Суббота , 5 июля 2025

«САЛАФИЗМ ҚҰБЫЖЫҒЫМЕН» билік пен қоғам біріге күресуі керек

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

Білік­ті пікір

 

 


 

Өткен жылы қоғам­да діна­ра­лық жік­шіл­дік, сала­физм лаң­кест­і­гі өрши түсті. Бұл орай­да қаза­қстан­дық өкі­мет қол­да­нып жатқан шара­лар неге тиім­сіз болу­да? Осы сұрақтың жау­а­бын қоғам­дық тұрғы­да тарқа­тып беруді фило­со­фия және тео­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Досай Кен­же­тай мыр­за­дан өтін­ген едік.

 

Жал­пы, өткен жылғы құбы­лыс – ол тари­хи уақыт ара­лы­ғын­да қалып­та­сып, тамы­рын терең жай­ып үлгер­ген сая­си ислам­ның бел­сен­ділі­гінің көрінісі. Қаза­қстанға сала­физм өзді­гі­нен кел­ген жоқ. Оның бір­не­ше «асыл арна­сы» бар. Бірін­шісі – жаһан­дық сая­сат. Оның мақ­са­ты бел­гілі: қоғам тыны­шты­ғы мен тари­хи қалы­бы­на жік салу. Сол арқы­лы қоғам­ды отқа орау.

Екін­ші «асыл арна­сы» – ақша. Ақшаға кез кел­ген тен­дер­лер мен жоба­ларға қол қоя­тын билік бар. Көз алды­мы­зда «Ақни­ет» орта­лы­ғын ашып, оны өзін­дік әле­умет­тік-мыс жобаға айнал­ды­рып, ақша жасап оты­рған, билік­тің басын айнал­ды­рып, не үркітіп, дегенін істе­тетін «ұлт­тық қауіп­сіздік кон­тор­ла­ры» жұмысын баян­ды жалға­сты­рып отыр. Бұлар – жағ­дай­дың көрі­нетін қыры.

Ал енді көрін­бей­тін қыры бар: ол – адам сана­сы­на әсері. Оны діни таным­дық сая­си­ланған идео­ло­ги­яға айналған «сала­физм құбы­жы­ғы» деп ата­уға да бола­ды. Бірақ ол кім­ге құбы­жық, ал кім­ге иде­ал? Ол жағы айт­па­са да түсінік­ті. Ол діни таным ислам­дағы нақы­л­шыл­ды­қты негіз­ге ала­тын, баты­стық жаһан­да­нуға қар­сы қол­дан жасалған ислам фун­да­мен­та­лиз­мі. Оның тіз­гіні де баты­стық ойын­шы­лар­дың қолын­да. Аты да «уаса­тый­ия», яғни «орта жол». Бұл жол сун­ни және шиға ара­сын­дағы «көпір» ретін­де таны­ла­ды. Қазір ол көпір Сири­яда «салы­нып», бүкіл Таяу Шығы­сты отқа орап жатыр.

Ал нақты айт­сақ, сала­физм «изм» ретін­де Ресей­ге де тап­тыр­мас жоба. Сол арқы­лы үрей мен кез кел­ген сыл­та­удың орта­лы­ғын бақы­лап оты­ру. Сон­ды­қтан себеп көп. Оны ашық айтып, шешім қабыл­дар билік­те қауқар да, мақ­сат та әзір­ге көрінбейді.

Қоғам­дағы сала­физм ағы­мын ауы­зды­қтау мәсе­лесін­де қаза­қстан­дық билік тиім­ді қадам­дар жасай алмай отыр. Себебі билік­тің өз ішін­де де билік бар. Топ­тар мен мүд­де­лер бар. Қазір дін дегеніңіз сыр­тқы-ішкі қуат­тар­дың басын қосқан киелі оры­нға айнал­ды. Оны шешудің көп­век­тор­лы сая­са­ты бар. Билік, мен білетін Дін істері коми­теті өз әлін­ше әре­кеті мен шара­ла­рын атқа­рып жатыр.

Жал­пы, дін құбы­лы­сы мате­ри­ал­ды емес, ол санаға қаты­сты болған­ды­қтан да, уақы­ты кел­мей, қан­ша жер­ден тиім­ділік ізде­генің­мен, оған қол жет­кі­зе қою қиын­ның қиы­ны. Қазір бұл мәсе­лені шешу­ге «аспан­нан әулие» шақыр­саң да оңа­ла­тын сыңайы көрін­бей­ді. Себебі билік­тің өзі­нен бірізді, орта­лы­қтан­ды­ры­лған, мем­ле­кет­тік мүд­де дей­тін бір бағыт көре алма­дым. Нақты зерт­те­улер мен қоғам­дық-пси­хо­ло­ги­я­лық, әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық және жастар сая­са­тын­да орта­лы­қтан­ды­ры­лған меха­низм жоқ.

Іс-әре­кет­тер бар, жоқ емес, алдын алу шара­ла­ры, ағар­ту­шы­лық… – мұның бәрі игі қадам­дар. Бірақ ол науқан­шы­лы­қтан әрі асқан емес. Бұл жер­де, менің ойым­ша, қоғам­дық инсти­тут­тар­дың бел­сен­ділі­гін арт­ты­ру, көп­ті жұмыл­ды­ру­дың прак­ти­ка­лық тетік­терін іске қосқан жөн. Діни таным­ды сарап­тап қараға­ны­мы­зда, ширек ғасыр бұры­нғы жағ­дай жоқ. Қазақ қазір дін тура­лы сау­ат­танған. Білі­мі артқан. Енді таны­мы мен сезі­нуі бел­сен­ділік­ке жет­се, билік­тің де ісі жеңіл­дер ме еді деген ойым бар.

Осы рет­те Қаза­қстан­да жаңа мини­стр­лік құрыл­ды. Құт­ты болсын!

Ол енді ғана құрыл­ды. Баға­ла­у­ға әлі ерте. Себебі тын­ды­рған ісі көрін­бей тұр. Ашы­ла сала қол­да­ны­стағы заң бап­та­ры­на экс­тре­ми­стік-тер­ро­ри­стік зоба­лаң­ды бол­дыр­мау шара­ла­ры ретін­де өзгерістер енгізу­ге мұрын­дық бол­ды. Оның өзі қоғам­дық негіз­де емес, жабық есік­тер артын­да өтті. Оның жетістік­тері мен кем­шілік­тері тура­лы БАҚ әлі бей­ха­бар. Ол заң шық­сын, сосын талқылаймыз.

Мини­стр­лік деген аты­ның өзін жақ­сы ыры­мға бала­у­ға бола­ды. Бұры­нғы қор­да­ланған про­бле­ма­лар­ды шешу­ге деген ниет бары бай­қа­ла­ды. Бірақ ғылы­ми-таным­дық бағ­дар басты шарт бол­ма­са, бәрі дал­ба­са. Дін мәсе­лесін­де аяқ асты­нан шешім қабыл­дау жарға соға­ды. Дін өте нәзік мәсе­ле. Елба­сы дұрыс ескер­тіп отыр: «…тер­ро­ризммен күре­се­міз деп, ислам­мен күресіп кет­пе­ң­дер», – деп.

Негізі, мини­стр­лік үшін ең басты тетік – ол зай­ыр­лы­лық функ­ци­я­ла­рын ғылы­ми тұрғы­дан жетіл­ді­ру, ком­мен­та­рий жасау, ұғым­дық, таным­дық идео­ло­ги­я­лық ком­по­нент­тер­дің біры­ңғай плат­фор­ма­сын аны­қта­уы тиіс. Ол үшін – ғылым шарт. Ал әзір­ге ондай «ақыл­ды қадам» көрін­бей­ді. Кеше­гі кеңе­стік жүй­е­ге қыз­мет еткен ұста­ным­дар мен тетік­тер­ді сол қал­пын­да қоға­мға жұт­ты­рғы­сы келеді. Ол деген нағыз қиянат.

Зай­ыр­лы, демо­кра­ти­я­лық, құқы­қтық және әле­умет­тік ұста­ным­дағы жаңа мем­ле­кет үшін кеше­гі ате­и­стік секу­ля­ризм тен­ден­ци­я­сын тық­па­ла­удың арты қай­ыр­лы бол­май­ды. «Зай­ыр­лы­лық – ате­изм емес» деп алып, өзің кеше­гі ате­и­стік тен­ден­ци­я­лар­ды бас­шы­лы­ққа алсаң, оны­ңа кім­ді сен­діресің?! Сон­ды­қтан ең басты ұста­ным – аза­мат сана­сы­на адал­дық пен өза­ра сенім ұяла­ту – пси­хо­ло­ги­я­лық, құқы­қтық және таным­дық тұрғы­дан билік пен қоғам болып бірі­ге күре­судің кепілі бола­ры сөзсіз.

Досай КЕНЖЕТАЙ,

про­фес­сор

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн