Понедельник , 7 июля 2025

Садуақас АҢСАТ: Шындық бәсекелі  ойлардың ШАРПЫЛЫСЫНАН ТУАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №05 (276) от 05 фев­ра­ля 2015 г.

 

ДАТ!

 

Біздің аны­қта­ма

 

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүше­сі Саду­ақас Аңсат кезін­де Қызы­лор­да қала­лық кеңесінің депу­та­ты болған. Бір­не­ше үкі­мет­тік мара­пат­тың иегері. «Тіл жана­шы­ры» Құр­мет бел­гісі медалі­мен, Халы­қа­ра­лық «Қазақ тілі» қоға­мы­ның, Қызы­лор­да облы­сы әкі­мінің, облы­стық мәс­ли­хат­тың, ҚР Көші-қон және демо­гра­фия агент­ті­гінің Құр­мет гра­мо­та­ла­ры­мен, Қаза­қстан Үкі­меті бас­шы­сы­ның Алғыс хаты­мен мара­пат­талған. 2012 жылы «Қаза­қстан­ның құр­мет­ті құры­лыс­шы­сы» атағын алған.

 

 

Ел аймақта­рын­да аза­мат­тық атын қастер тұта­тын, қоғам­дағы бұрыс та, қиыс мәсе­ле­лер­ге енжар қара­май­тын аға­лар бар. Қызы­лор­да қала­сын­да шыға­тын «Тіл сақ­шы­сы» газетінің редак­то­ры, таны­мал қоғам бел­сен­дісі Саду­ақас Ансат сон­дай аза­мат. Жуыр­да Сәкең        70 жасқа тол­ды. Сон­да біз мерей­той иесіне хабар­ла­сып, сұх­бат алға­ны­мы­зда: «Ізба­сар­лар бар ма, аға?» деп сұраған едік. Сол сұх­ба­ты­мыз да бүгін­гі аға­лар­дың ізін басар жастар мәсе­лесі төңіре­гі­нен басталған еді.

 

– Сәке, қаза­қта «ойна­сақ та, біраз жер­ге барып­пыз» деген сөз мәнері бар ғой: міне, қоғам­ның қам-қаре­кеті деп жүріп, сіз де бұй­ыр­тқан жастың үлкен бір белесіне жет­кен екен­сіз. Бірақ соңы­ңы­зға көз сал­саңыз, ізба­сар жастар­дың қата­ры тым сирек екенін өзіңіз де мой­ын­дай­тын шығарсыз…

– Жастар­дың жай­ын айт­сам, өзім­нің өткенім еске түседі. Біздің қата­ры­мы­здың көбі қашан­да мем­ле­кет мүд­десін, көп­шілік­тің қам-қаре­кетін өзі­міздің жеке қызы­ғу­шы­лы­ғы­мы­здан жоға­ры қоя­мыз. Кеңес өкі­метін қан­ша жаман­да­сақ та, дәл бүгін­гі­дей адам­дар­ды бөліп-жар­ма­ды, жап­пай орта білім бер­ді, арна­у­лы, жоға­ры білім алуға мүм­кін­дік жаса­ды. Ол кез­де инсти­тут бітір­дің бе, маман­ды­ғы­ңа сәй­кес жұмыс тауып беретін, қыз­мет­тің ең төмен­де­гісі­нен бастап, бас­пал­дақта­ры­нан өткі­зетін. Бүгін­гі жастар­да осы­ның бірі бар ма? Жоқ болған соң, «сен неге солай­сың», «біздің соңы­мы­здан неге ермей­сің» деу­ге ауыз бармайды.

Қабілет-қары­мы­ма, жоғарғы білі­мі­ме (аудан­да құры­лыс инже­нер­лері сирек бола­тын) қарай болу керек, құры­лыс меке­ме­лерін­де орта буын қыз­мет­те жүр­ген мені аудан­дық, кей­ін облы­стық атқа­ру коми­тетіне жұмысқа шақыр­ды. Мәс­ке­уде­гі СОКП Орта­лық Коми­теті жанын­дағы Қоғам­дық ғылым­дар ака­де­ми­я­сы­на оқуға жібер­ді. Одан бері­де облы­стық пар­тия коми­тетін­де нұсқа­у­шы, қала­лық пар­тия коми­тетін­де екін­ші хат­шы, облы­стық меке­ме бас­шы­сы қыз­мет­терін­де бол­дым. Жұмыстың үлкен-кішісі демедік, пар­тия қай жер­ге жібер­се, сон­да бардық.

Сіз айтып оты­рған­дай «ойна­сақ та, біраз жер­ге шауып­пыз»: осы кез­ге дей­ін және қазір де қоғам­ның, ұлт­тың қам-қаре­кеті­мен жүр­міз. Еге­мен ел болған­нан соң, елба­сы­ның сөзі­мен айт­сақ, «Біздің басты құн­ды­лы­ғы­мыз – ол біздің Ота­ны­мы­здың тәу­ел­сізді­гі». Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гі дегені­міз – ең бірін­ші қазақ халқы­ның тәу­ел­сізді­гі ғой…

– Бірақ сол елба­сы­ңыз айтқан­дай, тәу­ел­сізді­гі­мізді тұғыр­лы ету үшін, жұрт­ты жұмыл­ды­ра­тын ортақ мақ­сат, көп­шілік­ке бағыт-бағ­дар беретін қуат көзі – идео­ло­гия жоқ. Оны жоқ деп жүр­ген елба­сы­ңыз тағы жоқ…

– Несін айта­сыз, ол да бір айта-айта жауыр болған тап­та­у­рын тақы­ры­пқа айнал­ды. Өнер мен мәде­ни­ет­те атақ қуу­шы­лық, ақша қуу­шы­лық басым бол­са, білім мен тәр­бие беру сала­сы рефор­ма жаса­удан көз ашпа­са, төмен­гі буын­да бас көтерт­пей­тін бюро­кра­ти­я­лық жүйе қалып­тасқан. Өмір­лік тәжір­би­есі, елге сің­ген еңбе­гі мол ел аға­ла­ры­ның өзі халық алдын­дағы аға­лық, аза­мат­тық пары­зын ұмы­тып кет­кен сияқты. Олар әлі де атақ алғы­сы, орден, медаль таққы­сы, бала­ла­ры­на, неме­ре­леріне қыз­мет әпер­гісі келеді. Сон­ды­қтан да билік­тің ыңғай­ы­мен жүреді, сөзін сөй­лей­ді. Міне, біз­де­гі бар идео­ло­гия осы ғана. Оны көп­шілік, оның ішін­де жастар көріп отыр.

Сон­ды­қтан да біздің ізба­сар­ла­ры­мы­здың қата­ры, сіз айтып оты­рған­дай, өте сирек. Біз қазір сал­да­рын көріп оты­рған оның түр­лі себебі бар. Кеше­гі қоғам ауы­суы ара­сын­дағы өтпе­лі кезең­де­гі қиын­ды­қтар, біре­улер­дің күрт бай­ып, екін­шілер­дің күнін көре алмай, адам­дар ара­сын­да «ала жіп­тің» пай­да болуы, қоғам­дағы әле­умет­тік әділет­сіздік – осы­ның бәрі жастар­дың келе­шек­ке деген сенім­сізді­гін тудыр­ды. Міне, осы­ның бәрі олар­дың пси­хо­ло­ги­я­сы­на, жан-дүни­есіне әсер етуде.

Ұйым­дасқан жемқор­лы­қ­пен қоғам болып, мем­ле­кет болып «қатал» күресіп келе жатқа­ны­мы­зға қан­ша жыл бол­ды? Нәти­же­сі кәні? Мені жемқор­лық жирен­діреді, ал жастар­дың бой­ы­на «пара­сыз, тамыр-таныс­сыз ешнәр­се істей алмай­сың» деген ойдың ұяла­уы қорқы­та­ды. Билік жемқор­лы­қ­пен күре­се­міз деп жүріп, оны осы қоғам­ның бір қажет­тілі­гі деп өске­лең ұрпақтың сана­сы­на сіңіріп жатқан сияқты.

– Деген­мен, бүгін­гі жастар өздері өмір сүріп оты­рған орта­дағы осын­дай керағар­лы­ққа қар­сы тұру­дың орны­на қоғам­дық қаре­кет­тен неге қашы­қтап кет­ті? Олар бүгін­гі өмір сүріп оты­рған жағ­дай­ы­на, ондағы қоғам­дық-сая­си һәм әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ға разы ма, әлде қалып­тасқан кері құбы­лы­старға мой­ын­сұн­ды ма?

– Жастар­дың көбі бүгін­гі заман ағы­мы­на, әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ы­на риза деп айта алмай­мын. Ал үңі­ле қара­сақ, осы­ның ар жағын­да елде­гі сая­си жағ­дай тұр. Жас ада­мға білім, маман­дық алу, жұмыс орнын табу, үйлі болу керек. Жоға­ры білім алу­да мем­ле­кет­тік грант жет­кіліксіз, ал ақы­лы оқу тым қым­бат. Кәсіп­тік білім беру сала­сы­на көңіл тіп­ті аз бөлі­неді. Оның бір себебі қажет­тілік­тің жоғы­нан бол­са керек, біз­де ашы­лып жатқан өндіріс орын­да­ры­ның «аты бар да заты жоқ». Көз­бен көріп оты­рған, өміріңе әсер етіп оты­рған жай санаңа сал­мақ түсіреді.

Ста­ти­сти­ка­дағы ұлт­тық табыс, жан басы­на шаққан­дағы табыс пен орта­ша жалақы, инфля­ция мен жұмыс­сыздық дең­гей­іне қара­пай­ым адам­ның өзі сен­бей­тін бол­ды. Елі­міздің эко­но­ми­ка­сы осы­лай қары­штап дамып жат­са, ең төмен­гі күн­көріс дең­гейі неге аз? Жан басы­на шаққан­дағы табыс пен орта жалақы жоға­ры бол­са, адам­дар неге кедей тұра­ды? Теле­ди­дар­дан көр­сетіліп жүр­ген өндіріс орын­да­ры көп­теп ашы­лып жат­са, тау­ар мен қыз­мет неге күн сай­ын қым­бат­тап бара­ды? Осын­дай сұрақтар жастар­дың жады­нан жоға­лып кет­ті деп айта алмай­мын. Жұмыс­сыз адам­ның саны біз­де ресми деректен гөрі көп екені рас, соның үлкен бөлі­гі – жастар. Енді осы­ның бәрі өске­лең ұрпаққа әсер етіп, жастар­дың өзі адам­гер­шілік, мораль­дік жағы­нан біздің кезі­міз­бен салы­сты­рған­да әлдеқай­да төмен­деп, пат­ри­от­тық сезі­мі, елдік істер­ге бел­сен­ділі­гі бәсең­деп кет­ті. «Нұр Отан» пар­ти­я­сы мен оның «Жас қана­ты» төңіре­гіне жиналған­дар­дың іс-қимы­лы – науқан­дық, декла­ра­тив­тік, яғни шынайы және жүй­елі емес. Олар­дың көбі күн­көріс үшін неме­се алда­нып жүр­ген­дер деп ойлай­мын. Жастар­ды мем­ле­кет­тік, қоғам­дық істер­ге тар­ту үшін, олар­мен мем­ле­кет­тік тұрғы­да жүй­елі жұмыс жүр­гі­зуі керек. Ол үшін билік өзінің іс-қимы­лы­на, бағы­ты­на рефор­ма жасап, жастар­ды қызы­қты­ра­тын­дай, оларға үлгі бола­тын­дай әре­кет­тер­ге баруы тиіс. Қазір­гі билік­тен мұны күту қиын. Сон­ды­қтан бұл мәсе­лені озық ойлы, елдің қамын жей­тін зия­лы­лар, қоғам­дық ұйым­дар, сая­си пар­ти­я­лар қолға алған­да­ры дұрыс.

– «Зия­лы­лар» демек­ші, сол жастар­ды соңы­нан ерте алмаған кіна­рат­ты сіздің заман­даста­ры­ңы­здан да сұрау керек шығар?

– Әрине, сұрау керек. Біздің заман­даста­ры­мыз жаңа заман­ның кезін­де билік басын­да бол­ды. Ата-баба­ла­ры­мыз аңсаған тәу­ел­сіз мем­ле­кет болу, оны тұғыр­лы ету – біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Мұн­дай бақыт­ты сезініп, мұн­дай жау­ап­кер­шілік­ті көте­ре ала­тын көш­бас­шы­ны, зия­лы топ­ты орта­мы­здан таң­дай білу­де қате­ле­с­пе­уі­міз керек еді. Қателік біз­ден де үлкен аға­ла­ры­мы­здан бастал­ды дер едім. Егер жасы 75-ке аяқ басқан Димаш Ахметұ­лы Қона­ев 1986 жылы көк­тем­де болған пар­тия съезін­де 80-ге кел­ген­ше орнын­да оты­рғы­сы келіп, қай­та сай­лан­бай, есесіне өз еркі­мен рес­пуб­ли­ка көш­бас­шы­лы­ғын көре­ген­дік жасап, алдын ала дай­ын­дап жүр­ген нағыз лай­ы­қты бас­шы­ға (трай­ба­лизм­ге жол бер­мей, мыса­лы, Еркін Әуел­бе­ков­ке) билік­ті ұстатқан­да, сол жылы Жел­тоқ­сан қырғы­ны да, қазір­гі даңға­за қоғам да бол­маған болар еді деп ойлаймын.

– Сәке, жастарға ғана емес, бүкіл қоғам­ның сана­сы­на қозға­у­шы­лық «қиқым» сала­тын бір­ден-бір құрал – БАҚ екені мәлім. Осы тұрғы­дан кел­ген­де, наси­хат­тық күші ерен теле­ди­дар­дың біз­де­гі жағ­дайы тағы да мәлім: оның экра­нын­да «бөтен сөз­ге» орын жоқ. Ал елде­гі тәу­ел­сіз газет­тер­дің шама-шарқы тағы да шек­те­улі. Қоғам­дағы енжар­лы­қтың бір себеп-сал­да­рын осы­дан да іздеу керек шығар?

– Бұқа­ра­лық ақпа­рат құра­лын кезін­де «төр­тін­ші билік» деп бекер ата­маған. Кезін­де газет жур­нал сана­у­лы болып, бақы­лау күшті болға­ны­мен, ақпа­рат құра­лы­мен билік те, халық та сана­сты. Мем­ле­кет үгіт наси­хатқа қат­ты күш салған соң, наси­хат құра­лы­ның рөлі де зор бол­ды. Екін­ші жағы­нан, қазір саны көбей­ген БАҚ-тың сапа­сы азай­ып кет­ті. Кезін­де, өзіңіз білетін­дей, бас­пасөз­де Мем­ле­кет құпи­я­сын сақтау коми­теті деген арнайы меке­ме бол­ды. Ол жой­ыл­ды, бірақ газет­тің бәрі ашық жазып кет­кен жоқ. Редак­тор­лық цен­зу­ра, жур­на­ли­стің ішкі цен­зу­ра­сы бар, яғни бас­пасөз­ге қысым бар. Оның үстіне нары­қтық қаты­нас жағ­дай­ын­да ақпа­рат құра­лы, әсіре­се элек­трон­ды ақпа­рат құра­лы қар­жы­ға тәу­ел­ді. Қар­жы­сы бар­лар­дың еркін істе­уіне эфир бер­мей­ді, не тіркемейді.

Бас­пасөз­де мем­ле­кет сая­са­тын наси­хат­та­уға бөлі­нетін қар­жы­дан бастап, мерзім­дік бас­пасөз­ге жазы­лу науқа­ны­на дей­ін жер­гілік­ті билік (жоға­ры­ның тала­бы бой­ын­ша) ара­ла­сып оты­ра­ды және бұның бірін­шісіне қыру­ар қар­жы бөлі­неді. Бұл еке­уі бар жер­де бас­шы да, жур­на­лист те БАҚ-тың беделі үшін, мақа­ла­ның сапа­сы үшін басын ауырт­пай­ды. Солай жүре бер­ген соң, билік­тің «жүгір­ме­гі» болға­нын біл­мей де қала­ды. Бірақ қар­ны тоқ, көй­ле­гі көк. Билік­те­гілер­ге де осын­дай­лар керек.

Халық бүгін­гі күні бас­пасөздің басым бөлі­гін­де­гі ақпа­ратқа сен­бей­ді, руха­ни ләз­зат алмай­ды. Сон­ды­қтан да қоға­мы­м­ы­здағы енжар­лы­қтың бір ұшы осын­да жатыр деу­ге бола­ды. Жақ­сы болға­нын жұрт­тың бәрі жақ­сы көреді, бірақ сол үшін көп адам сау­сағы­ның ұшын да қимыл­дат­пай­ды. Ең жаман нәр­се – енжар­лық, ол бар жер­де қолын­да билі­гі бар­лар ойы­на кел­генін істейді.

Бұл жер­де, менің­ше, мәсе­ле басқа­да. Өз тәу­ел­сізді­гі­мізді алған 23 жыл ішін­де адам­дар­дың еркі мен таң­да­уын біл­діретін, билік­ке келетін­дер­ді таң­дай ала­тын құра­лы – сай­ла­у­лар­дың әділ, таза өтпе­уі. Сөз бен істің, бағ­дар­ла­ма мен оның орын­да­луы­ның ара­сын­дағы жер мен көк­тей айыр­ма­шы­лық адам­дар­дың билік­ке, келе­шек­ке ғана емес, өзіне деген де сенім­сізді­гін туғы­зды. Мәсе­ле – қазір­гі билік­тің туғы­зған қорқы­ны­шы мен сенімсіздігінде.

– Сон­дай тағы бір кезексіз сай­ла­у­ы­ңы­здың құлағы қыл­тиып тұрған сияқты ғой…

– Оған да таң­да­нуға бол­май­ды. Біз көр­ме­ген құқай қал­ды ма? Ондай сай­лау жари­я­ла­на қал­са, тиісті орын­дар оны жып-жыл­мағай етіп өткізіп бере­ріне кәміл сенімдімін.

– «Тиісті орын­дар» демек­ші, бүгін­гі аймақтық басы­лым­дар­да облыс әкі­мі мен оның әкім­шілі­гін сына­уға бол­май­ды деген тен­ден­ция қалып­тасқа­нын білесіз. Мәсе­лен, рес­пуб­ли­ка­лық аз-маз тәу­ел­сіз басы­лым­дар қажет кезін­де Ақор­да билі­гін іреп-іреп ала­ды. Ал аймақтық БАҚ ондай батыл­ды­ққа бара алмай­ды. Осы­ның себебі неде? Әлде жер­гілік­ті жер­де­гі авто­кра­тия рес­пуб­ли­ка­лық билік­тен де күшті ме?

– Абсо­лют­ті тәу­ел­сіздік бол­май­ды, қашан­да заңға, мораль­ға, қоғам­дағы үрдіс­ке бағы­ны­шты­сың. Аймақтық басы­лым­дар­дың сынға көп бар­май­ты­ны, «өзге­ше ойды» бере бер­мей­тіні рас. Бұл жер­де мәсе­ле аймақ бас­шы­ла­ры­ның ұста­ным­да­ры­на да бай­ла­ны­сты. «Шаш ал десе, бас ала­тын» қыз­мет­кер­лер, қарье­ра үшін бәріне де бара­тын шене­унік­тер билік­тің айна­ла­сын­да жетіп-артылады.

– Ал бүгін­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс шағын және орта кәсіп­кер­лік­ті тұсап тастаған жағ­дай­да, сіздің газет қалай күн көріп отыр, оның бүгін­гі тір­лі­гі нешік?

– «Тіл сақ­шы­сы» газетін шығарған­да, біз билік­ке ара­ла­су­ды неме­се дүние табу­ды мақ­сат еткен жоқ­пыз. Міне, 2 жыл ішін­де 8000 дана­дан астық, бұның өзі газеті­мізді көп­шілік­тің оқи­ты­нын көр­се­те­ді. Әлгін­де мен БАҚ қыз­метінің қиын­ды­ғы, билік­ке тәу­ел­ділі­гі жай­лы айт­тым. Солай екен деп, қол қусы­рып қарап оты­руға тағы бол­май­ды. Заң­ды­лық аясын­да да көп нәр­се бітіру­ге болады…

– Ал әкім­ге тіке­лей «тиіп кететін» мәсе­ле­де жал­тақтық барын өз оқыр­ман­да­ры­ңыз да аңдап оты­рған болар?…

– Айтар, жазар дәлелі­міз нақты бол­са, ештеңе­ден жал­тақтық жаса­май­мыз. Бірақ жоқ жер­ден «жаға­дан алу» біздің газет­тің сал­тын­да жоқ. Дәй­ек­ті мәсе­лені дәл айт­сақ, облыс бас­шы­лы­ғы да біз­ге бұның жөн емес демей­ді. Осын­дай мәмілелі жұмыстың жемісі бола­ды деп ойлай­мын. Деген­мен, өткен жыл­дың соңын­да 90 жасқа толуы­на орай клас­сик жазу­шы Әбді­жә­міл Нұр­пей­і­сов аға­мыз Қызы­лор­даға келіп, өз оқыр­ман­да­ры­мен кез­дескен­де, «Қол­да бар­ды қанағат етіп қалуға бол­май­ды, әкім­дер­ден сұраң­дар, талап етің­дер, сынаң­дар. Сон­да олар мұнан да ширақ жұмыс жасай­тын бола­ды», – деді. Міне, осы кез­де­су­де әкім­шілік­тің жау­ап­ты қыз­мет­кер­лері «сұрақ қой­маң­дар, шар­ша­тып ала­сы­ң­дар» деп аузы­мы­зға қақ­пақ қой­ды. Әйт­пе­се тіл ұшы­на келіп қалған: «Көп нәр­сенің қисай­ып бара жатқа­ны рес­пуб­ли­ка бас­шы­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты ғой, аға. Осы­ған өзіңіз неге үлгі көр­сет­пей­сіз?» деген сұрағы­мы­зды қоя алмай, арман­да қалдық.

– Ал Қызы­лор­да облы­сы­ның әкі­мі Қырым­бек Көшер­ба­евқа біздің газет арқы­лы «тигізіп айту» қажет болған­да, аймақтағы қан­дай мәсе­лені бірін­ші кезек­те атар едіңіз?

– Біз әкім­ге «тигізіп», «тиісіп» айту­ды мақ­сат етпей­міз. Қырым­бек Еле­уұ­лы облы­сқа кел­ген­нен бері көп мәсе­ле­лер шеші­мін тауып жатыр. Бірақ Қызы­лор­да қала­сын­дағы тұрғын­дар­дың көп­тен көкей­ін­де жүр­ген, әкім­нің іс жос­па­рын­да болған­мен, әлі шешіл­мей жатқан екі мәсе­лені сіздің газет арқы­лы айтқан­ның арты­қты­ғы жоқ деймін.

Бірін­ші­ден, Қызы­лор­да қала­сы – облыс орта­лы­қта­ры ішін­де­гі ыстық суға қолы жет­пей жүр­ген жалғыз қала. Оны бірін­ші кезек­те шеш­се дейміз.

Екін­ші айт­пағым – «Ақме­шіт», «Мерей», «Шұғы­ла» шағын аудан­да­ры мен қала орта­лы­ғын­дағы көп қабат­ты үйлер­дің өжіресін­де­гі сасы­ған судың мүңкі­ген иісі­нен, қап­таған маса­дан сол үй тұрғын­да­ры­ның ары­ла­тын күні қашан туар екен?

– Сәке, бүгін­де бүкіл ел көле­мін­де­гі оппо­зи­ци­я­лық қозға­лыс тоқы­ра­уға тап бол­ды. Оның түр­лі себеп­тері – бөлек әңгі­менің тақы­ры­бы. Ал Қызы­лор­да өңірін­де­гі оппо­зи­ци­я­лық қозға­лы­стың жай-күйі қалай?

– Оппо­зи­ця­лық қозға­лы­стың тоқы­ра­уын тек солар­дың көш­бас­шы­ла­ры­на жаба салу­мен келіс­пей­мін. Олар­дың көбісі өз өмір­лерінің ондаған жылын билік­те­гілер­ге ықпал ету үшін, қара­пай­ым халы­қтың сана­сын ашу үшін арна­ды. Сот­ты да көр­ді, таяқты да жеді, қар­жы­ла­рын да төк­ті. Төмен­нен қол­дау болған­да, өмірі­міз басқа­ша болар еді. Жағ­дай Қызы­лор­да облы­сын­да да солай. 2004 жылғы пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да «Ақ жол» пар­ти­я­сы­на Сыр өңірі халқы көп дауыс бер­ді, билік пар­ти­я­сы­ның өзі екін­ші оры­нға түсіп қал­ды. Қазір оппо­зи­ци­я­лық ой көп адам­ның өз ішіне жина­лып жатыр. Керек кезін­де буы­рқа­нып шыға­ды деп ойлаймын.

Сыр өңірін­де анда-сан­да ЖДСП-ның аты шығып қала­ды, ал енді қалған пар­ти­я­лар, менің ойым­ша, сан­да бар да, сапа­сы жоқ. Елде­гі жаман-жақ­сы жағ­дай­дың бәрі бір ғана билік­тің арқа­сы деп айтуға болмайды.

– Расын­да, бүгін­де ел мүд­десін тек билік иелері ғана күйт­теп жүр­ген­дей көрініс қалып­та­су­да. Әрине, олар­дың қолын­дағы наси­хат құрал­да­ры ондай көріністің экран­дық-сахна­лық қой­ы­лы­мын халы­ққа тық­па­лай бер­ген соң, ел іші де бұл жағ­дай­ға көн­бістік таны­тып кет­кен сияқты. Деген­мен, билік­тің айда­уы­мен осын­дай бой­күй­ез жағ­дай­ға тап болған ел-жұр­тқа 70-тегі ел аға­сы ретін­де қан­дай ақыл айтар едіңіз?

– Жал­пы өрке­ни­ет­ті мем­ле­кет­тер­де ел мүд­десін билік­ке кел­ген­дер (таза сай­ла­у­мен жең­ген пар­ти­я­лар) ойла­уы керек. Біз­де­гі билік өздерін солар­мен теңе­стіреді де, өз іс-әре­кетіне, аны­ғы­рақ айт­сақ, бүгін­гі күні қоғам­да етек алған сыбай­лас жемқор­лы­қтан бастап, бүкіл келеңсіздік­ке қар­сы шыққан адам­ды, өзін­дік өзге­ше ой-пікірі бар аза­мат­тар­ды жау деме­ген­нің өзін­де керітарт­па етіп көр­се­те­ді. Олар тек өз айтқа­нын дұрыс деп санай­ды, тіп­ті пікір­та­ла­суға бар­май­ды, ал шын­дық дегеніңіз бәсе­келі ойлар­дың шар­пы­лы­сы­нан туа­ды ғой. Осы­дан 10 жыл бұры­нғы Қаза­қстан­дағы демо­кра­тия мен бүгін­гі жағ­дай­ды салы­сты­руға кел­мей­ді. Менің ойым­ша, озық көзқа­рас­ты адам­дар қазір «былай бол­са қай­те­ді» деп айтқы­сы да кел­мей­тін сияқты. Себебі «баяғы жар­тас, бір жар­тас, қаңқ етіп үн шығар­ма­стың» кері келіп отыр.

Халы­қтың көн­бісті­гін айт­пас бұрын «ел мүд­десі үшін өздері ғана еңбек етіп жүр­ген» билік­те­гілер­дің жауыр жеріне тоқта­ла кетей­ін. Жемқор­лық пен ұйым­дасқан қыл­мыспен күрес қашан өз нәти­же­сін береді? 20 жыл­да бер­ген жоқ, бұл түрі­мен 30–40 жыл­да да бере қоймайды.

Өзім атқа­рып оты­рған қоғам­дық жұмысқа бай­ла­ны­сты да жер­гілік­ті билік­те­гілер­дің бәрі бір­дей мем­ле­кет­шіл, қоғам­шыл, ұлт­жан­ды еме­сті­гін көріп жүр­мін. Мем­ле­кет­тік тіл­дің ең бірін­ші жана­шы­ры, аты айқай­лап айтып тұрған­дай, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер болуы керек. Олар орыс­шаға бей­ім, бұған кей­де мәж­бүр­лік­пен бара­ды. Аста­на­дағы жоға­ры орган­дар есеп­ті, басқа да іс-қағаз­дар­ды орыс тілін­де беруін талап ете­ді. Енді осы күні облы­стық меке­ме­лер аудан­дағы­лар­дан есеп­ті екі тіл­де беруін сұрай бастап­ты. Бұл билік­те­гі қазақ аза­мат­та­ры­ның бірін­ші кемшілігі.

Меке­ме­лер­дің шығыс қағаз­да­ры мен тұрғын­дарға ұсы­ны­ла­тын құжат­тар аудар­ма­шы­лар­дың күші­мен қаза­қ­ша­ла­на­ды. Бұл әсіре­се жер асты бай­лы­ғын игеріп жатқан ком­па­ни­я­лар­дан бастап, бар­лық өндіріс орын­да­ры­на, рес­пуб­ли­ка­лық меке­ме­лер­дің фили­ал­да­ры­на тән құбылыс.

Міне, осы жағ­дай­да халық кім­ге сенеді, бой­күй­ездік жағ­дай­ға қалай бар­май­ды? Билік өз сая­са­тын бір­те-бір­те жүзе­ге асы­рып келеді, қой сияқты момын адам­дар әбден көн­біс болып бара­ды. Бірақ өмір бойы осы­лай жалға­са бер­мей­ді. Араб елдері­нен бастап айна­ла­дағы оқиға­лар соны көр­сетіп отыр.

Ел аға­сы­мын демей-ақ қояй­ын, аға ұрпақтың өкілі ретін­де ең бірін­ші төрт­күл дүни­е­ге тыны­штық тілей­мін. Қазір біз әлем­дік қауым­да­сты­қтан тыс өмір сүре алмай­мыз. Міне, осы­лар­дың жола­ша­ры – елі­міз­де демо­кра­тия, әділет­тілік сал­та­нат құр­сын десек, алдағы болар сай­ла­у­лар­да дау­сы­мы­зды ұрлатпайық!

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет, аға!

 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн