Четверг , 1 мая 2025

СҰЛУДА ДА СҰЛУ БАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (360) от 24 нояб­ря 2016 г.

 

Мис­стер тура­лы мәніс

 


 

 

Елге модель болып таны­лып, әлем­дік сән сахна­сы­нан көрін­ген бұл қазақ қызы көп­тің көзі­нен таса­да қалып қой­ды. Бұл ару сән­ді киім, түр­лі фото­сес­сия, қым­бат сый­лы­қтар әле­мі­нен бас тар­тып, қара­пай­ым әйел бақы­тын таң­да­ды. Ол «Қаза­қстан аруы-2006» атағы­на ие болған, Мек­си­ка­да өткен «Әлем аруы-2007» бай­қа­уы­на қаты­сқан Гаухар Рахметәлиева.

 

– Гаухар, сізді іздеп табу­дың өзі оңай­ға соқ­па­ды. Қазір қай­да­сыз? Немен айна­лы­сып жүрсіз?

– Жақын­да отба­сым­мен Алма­ты­дан Аста­наға көшіп кел­дік. Сол сұлулық бай­қа­уы­нан кей­ін 21 жасым­да тұр­мысқа шықтым. Бір­не­ше жыл­дың көле­мін­де төрт бала дүни­е­ге әкел­дім. Үш қыз, бір ұлым бар. Отба­сым тура­лы көп айта бер­мей­мін. Бірақ сіз­дер­мен бөліскім келіп отыр.

Менің қай­ын атам – рес­пуб­ли­ка­мы­зда таны­мал, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген өнер қай­рат­кері, бел­гілі театр сын­шы­сы Әшір­бек Сығай. Мен ол кісінің ортан­шы келіні­мін. Өзім осын­дай жанұяға кел­генім­ді мақтан тұта­мын. Атам­ды өнер­ге өте үлкен еңбе­гі сің­ген кісі ретін­де сый­лай­мын. Ұлда­ры­на жақ­сы тәр­бие беріп кет­кенін айта кетуім керек.

Сұлулық бай­қа­уы­нан кей­ін көп­шілі­гі модель­дік кәсіп­пен бір­жо­ла кете­ді деп ойлаған шығар. Алай­да мен ол жол­ды таң­да­ма­дым. Ол кез­де мен Аты­рау мұнай және газ инсти­ту­тын­да оқи­ты­н­мын. Инсти­тут­ты инже­нер-химик тех­но­лог маман­ды­ғы бой­ын­ша қызыл дипло­мға бітір­дім. Сол кез­де алды­ма қой­ған мақ­са­ты­ма жеттім.

Әрі қарай өз маман­ды­ғым бой­ын­ша жұмыс істей­мін деп ойла­дым. Бірақ тұр­мысқа шығып кет­тім. Оның ара­сын­да Алма­ты­да әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетін­де химия факуль­теті­нен магистр дәре­же­сін алып шықтым. Атам отба­сы­ға кел­гелі әулеті­міздің санын көбей­тің­дер деп айтып оты­ру­шы еді. Содан соң екін­ші, үшін­ші, төр­тін­ші бала­ны дүни­е­ге әкел­дім. Осы­лай­ша, жос­па­рым өзгеріп, қазір үйде бала тәр­би­есі­мен айналысудамын.

Соны­мен қатар өзім­ді жан-жақты дамы­туға тыры­сып жатыр­мын. Ғалам­тор­дан көп нәр­сені үйреніп, қолө­нер­мен айна­лы­су­да­мын. Бала­ла­ларға арналған кітап, аль­бом­дар жасай­мын және кіш­кен­тай сәби­лер­ге арналған сән­ді киім тігемін.

Бола­шағым әлі алда, жас­пын, бала­ла­рым өскен­де өз маман­ды­ғым бой­ын­ша істей­мін деген мақ­са­тым да жоқ емес. Ал қазір Аста­на­да анам­ның жеке кәсібіне көмек­тесіп жүрмін.

– Көп бала­лы ана болу­ды арман­дай­тын ба едіңіз?

– Өзі­міз апа­лы-сіңлілі еке­уміз. Мен үйдің үлкені бол­дым. Ал сіңлім әжем­нің тәр­би­есін алып, сол кісінің қолын­да өсті. Сөй­тіп мен үйде жалғыз өстім. Сон­ды­қтан көп балам бол­са деп ойлай­ты­н­мын. Үлкен отба­сым болға­нын қала­дым. Қазір, шүкір, кен­жем­нің аға­сы да, әпке­лері де бар. Үлкен қызым жақын­да сегіз­ге келеді. Ал кіш­кен­тай­ым бір­ге тол­ды. Оты­зға кел­ген­де­гі нәти­жем осы (күледі). Дегені­ме жет­тім деп ойлаймын.

Ата­мыз көзі тірісін­де неме­ре­лерін біз­ге ама­нат етіп, «бала­лар­ды жан-жақты дамы­ты­ң­дар, жаңа ұрпақ өсірің­дер» деуші еді. Міне, ата­мы­здың сол ама­на­тын орын­да­уға тыры­сып жатыр­мын. Өскен­де ата­ла­ры­ның мұра­сын жалға­сты­ра­ды деген үміттемін.

– Өзіңіз қан­дай отба­сы­нан шықтыңыз?

– Менің жет­кен жетістік­терім бірін­ші кезек­те анам­ның маған бер­ген тәр­би­есін­де, қол­да­уын­да. Ана­ма шексіз риза­мын. Оқу­да да сол кісі сіл­те­ме беріп, мені үне­мі алға жете­леп оты­ра­тын. Қазір Аста­на қала­сын­да маған және бала­ла­ры­ма қол ұшын беріп тұра­ды. Анам – кәсіп­кер, Аты­ра­уда өз биз­несі бар. Әкем – кеден қыз­мет­кері, полковник.

– Қазір үйде оты­рған келін­шек­тер өз кәсібін дөң­ге­летіп жүр. Сіз­де ондай кәсіп бар ма?

– Ондай ойым бар. Бала­ла­ры­мы­здың білім жағын ойлап, Аста­наға көшіп келіп отыр­мыз. Өзім­ді басқа қырым­нан сынап көрей­ін деп жүр­мін. Арман­да­рым, жос­пар­ла­рым бар. Солар­ды орын­да­уды қолға алып жатыр­мын. Иде­я­лар­ды қарас­ты­ру­да­мыз. Нақты­сын кей­інірек біле жатарсыздар.

– Жол­да­сы­ңыз тура­лы айтып бер­сеңіз, ол кісі­мен қалай таныстыңыз?

– Жол­да­сым­ның есі­мі – Сұңғат. Ол кісі­мен бай­қа­удан кей­ін ортақ таны­ста­ры­мыз арқы­лы таны­стық. Қазір жеке кәсіп­пен айна­лы­са­ды. Қоғам­дық тамақта­ну сала­сын­да еңбек етеді.

– Ал енеңіз қан­дай адам?

– Енем – менің екін­ші анам. Мен ол кісі­ге құр­мет­пен қарай­мын. Ешқа­шан маған дауыс көтер­ген емес. Қызда­ры бол­маған­ды­қтан, мені және абысын­да­рым­ды қызда­рын­дай қабыл­да­ды. Ол кісі­ге риза­мын. Үй шаруа­сын­да тәжіри­бесі­мен бөлісіп, айтып оты­ра­ды. Мен де соны бір­ден іліп алып кет­кені­ме мәз бола­ды. Ол кісі­ден жақ­сы тәлім алдым деп ойлай­мын. Атам да ешқа­шан дауыс көтер­ме­ген. Өзі сон­дай бала­жан кісі еді.

– Ата-енеңіз «модель-келін­ге» қалай қарады?

– Модель келін­нің жай келін­нен қан­дай айыр­ма­шы­лы­ғы бар? Өзім ешқа­шан ақса­у­сақ болған емес­пін. Тұр­мысқа дей­ін де үй шаруа­сы­на бей­ім бол­дым. Тәжіри­бем жет­кілік­ті бол­ды. Соған қараған­да ата-ене­мнің мен тура­лы ешқан­дай жаман ойла­ры болған емес. Мен «Мис­спін» деп кеудем­ді кер­ген жоқ­пын. Өзім­ді қара­пай­ым­мын деп санаймын.

Аты­ра­уда анам­ның кафесі бол­ды, сол кез­де мен «Аты­рау аруы» бола тұра, кей­де дая­шы жетіс­пей қалған­да, дая­шы болып та жұмыс істеп көр­дім. Тіп­ті ыдыс жуып кететін­мін. Менің, яғни «Аты­рау аруы­ның» сол кафе­де дая­шы боп жүр­генін естіп алып, қыздар әдейі келетін. «Маған қыз­мет көр­се­те ме екен» деп оты­рып ала­тын. Мен бәрін қатар алып жүр­дім деп айта аламын.

– Абысын­да­ры­ңыз тура­лы не айтасыз?

– Абысы­н­мен тату­мыз. Үлкен абысы­ным Үкілай туған әпкем­дей болып кет­кен. Еке­уміз бір-бірі­міз­бен сыр­ла­са­мыз. Ол – Алма­ты облы­сы­ның қызы. Ал кіші абысы­ным – Алма­ты қала­сы­ның тума­сы. «Абысын тату бол­са – ас көп» деп атам айтып оты­ру­шы еді. «Сен­дер тату бол­саң­дар, ұлда­рым да бір­ге жүреді», – деп өси­ет айта­тын. Ара-қаты­на­сы­мыз өте жақсы.

– Әдет­те сұлулық бай­қа­уын­да топ жарып шыққан ару­лар шоу-биз­неске ойы­сып, таны­мал болып жата­ды. Ал сіз осын­ша жыл үйде оты­рға­ны­ңы­зға өкін­бей­сіз бе? Сізді халық ұмы­тып бара­ды деп ойла­май­сыз ба?

– Әйел­дің бақы­ты – отба­сын­да. Маған сол сұлулық бай­қа­уын­да да әйел­дің басты мін­деті тура­лы сұрақ қой­ы­лған. Менің ойым­ша, әйел­дің ең бірін­ші мін­деті – тұр­мысқа шығу, дүни­е­ге бала әке­лу, үйде­гі отты сөн­діріп алмау. Мен бұл бай­қа­уға таны­мал болу үшін қаты­сқан жоқ­пын. Ондай ой болған да жоқ. Бай­қа­уға қаты­сқан себебім – жастық шақтағы қызы­ғу­шы­лы­ғым еді. Жай, бағым­ды сынап көр­мек бол­дым. Өзім әйел бақы­ты­на қол жет­кіздім деп ойлай­мын. Оған еш өкініш жоқ.

– Әңгі­меңіз­ге көп рахмет!

Nur.kz

 

 

«Қаза­қстан аруы» болған ТӨЛЕШОВТЫҢ ТОҚАЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

 

Төле­шо­втің тоқал­да­ры­ның ара­сын­дағы ең таны­ма­лы – Дина Нұра­ли­е­ва. Ол «Қаза­қстан аруы-2005» атағы­на ие болған. Ол бүгін­де дизай­нер­лік қыры­нан да таны­лып жүр. Шым­кент­тік ару 2009 жылғы «Әлем аруы» бай­қа­уын­да топ-16 ару­дың тізі­міне кір­ген. Бойы – 175 см, дене біті­мі – 85−60−89.

Қазір­гі күні Дина — «Шым­кент аруы» бай­қа­уын ұйым­да­сты­ра­тын сән агент­ті­гінің директоры.

Кaz.365info.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн