Воскресенье , 6 июля 2025

Рушыл адам ҰЛТШЫЛ бола алмайды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (290) от 14 мая 2015 г.

 

Тура билер тұғыры

 

Жами­ла Оразбай:

Ақша алуға бан­кі­ге бар­дым. Құры­лғы­ның жанын­да шашын кел­ти­тіп қиып, бұты­на шал­бар киіп, тәл­ти­ген бір тәтем: «Бірін­ші рет келуім – көмек­тес­ші?» деген соң, қаза­қ­ша басып бер­сем, бұл­да­на­ды… «Мен қаза­қ­ша түсін­бей­мін, орыс­ша теріп бер!» – деп.

Әй, қаным басы­ма теп­кенін-ай! Өзім­ді сабы­рға шақы­рып: «Сіз не, қазақ емес­сіз бе?» – десем: Да, я казах, про­сто он жыл орыс­ша оқы­ғам, қаза­қ­ша таны­май­мын!» – деп тан­тып тұр.

«Тым аяны­шты екен, сон­да хат таны­май­тын бол­ды­ңыз ғой, тым құры­са үйрен­сеңіз­ші!» – деп, бетіне аса аяны­шпен қара­сам, тәтем көгеріп кет­кен екен: «Сен не, орал­ман­сың ба?» – демесі бар ма!

Қарқыл­дап күл­дім: «Орал­ман­нан садаға кет­сін, сіз­дей қаза­қтар, олар­дың хәлі мен жаны сіз­ден әлде қай­да әде­мі, әрі таза! Өмірі көр­ме­ген әріп­ті олар да үйреніп, өз үлесін қосып жатыр, қаза­қ­ша таны­ма­саңыз, оқы­ма­саңыз, мына топы­рақты басып жүру­ге де қақы­ңыз жоқ, дәл қазір көз алдым­нан құры­ңыз!» – дедім де, тиы­нын қолы­на ұста­тып, жол­ды нұсқап жібердім…

Тәтем бол­са, ұры ит сияқты жал­быр шашын ұсқын­сыз сау­сақта­ры­мен сипа­лай, жан-жағы­на жал­тақтай қара­ды да, тым биша­ра хал­де тай­ып тұрды…

Айы­зым қанып, кеудем­ді мақта­ныш кер­неп, соғы­ста жең­ген сол­дат­тай, алшаң­дай басып мен де жөні­ме кеттім…

 

Жарас

Кемел­жан:

Айт­пақ­шы, жер мен үйдің баға­сы күн сай­ын түсіп жатыр екен ғой. Осы қарқы­н­мен түсе бер­се, күз­ге қарай біз сияқты жас ота­у­лар­дың бәрінің жеке шаңы­рағы болып қалуы мүмкін!

 

Ахмет­бек

Нұр­си­ла:

Біз салы­стыр­ма­лы түр­де қан­дай қоғам­да өмір сүріп жатыр­мыз? Арген­ти­на мен Бра­зи­ли­я­ның аңға беретін поро­ш­ок­тан жасалған сүтін ішіп жатыр­мыз? База­рдан ет алуға қорқа­сың, өйт­кені мал­дар­дың ден­са­улы­ғын ешкім тек­сер­мей­ді, бру­цел­лез мал­дың етін база­рға шыға­рып, сата береді…

Жері­мізді ешкім тыңайт­пай, бар құнар­лы­ғын сорып жатыр­мыз, соңғы егін­ді алып жатыр­мыз, біз­ден кей­ін ешкім өмір сүр­мей­тін­дей! Англия менің туы­сым емес, шын­ды­қты айту керек. Олар­дың жақ­сы жақта­ры жетіп арты­ла­ды, соны үйре­ну керек.

Қаза­қтың әзір­ге мақта­на­ты­ны мына­лар: әдет-ғұрып, үлкен­ді сый­лау, отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар. Бірақ 1932 жылы не болға­нын оқы­саңы­здар, төбе шашта­ры­ңыз тік тұра­ды! Халық бірін-бірі, тіп­ті бала­ла­рын сой­ып жеген­ге барған! Сон­ды­қтан нан бол­май, ән де бол­май­ды! Жұмыс істе­уді, бола­шаққа қам жаса­уды үйре­нуі­міз керек-ау олардан!

 

Мұх­тар

Тай­жан:

Қара­сам, мені «Арғын­дар» деген «ФБ»-тобына қосып­ты. Қаштым.

Бірін­ші­ден, мен арғын емес­пін – най­ман­мын. Екін­ші­ден, «ФБ»-та «Най­ман­дар» деген тобы ашыл­са, мені қос­паңы­здар – тағы да қашам. Себебі рушыл­ды­қты жек көрем – мен ұлт­шыл­мын… Рушыл адам ешқа­шан ұлт­шыл бола алмай­ды. Ал ұлт­шыл қазақ рушыл болмайды.

 

Аманға­ли

Әбу­ов:

Қаза­қтың саны 60 пай­ы­здан асса да және табиғи өсі­мі 1995 жыл­дың өзін­де 88% бол­са да, мем­ле­кет­тік тіл­де оқи­тын­дар­дың үлесі 50%-ға да жет­пей­ді. Бұл деген қаза­қтар­дың бала­ла­ры орыс тіл­ді мек­теп­тер­де оқып жүр деген сөз. Әр қазақ бала­сын қазақ мек­тебіне бер­се, орыс мек­тебі 2,5 мың мек­теп емес, 250 мек­теп қана болып қалар еді. Сол сияқты 2112 ара­лас мек­теп­тің бәрін қазақ тіл­ді мек­теп­ке ауы­сты­ру қажет. Сөйт­сек, кемі мем­ле­кет­тік тіл­де­гі мек­теп 7500-ге жетер еді. Басқа (орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, укра­ин тілін­де­гі) мек­теп­тен 300-дің арғы-бер­гі жағын­да болып қалар еді.

Осы­лай білім бер­сек, тая­у­дағы 10–15 жыл­да қаза­қстан­ды­қтар­дың 90 пай­ы­зы мем­ле­кет­тік тіл­де­гі мек­теп­ті бітіріп, қаза­қ­ша біліп шығар еді. Қазір­гі күні жыл сай­ын дүни­е­ге келіп жатқан сәби­лер­дің 90 пай­ы­зы қазақ бала­ла­ры, енде­ше қазақ тіл­ді мек­теп­тер­ге сұра­ныс көп. Орыс, ара­лас мек­теп­тер­ді жауып, мем­ле­кет­тік тіл­де білім беретін етіп ашу керек.

 

Шар­хан

Қазы­ғұл:

«Халық үшін қыз­мет ететін» адам­дар­дың шыға­ра­тын қуыр­шақта­рын Аста­на дүкені­нен көріп, құлап қал­дым! «Қарақат» деп ата­ла­тын қуыр­шақ қыз 90 мың тең­ге тұра­ды екен.

Қасым­да тұрған Шым­кент­тің бір жігіті айт­ты: «Ойбай-ау, бұл ақшаға мен Шымқа­ла­дан живой қыз сатып ала­мын ғой!».

 

Ғалым

Боқаш:

Бүкіл Қаза­қстан дегені­міз – бір Стам­бул­дың ғана халқы. Бір ғана мэр сол халы­қтың қолын іске ілін­діріп, аузын асқа жары­тып отыр. Ал біздің үкі­мет не себеп­ті дәп бір Қытай­ды басқа­рып оты­рған­дай, біре­се ісініп, біре­се сылы­нып әуре бола­ты­нын түсіне алмай­мын. Негізі, ықшам­далға­ны дұрыс. Халық саны Қаза­қстан сияқты шағын Еуро­па елдерін­де (Вен­грия, Чехия, т.с.с.) мини­стр­лік­тер саны тоғыз-оннан аспай­ды. Әрбір­ден соң, Қаза­қстан пре­мьері жанын сал­са, көк­тен түсіп, жер­де­гі 17-ақ мил­ли­он халы­қтың аты-жөнін түгел жат­тап алса да бола­ды ғой.

Айт­пақ­шы, Ислан­ди­яда кез кел­ген тұрғын пре­мьері­мен алдын ала жазыл­май-ақ жүз­де­се ала­ды. Дәл сон­дай бол­сын деп жатқам жоқ, біздің жағ­дай­да екі жақтың да жүре­гіне қиын тиетін жайт. Жасы­ры­нып, әкім­дер­ді ғана ара­ла­май, ара-тұра жыр­тық шек­пен киіп ап, ауыл ара­ла­са да болар еді…

 

Ұлан

Нүсі­пәлі:

Қашан­да айна­ла­сын қыран-топан күл­кі­ге қарық қып жүретін Маға­у­ия бауы­рым теле­фон шал­ды. Аз-кем аман­дық саулы­қтан соң:

– Ұлаға, есті­ген болар­сыз? – деді.

– Нені?

– Тама­ша­ны?! Асыл­бек бүкіл әртістері­мен бір­ге басқа театр ашып жатыр екен. Аты да қызық – «ТТТ».

– Тама­ша теле­ви­зи­я­лық теат­ры ма?

– Жоқ, «Тама­ша­ны талқан­даған театр» – деді әдет­те­гі айтқы­шты­ғы­на салып.

 

(Пікір­лер интер­нет­тің әле­умет­тік желілері­нен алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн