Воскресенье , 29 июня 2025

Сәкен Майғазиев NINETY ONE тобын қолдады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (358) от 10 нояб­ря 2016 г.

 

Ойдан-қыр­дан


  • Әнші Сәкен Май­ға­зи­ев аты­шу­лы бой­з­бенд NINETY ONE тобын қол­да­удың тоғыз себебін ата­ды, – деп хабар­лай­ды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің топ жай­лы пікірі Instagram желісін­де­гі 91_world парақ­ша­сын­да жари­я­лан­ды. Май­ға­зи­ев­тің айтуын­ша, әртіс­ке қастан­дық жаса­удың қажеті жоқ. «(…) Сұра­ны­сы бол­маған актер­лер күй­зеліс­ке түсіп кете­ді. Менің айтқым кел­гені – жігіт­тер сон­ша боя­нып-тара­нып барған кез­де оны ешкім қабыл­да­май қой­са – обал. Мен ол бауыр­ла­рым­ды жақ­сы көре­мін», – деді әнші.

Сон­дай-ақ Сәкен Май­ға­зи­ев NINETY ONE тобы­ның жақ­сы қаси­ет­тері көп екенін айта келіп, олар тура­лы тоғыз пікір­ден тұра­тын пост жазға­нын айтып өтті. «Бірін­ші – ана тілін­де ғана сөй­леп, сұх­бат беріп, ән шырқап, қазақ тілін дәріп­теп жүр­ген талант­ты жігіт­тер. Екін­ші­ден, өз бағы­ты­ның шебер орын­да­у­шы­ла­ры. Үшін­ші­ден, өте жақ­сы вока­ли­стер, диа­па­зон­да­ры кең, милиз­ма­ти­ка­ны мықты мең­гер­ген, тембр­лері тама­ша, тағы­сын тағы. Төр­тін­ші, кере­мет рэп орын­да­у­шы­ла­ры. Рэп – рит­ми­ка­лық аме­ри­ка­лық поэ­зия. Ал біз­де бұл – айтыс, жыр, суы­рып-сал­ма өнері», – деп сана­ма­ла­ды әртіс.

Ал бесін­ші себебі деп Май­ға­зи­ев жігіт­тер­дің сабыр­лы әрі бай­сал­ды қаси­ет­терін ата­ды. «Оларға бағыт­тап, балағат­тап, бей­піл сөз­дер айтыл­са да, боқтай біл­мей­тін бай­сал­ды бала­лар. Мен өнер ада­мы болған­нан кей­ін, олар­ды зерт­те­дім, қара­дым. Олар пси­хо­ло­гия тұрғы­сын­да қан­дай да сынға дай­ын бол­ды. Алтын­шы­дан, олар – еңбекқор. Кәсі­би сахнаға шығу жолын­да екі жыл дай­ын­дал­ды. Жетін­ші­ден, сахна­лық би қимыл­да­ры кәсі­би, син­хрон­ды қимыл­дай­ды, сахна­дағы еркін­ді­гі өте кере­мет. Сахна­дағы жұмысын Интер­нет­тен тама­ша­ла­дым. Өзім ұстаз болған­нан кей­ін, аттан­дай бер­мей, қарап көрей­ін, зерт­тей­ін дедім. Сегізін­шісі – Қаза­қстан эст­ра­да­сын­да үлкен пікір­та­лас, сын-ескер­ту­лер, дау туғы­зған, былай­ша айтқан­да, «Атың шық­па­са, жер өрте» деген мыса­лы­на «амал» жасап жүр­ген алға­шқы топ», – деді Сәкен Майғазиев. 

Ал соңғы, тоғы­зын­шы қаси­еті деп топ­тың қай­ы­рым­ды­лы­қ­пен үне­мі айна­лы­са­ты­нын айтып, әнші өз ойын қорытындылады.

Айта кетей­ік, осы­ған дей­ін NINETY ONE тобы­ның кон­цер­тіне Шым­кент­те, Қызы­лор­да­да, Қарағанды­да, Жезқазған­да кей­бір тың­дар­ман­дар нара­зы болған. Осы­лай­ша, бұл қала­лар­да топ­тың кон­цер­ті өтпей қалып, соңы дауға ұласқан еді.
Kaz.tengrinews.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн