Суббота , 5 июля 2025

Салафитпен емес,САЛАФИЗММЕН күресу идеясы керек

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 

Ұлағат­ты ұсыныс

 


 

 

Ақтө­бе облы­сы­на Аста­на­дан ҚР бас про­ку­ро­ры Жақып Аса­нов бастап, екі жүз­ге жуық құқық қорғау және басқа да әртүр­лі сала қыз­мет­кер­лері келіп, жұмыста­рын бастап кет­ті. Халы­ққа заң, қар­жы, меди­ци­на жағы­нан көмек көр­сетіл­мек. Ақтө­бе халқы ұғым­сыз емес, жағ­дай­ды терең түсі­неді. Үгіт-наси­хат негізі­нен интел­ли­ген­ция, арда­гер­лер, мән-жағ­дай­ды терең білетін адам­дар ара­сын­да жүріп жатыр. Ал қар­сы­лы­ққа бей­ім­ділер өздерін бөлек ұстайды.

 

Егер аға­штың тамы­ры қура­са, оның бір­де-бір бұтағы көгер­мей­тіні сияқты, бір облы­стағы шара­лар елді сауы­қтыр­май­ды. Тер­ро­ризм негізі­нен тіке­лей қыз­метін атқа­ра алмай­тын, әділет­сіздік пен зор­лық күшей­ген, адам құқы бұзы­лған, заң­сыздық етек алған елдер­де көрініс ала­ды. Бірақ біздің билік сын көз­бен ішкі сая­сат­ты сара­ла­у­ға, келеңсіз жағ­дай­лар­ды ой еле­гі­нен өткізу­ге бара алмай отыр.

Ең басты­сы – елде­гі мораль­дық аху­ал күр­делі. Халық пен билік ара­сын­дағы бай­ла­ныс шірік жіп­тей үзіліп бара­ды. Билік те, халы­қтың бірқа­та­ры да сала­фит­тер­дің көзін жою керек дей­ді. Ол мүм­кін де емес. Тіп­ті мүм­кін болған­ның өзін­де де адам­ды жой­ған­мен, сала­фит­тік иде­я­ны жоя алмай­мыз. Күш­ке сене бер­сек, мем­ле­кет халы­қтың қорға­у­шы­сы емес, тер­ро­ризм­ге дем беру­ші бола­ды. Сала­фитт­тер­дің қата­рын тол­ты­ра­тын көз­ге ұрып тұрған мате­ри­ал­дық теңсіздік­ті, орын­ды-орын­сыз билік­ке өкпе­ле­ген­дер­ді, ашу­лы-ыза­лы­лар­ды, қыл­мыстық орта­ны қай­да қоямыз?

Елі­міз­де қара­пай­ым халы­қтың тұр­мысын біл­мей­тін, біл­гісі де кел­мей­тін, не өндіріп бай­ы­ға­ны бел­гісіз бай­лар­дың шығуы және олар­дың бірқа­та­ры жоға­ры билік­ке жақын адам­дар­дан болуы халы­қты ойлан­дыр­май қой­май­ды. «Малым – жаным­ның садақа­сы, жаным – арым­ның садақа­сы» деп, ақшаға табын­бай­тын қазақ бұл бай­лар­ды қабыл­да­май­ды. Егер қан­дай­да бір экс­тре­мист Алла­ның аты­мен өзін жемқор­лар­мен күрес­кер­мін деп жари­я­ла­са, қазір­гі қым­бат­шы­лы­қтан кедей­леніп бара жатқан орта­да оны қол­да­у­шы­лар да табылады.

Біз әзір­ге шырға­лаң­нан шыға алмай жүр­міз. Тер­ро­ри­ст­тер ата­ды, өлтіреді, құқық қорғау қыз­мет­кер­лері оларға іздеу сала­ды, ұстай­ды, сот­тай­ды, коло­ни­яға жібе­реді. Қыл­мыс­кер онда өз қата­рын көбей­те­ді, түбі бостан­ды­ққа шыға­ды.… Бар­лы­ғы қай­та басталады.

Мем­ле­кет тер­ро­ризм­ге қар­сы так­ти­ка­лық қадам­дар жасап жатыр, ал стра­те­ги­я­лық ұзақ мерзім­ді шара­лар, ішкі сая­сат­та арты­қ­шы­лық беретін бағыт­тар нақты­ланған жоқ. Бір мәсе­ле бел­гілі бол­ды: үкі­мет күштік құры­лым­дарға бөлі­нетін қар­жы­ны 70 млрд тең­ге­ге арттырды.

Деген­мен, бүгін тер­ро­ризм­ге қар­сы күре­сте біздің мем­ле­кет таң­дау алдын­да тұр.

Арна­у­лы қыз­мет орган­да­рын қар­жы­лан­ды­ра­мыз ба, оларға жаңа кадр­лар­ды қыз­мет­ке тар­та­мыз ба, әлде білім беру­ге, әсіре­се ауыл­дық жер­де­гі жастар­ды кво­та­мен оқуға көбірек тар­та­мыз ба? Бұл – бірін­ші мәселе.

Жұмысты бұры­нғы­ша тек теріс бағыт­та, экс­тре­ми­стік топ­та жүр деген­дер­мен жасау керек пе, әлде халы­қты тәр­би­е­лей­тін, пара­сат­тық жол сіл­тей­тін, атыс-шабыстан алыс кино­фильм­дер, қоға­мға иман­ды­лық ықпал ететін театр­лар­ды көбірек қар­жы­лан­ды­ра­мыз ба, қазақ салт-дәстүрін наси­хат­тай­тын мәде­ни құн­ды­лы­қтарға тереңірек мән бере­міз бе, әлде халы­қты жалы­қты­ра­тын, қасаң ми, үйрен­ген, ығыр болған жол­мен кете бере­міз бе? Бұл – екін­ші мәселе.

Тер­рорға қар­сы күрес­ке бір­бет­кей кетіп, қар­жы­ны қару-жарақ алуға жұм­сап, жұмыс­сыздық, кедей­шілік кей­ін­гі оры­нға ысы­рыл­са, халық оны қол­дай ма? Тағы шие­леністер тумай ма? Бұл – үшін­ші мәселе.

Ұзақ мерзім­ді стра­те­ги­я­лық бағыт өз жемісін бүгін емес, ертең береді.

Елі­міздің ішкі сая­са­тын­да дін сала­сын басқа­ру­да жүй­елі жұмыстың жоқты­ғы да назар аудар­та­ды. Қараңыз: үкі­мет жанын­да әуелі дін мәсе­лесін рет­тей­тін хат­шы­лық бол­ды, кей­ін ол коми­тет­ке айнал­ды, коми­тет агент­тік­ке, агент­тік қай­та­дан коми­тет­ке, енді коми­тет мини­стр­лік болып қай­та құрыл­ды, ол негізі­нен күштік құры­лым­дар қыз­мет­кер­лері­нен жасақталуда.

Осы мини­стр­лік­ке аза­мат­тық қоғам мәсе­ле­лерінің қоса берілуі де қисын­сыз. Себебі аза­мат­тық қоғам про­бле­ма­ла­ры бір мини­стр­лік­тің ісі ғана емес. Дін әле­умет­тік инсти­тут ретін­де аза­мат­тық қоғам­ның бір маңы­зды бөлігі.

Енді жастар мәсе­лесін алы­ңыз: әуелі Спорт мини­стр­лі­гіне, кей­ін Білім және ғылым мини­стр­лі­гіне, одан Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гіне, енді Дін істері жөнін­де­гі мини­стр­лік­ке беріл­ді. Осы ауыс-түй­істер тұсын­да талай тәжіри­белі маман­дар жұмыста­ры­нан кете­ді, олар­дың орны­на жаңа мини­стр­лер­дің өз адам­да­ры келеді. Осы­лай бірізді жүй­елі жұмыс ұйым­да­сты­ру күні бүгін­ге дей­ін бол­май келді.

Тер­ро­ризммен күре­сте бір­бет­кей қам­шы­лау, діни ұйым­дар­ды, күдік­ті дей­тін­дер­ді бұры­шқа тық­сы­ру басым, ал ол қар­сы­лы­қты күшей­те­ді. Сала­физммен күре­сте жұм­сақ сая­сат, қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­ру, аза­мат­тық қоғам­ның бел­сен­ділі­гін арт­ты­ру өте маңызды.

Еги­пет пен Алжир­де, мыса­лы, экс­тре­ми­стер­мен күре­сте жер­гілік­ті халы­қты жұмыл­ды­рып, жастар­дан дәстүр­лі діни салт­та­рын қорғай­тын топ­тар ұйым­да­сты­рып, теріс ағым­дағы­лар­ды қоғам­нан оқша­у­лап, жұмыста­рын шек­те­ген. «Діні­мізді қорғау – ұлты­мы­зды қорғау» деген қоғам­дық қозға­лыс біз­ге де тиім­ді болады.

Фило­соф Пла­тон айтқан: өз елің­де жауы­ң­ның болуы мүм­кін емес. Егер де қар­сы­ла­ста­рың, келіс­пе­ушілерің бол­са, онда олар­ды сабыр­мен ақы­лға шақы­рып, ымы­раға кел­ген жөн. Сөй­тіп, олар­дың өмірін сақтап қалуға жұмыста­ну қажет, өйт­кені шалыс басқан­ның бәрі бір­дей жау емес.

Аман­гел­ді АЙТАЛЫ,

про­фес­сор,

Abai.kz

 

• Түп­нұсқа­дағы тақы­рып – «Аға­штың

тамы­ры қураса…»

 

 

Бұл екі арада

 

 

ЖЫЛ САЙЫН 30 МЫҢ қаза­қстан­дық шетел­де ТҰРУҒА КЕТІП ЖАТЫР

 

Шетел­де тұрақты тұру үшін жыл сай­ын 30 мың қаза­қстан­дық кете­ді, деп хабар­ла­ды ҚР Ішкі істер мини­стр­лі­гінің Көші-қон поли­ци­я­сы депар­та­мен­тінің басты­ғы Серік Саинов.

«Егер тұрақты тұруға кетіп жатқан­дар­ды алсақ, онда 2014 жылы 33 мың қаза­қстан­дық кет­кен, 2015 жылы 32, ағым­дағы жылы – 26 мың – әзір­ге, бірақ орта есеп­пен жыл сай­ын 30 мыңы кете­ді», – деді С.Саинов дүй­сен­бі күні Bnews.kz сай­тын­дағы онлайн-кон­фе­рен­ция барысында.

Соны­мен қатар, оның ақпа­рын­ша, 2016 жыл­дың 1 қаза­нын­да Қаза­қстан­да жеке тұлға­лар­да жұмыс жаса­уға рұқ­сат алған 245 мың ТМД аза­мат­та­ры тір­кел­ген. «Және бүгін­гі таң­да біз 94 мың шетел аза­ма­тын әкім­шілік жау­а­пқа тарт­тық. Олар­дың ішін­де заң­сыз жұмыс жасаған­дар да бар», – деп атап өтті ҚР ІІМ Көші-қон поли­ци­я­сы депар­та­мен­тінің бастығы.

С. Саи­нов еске салған­дай, 2014 жылы қаза­қстан­дық заң­на­маға түзе­ту­лер енгізіл­ді, соған сәй­кес ТМД аза­мат­та­рын құрай­тын шетел­дік­тер­ге жеке тұлға­лар­да жеңіл­детіл­ген тәр­тіп­пен жұмыс жасау мүм­кін­ді­гі ұсы­ны­лған еді.

«Айта­лық, егер сіз жөн­деу жұмыста­рын жаса­саңыз, үй, гараж сала­тын бол­саңыз, шетел­дік жұмыс­шы­ны тар­та ала­сыз. Бірақ ол тек ТМД елдеріне ғана қаты­сты. Біз­ге негіз­гі ағым сол жақтан келеді. Ол жақта төлем қой­ы­лған – әр айға екі ең аз есеп­тік көр­сет­кіш. Рұқ­сат бір айға, екі айға, үш айға беріледі, қажет­тілі­гіне қарай, жұмыс көле­міне қарай бір жылға дей­ін де бола­ды. Бірақ бір жыл­дан кей­ін ол біздің еңбек заң­на­ма­мы­зды бұз­бай, еліне ора­луы тиіс, себебі әрқай­сысы­на дема­лыс берілуі тиіс», – деп түсін­дір­ді ол.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн