Пятница , 4 июля 2025

Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ: «ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЖӘНЕ НАЗАРБАЕВСЫЗ ҚАЗАҚСТАН!» идеясын биліктегілерден басқаның бәрі қолдайтын болар

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

ДАТ!

 


Әле­умет­тік желіні қадаға­лап оты­рған, ел келе­ше­гіне алаң жұрт­шы­лық қоғам бел­сен­ділерінің, ұлт пат­ри­от­та­ры­ның басы бірі­гіп, ортақ мақ­сат-мүд­де жолын­да бір тудың асты­на жиналға­нын қалай­ты­ны көзі қарақты­ға бір­ден бай­қа­ла­ды. Біз де өз тара­пы­мы­здан осы мақ­сат­тың жете­гін­де елдің алдын­да жүр­ген аға буын­ның өкіл­дерін іздеп, кеңес беріп, қол­дау көр­се­тетін аза­мат­тар­дың пікіріне ден қой­ған­ды жөн көр­дік. Осы орай­да «Жас Ала­штан» кет­кен (кетір­ген) Рыс­бек аға СӘРСЕНБАЙҰЛЫНА жолы­ғып, біраз сау­ал­дың буын шыға­ру үшін, «ДАТ!» айда­ры­ның төріне шақы­рған едік.

 

 

Зей­нет­кер­лік – шалқа­дан түсіп алып жату емес

 

– Рыс­бек аға, «Жас Алаш» газетінің бас редак­тор­лы­ғы­нан зей­нет дема­лы­сы­на шыққан соң, сізді сұрай­тын оқыр­ман­дар бар: «Бой­ын­да елге қыз­мет қылар күш-қуа­ты бар аза­мат қазір қан­дай тір­лік істеп жүр?» дегендей…

– Мені еске алып, ізде­ген­дер­дің бар­ша­сы­на рах­мет! Жеке өзі­ме теле­фон соғып, бай­ла­ныс жасап тұра­тын­дар менің жай-күй­ім­нен хабар­дар. «Газет­тен бекер кет­тіңіз, сіздің орны­ңыз ойсы­рап қал­ды. Басқа газет шыға­ра­сыздар ма, коман­даңыз мықты ғой, тара­луы­на көмек­те­сер едік?» – деп тіле­уле­стік біл­діру­шілер де жетер­лік. Алты айдан астам уақы­тым емде­лу­мен, ден­са­улы­ғым­ды түзе­ту­мен кет­ті. Соңғы он бес жыл­дың көле­мін­де дема­лыс­сыз жұмыс істеп­пін. Бастан өткен қай­ғы­лы жағ­дай­лар, ақиқат үшін арпа­лы­стар, сот­тар­дың әуре-сар­саңы, биы­лғы ақпан­дағы жайт­тар, қоғам­дағы келеңсіздік­тер, жұмыс басты­лық жүрек­ке де, жүй­ке­ге де сал­мақ түсір­се керек. Құдай­ға шүкір, қазір бір­ша­ма қалы­пқа кел­дім. «Мему­ар жазып жатыр­сыз ба?» деген­дер­ге айта­рым: өткен өмір кезең­деріне ой жүгір­тіп, оны сара­лап көр­дім, қалам ұстап, жазуға татыр­лық оқиға­лар мол екен. Бірақ бүгін­гі жағ­дай оған мұр­сат бере ме?

Мені қуан­та­тын бір жайт бар. Ол – жастар­дың елде­гі аху­алға бей-жай қара­май­тын­ды­ғы, өзгеріс жаса­удың қажет­ті­гін түсініп-біл­ген­ді­гі және ең басты­сы – қаре­кет жаса­уға ұмты­лы­сы. Білім­ді, маман­дық алған, кәсіп­пен айна­лы­сқан қыздар мен жігіт­тер­дің мем­ле­кет­ті, қоғам­ды басқа­ру­дағы жөн­сіздік­тер­ді қалай тоқта­туға, түзе­ту­ге бола­ды, ол үшін біз не істе­уі­міз керек деген сұрақтарға жау­ап ізде­уі өте орын­ды. Сон­дай жастар мені­мен бір­не­ше рет кез­де­сті. Әртүр­лі тақы­рып­тар­да пікір алма­стық, жөн-жоба нұсқап, ақыл-кеңесім­ді айт­тым. Олар­дың бой­ын­да жігер бар, көзқа­рас­та­ры айқын­да­ла бастаған. Халы­қтық мүд­дені қорғай­тын күрес­кер­лер осын­дай топ­тан шыға­ды. Авто­ри­тар­лық-тота­ли­тар­лық жүй­е­де­гі сәл ғана мүм­кін­дік­ті – демо­кра­ти­я­ны жамы­лғы еткен, бірақ оған тұсау салған, әйт­се де мүл­де тұн­шы­қты­ра алмаған билік­тің қазір­гі жай­ын қалай пай­да­ла­на­мыз? Біз осы­ның жолын ойластырдық.

 

– Жастар демек­ші, Жан­бо­лат Мамай­дың бостан­ды­ққа шығуы­на күш сал­ды­ңы­здар. Оның оңды нәти­же­сін көр­дік деу­ге келер…

– Иә, Жан­бо­ла­ты­мыз жеті айдан кей­ін тар қапас­тан азатты­ққа шықты, қата­ры­мы­зға қосыл­ды. Жур­на­лист, қоғам қай­рат­кері Жан­бо­лат Мамай­ды қорғау жөнін­де коми­тет құр­дық. Оның жұмысын барын­ша пәр­мен­ді еттік. Халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың, құқық қорға­у­шы қоғам­дар­дың наза­рын аудар­дық, тер­геу мен сот­тар­дағы бар­лық келеңсіз әре­кет­тер­ді әшке­ре­леп, жұр­тқа дереу жария еттік, пре­зи­дент­тің өзіне сал­мақ сал­дық, заң­дық, сая­си, адам­гер­шілік тұрғы­сы­нан мәсе­ле көтеріп, бас­пасөз мәс­ли­хат­та­рын, қоғам­дық жиын­да­рын өткіздік. Хат­тар жаз­дық, қол жина­дық. Жан­бо­латқа тағы­лған айып­тың негіз­сізді­гін, оның сая­си аста­ры бар екен­ді­гін, тәу­ел­сіз жур­на­ли­сті, сая­сат­кер­ді қуда­лау екен­ді­гін сан мәр­те мәлім­дедік. Бұған өздеріңіз де атса­лы­сты­ңы­здар. Бітір­ген басты шару­а­мыз – адал, күрес­кер жас аза­мат­тың бостан­ды­ққа шығуы­на сеп­ті­гі­мізді тигіздік.

«Қан­дай тір­лік істеп жүр екен­ге» қосып айта­рым мынау: қаза­қтың ұлы ақы­ны Мағ­жан Жұма­ба­ев 1938 жылы атыл­маған, 1951 жылы Мага­дан­да айда­уда жүріп қай­тыс болған дей­тін деректің ақиқа­ты­на одан әрі көз жет­кіздім. Аты­ра­улық 98 жастағы Абдол­ла Абд­рах­ма­нов ақсақал «халық жауы» ата­лып, Колы­маға айдалған, сол жақта Мағ­жан­мен кез­дескен. Оның қай зиратқа жер­лен­генін біз­ге, экс­пе­ди­ция мүше­леріне 2011 жылы Мага­дан облы­сы­ның Сусу­ман ауда­ны­на барға­ны­мы­зда көр­сет­кен. Ол кісі Мағ­жан­ды пір тұтқан, аса қадір­ле­ген. Зия­лы­лы­ғы, білім­дар­лы­ғы, бия­зы мінезі қара­пай­ым жұмыс ада­мын – мұнай бұрғы­ла­у­шы жас жігіт Абдол­ла­ны ерекше өзіне тән­ті еткен. Зоба­лаң­ды, қия­нат-қор­лы­қты бір­ге көр­ген, жала­мен сот­талған адам­дар сер­гел­дең­де­гі сері­гі тура­лы ешқа­шан жалған айт­пай­ды. Ар алдын­дағы адал­ды­ғын сақтай­ды. Қажы­лы­ққа өзі, ана­сы, әкесі үшін үш рет барған, бес уақыт нама­зын қаза етпе­ген тақуа кісі өтірік­ке бар­май­ды. Күнаға бат­пай­ды. Абдол­ла Мағ­жан­ның елге жет­кіз деп бер­ген қой­ын кітап­ша­сын пой­ы­зда ұрла­тып алған, сол үшін өзін борыш­кер санай­ды. Тірі жүр­ген шағын­да соны өте­гісі келеді. Қиян­дағы Колы­маға біз­бен бір­ге сапар­ла­уы да сон­ды­қтан. «Биыл Мек­ке­ден оралған соң, Мағ­жан­ның туған топы­рағы­на апар. Әке-шеше­сінің қабіріне барып құран оқиын, ел-жұр­тын көрей­ін» деген өтіні­шін орын­да­дым. Пет­ро­пав­лға, Мағ­жан Жұма­ба­ев атын­дағы ауданға сапар шектік.

Сусу­ман­ның суық та зәр­лі, мұз­дақ бөк­терін­де қалған ала­ш­шыл ақын­ның көзі тірісін­де­гі аңсаған арма­нын, сәле­мін қария еліне жет­кізді. Мағ­жан­ның әкесі Бекен­нің құл­пы­та­сы қасын­да оты­рып, бір­не­ше қай­та­ра құран оқы­ды. Cөй­тіп, топы­рақ салу бұй­ырт­паған бала­сы­ның мін­детін атқар­ды. Музей­ін көр­ді, Сасы­қкөл­дің жаға­сын­да бол­ды. Ақын­ның тозақ жер­де жүріп, елі мен жері тура­лы не айтқан­да­рын есіне түсірді.

Қысқа­сы, бұл сапа­ры­мы­зда Мағ­жан мен Абдол­ла­ның Мага­дан­да бір­ге болған­да­ры­на бұры­нғы­дан әрі сеніп қайт­тым. Көз көр­ген­нің аты – көз көр­ген. Айтқан­да­ры­ның бәрі ила­ным­ды. Оған күдік­те­ну­ге негіз жоқ. Айда­удағы ақын­ның ауру­дан қай­тыс болған­ды­ғын, 1938 жылы атыл­маға­нын ресми түр­де дәлел­дей­тін кез де келер.

Батыр және әулие Рай­ым­бек баба­мы­здың Торай­ғыр тауы қой­на­уын­да өзі көзін ашқан бұлағы бар. Міне, сол араға тари­хи орын екен­ді­гін айғақтап, бел­гі тас қой­дық, қор­ша­уын жаңарт­тық. Бұл – көп­тен көңіл­де жүр­ген шаруа еді. Сәті­мен іске асты. Даңқты батыр­дың ел шебін бел­гілеп, тас үйгіз­ген жер­ді нақты­лау жұмыста­рын жалға­стыр­дық. Бұл да бітір­ген тір­лік­тің бір парасы.

Қырық төрт жылға жуық жур­на­ли­сти­ка сала­сын­да жұмыс істе­ген адам­ның зей­нет­кер­лік дема­лы­сы­на шыға­ры­луы оны қоғам­нан, айна­ла­дағы оқиға­лар­дан бір­жо­ла­та шет­те­те алмай­ды екен. Жүрек­ті шымыр­ла­тып, мида шың­да­лып жатқан ойлар ақпа­рат­тық ашық айқасқа шақы­ра­ды да тұра­ды. Бірақ қолың қысқа, бұры­нғы­дай асы­нған бес қаруың жоқ. Ақиқат іздеп, көмек сұраған­дарға болы­сқың келеді, оған пәр­менің жет­пей­ді. Ұлт мүд­десіне қаты­сты шешу­ші сәт туған­да ара­ла­са алмай­сың, құзыр­лы емес­сің. Әйт­се де қарап жат­пай­сың, шек­те­улі шең­бер­де әре­кет қыласың.

 

Эво­лю­ци­яға сенбегендер

рево­лю­ци­я­ны қалайды

 

– Қазақ қоға­мын­да ұлт пат­ри­от­та­ры­ның «бірі­гей­ік», «жер­ді бүкіл қоғам болып қорғай­ық», «елде­гі сая­си режім­ге қар­сы бірік­кен қозға­лыс құрай­ық» деген сияқты быты­раңқы баста­ма­ла­рын әле­умет­тік желі­ден оқып жүр­ген болар­сыз. Олар­дың Алма­ты­дағы соңғы жиын­да­ры­ның біріне өзіңіздің де қаты­сқа­ны­ңы­зды «Фейс­бук­тен» көр­дік. Мұн­да жиналған адам­дар­дың сөз әлпет­тері, ой-жоралғы­ла­ры қалай екен? Бой­ла­ры­нан өзгеріс жаса­уға деген ынта-ықы­ла­стың ныша­нын бай­қай алды­ңыз ба?

– Иә, мен Махат­ма Ган­ди ескерт­кі­ші тұрған парк­те­гі кез­де­су­ге шақы­рыл­дым. Олар­дың қоғам­дағы мәсе­ле­лер­ді ортаға салып, талқы­ла­у­ға ден қой­ған­да­ры құп­тар­лық баста­ма. Нені мақ­сат тұта­мыз, оған қалай жету­ге бола­ды, яғни ежел­ден келе жатқан «Не істеу керек?» деген сау­ал­дың жау­а­бын қарас­ты­ра­ды. Әртүр­лі жастағы, әле­умет­тік жағ­дай­ла­ры да әрқи­лы топ­тар­дағы адам­дар­дың бәрі­нен шар­шаға­ны, қажы­ға­ны, одан әрі­ге көн­гісі кел­мей­тін­ді­гі сөз­дері­нен анық бай­қа­ла­ды. Мұн­дай күй­зелісте­гі жан­дар­ды күн­делік­ті өмір­де кез кел­ген елді мекен­дер­ден көп­теп көріп жүр­міз. Қоғам­дағы жағ­дай­ды билік­те­гілер уағы­здаған­дай, эво­лю­ци­я­лық жол­мен өзгер­те­міз, жарқын бола­шаққа жол аша­мыз дей­тін­дер­ге олар сен­бей­ді. Және төзім­дері де түгесілген.

Сон­ды­қтан мұн­дай­да рево­лю­ци­я­ны қала­у­шы­лық сөз­сіз басым­дық ала­ды. Деген­мен, төң­керістің іске аса­ры­на күмән­мен қараған­ды­қтан, оны қол­да­уға батым­сыз. Қалай да халық өз сөзін жет­кі­зу үшін әре­кет жаса­уы тиіс екен­ді­гін бәрі түсі­неді. Бей­біт митинг өткіз­ген дұрыс деушілер­дің қата­ры қалың.

Енді бас бірік­тірудің жай­ы­на кел­сек. Быты­раңқы­лық – ең үлкен кедер­гі. «Бірі­гу» тура­лы шақы­ру­лар­дың айты­лға­ны­на қай заман. Бірақ ол іске аспай келеді. Нелік­тен? Осы­ның көп­шілік келісіп мақұл­дар жау­а­бын тап­сақ, бәл­кім, тура жолға түсер­міз. Бірік­тіру­ге кедер­гілер қата­рын­да топ бастар аза­мат­тар­дың ара­сын­дағы жеке бастық амби­ци­я­лар­дың үстем­ді­гі ата­ла­ды. Сая­си ұста­ным­дар мен көзқа­рас­тар­дың алшақты­ғы да аяққа оралғы. Мінез– құлы­қтағы өзге­шелік­тер, өзін өзге­ден ақыл­ды сана­у­шы­лық, басқа­ның пікірін тың­дай білу­ге, оны әріп­тес санап, мәсе­ленің мәнісін бір­ле­се талқы­ла­у­ға шыдам­ның жоқты­ғы да себеп. Көп­тің алдын­да дара көрін­гісі келетін­дер­дің тала­сы­нан, эго­из­мі­нен туын­дай­тын бір-бірін ұнат­па­у­шы­лық, ұсақ пен­де­шіл­дік те бұл қазе­кеңнің басын бірік­ті­ре қой­май­ды-ау! Қызған­бай­ты­нға қызға­на­тын, іштар­лы­ғы ұстап қала­тын, кешірім­ділік­ті, кеңдік­ті қала­май­тын жігіт­тер көп­тің ұйы­тқы­сы бола алмайды.

Соны­мен қатар іріт­кі салуға әбден әккі­лен­ген сая­си құры­лым­дар билік­тің әкім­шілік, қар­жы­лық, ақпа­рат­тық, қысым көр­се­ту­шілік мүм­кін­дік­терін кеңі­нен пай­да­ла­на­ды. Қоғам­дық бел­сен­ділер­ді тұрақты аңду, бақы­лау, жүріс-тұры­сын жіп­ке тізіп оты­ру арқы­лы жинақталған деректер бой­ын­ша олар­дың осал жерін аны­қтай­ды. Қажет кезін­де мұрат­та­ста­ры­на сатқын­дық жаса­уға итер­ме­лей­ді. Кей­бірі мәж­бүр­лік­тен солар­дың дегеніне көнеді. Құры­лып, жұмыс істей бастаған қозға­лы­стар мен бір­ле­стік­тер­дің мүше­лері ара­сын­да әлгілер­дің ара­ла­суы­мен аран­да­ту, аты­сты­ру, шабыст­ы­ру баста­ла­ды. Арнайы тап­сыр­ма­мен күні бұрын ортаға енгізіл­ген «бел­сен­ділер» де бар. Олар тиісті жері­нен ақы­сын ала­тын маман­данған, кәні­гі бүл­дір­гі­ш­тер. Ұлт­шыл, пат­ри­от, оппо­зи­ци­я­шыл секіл­ді көрініп, реті кел­ген тұста алға ұмты­лып, тіп­ті кей­де пре­зи­дент­тің атын атап айқай­лап қоя­тын­дар, әле­умет­тік парақ­ша­лар­да қатқыл­дау пікір жаза сала­тын­дар – солар. Таза, шын мәнін­де­гі күрес­кер аза­мат­тар мен аза­мат­ша­лар­ды қара­лап, «ол үш әріп­тің тың­шы­сы», «билік­тің ада­мы» деген лақап­тар­ды таратады.

Міне, осын­дай­лар­дан кей­ін «шпи­он­дар» мен «сатқын­дар» қап­тап кете­ді. Ондай­ға қаты­сы жоқтар да бір-бірі­мен ере­гісіп қал­са, әлгін­дей негізді, негіз­сіз айып­та­уға әуе­стене бастай­ды. Қай­сысы­на сенеріңді біл­мей­сің. Билік­тің қазір­гі жүй­есіне қар­сы­лар, әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стар­дың, заң­сызды­қтың, әлім­жет­тік­тің зардаб­ы­нан құты­лғы­сы келетін­дер мұн­дай жағ­дай­да баста­рын қалай бірік­тір­сін! Сон­ды­қтан ең алды­мен «шпи­о­но­ма­ни­ядан» ары­лған абзал. Өза­ра сенім­ділік­ті орны­қты­ру да маңызды.

 

– Бүгін­гі сая­си режім­нің сон­ша­лы­қты қатал­данған жағ­дай­ын­да ел ішін­де бірік­кен қозға­лыс ұйым­да­сты­ру мүм­кін деп ойлай­сыз ба? Кезін­де сая­си және қар­жы­лық мүм­кін­ді­гі болған «Азат» пар­ти­я­сы да елде­гі сая­си күш­тер­ді бірік­ті­ру иде­я­сы­на қол жет­кі­зе алмаған еді…

– Ол кез­де сая­си күш­тер зор­дың күші­мен бірік­ті. Бірақ ұза­ққа бар­ма­ды, ыды­рап кет­ті де, екін­шісін жоқ етті. Мен «Азат» пен ЖСДП-ны айта­мын. Еке­уінің жал­пы мақ­сат­та­ры бір болға­ны­мен, оған жету­ге ұстанған так­ти­ка­ла­рын­да, іс-әре­кет­терін­де қиға­шты­қтар кез­де­сті. Батыл адам мен тар­тын­шақ адам­ның, ынжық пен өжет­тің дос бола алмай­ты­ны, біте қай­на­сып кет­пе­сі анық қой.

Сая­си ұйым­дар­дың, қозға­лы­стар­дың да өзін­дік бол­мыс-мінезі бар. Жара­су-жарас­па­сы соған да бай­ла­ны­сты. Деген­мен, бұл басты шар­тты­лық емес. Егер аса маңы­зды, бәріне ортақ бір­тұ­тас мақ­сатқа тек бірі­гу арқы­лы ғана қол жет­кізу­ге бола­рын, одан басқа жол жоқты­ғын бәрі мой­ын­даған бол­са және онсыз өздерінің жой­ы­лып кетерін сезін­се, онда әртүр­лілі­гіне қара­ма­стан, оппо­зи­ци­я­лық неме­се ұлт­тық, пат­ри­от­тық күш­тер­дің өза­ра келісім­ге келіп, бірі­гуі заң­ды құбы­лыс. Уақыт­ша, жеңіс­ке жет­кен­ше бір­ле­су мүм­кін­ді­гін жоққа шыға­руға бол­мас. Мұн­да қар­сы­ла­стың, яғни халы­қтың төзі­мін тозды­рған билік­тің өзін қалай ұста­уы да әсерін тигізеді.

Рас, қар­жы­лық, сая­си ұйым­дық мүм­кін­ді­гі жоққа тән, қазір­гі жағ­дай­да «ұсақ-түй­ек» сана­ла­тын, көше­де­гі топ­тар мен жеке­ле­ген бел­сен­ді аза­мат­тар­дың быты­раңқы бас қосу­ла­ры қатыг­ез, әрі айла­кер, сұм билік­ті сес­кен­дір­мей­ді. Бұлар азшы­лық болып көрі­нер. Әйт­се де қаны қарай­ған ыза­лы халы­қтың өз орта­сы­нан шыққан нағыз бел­сен­ділер тобы қай­сар­лы­лық таныт­са, ұран тас­та­са, сек­сен алты­дағы жел­тоқ­сан­нан кем түс­пес. Біз бұл ара­да сая­си күш­тер мен топ­тар­дың бір­ле­су мүм­кін­ді­гі­нен гөрі қара­пай­ым халы­қтың өзінің күрес саға­тын­да жұды­ры­қтай жұмы­лып, бірі­гіп кетерін еске алай­ық. Укра­и­на­дағы, Қырғыз­стан­дағы, араб елдерін­де­гі мысал­дар осы­ған дәлел.

 

Жүз жыл­да оян­ба­са, тірі деп қалай айтарсың…

 

– Жал­пы, бүгін­де қоғам­ды қар­сы­лық қозға­лы­сқа бірік­тіретін идея бар ма? Мәсе­лен, елде­гі жемқор­лы­ққа, билік басын­дағы­лар­дың халық несі­бесі есебі­нен бет­сіз баюы­на қар­сы­лық жаса­уға не кедергі?

– Біздің қоғам – жар­ты­лай өлі қоғам. Тірі бол­са, оян­бай ма, жүз жыл бол­ды – Мір­жақып Дула­то­втың «Оян, қаза­ғын!» бүгін­де оның шөбе­ре­лері қай­та­лап, айғай­лап жатыр. Сон­да да былқ етпей­ді. Естіп, біліп, көріп тұр­са да, қимыл­сыз. Демек, тірінің тір­шілі­гін жаса­май­ды. Бәл­кім, өлі мен тірінің ара­сын­да сал болып жатқан­дай дәр­мен­сіз шығар. Билік қоғам­ды есең­гіретіп, дел-сал етіп қой­ған. Әйт­пе­се өрке­ни­ет­ті елдер­ді қараңыз: мини­стрі ұшақтың биз­нес-кла­сы­на оты­ра қал­са, сту­дент­тер­дің оқу ақы­сын көтеріп жат­са, поли­цей­лері біре­улер­ді жазы­қ­сыз қамай қой­са, дереу көше­ге шыға­ды митин­гілетіп. Ал біз­де тал түсте халы­қтың несі­бесін тонап жат­са да, Зей­не­тақы қорын­дағы, Ұлт­тық қор­дағы трил­ли­он­дар­ды билік басын­дағы­лар­дың құр­ды­мға кетер банк­терін құтқа­руға жұм­сап жібер­се де, мыңқ демей­ді! Не деген көнбістік?!

Шене­унік­тер пара­ны мил­ли­он­даған дол­лар­мен алма­са, көңілі­міз көн­ші­мей­тін хал­ге жет­тік. Ондаған мил­ли­он тең­гені жұтқан­дарға аяны­шпен қарай­мыз, бұл бір биша­ра жемқор екен деп. Және олар­дың сот­тал­ма­сы­на бәс тігіп қызы­қтай­мыз. Өкін­діре­рі – осын­дай аху­ал орны­ққан елміз. Жоға­ры­дан бастап, төмен­ге дей­ін­гі билік тар­мақта­ры­ның бар­ша­сы сон­дай болған соң, етің үйреніп кетеді.

Бар­лық бәле жеке­ше­лен­діру­ден, ортақ қазы­на­ны ту-тала­пай ету­ден, қалай­да алып қал, бай­ып қал деген сая­сат­тың ту болып көтерілуі­нен. Ту ұста­у­шы­ла­ры­мыз – елдің басы сана­лып жүр­ген Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі мен отба­сы және айна­ла­сы. Бас қалай бұлғаң­да­са, ел соған қарап қозға­ла­ды. Жап­пай жемқор­лық мем­ле­кет­тік дең­гей­де жүр­гізілетін сая­сат­тың түп қазы­ғы­на айнал­ды. Мұн­дай­да оған қар­сы қалай қозға­лыс құра­сың. Ағы­сқа қар­сы жүзіп көр: өзіңді кері әке­те­ді, жағаға соғып тас-талқан ете­ді. Жемқор­лы­қ­пен күре­стің нәти­же­сі нөл­ге тең. Соны біл­ген жұрт қай­тіп аттандасын?!

Бірақ бұл жемқор­лық түбін­де олар­ды оңдыр­май­ды, опын­ды­ра­ды. Халы­қтың несі­бесін жұтқан­дар­дың бақыт­ты сана­лып, тарих­та қалға­нын кім көр­ген? Халық әбден кедей­лен­ген күні жемқор кеңір­дек­тер­ге жар­мас­пай қал­мас. Нара­зы қауым­ның басын бірік­тіретін иде­я­лар бар­шы­лық. Соның бірі – «Жемқор­лы­қ­сыз және Назар­ба­ев­сыз Қаза­қстан!» иде­я­сы. Еке­уін бір­дей ұна­та­тын, бұлар­ды қалай­тын кім бар? Үкі­мет­те­гілер мен пар­ла­мент­те­гілер­ді және жер­гілік­ті билік­те­гілер­ді атамағанда!

 

Аятол­ла Хомей­ни және Мұх­тар Әбіләзов

 

– Әле­умет­тік желілер­дің мүм­кін­ді­гі­мен қай­та­дан жан­да­нып жатқан «ҚДТ» қозға­лы­сы билік­ке қар­сы әре­кет­ті бірік­тіру­ші күш болу ықти­мал­ды­ғын қалай баға­лар едіңіз?

– Мұх­тар Әбілә­зо­втың Фран­ци­ядан тара­тып жатқан, қан­ша кедер­гі жаса­са да, Қаза­қстанға жет­кен «жол­да­у­ла­ры» Аста­на­дағы­лар­дың құтын қашы­рға­ны сөз­сіз. Дәлел­ді деректер­ге құры­лған әшке­ре­ле­улер және олар­дың бел­гілі мақ­сат­тарға жету­ге үгіт­шілік қыз­мет атқа­руы қоғам­ды сіл­кілей­ді. (Сіл­кін­діреді деу­ге ерте­рек). Пре­зи­дент­тік инсти­тут­ты мүл­де ала­стау, пар­ла­мент­тік, үкі­мет­тік басқа­ру­ды қалып­та­сты­ру иде­я­сын, мәсе­лен, пар­ти­я­лар сана­тын­да жүр­ген «Ақ жол», Ком­му­ни­стік, ЖСДП ұйым­да­ры қол­дай ма?

Жақ­та­ста­ры­ның санын мил­ли­он ада­мға жет­кіз­ген соң қар­сы­лық митин­гісін ұйым­да­сты­рып, пре­зи­дент­тің кетуін талап ету баста­ма­сы­на қалай қарайды?

Міне, осын­дай басты мәсе­ле­лер­де қол­дау тап­па­са, қоғам­дағы сая­си күш­тер­дің басы «ҚДТ»-ға бірік­пей­ді. Ал қара­пай­ым аза­мат­тар мен кей­бір қоғам­дық ұйым­дар­дың топ­та­суы­на ықпал етуі мүмкін.

Кезін­де Иран шаһы Мохам­мед Реза Пехле­ви теп­кісі­нен Фран­ци­яға жер ауған Аятол­ла Хомей­ни сол жақта жүріп-ақ отан­даста­рын рево­лю­ция жаса­уға әзір­ле­гені тарих­тан бел­гілі. Ол өзінің уағы­зда­ры мен үгіт-наси­ха­тын, шаһты тақтан тай­ды­ру­дың жол­да­рын маг­ни­то­фон дис­кісіне жазып, Пари­жден еліне жіберіп оты­рған. Жақ­та­ста­ры аудио­жа­з­ба­лар­ды көбей­тіп, халы­ққа таратқан. Ақы­рын­да халық көтеріліп, Иран­да рево­лю­ция жасал­ды, жеңіс­ке жет­кен Хомей­ниді кере­мет сал­та­нат­пен қар­сы алды. «Хомей­нидің кас­се­та­лы бом­ба­сы» деген атау сол кез­де шыққан еді. М.Әбіләзовтың тех­ни­ка­лық даму ғасы­рын­дағы мүм­кін­ді­гі одан әлде­не­ше есе артық. Интер­нет пен әле­умет­тік желілер­ді өз мақ­са­ты­на пай­да­ланған оның қолы­нан не келерін уақыт көрсетер.

 

– Ашыл­май жатып, сот арқы­лы қай­та жабы­лған «Алаш жолы» қозға­лы­сын жөр­ге­гін­де буын­ды­рған билік оңай­лы­қ­пен елге еркін­дік бере қой­май­тын сияқты. Сон­да не етпек керек?

– Бұл қозға­лыс Жер кодексін­де­гі жер­ді сатуға, шетел­дік­тер­ге жалға беру­ге мүм­кін­дік туғы­за­тын қауіп­тен сақтан­ды­рып, даб­ыл қақты кезін­де. Жер мен тіл­ді қорғау ұра­нын көтерді.

Аты­ра­уда баста­лып, бір­не­ше аймақта жалғасқан нара­зы­лық митин­гілері ақы­рын­да билік­ті тізе бүк­тір­ді, олар­дың дегенін іске асырт­па­ды. Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ды сот­та­у­мен өшін алған билік өз рай­ы­нан әлі толық қай­тқан жоқ.

Сон­ды­қтан мұн­дай пат­ри­от­тар­дың басын бірік­тіретін қозға­лыс сатқын бас­шы­ларға үлкен қауіп. Оны сол үшін жап­ты. Және ол қан­дай да қозға­лы­стың құры­луы­на жол бер­мей­міз деген бет­бақты­қты біл­діреді. Халы­қтық қозға­лы­старға қажет­тілік туса, олар ресми тір­кел­мей де өз жұмысын бастай береді. «Қаза­қстан­дық ұлт» док­три­на­сы­на біз тір­ке­уден өтпе­ген қозға­лы­сы­мыз арқы­лы тосқа­уыл қой­ған­быз. Әрине, тір­кел­ме­ген бір­ле­стік­тер заң­сыз сана­ла­ды. Ал сол заң­сызды­ққа үкі­мет­тің өзі итер­ме­леп отыр­са, оған не шара.

 

Дик­та­тор­лар­дың діріл­де­уі кәрілік­тен емес

 

– Роберт Муга­бенің тағ­ды­ры­нан кей­ін билік – өзінің бекем­ді­гін сақта­уға, қоғам – жан­дәр­мен қар­сы қимыл көр­се­ту­ге үрей­леніп оты­рған дүлей заман­да елде­гі сая­си тұрақты­лы­қты сақта­удың басты жолы қан­дай деп білесіз?

– Екі жақ та үрей­лен­бе­удің ортақ мәмілесіне кел­се, тұрақты­лық сақта­ла­ды. Біздің «Муга­бе» әске­ри­лер­ден енді қоры­қ­па­са керек, «Тас»-ты (Тасмағам­бе­то­вті – Ред.) қорға­ныс мини­стрі қыз­меті­нен дер кезін­де сырғы­тып таста­дым деп қуа­нып жүр­ген шығар. Бірақ айна­ла­сын­дағы­лар­дың қан­дай ойы­нға кірі­серін өзінің асы­ра­уын­дағы көріп­кел­дері де айта алмай­ды. Дариға­сы­ның әске­ри­лер­дің үсті­нен қара­уды ұна­та­тын­ды­ғы тегін бол­мас. Оның өз біл­гені, жос­па­ры қан­дай – ол жағы құпия. Демек, пре­зи­дент­ке қауіп ең алды­мен өзінің жақын­да­ры­нан келуі ықти­мал. Мұның дәлеліне бұры­нғы күй­еу бала­сы Рахат та жарап қалар. Ол «мем­ле­кет­тік төң­керіс жасау» жос­па­рын қой­нын­дағы әйелі­нен жасы­рып қалған ба, әлде бір­лесіп «план» құрған ба? Мұны біз біл­мей­міз. Әкесі біл­гені­мен, жария ету­ге бар­май­ды. Бел­гілі себептермен.

Алты­кен­нің (Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның – Ред.) «Үштаған» тура­лы жазға­нын­дағы мына жол­дар­ды оқыр­ман­дар­дың есіне салғым кел­ді. «…Назар­ба­евқа Үштаған «адал­ды­ғын» дәлел­де­гісі кел­се де, ойла­ры басқа жақта. Ертең баста­ры­на не түседі, соны ойлай­ды. Бола­шағы тура­лы басын қаты­ра­ды. Себебі Ол мәң­гілік емес қой. Сон­ды­қтан да билік мұра­гер іздеп шарқ ұру­да. Егер олар ертең бір мәміле­ге кел­се, Назар­ба­ев­тың сая­си талқа­ны тау­сы­ла­ды. Тағы­нан кете­ді. Өйт­кені оның тозы­ғы жақын­даған. Арты­нан ерген шатақтар тым көбей­іп кет­ті. Жасы да егде тар­тқан… Сон­ды­қтан Үштаған Ресей­де Ель­цин­ді кетір­ген­дей әре­кет­ке кіріседі».

Қарт биле­уші­ге қауіп үш жақтан төніп тұр: отба­сы­нан, айна­ла­сы­нан және оли­гарх­тар­дан. Төр­тін­шісі ретін­де халы­қты қоса­тын­дар­мен мен келі­се алмай­мын. Өйт­кені халық билік­ке де, билік­пен келетін бай­лы­ққа да қызы­ққан жоқ. Билік­ке ұмтыл­са, өз өкіл­дерін пар­ла­мент­ке кір­гі­зу үшін, өз пре­зи­дент­терін таққа оты­рғы­зу үшін әділ сай­лау өткі­зуді талап етер еді ғой! Мил­ли­он­даған қаза­қстан­ды­қтар­дың ойлау және қаре­кет ету дең­гей­ін ондай өрке­ни­ет­тілік саты­сы­на көте­ру­ден елді ширек ғасыр биле­ген Назар­ба­ев өлер­дей қорқа­ды. Үштаған да содан үрей­ле­неді. Сон­ды­қтан олар бір­лесіп, халы­қты өздерінің ортақ жауы санай­ды. Бір­ге қорға­на­ды. Өз іштерін­де­гі бық­сы­қты, арам­за­лы­қты басқаға ауда­ра­ды. Сөйт­кен­дері әрбіріне тиім­ді. Ақы­рын­да халық ішін­де­гі бел­сен­ділер­ді, олар­дың ұйым­да­рын қуда­лау, жаза­лау баста­ла­ды. Ара-тұра, өза­ра қырқыс кезін­де күшейе бастаған­дар­ды басып тастау, Үштаған ара­сын­дағы тепе-теңдік­ті сақтау қамы­м­ен гене­рал­дар мен мини­стр­лер­ді, әкім­дер­ді «қолы­нан жете­леп» сотқа тап­сы­ра­ды. Жемқор­лық, мем­ле­кет­тік құпи­я­ны ашқан­дық, т.б. бап­та­ры­мен бұға­у­лай сала­ды. Билік басын­да ұзақ оты­рған дик­та­тор­лар­дың діріл­де­уі кәрілік­тен бол­мас. Тақтан айы­ры­лып қалу қатері үне­мі ізі­нен қал­май­ды, іштей үрей туғы­за­ды. Ондай­да қал­ты­ра­май қайтсін.

Халық билік­тен қоры­қ­па­уы керек. Қорқақтар­ды ешкім сый­ла­май­ды, ондай­лар­мен сана­спай­ды. Сая­си тұрақты­лы­қтың кепілі – шынайы демо­кра­ти­яға есік ашу. Бірақ ол назар­ба­ев­тық билік үшін үлкен қатер. Айна­лып кел­ген­де, сол баяғы тығы­ры­ққа қай­та тіре­ле­міз. Халық билік­ті өз қолы­на алуға қауқар­сыз, ал билік халы­қ­пен сана­суға құлы­қ­сыз. Еке­уі де бір сәт­те алға қадам бас­са, түсіністік­ке келер еді.

 

– Тағы сол әле­умет­тік желі­де пат­ри­от жастар­дың жел­тоқ­санға қаты­сты митинг ұйым­да­сты­рай­ық деген баста­ма­сы қылаң етті: сіз болған жиын­да мұн­дай шара төңіре­гін­де сөз болған сияқты ғой…

– Иә, митин­гілер тура­лы көп­тен бері ұсы­ны­стар жаса­лып жатыр. Халық батыр­ла­ры атанған Макс пен Талғат­ты бостан­ды­ққа шыға­ру­ды талап ету­ге арналған митинг өткізу­ге рұқ­сат сұраған хат әкім­шілік­ке тап­сы­рыл­ды. «Тәу­ел­сіздік: Ел мен Жер тағ­ды­ры» тақы­ры­бы­мен 15 жел­тоқ­сан­да Алма­ты­да митинг өткі­зу жөнін­де ұйым­да­сты­ру коми­теті құрыл­ды. Аза­мат­тар өздерінің Кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғын пай­да­ла­нуы керек. Оған түр­лі сыл­та­у­лар­мен шек­теу қой­ған шене­унік­тер­ді заң­мен жау­а­пқа тар­тқы­зу­ды қолға алған дұрыс. Митинг – қоғам­ның бел­гілі бір мәсе­ле­лер жөнін­де өз пікірін, нара­зы­лы­ғын неме­се қол­да­уын біл­дірудің, билік­тің наза­рын ауда­ру­дың мүм­кін­ді­гі. Оған қаты­су­шы­лар­ды тер­ро­ри­стер­ден шошы­нған­дай құбы­жық санау, тәр­тіп бұзу­шы­лы­қтар орын ала­ды деп бай­ба­лам салу – барып тұрған бас­сыздық. Біз қала, аудан әкім­дерінің ақы­лға кел­генін, Ата заң­ды сый­лаға­нын қалай­мыз. Тый­ым салу қашан да қар­сы­лы­қты туғы­за­ды, тай­та­ласқа ұрын­ды­ра­ды. Өрке­ни­ет­ті елдер қата­ры­на қосы­лу­дың «нұр­лы жолы» – митин­гілер­ге, бей­біт шеру­лер­ге кедер­гі кел­тір­меу арқы­лы өз халқы­мен түсіні­су, олар­дың орын­ды талап­та­рын еске­ру. Бітті!

 

– Әңгі­меңіз­ге рах­мет! Лай­ым деген­деріңіз­ге жетіңіздер!

 

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн