Суббота , 5 июля 2025

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫ КІМНЕН БАСТАЙМЫЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Пай­ым патшалығы


 

Қоғам­да көтеріліп жаты­рған «руха­ни жаңғы­ру» деген мәсе­ле көңіл­ге қона­ды, көкірек­ке ұялай­ды, сенім­ді алға жете­лей­ді. Бірақ кәзір­гі қоғам, ошар­лы орта осы­ған дай­ын­быз ба?

 

Шыным­ды айт­сам, менің өз жеке басым­ның сені­мі аз, наны­мым күмән­ді. Себебі, ішер­ге асы, киер­ге киі­мі, басын­да бас­па­на­сы, қорас­ын­да малы, қал­та­сын­да көк тиы­ны жоқ пақыр­лар қалай­ша руха­ни жаңғы­ра ала­ды? Олар ең алды­мен мате­ри­ал­дық тұрғы­дағы әле­умет­тік жаңғы­ру­дан өтуі керек емес пе еді?

Оның үстіне, қазір­гі біздің Қаза­қстан­ды жай­лаған жемқор­лық пен жұмыс­сыздық, қабыл­данған заң­ның орын­да­лы­сын көздің қара­шы­ғын­дай сақтай­тын билік пен сот, про­ку­рор­лар бұр­ма­лап, демо­кра­ти­я­ның исі сезіл­мей­тін, шын­ды­қты айтқан­дар­ды абақты­ға қамап, айып­пұл­мен айып­тап, алды әртүр­лі қуда­ла­у­лар мен ажалға ұшы­рап, сөз бостан­ды­ғы бол­май, әділет­сіз қоғам­дағы аш құр­сақ халы­қта руха­ни жаңғы­ру қалай болмақ?

Егер билік­ке шыны­мен де шынайы руха­ни жаңғы­ру қажет бол­са, сол билік­тің басын­дағы­лар­дан бастап, «халық қала­у­лы­ла­ры» бар «қалау­сызы» бар – өздері­нен бастап, үлгі көр­се­ту қажет секіл­ді. Ол үшін, бірін­ші­ден, жал­тақта­май батыл сая­си өзгерістер жаса­луы керек. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «Алды­мен – эко­но­ми­ка, сосын – сая­сат» деген ұра­ны менің­ше, өте қате пікір деп есептеймін.

Сөй­те тұр­са да, тәу­ел­сіздік­тің осы 26 жылын­да эко­но­ми­ка­мыз өрге бас­паған. Егер басқан бол­са, ең бол­ма­са бір рет бол­са да сая­сатқа бет­бұрыс болған болар еді. Ондай бет­бұры­сты осы уақы­тқа дей­ін көр­ген жоқ­пыз. Яғни, әлі күн­ге дей­ін бат­паққа батқан эко­но­ми­ка­мы­зды жөн­ге сала алма­дық деген сөз. Ал керісін­ше, «әуелі – сая­сат, одан кей­ін – эко­но­ми­ка» деген бағыт-бағ­дар ұстаған­да, ел жағ­дайы бұдан мүл­де басқа­ша бола­тын­ды­ғы дау­сыз еді. Әуелі сөз бостан­ды­ғы, халы­қтың бас бостан­ды­ғы, демо­кра­тия орна­май, эко­но­ми­ка өзі­нен-өзі дамый алмай­ды. Мұны мен даны­шпан­ды­лы­ғым­нан айтып оты­рған жоқ­пын, бұл бүкіл әлем­нің бас­пал­дақ­пен жүріп өткен жолы, өмір тәжірибесі.

Екін­ші­ден, «жемқор­лық жары­сы­ның» тамы­ры­на үзіл­ді-кесіл­ді бал­та шабы­луы керек. Бұл «рак» ауы­руын­дағы жазыл­май­тын ісік, неме­се жегі­дей іштен жеп жатқан құрт. Енді сол жемқор­лар кім­дер дей­тін бол­сақ, қол­дан қой­ған депу­тат­тар мен мини­стр­лер, әкім­дер мен сот, про­ку­рор­лар, поли­ция мен кеден­шілер, ден­са­улық, білім беру жүй­есі, т.т. бар­лық құры­лым­дар деу­ге болады.

Ал енді бұлар­ды сая­си ұста­ны­мы­на қарай, бұлар кім­дер деп түстей­тін бол­сақ, атап айтқан­да, дені «Нұр отан» пар­ти­я­сы­ның мүше­лері. Сон­да дей­мін-ау, кім-кім­мен күресіп жүр? Жемқор­лы­қ­пен күрес тура­лы жыл сай­ын жол­да­у­лар жол­да­нып, түр­лі шара­лар ұйым­да­сты­ры­лып, комис­си­я­лар жасақта­лып, қаулы­лар қабыл­да­нып жата­ды: бірақ ол дерт азай­май­ды, керісін­ше жыл­дан-жылға үдей түседі. Соңғы кез­де пара алу мен берудің жауыр болған­ды­ғы сон­ша, ел елең етпей­тін, еті үйреніп, таң­да­ну­дын қойған.

Осы жемқор­лық жөнін­де қабыл­данған заң Қаза­қстан аза­мат­та­ры үшін лау­а­зы­мы­на, шен-шек­пе­ніне қара­май, бәрі бір­дей жау­ап­ты болуы шарт. Ни секіл­ді алпа­уыт жебір­лер­дің мил­ли­он дол­лар­мен заңға тар­тыл­май, жаза­сын алмай, тай­раң­да­уы – Қаза­қстан­ның әлем алдын­да беделіне нұсқан кел­гені былай тұр­сын, өз іші­міз­де әділет­сіздік­тің шексіз орын алға­ны­ның бір айғағы. Осы­дан кей­ін қара­пай­ым халы­қтың ара­сын­да құқық қыз­мет­кер­леріне, заң орын­да­у­шы­ларға деген сенім жоғал­маған­да қайтеді?!

Үшін­ші­ден, дауыс беруді 95–97 пай­ыз қыл­май, өтірік­ті қол­дан құра­с­тыр­май, заң­ды, әділет­ті сай­лау өткізілуі тиіс. Әрине, кей­бір оқыр­ман­дар менің бұл пікірі­ме күлуі­де мүм­кін: бірақ ерте ме, кеш пе – әділ сай­ла­у­ға бола­шақ ұрпақтың қол жет­кі­зетіне менің еш күмәнім жоқ.

Күні бүгін­де билік пен қара­пай­ым халы­қтың ара­сы алшақтап, бай­лар мен кедей­лер болып екі­ге жары­лып кет­ті. Теп­се, темір үзетін жастар жұмыс­сыз. Диплом­ды маман­дар­дың өзіне еңбек­ке ара­ла­суы про­бле­ма. Жұмыс беру­шілер тәжіри­бең (ста­жың) жоқ деген сыл­тау айт­са, шетел­дік­тер елі­нен өз адам­да­рын жұмысқа алып, жер­гілік­ті кадр­лер­ге орын жоқ. Билік басын­дағы­лар шетел­дік­тер­мен келісім шар­тқа оты­рған­да, шетел­дік ком­па­ни­я­ларға елі­нен алды­ра­тын маман­дарға ең қажет­ті дегеніне лимит бел­гіле­уі қажет еді. Әйт­пе­се, өздерінің ас пісіру­шусін, шопыр­ла­рын, бас­шы­ның көмек­шісін, т. б. сол секіл­ді адам­дар­ды тасып әке­леді. Ал сол маман­ды­қты бес сау­сағын­дай білетін жер­гілік­ті халық – жұмыс­сыз. Сон­да қаза­қтар тамақ пісі­ре алмай ма, маши­на айдай алмай ма, әлде көмек­шілік­ке жара­май ма? Міне осын­дай етек жай­ған бақы­лау­сызды­қтан, кера­нау кер­тарт­па­лы­қтан қаза­қтар өз елін­де, өз жерін­де келім­сек­тер­ге тәу­ел­ді күн кешуде.

Сол сияқты, шет елдер­де тығу­лы жатқан қара­жат түгел­дей Қаза­қстан банк­теріне ауда­ры­лып, халық үшін қыз­мет жаса­уы қажет. Бар­лық мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер мен депу­тат­тар­дың табысы мен бай­лы­ғы декла­ра­ция тол­ты­ры­лып, елге жария етілуі тиіс.

Осы жоға­ры­да айты­лған кем­шілік­тер бір­те-бір­те жүзе­ге асқан жағ­дай­да ғана руха­ни жаңғы­ру тура­лы сөз қозғаға­ны­мыз орын­ды. Ол үшін билік батыл сая­си қада­мға бару қажет. Егер олай етпе­ген жағ­дай­да, бұл айты­лған сөз бен жазы­лған қағаз­дың бәрі де бұры­нғы­дай бос әуре­шілік бола­ды. Күні ертең депу­тат­тар ауыл-ауы­лға шығып, аздаған бюд­жет­тік меке­ме қыз­мет­кер­лерін жинап, иә халық сізді қос қол­дап, қол­дап жатыр деген ақпа­рат тара­тып, пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың алдын­да жал­бақтай­ты­ны айт­па­са да түсінік­ті жәйт. Сон­ды­қтан, «руха­ни жаңғы­ру» деген даб­ы­ра – билік басы­нан бастал­са ғана халық жап­пай қол­дай­тын науқанға айналады.

Әділ ЖҰМАЛЫ,

ЖСДП Маңғы­стау облыстық

бөлім­ше­сінің төрағасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн