Суббота , 12 июля 2025

САБИНА – Азияның СҰЛУЫ

Бәре­кел­ді!

 

Индо­не­зи­я­лық «Sportsatu.com» пор­та­лы­ның жур­на­ли­стері Ази­я­ның ең сұлу спорт­шы қызда­ры­ның қысқа­ша тізі­мін жаса­ды. Бір қуа­нар­лы­ғы – қаза­қстан­дық волей­бол­шы қыз Саби­на Алтын­бе­ко­ва автор атаған рей­тинг бой­ын­ша бәс­сіз, бәсе­ке­лес­сіз бірін­ші оры­нға жайғасқан.

Атал­мыш пор­тал дере­гіне сүй­ен­сек: «Соңғы уақыт­та Ази­я­ның сұлу спорт­шы қызда­ры жай­лы сөз қозғаған­да, бір­ден 2014 жылы сұлулы­ғы­мен таны­мал болған Саби­на Алтын­бе­ко­ва ойға келеді…» деп жазған болатын.

Соны­мен қатар, «Sportsatu.com» пор­та­лы ұсы­нған сұлу­лар үзді­гінің алға­шқы үркер­дей үлбіре­ген үшті­гіне біздің Саби­на сұлу­дан кей­ін­гі лай­ы­қты екеу деп, Қытай­дың фут­бол құра­ма­сы­ның қақ­па­шы­сы Чжао Лина мен инди­я­лық шах­мат­шы қыз, халы­қа­ра­лық гросс­мей­стер Таниа Сач­дев­ті енгізген.

Осын­дай­да қазақ қызы­ның сұлулы­ғын «Алты құр­лы­ққа» тағы бір мәр­те паш еткен Саби­на­жан­нан айна­лып кет­пей көр?! Бәл­кім, жазу­шы Мұх­тар Маға­у­ин­ның бәз бір шығар­ма­сы­на арқау етіп: «Әлем­де­гі ең сұлу қыз – қазақ қызы» дей­тіні де тегін­нен-тегін бол­ма­са керек! Сосын ғой, сосын біз Саби­на­дай сұлу­ла­ры­мы­зды өз іші­міз­де қан­ша­лы­қты әспет­тей алдық деп ойға қаласың…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн