«Общественная позиция»
(проект «DAT» №42 (359) от 17 ноября 2016 г.
Ойдан-қырдан
Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен сұлулық байқауында Сәбина Қасымова жеңіске жетті. Ұлттық «Ұлы дала ханшайымы» байқауы биыл елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр, – деп хабарлады ҚазАқпарат.
Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша, екінші орын Қарлығаш Нұрбековаға бұйырса, Меруерт Күлахметова үшінші орынға тұрақтады. Жеңімпазға тәжді «Ресей аруы-2013» Ксения Безуглова кигізді.
Енді Сәбина Қасымова (суретте – ортада) еліміздің атынан негізін Ксения Безуглова қалаған халықаралық «Өркениет аруы» байқауына қатысады. Байқаудың ұйымдастырылуына «Алматы әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды. Бас жүлдеге автокөлік сыйға тартылса, екінші орынға – екі адамға Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама берілді. Сондай-ақ, жүлделі үшінші орын иегері smart-теледидар ұтысына ие болды. Қатысушылар мүгедектер арбасында отырып өнер көрсетіп, дизайнерлік және кешкі көйлектерін киіп шықты.