Суббота , 28 июня 2025

ҮРЖАРДА ҮПТЕЛГЕН ҚАРЖЫмен жер дауы тексеріле бастады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

 


 

 

 

 

Шығыс Қаза­қстан облы­сы Үржар ауда­ны­на қарас­ты 91 432 гек­тар жер телі­мін Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның үлесі бар «Бәтуа» ЖШС мен бір­не­ше серік­те­стік­тің заң­сыз алып алған­да­ры аны­қта­лып, болған іске жау­ап­ты тұлға­ларға бай­ла­ны­сты мем­ле­кет­тік орган­дар тара­пы­нан тек­серіс бастал­ды. Редак­ци­я­мы­зға қоңы­рау соғып, осы жағ­дай­дың егжей-тег­жей­ін хабар­лаған қоғам бел­сен­дісі Айдын Еге­уба­ев мыр­за (сурет­те) мәсе­ленің мән-жай­ын былай деп баян етті:

 

– Өткен сәуір айы­ның 5‑і күні ҚР Мем­ле­кет­тік қыз­мет істері және сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің төраға­сы Қай­рат Қожам­жа­ров­пен қоғам бел­сен­ділері: Мақ­сат Ильясұ­лы және мен – Айдын Еге­уба­ев кез­дескен бола­тын­быз. Кез­де­су бары­сын­да Шығыс Қаза­қстан облы­сы Үржар ауда­нын­да 91 432,5 гек­тар жер телі­мін Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның үлесі бар «Бәтуа» ЖШС-мен бірі­гіп, бір­не­ше серік­те­стік­тің заң­сыз алып алған­да­ры аны­қталға­ны, бұларға мем­ле­кет тара­пы­нан мил­ли­ард­таған қар­жы беріл­гені және Қытай мем­ле­кеті­нен кел­ген мил­ли­он­даған (АҚШ дол­ла­ры) инве­сти­ци­я­лар­дың қан­дай мақ­сатқа жұм­салға­ны тура­лы мәсе­ле­лер­ді талқы­лаған болатынбыз.

Сол талқы­ла­удың түй­інін­де Мем­ле­кет­тік қыз­мет істері және сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің төраға­сы Үржар­дағы аху­ал­ды тіке­лей өзінің бақы­ла­у­ы­на ала­ты­нын және тек­серіс тобын құрып, нақты жұмыс жасай­ты­нын айтқан еді. Міне, содан кей­ін Үржар ауда­нын­да тек­серіс бастал­ды. Тек­серістің жұмысы­мен мен де Үржарға келіп қалдым.

 

– Айдын мыр­за, сон­да тек­серіс тобы­ның құра­мы­на қоғам бел­сен­дісі ретін­де сіз де мүше бол­ды­ңыз ба, әлде сіз аза­мат­тық талап таны­тып жүр­сіз бе?

– Тек­серіс тобы­на арыз иесі ретін­де кір­дім. Оның үстіне бұл тек­серісті Шығыс Қаза­қстан облы­сы сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл депар­та­мен­ті менің 5 сәуір айын­да Қожам­жа­ро­втың қабыл­да­уын­да болған кез­де бер­ген ары­зым­ның негізін­де қарап, қазір Үржар ауда­нын­да сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің арнайы тер­ге­ушілері жұмыс жасап жатыр. Тек­серіс тобы­на кіруім­нің себебі – сол.

 

– Сон­да Үржар ауда­нын­да 91 432,5 гек­тар жер телі­мін Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның үлесі бар «Бәтуа» ЖШС заң­сыз иелен­ген бе?

– Иә, заң­сыз иелен­ген. Аталған серік­те­стік­тің сон­ша­ма үлкен жер­ді заң­сыз алға­нын ШҚО эко­но­ми­ка­лық соты дәлел­де­ген бола­тын. Сот шеші­мі бой­ын­ша, алы­нған жер­лер заң­сыз деп танылды.

 

– Демек, мем­ле­кет тара­пы­нан беріл­ген суб­си­ди­я­лар да заң­сыз болға­ны ғой?

– Әрине, заң­сыз! Сот шеші­міне бай­ла­ны­сты қазір аудан дең­гей­ін­де­гі атқа­мі­нер­лер, аудан­дық жер комис­си­я­сы­ның мүше­лері, жер қаты­на­ста­ры бөлі­мінің қыз­мет­кер­лері сұраққа алы­нып, тер­геліп жатыр. Менің­ше, осы аталған мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер қатаң жаза­ла­нуы керек. Сон­дай-ақ аудан­дық ауыл шару­а­шы­лы­ғы басқар­ма­сы тара­пы­нан беріл­ген суб­си­ди­я­лар­дың қалай, қай­да, қай­тіп жұм­са­ла­ты­ны да тек­серілуі қажет. Облыс бас­шы­ла­ры да осы іс үшін жау­ап беруі тиіс.

 

– Қазір тек­серіс пен тер­ге­удің беті қалай?

– Қазір Қытай ком­па­ни­я­ла­ры мен бір­лес­кен серік­те­стік­тер­дің бас­шы­ла­ры­нан да жау­ап алы­нып, тек­серіліп жатыр. ШҚО-да тек­серіс болған­нан кей­ін, бас кең­се­лері Алма­ты қала­сын­да орна­ласқан­ды­қтан, Алма­ты қала­сын­да да тек­серіс жалғасады.

«Бәтуа» ЖШС-нің құжа­ты бой­ын­ша, Үржар ауда­нын­да 500 адам жұмыс жаса­ды деп көр­сетіл­ген. Енде­ше жұмыс жасаған адам­дар мен жұмыс беру­ші ара­сын­да келісім-шарт жасал­ды ма? Зей­не­тақы қоры­на ақша ауда­рыл­ды ма? Бар­лық заң талап­та­ры сақтал­ды ма? Осы­ның бәрі тек­серілетін болады.

Қытай мем­ле­кеті­нен 2010 жыл­дан бері қарай «Бәтуа» ЖШС-не қан­ша қара­жат кел­ді, бұл қара­жат қай­да жұм­сал­ды – тек­се­ру тобы бұны да аны­қтай­тын бола­мыз. Бір қызы­ғы, бұл тек­серіс енді бастал­ды. Был­тыр­дан бері басталған тек­серістер енді ғана қозғалды.

 

– Түй­ін­дей айтқан­да, Үржар­да үптел­ген қар­жы мен жер дауы­на нақты кім­дер жау­ап беруі керек?

– Заң­сыз жер бер­ген әкім­дер, Жер комис­си­я­сы­ның мүше­лері, Жер қаты­на­ста­ры бөлі­мінің қыз­мет­кер­лері және заң­сыз жер­ге мем­ле­кет­тен мил­ли­он­даған қар­жы бер­ген мем­ле­кет­тік меке­ме бас­шы­ла­ры жау­ап беруі керек! Өйт­кені ел – иесіз, жер – киесіз емес!

Abai.kz

 

 

 

Comments

 

Көкеш Таке­ше­ва:

Айдын бауы­ры­мы­зға сәт­тілік тілей­мін! Заң­сыз өткен әр шар­шы метр жер­дің қай­туы бол­сын! Киелі жер қаси­еті­мен халқы­на қай­та­рыл­са екен, осын­ша­ма ақша­ны өз қажет­теріне жаратқан жемқор­лар халық алдын­да жау­а­пқа тар­тыл­сын! Мың асқанға бір тоқтам табы­лар! Бәріне қазақ халқы ғана алаң­дай­ды! Жақ­сы хабар күтеміз!

 

Аман­гел­ды Бидахметов:

Іске сәт! Жер сатқан­дар жау­а­бын бер­сін, жаза­сыз қалуға тиіс емес! Елін, жерін қорғап жүр­ген Айдын сияқты аза­мат­тар аман бол­сын. Көп болсын!

 

Gaukhar Alizbayeva:

Не ақы­ңыз қал­ды… Бәрін біліп, түсініп отыр­сыз… Кім­дер ақша­ны жымқыр­ды, қай­да жібер­гені… Б.Сапарбаевтың арам істері өзінің мой­нын­да, өзі Алла­ның алдын­да жау­ап берер, күнәсін көте­рер. Сіз бұл жер­де ештеңе ұтпай­сыз… Отба­сы­ңы­зды алаң­да­тып жүр­геніңіз. Арты жақ­сы болсын!

 

Айдын Еге­уба­ев:

Алла­ның бір ата­уы Халық деген!!! Сапар­ба­ев мына Халы­ққа, біз­ге көзі тірісін­де жау­ап беруі керек… Облыс әкі­мі болып оты­рған­да, бұл ком­па­ни­я­ларға мем­ле­кет­тен, сіз бен біздің төле­ген салы­қта­ры­мы­здан ақша бер­ген, соған жау­ап беруі керек.

 

Тле­ге­нов Орынбасар:

Кім сатқын, кім жемқор, кім өтірік айта­ды, кім­нің ақша­сы көп, кім­нің көкесі бар – заң­ды солар бұр­ма­лап ала­ды, ҚР заң­да­ры тек елді қорғаған, шын­дық айтқан адам­дарға қар­сы қол­да­ны­лып келеді.

 

Елнұр Иса­бай:

Айдын бауы­рым, рах­мет, мың алғыс қуа­ны­шты хаба­ры­ңа! Сатқын­дар­ды бүкіл елдің алдын­да әшке­ре ету керек. Халық жауы деп тану керек және Кон­сти­ту­ци­яға осын­дай сатқын­дар­дың қатаң жаза­ла­нуы­на заң енгі­зу керек депутаттар.

 

Мамыр­бай Орыс:

Халы­қты былға­уға бол­май­ды, ұрлық-қар­лық, өтірік, басқа­дай былық-шылы­қтың бәрі – билік­тің сенім­ді өкіл­дері… Енді ешкім­ді де ерке­лет­пеу керек, қан­дай әкесі-көкесі бол­сын, заң алдын­да жау­ап беру­ге тиіс. Мұн­дай сорақы істер­ді басқа­дай елді мекен­нің бел­сен­ділері де көтер­се, жал­пы­ха­лы­қтық шараға айла­нар еді.

 

Нұр­бай Сүйінов:

Айдын бауы­рым, мына жаңа­лық қуан­тып та, алаң­да­тып та отыр. Қуан­та­ты­ны – әйте­уiр бiр игiлiк­ті әре­кет бастал­ды! Алан­да­та­ты­ны – бұл соқ­пақта әлi талай тай­ғақ, бопса­лау, жыл­мақай шалғы­штар кез­де­серi анық. Аран­да­ту да жет­кiлiк­тi бола­ды. Абай­лаң­дар! Аман болындар!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн