат болға­нын бажай­лай беріңіз…

Қалай десек те, халы­ққа қыты­мыр шақта шым-шым шуақ шашқан Роза­ның рыздық кон­цер­ті талай-талай жүрек­ке жып-жылы нұр құй­ып кет­кені рас. Бұл ара­да нақұрыс нақыш алған «нұр­ды» дұрыс мағы­на­да қабыл­даған жөн шығар…

Сырым ДАТОВ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн