Пятница , 4 июля 2025

СҚО 250 ҰСТАЗҒА ЗӘРУ

 


Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­да 250-ден астам мұғалім жетіс­пей­ді, – деп хабар­ла­ды облы­стық мас­ли­хат­тың депу­та­ты Гафу­ра Бустекова.

 

«1 тамы­здағы жағ­дай бой­ын­ша 253 педа­го­ги­ка­лық қыз­мет орны бос», – деді Г.Бустекова сей­сен­бі­де­гі «Нұр Отан» пар­ти­я­сы облы­стық фили­а­лы­ның сая­си кеңесі бюро­сы­ның оты­ры­сын­да білім беруді дамы­ту бағ­дар­ла­ма­сы­ның жүзе­ге асы­ру бары­сын талқы­ла­уда. Оның айтуын­ша, аймақтағы мек­теп­тер­де 47 мате­ма­ти­ка пәнінің, 39 – ағы­л­шын тілі, 35 – орыс тілі мұғалі­мі жетіспейді.

«Біздің аймақтағы ерекшелік­тің бірі мек­теп­тер­де оқу­шы­лар өте аз, ал шағын жинақты мек­теп­тер көп. Аудан­дарға қарай­тын бол­сақ, үш қабат­ты мек­теп­тер жар­ты­лай бос екенін көру­ге бола­ды, сынып­тар тол­май­ды, және де бұл жағ­дай біздің бірқа­тар аудан­дарға да тән», – деп толы­қтыр­ды Г.Бустекова.

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн