Пятница , 4 июля 2025

Сәния ТОЙКЕН: Қазақстанның «демократиялық» бейнесі БАТЫСТА БАСҚАША БАҒАЛАНАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (405) от 09 нояб­ря 2017 г.

 

ДАТ!

 


 

Біздің аны­қта­ма

 

Сәния Той­кен «Азаттық» радио­сын­да 2007 жыл­дан бері жұмыс істей­ді. ҚазҰУ-дің жур­на­ли­сти­ка факуль­тетін бітір­ген. Рес­пуб­ли­ка­лық «Қаза­қстан пио­нері», «Жас Алаш» газет­терін­де тіл­ші болған. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жеке­ше­лен­ді­ру жөнін­де­гі коми­тетінің бас­пасөз хат­шы­сы қыз­метін атқарған. Аты­рау облы­стық «Ақ Жай­ық» газетін­де тіл­ші, қазақ редак­ци­я­сы­ның редак­то­ры, Маңғы­стау облы­сын­да шыға­тын «Не хабар?!» апта­лы­ғы­ның редак­то­ры болып жұмыс істе­ген. Сәния Той­кен – Маңғы­стау облы­сы мен Ақтау қала­сы­нан хабар беріп жүріп, кәсі­би қыз­меті үшін бір­не­ше рет қуда­ла­у­ға ұшы­ра­ды, қоқан-лоқы көр­ді. 2011 жылы «Азаттық» тіл­шісі Сәния Той­кен Жаңаө­зен қала­сын­дағы мұнай­шы­лар ере­уілі­нен қаза­қстан­ды­қтарға хабар таратқан бір­ден-бір тілші.

 

Өткен айдың орта­сын­да «Азат Еуропа/«Азаттық» Радио­сы» Қазақ қыз­метінің тіл­шісі Сәния Той­кен Әйел жур­на­ли­стер­дің халы­қа­ра­лық қоры (IWMF) тағай­ын­даған «Жур­на­ли­сти­ка­дағы батыл­ды­ғы үшін» сый­лы­ғын иелен­ді. Ол – бұл сый­лы­ққа лай­ық деп таны­лған алға­шқы қаза­қстан­дық жур­на­лист. Еске сала кет­сек, бедел­ді халы­қа­ра­лық сый­лы­қтың бұры­нғы лау­ре­ат­та­ры­ның ішін­де Кри­сти­ан Аман­пур (1994 жыл), Анна Полит­ков­ская (2000 жыл), Хади­джа Исма­и­ло­ва (2012 жыл) мен Анна Нем­цо­ва (2015 жыл) сияқты медиа тұлға­лар бар. Орта­лық Ази­ядан бұл сый­лы­қты қырғыз­стан­дық Зами­ра Сыды­қо­ва алған.

Сый­лы­ғын алуға Аме­ри­каға барып, одан Алма­ты арқы­лы Ақта­уға – өзінің қыз­мет орны­на атта­нып бара жатқан Сәния ханым­ды «ДАТ!» айда­ры­ның аясын­дағы сұх­батқа тар­тқан едік.

 

– Cәния ханым, ең алды­мен халы­қа­ра­лық ұйым­ның сый­лы­ғын алуы­ңы­з­бен құттықтаймын!

– Рах­мет! Бұл – қаза­қстан­дық тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер­ге беріл­ген, бар­ша­мы­зға ортақ сый­лық деп ойлай­мын. Шыным­ды айт­сам, осы сый­лы­қты тосын­нан алған сияқты­мын: әуел­де қуа­ны­шты хабар­ды алғаш есті­ген кез­де бұл сый­лық нақ өзі­ме беріл­геніне сене қой­ған жоқ­пын. Алы­стағы Аме­ри­каға бірін­ші рет бара жатқан­ды­қтан, қат­ты қобал­жы­дым. Ал бұл халы­қа­ра­лық мара­пат­тың сал­мағын сый­лы­қты алған кез­де ғана сезіндім.

 

– Қазақ елін­де дәл осын­дай сый­лы­ққа ие болған алға­шқы қар­лы­ғаш-қыз өзіңіз екен­сіз: енде­ше елде­гі адам құқы мен сөз бостан­ды­ғы­ның құнын өзге­лер баға­лап жатқа­нын қалай қабылдадыңыз?

– Осы сұрағы­ңы­зға орай бір жәйт­ті әу баста атап өткім келеді: өз елі­міз­де түр­лі бас­пасөз жиын­да­рын­да ортаға шығып, сау­ал қояр­дың алдын­да жау­ап беру­ші ар-абы­рой­ы­ма тиістің неме­се әле­умет­тік ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ра­тын сұрақ қой­дың деп, жағаң­нан ала түсер ме екен деп, әр сөзім­ді ой еле­гі­нен өткізіп, сақтық жасай­тын едім. Ал Аме­ри­ка­да ондай қорқы­ны­штың ізін де бай­қа­ма­дым. Еш қысыл­ма­стан, жиналған көп­тің алдын­да, бөтен орта­да еркін сөй­ледім. Бұл, шама­сы, әйгілі аме­ри­кан­дық бостан­ды­қтың, адам құқы­на деген демо­кра­ти­я­лық дер­жа­ва­дағы құр­мет­тің әсері бол­са керек.

Ал «өзге­лер­дің баға­ла­у­ы­на» кел­сем, жағ­дай өзіңіз­ге де, елге де мәлім ғой: біз­де­гі әсіре­се тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер қауы­мы­ның көтер­ген жүгі ауыр, ал «жегені» жан­тақ екені. Мұн­да Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­нан басқа ұйым­ның тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер­ге деген мара­па­ты барын да білмейміз-ау!

 

– Айт­пақ­шы, Аме­ри­ка­дағы рәсім кезін­де толқу үстін­де сөй­ле­ген сөзіңіз­де не айтқа­ны­ңыз есіңіз­де ме?

– Неге есім­де бол­ма­сын?! Бедел­ді орта­да не айта­рым­ды алдын ала ой еле­гі­нен өткізіп бар­дым. Ең алды­мен маған осы сый­лы­қты бер­ген қор бас­шы­лы­ғы­на риза­лы­ғым­ды біл­дір­дім. Одан кей­ін біздің елі­міз­де­гі жағ­дай­ды, әсіре­се Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғы­нға қаты­сты пре­зи­дент­тің бер­ген «өзін­дік» баға­сы жөнін­де айтып өттім. Елде­гі адам құқы­ның сақта­луы қан­дай дең­гей­де екенін, жиыр­ма­дан астам БАҚ, оның ішін­де газет-жур­нал, интер­нет-сайт­тар­дың жабы­лға­нын, жур­на­ли­стер­дің қуғы­нға түс­кенін де ұмыт қал­ды­рған жоқ­пын. Елі­міз­де жұм­бақ жағ­дай­да қаза болған Нұри Муф­тах, Батыр­хан Дәрім­бет, Асхат Шәрі­п­жа­нов, Сәкен Тау­жа­нов, Оры­нғай­ша Омар­ша­но­ва, т.б. жур­на­ли­стер­дің есі­мі атал­май­ты­ны­на да тоқталдым.

Айт­пақ­шы, «өзге­ден құр­мет» дегеніңіз­ге орай айтай­ын: марқұм Асхат Шәрі­п­жа­но­втың есі­мі Аме­ри­ка­дағы жур­на­ли­сти­ка музейі алдын­дағы тақта­да жазы­лып тұрға­нын өз көзім­мен көріп, іштей дәт­ке қуат деп қуан­дым. (Оқыр­ман­дар есіне сала кетей­ік, «ДАТ» газетін­де бір­не­ше жыл қата­ры­нан жур­на­лист болған Асхат Шәрі­п­жа­нов 2005 жылы оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втің бас­пасөз хат­шы­сы болып жүр­ген кезін­де, түн орта­сын­да бел­гісіз жағ­дай­да көлік­тің асты­на «түсіп» қаза болған еді. Қозғалған қыл­мыстық іс ешбір нәти­же­сіз жабы­лып тынған-ды. – Ред.).

Мара­пат­ты алған кез­де әле­умет­тік желі­де­гі бір жаз­баға көзім түсті, онда «соғыс болып жат­паған бей­біт елде «Жур­на­ли­сти­ка сала­сын­дағы ерлі­гі үшін» деген сый­лық нені біл­діреді?» деген екен. Расын­да, осы жаз­ба нені мең­зеді? Мені­мен қатар сый­лық алған NPR радио­тіл­шісі Дебо­ра Амос пен «Әл-Жази­ра» теле­ар­на­сы­ның йемен­дік репор­тері Хаде­ель Әл-Яма­ни – қырғын соғыс жүріп жатқан Таяу Шығы­стан кел­ген жур­на­ли­стер. Олар­дың қасын­да мен бей­біт Қаза­қстан­ның өкілі едім ғой.

Бірақ Аме­ри­ка­дағы кез­де­су­лер­де мені қар­сы алған қауым­ның біздің ел тура­лы пікірі тіп­тен басқа­ша екен. Кез­де­су­лер кезін­де мені топ ортаға: «Орта­лық Ази­ядағы авто­ри­тар­лық-дик­та­тор­лық мем­ле­кет – Қаза­қстан­нан келіп оты­рған жур­на­ли­сті орта­мы­зға шақы­ра­мыз», – деп хабар­лаған кез­де желі­де­гі жаз­ба­ның кіл­ти­па­ны қай­дан шыққа­нын біл­дім. Қаза­қстан өзін қан­ша­лы­қты демо­кра­ти­я­лық ел деп сана­са да, оның Баты­стаға бет-бей­несі басқа­ша баға­ла­на­ты­нын өз құлағым­мен естідім.

– Айт­пақ­шы, кез­де­су­лер­ге жиналған жұрт­шы­лы­қтың Қаза­қстан­дағы сөз бостан­ды­ғы­нан хаба­ры бар ма екен?

– Сый­лық беру рәсі­міне жиналған­дар – ірі биз­нес өкіл­дері, банк иелері, сол жер­де­гі іргелі БАҚ жур­на­ли­стері, құқы­ққорға­у­шы ұйым­дар­дың өкіл­дері бол­ды. Ең алға­шқы кез­де­су Нью-Йорк­те болған кез­де нен­дей мәсе­ле тура­лы айтқа­ны­ма жоға­ры­да тоқтал­дым. Ал Вашинг­тон­да өткен кез­де­су­де: «Осы сый­лы­ғым­ды Жаңаө­зен қырғы­нын­да қыр­шын­нан қиы­лған жас жігіт­тер­ге, аза­мат­тық құқын қорғай­мын деп, абақты­ға қамалған аза­мат­тық қоғам­ның бел­сен­ділеріне, кәсі­по­дақтың құқын қорғау үшін жала­лы болып, түр­ме­ге түс­кен кәсі­по­дақ лидер­леріне, шын­ды­қты қоры­қ­пай айта біл­ген аза­мат­тарға арнай­мын», – дедім.

Содан кей­ін жиналған­дар ара­сы­нан халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар, сая­сат­та­ну­шы­лар өздері жеке-жеке келіп, мені­мен таны­сып, Қаза­қстан­дағы сая­си жағ­дай жөнін­де сөй­ле­сті. Бәрінің біл­гісі кел­ген жағ­дай – «Қаза­қстан­дағы эко­но­ми­ка­лық аху­ал қан­дай, БАҚ арқы­лы естуі­міз­ше, жұмыс­сыздық жай­лаған екен, осы мәсе­ле қалай шешіліп жатыр?» деген сұрақтар төңіре­гін­де бол­ды. Жал­пы, қара­пай­ым және көп­шілік аме­ри­кан­ды­қтар­дың Қаза­қстан тура­лы білетін мағлұ­мат­та­ры аз екен, тіп­ті біл­мей­ді десем болады.

– Ал аме­ри­ка­лық жаңа таны­ста­ры­ңы­здың ара­сын­да таны­мал тұлға­лар бол­ды ма?

– Сый­лық алған күн­гі әртүр­лі кез­де­су­лер кезін­де өте маңы­зды бір адам­ның мені­мен кез­де­скісі келетінін ұйым­да­сты­ру­шы­лар қай­та-қай­та ескерт­кен соң, асы­ғып қонақ үйге кел­дім. Мені күтіп оты­рған кім десем, мара­пат­тау рәсі­мін­де бір үстел басын­да оты­рған, жасы 80-ді алқым­даған апа күтіп отыр екен. Мені­мен таны­сқы­сы келетінін айтып, түскі асқа шақы­рып, маған үлкен құр­мет көр­сет­ті. Арты­нан бай­ла­ныс теле­фо­нын беріп, еліңе жет­кен соң, хабар­лас деді.

Сөйт­сем, ол кісі сый­лық тап­сы­рған қор­дың басты деме­ушісі, мил­ли­ар­дер әрі Аме­ри­ка­дағы ықпал­ды Хелен Винг (Helen Bing) деген әйел екен. Лос-Андже­ле­сте­гі музей­лер­дің деме­ушісі, тро­пи­ка­лық баққа қар­жы­лық қол­дау көр­се­ту­ші әйгілі меце­нат болып шықты. 2006 жылы күй­е­уі еке­уі оқы­ған уни­вер­си­тет­ке деме­ушілік жасап, 50 мил­ли­он дол­ла­рын аударға­нын кей­ін­нен интер­нет­тен оқып, таң қалып, риза бол­дым. Хелен ханым­ның деме­ушілік жасай­тын сала­ла­ры­ның тізі­мі өте үлкен. Мен осы адам­ның қара­жа­ты­мен АҚШ-қа барып, сый­лық алға­ным­ды біл­дім. Ол кісі де сый­лы­қтың кім­ге тап­сы­ры­лға­нын көріп, біл­гісі кел­ген екен.

 

– Иә, аме­ри­кан­дық биз­не­смен­дер руха­ни­ятқа, табиғат қорға­уға, адам­зат игілік­теріне көп деме­ушілік жасай­ты­нын бас­пасөз­ден ғана білу­ші едік…

– Мені таңқал­ды­рған да осы бол­ды. Аме­ри­ка­да адам құқы­ғын, эко­ло­ги­я­ны қорғай­тын ықпал­ды ұйым­дар­дың қата­ры неге көп десем, ол елде­гі ірі биз­не­стің өкіл­дері қар­жы­сын осын­дай ұйым­дарға ауда­рып, тапқан табысы­мен бөлі­седі екен. Қоғам­дық ұйым­дар­ды көбірек қар­жы­лан­дыр­са, салық мөл­шері азай­ып неме­се салы­қтан толық боса­ты­луы да мүм­кін жағ­дай­лар АҚШ заң­ды­лы­қта­рын­да жан-жақты қарастырылған.

Сый­лық беру рәсі­міне арналған кештің ақы­сы 100 мың дол­лар­дан баста­лып­ты. Үш қала­да өткен шара­лар­да жай­ы­лған дастар­хан­ның басы биз­нес өкіл­дері­нен бос бол­ма­ды. Бір қызы­ғы – ірі банк иелері, биз­не­смен­дер қасы­на оққағар ертіп, елден ерек жүр­ген жоқ. Сол кез­де көз алды­ма біздің оли­гарх­тар­ды еле­стет­тім. Олар жүр­ген жер­ге біз аяғы­мы­зды баса алмай­мыз ғой. Аме­ри­ка­лы­қтар «өзің жақ­сы өмір сүр, өзге­лер­дің де жақ­сы өмір сүруін қол­да» деген қағи­да­ны берік ұста­на­ты­ны­на көзім жетті.

 

– Сіз 2016 жылғы жер рефор­ма­сы­на қар­сы халық толқуы­нан кей­ін темір торға тоғы­ты­лған аза­мат­тарға қаты­сты репор­таж­дар жүр­гіздіңіз: қамауда оты­рған Макс Боқа­ев пен Талғат Аян жөнін­де халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың пікірін біле алды­ңыз ба?

– Сөз бостан­ды­ғы мен бей­біт жиын­дар және шеру өткі­зу бостан­ды­ғы­на қаты­сты сұрақ қой­ы­лып, мәсе­ле көтеріл­ген кез­де Жаңаө­зен, Аты­рау мен Ақта­удағы жағ­дай­ды қай­та­лап айту­дан жалы­ққан емес­пін. Адам құқы­ғын айтқан кез­де Макс пен Талғат­тың жазы­қ­сыз оты­рға­ны басы­мы­зға түс­кен ауыр сын болып тұрға­нын жет­кі­зе алдым деп ойлай­мын. Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның, Адам құқы­қта­рын қорғау жөнін­де «Хюман Райтс Уотч» ұйы­мы­ның жасаған мәлім­де­месін де айтып өттім. Осы ұйым­ның Нью- Йорк­тағы бас кең­сесін­де болға­ным­да, осы екі аза­мат­тың бүгін­гі күн­де­гі жағ­дайы жөнін­де сұраған еді: Мак­стың ден­са­улы­ғы­на қаты­сты мәсе­лені халы­қа­ра­лық дең­гей­де көте­ру жөнін­де өтініш жасадым.

 

– Сіз Аме­ри­ка­да жүр­ген­де, Қаза­қстан­да «Медиа Аль­янс» қоғам­дық бір­ле­сті­гі құры­лып, алға­шқы съезін өткізді. Ел ішін­де­гі тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікіріне ден қой­сақ, атал­мыш ұйым Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мысын басу үшін құры­лған деседі. Сіз бұл орай­да қан­дай ой айтар едіңіз?

– Ондай жасан­ды ұйы­мға да қызы­ғу­шы­лы­ғым артып тұрған жоқ. Жур­на­ли­стер­дің құқы­ғын қорғай­ды деген­ге сені­мім жоқ. Себебі ол билік­тің ықпа­лы­мен құры­лған екен. Оның үстіне жур­на­лист факуль­тет­терін жабу керек деп, құры­ла салып, даб­ыл қағып жатқан қоғам­дық бір­ле­стік­ке не жорық?

Жур­на­ли­сти­ка­ның сапа­сы­на қаты­сты менің де көңілім тол­май­тын мәсе­ле көп. Осы рет­те Аме­ри­каға барған сапа­рым­дағы көр­ген-біл­генім­ді айтып кетей­ін. Оңтүстік Кали­фор­ни­ядағы Лос-Андже­ле­сте­гі ірі уни­вер­си­тет­тер­дің бірі кез­де­су­ге шақыр­ды. Кез­де­су­ге жур­на­ли­сти­ка сала­сы ғана емес, кей­ін жур­на­лист болуы­мыз мүм­кін деген заң­гер, сая­сат­та­ну факуль­тет­терінің сту­дент­тері келіп қаты­сты. Сол кез­де­су­де Қаза­қстан­да көр­се­ту­ге тый­ым салы­нған Жаңаө­зен­де­гі қырғын тура­лы Ғалым Ағе­ле­уовтың деректі филь­мін көр­сет­тім. Олар­ды қан­ды қырғын­да жур­на­ли­стер­дің репор­таж жасау кезін­де­гі қиын­ды­қтар қалай туын­дай­ды, одан өзіңізді қалай құтқа­ра­сыз деген тұрғы­дағы сұрақтар ғана қызы­қтыр­ды. Қан­ды оқиға­ның сая­си-әле­умет­тік аста­ры­на мән бер­гілері келмеді.

Ал уни­вер­си­тет­тің оқу база­сын көріп, ауди­то­ри­я­ла­рын ара­лап жүр­ген­де, факуль­тет дека­ны Джеф­фе­ри Коуен ханым­ның сту­дент­тер­мен арақа­ты­на­сы таң қал­дыр­ды. Мұғалім мен оқу­шы деген айыр­ма­шы­лық жоқ: екі жақ та бір-бірі­мен тең дәре­же­де сөй­лесіп, пікір­лесіп отыр.

Сту­ди­я­лар бар екен, кез­де­су кезін­де менен сұх­бат алып, бір­ден сай­тқа қой­ып, басқа да жаңа­лық агент­тік­теріне ұсы­нып, жари­я­лап жат­ты. Сту­дент­тер тео­ри­я­лық талқы­лау жаса­май-ақ, тәжіри­бе жүзін­де кәсі­би маман ретін­де жұмыста­рын жүр­гізіп жатқа­ны қызықтырды.

 

– Басқа да газет-жур­нал редак­ци­я­ла­рын ара­ла­удың сәті түсті ме?

– Әрине, «Вашинг­тон пост» газетінің редак­ци­я­сын емін-еркін ара­лап, жұмыс тәжіри­бе­лері­мен таны­стым. Редак­ци­я­ның алып ғима­ра­ты таң­да­ныс тудыр­ды. Қаза­қстан­дағы жур­на­ли­стер­дің пәтер жал­дап жұмыс істей­тін редак­ци­я­ла­рын көз алды­ма еле­стет­тім. Ғима­ра­ты алып, сегіз қабат­ты, зама­на­уи құрал-жаб­ды­қ­пен қам­та­ма­сыз етіл­ген. Муль­ти­ме­ди­а­лық сту­ди­я­сы біз­де­гі теле­ар­на­ларға бер­гісіз. Жал­пы жур­на­ли­стерінің саны 300-ге жуық.

Муль­ти­ме­ди­а­лық бөлік­тер­де әртүр­лі сек­тор­да жүр­ген каме­ра­лар­ды орта­лы­қтан қадаға­лап оты­ра­ды. Мәсе­лен, АҚШ Кон­гресінің залын­да тұрған каме­ра­ның қасын­дағы жур­на­лист депу­тат­тарға сұрақ қой­ып, тақым­даған кез­де орта­лық ол сюжет­ті бір­ден тіке­лей эфир­ге жібе­реді екен. Біз­де­гі сияқты теле­фон соғып: «Каме­ра­ны қосы­ң­дар, қай­да­сы­ң­дар, мен тіке­лей эфир­ге шыға­мын», – деп абды­ра­май­ды. Үлкен таб­ло­да әр мақа­ла­ның рей­тинг дең­гейі, қан­дай мақа­ла оқы­ла­ды неме­се оқыл­май­ты­ны көр­сетіліп тұра­ды. Осы рей­тинг бой­ын­ша жур­на­ли­стер­дің жалақы­сы есептеледі.

 

– «Вашинг­тон пост» негізі­нен қағаз түрін­де де шыға­тын газет екені бел­гілі: біз­бен салы­сты­рған­дағы тара­лым жағ­дайы қан­дай екен?

– Осы мәсе­ле мені де қат­ты қызы­қтыр­ды. Үш жүз­ге жетіп жығы­ла­тын қыз­мет­кер­лері бар басы­лым үшін газет­тің шығы­ны көп емес пе деген сау­ал қой­дым. Олар­дың айтуын­ша, шығы­ны жоқ, өз оқыр­ман­да­ры бар, интер­нет желісі бүкіл елді қам­ты­ға­ны­мен, газет оқи­тын­дар­дың көп екенін айт­ты. Аме­ри­кан­ды­қтар ерте­мен таңғы кофе­лерін ішіп оты­рып, газет­тің жаңа санын қарап шық­па­са, көңіл­дері көн­ші­мей­ді. Ұшақта, авто­бус аял­да­ма­ла­рын­да, мет­ро­да, қонақ үйде газет оқи­тын­дар көп екеніне куә бол­дым. Сон­ды­қтан қағаз газет­тер­дің тара­лым жағ­дай­ын­да біз­де­гі сияқты дағ­да­рыс жоқ.

 

– Ол жақтағы ресми БАҚ пен жеке мен­шік басы­лым­дар­дың жур­на­ли­стерінің ақпа­рат алу­дағы сұра­ны­сы, ресми меке­ме­лер­ден ала­тын жау­а­бы тең дәре­же­де қам­ты­ла ма екен?

– Өзім де осы мәсе­ле­ге қаты­сты жағ­дай­да көбірек «таяқ жеп» жүр­ген едім – жақ­сы сұрақ қой­ды­ңыз. Біз­де «билік­тік» және «тәу­ел­сіз» деген бөлініс бар екені бар­шаға аян. Билік­тің жур­на­ли­стері үшін ақпа­ратқа қол жет­кі­зу аса қиын емес, ал біз үшін кедер­гі мен тосқа­уыл көп. Ал Аме­ри­ка­дағы жур­на­ли­стер үшін жабық ақпа­рат жоқтың қасы.

«Ал сіз­дер үшін жабық тақы­рып бар ма?» – деген сұрағы­ма беріл­ген жау­а­пқа күл­кім кел­ді. «Қала­дағы дәрі-дәр­мек шыға­ра­тын кор­по­ра­ция өнім­дерінің айна­лы­мы тура­лы ашық мәлі­мет бер­мей жатыр, бүгін­гі жабық тақы­рып осы», – дей­ді. Кор­по­ра­ци­я­ның жағ­дайы олар үшін үлкен мәсе­ле екен.

 

– Аме­ри­ка сапа­ры­нан елге қан­дай көңіл-күй­мен оралдыңыз?

– Әрине, ерекше көңіл-күй­де­мін. Біраз тәжіри­бе жинақтап, ел көріп, жер көріп кел­дім. Ал «Жур­на­ли­сти­ка­дағы ерлі­гі үшін» деген сый­лы­қты қолы­ма алған кез­де сый­лы­қтың сал­мағын өз бой­ы­ма қалай шақ кел­тір­сем екен деп, іштей қобал­жы­дым. Сапарға дай­ын­да­лу бары­сын­да өмір­ба­я­ным­ды қағазға түзіп беру кезін­де басым­нан өткен қиын­ды­қта­рым ұзақ-сонар жаз­ба болып шықты. Ұйым­да­сты­ру коми­тетін­де­гілер де таң қал­ды. Біз үшін үйрен­шік­ті болған жағ­дай­дың түп-тамы­ры есті­ген құлаққа түр­пі­дей тиетіні анық. Мәсе­лен, ере­уіл­ге шыққан елдің орта­сы­на барға­ны­ң­да поли­цей­лер жел­кең­нен түй­іп, қолы­ң­дағы құрал­да­ры­ң­ды тар­тып алмақ болған жағ­дай­ды басы­мы­здан жиі өткі­зе­міз. Сөй­тіп жүріп, жел­кеңе тиген жұды­ры­қты ауыр­сын­саң да, күні бойы көр­ген құқай­ы­ң­ды ұмы­тып, ақпа­ра­тың елге жет­кеніне қуа­на­сың. Табан ет, маң­дай тер­дің өте­мі ақтал­ма­са да ренжімейсің.

 

– Еңбе­гіңіздің жемісі мен жеңісі тау­сыл­ма­сын, Сәния!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн