Четверг , 1 мая 2025

Салтанат БАҚАЕВА: Күйеуім мені ӨНЕРДЕН қызғанбайды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (356) от 27 октяб­ря 2016 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 


 

 

«Арнау» тобы­ның әншісі Сал­та­нат БАҚАЕВА бүгін­де екі бала­ның ана­сы және иба­лы келін болып отыр. Жақын­да ғана теле­хи­ка­яға түс­кен ол әңгі­ме бары­сын­да өнер жолын­дағы бар­лық жетістік­ке «таныс арқы­лы емес», өз күшінің арқа­сын­да жет­кен­ді­гін айт­ты. Және өзіне сыни көз­бен қарай­тын оқыр­ман­да­ры­на жау­ап берді.

 

– Сал­та­нат, жақын­да сіз түс­кен «Айман-Шол­пан» теле­хи­ка­я­сын­да екі кей­іп­кер­дің ролін қатар ойнаға­ны­ңыз өз көңіліңіз­ден шықты ма?

– Оның баға­сын бірін­ші кезек­те көре­рмен беруі керек: қазір теле­хи­кая теле­ар­на­да жүріп жатыр. Көре­рмен­мен бір­ге теле­хи­ка­я­ны өзім де көріп жүрмін.

Негізі, Айман мен Шол­пан – еке­уі екі түр­лі роль. Айман­ның рөлі көңілім­нен шықты десем бола­ды. Ал Шол­пан­ның обра­зын қан­ша­лы­қты аша алға­ным тура­лы ешнәр­се айта алмай­мын. Бірақ екі роль­ді де жақ­сы алып шығуға барын­ша тыры­стым. Әле­умет­тік желі­ге: «Шыны­мен де, егіздің сыңа­ры бар ма?» деп жаза­тын­дар көп. Соған қараған­да, біз, яғни түсу тобы, мақ­са­ты­мы­зға жете алдық деп ойлай­мын. Фильм­де тұр­па­ты екі бөлек адам жаса­уды көз­дедік, соны барын­ша орын­да­дық. Ал халық өз баға­сын бере жатар.

Егер роль­ді дұрыс сомдай алмаған бол­сам, желі­ден жылы ықы­ла­стағы сөз­дер есті­мес пе едім? Адам­ның өз жұмысы­на ешқа­шан көңілі тол­май­ды. Сол сияқты теле­хи­ка­я­ның кей­бір бөлім­дерін көріп оты­рған­да, «әтте­ген-ай» деген өкіні­ш­терім болып тұрады.

 

– Сіз­дей жас актри­са үшін екі кей­іп­кер­дің ролін қатар ойнау оңай бол­маған шығар?

– Әрине! Өйт­кені отба­сы­лы адам­мын. Бір жағы­нан, үйде ата-енем, бала­ла­рым мен жол­да­сым күтіп отыр­са, екін­ші жағы­нан, «Арнау» тобы­ның жұмысы бар. Соның бәрін бір­ге алып жүру қиын­дау бол­ды. Деген­мен, жақын адам­да­рым­ның түсіністік­пен қара­уы­ның арқа­сын­да көп нәр­се­ге алаң­да­ма­дым. Тек теле­хи­ка­я­ны нәти­желі ойнап шығу­ды көз­дедім. Ал түсу тобы менің жағ­дай­ы­ма қарай­ла­сты. Киноға түсіп жүріп, бара­тын кон­церт­тері­ме қаты­сып, театр­дағы қой­ы­лым­да­ры­ма да үлгеріп жүрдім.

Ал «оңай бол­маған шығар» деп, актер­лік шебер­лік жағы­нан сұра­саңыз, мен өнер­ге кеше ғана кел­ген актри­са емес­пін. Бұл сала­да жүр­гені­ме жеті жыл­дай уақыт бола­ды. Осы ара­лы­қта Мұх­тар Әуе­зов атын­дағы Ака­де­ми­я­лық дра­ма теат­рын­да қыз­мет еттім. Әрине, бұл мерзім­де көп нәр­се үйре­ну­ге бола­ды. Деген­мен, әлі де үйре­нетін дүни­е­лер жетер­лік. Әкем­те­ат­ры­нан алған тәжіри­бем­ді осы теле­се­ри­ал­да пай­да­ла­на алдым. Жал­пы, бір­ша­ма жыл театр­да істеп барып, кино сала­сы­на енді кел­генім дұрыс бол­ды деп ойлай­мын. Егер оқу­ды біті­ре сала фильм­ге түс­кенім­де, мұн­дай роль­дер­ді шынайы, әрі дұрыс алып шыға алмай­тын едім.

 

– Қазір­гі өнер адам­да­ры бесас­пап десе бола­ды. Соның бірі – өзіңіз: сахна­да ән айта сала, теле­жүр­гі­зу­шілік­ке жүгіресіз; одан соң – спек­такль бар; ара­сын­да киноға да түсесіз. Осы­лай сапы­ры­лы­сқан жұмыспен жүріп, театр­дан қуы­лға­ны­ңы­зды есті­генім бар еді…

– Бұл осы­дан бір жыл бұрын болған жағ­дай… Гастроль­детіп жүр­ген­де, кезек­ті қой­ы­лы­мға кеші­гіп қалға­ным бар. Театр – кей­ін­ге шеге­ре сала­тын экран емес. Иә, осы кінәм үшін мені жұмыстан шыға­рып жібер­ді. Ара­ша түсер­лік­тей, артым­да тіреп тұрған ешкі­мім жоқ. Сөй­тіп, біраз уақы­тқа дей­ін келісім-шар­тпен тек қой­ы­лым­дарға ғана қаты­сып жүр­дім. Бірақ кей­ін­нен қай­та­дан театр­дың шта­ты­на кір­дім. Әрине, жұмыста­рым­ның бір-біріне кедер­гі келіп қала­тын кез­дері болып тұра­ды. Себебі бәрін бір­дей алып жүру оңай емес.

 

– Негіз­гі маман­ды­ғы­ңыз актри­са бола тұр­са да, халы­ққа бірін­ші кезек­те әнші ретін­де таныс бол­ды­ңыз. Ал соңғы үш жыл­да ғана көріне бастаған кино­дағы карье­раңы­зға қалай тап болдыңыз?

– Негізі «шақы­рған жер­ден қал­ма» дей­ді ғой. Сон­ды­қтан кино­дағы бағым­ды сына­уға шақы­рған көп­те­ген кастинг­тер­ге қаты­сып жүре­мін. Бәл­кім, бұған дей­ін де шақыр­маған жер­лер­ге де барып, режис­сер­лер­мен сөй­ле­се беру керек пе еді? Бәл­кім, сол кез­де киноға ерте­рек келер ме едім?

Әзір­ге бұй­ы­рға­ны осы. Негізі, кино сала­сын­да жүр­ген­дер­ге жүзім таныс. Филь­мін­де сені көр­гісі кел­ген режис­сер арти­стің арты­нан жүгір­мей-ақ, өзі шақы­рып ала­ды. Әйт­пе­се соңғы фильм­нің кастин­гіне тек мен ғана емес, бедел­ді актри­са­лар мен эст­ра­да­да жүр­ген бір­не­ше әнші қыздар да қаты­сты. Өнер­де жүр­ген құр­бы­ла­рым­ның көп­шілі­гі сол жер­де бол­ды. Бірақ солар­дың іші­нен роль маған бұй­ы­рған екен…

 

– Бұлай сұрақ қой­ған себебім – бүгін­де таны­сың бол­ма­са, кино­экранға шыға алмай­сың деген сөз бар. Осы­мен келі­сесіз бе?

– Өз басым­да ешбір таны­сым жоқ. Кино­дағы роль­дері­ме актер­лік шебер­лі­гім­нің қалып­та­сып қалға­ны арқа­сын­да өтіп жүр­ген сияқты­мын… Режис­сер­лер де кеше кел­ген қызды киноға ала сал­май­ды. Егер, әрине, оның артын­да желеп-жебеп тұра­тын ада­мы болмаса.

Иә, сөзіңіздің жаны бар: біздің бүгін­гі теле­экран­да таныс арқы­лы шығу деген «дәстүр» пай­да болған екен. Деген­мен, өзіңнің актер­лік күш-қуа­тың, талан­тың бол­са, түбін­де жер­де қал­май­сың. Талан­ты­ң­ды көр­сет­кің кел­се, шебер­лік­ті шың­дай жүріп, кастинг­тен қал­мау керек. Себебі қазір­гі уақыт­та «өнер­ге тала­сы бар» адам көп: әсіре­се әде­мі қыздар­дың күні туып тұр…

 

– «Әйт­се де, сіздің инста-парақ­шаңы­зды қарап оты­рып, актер­лік шебер­лі­гіңіз­ге күмән кел­тіру­ші оқы­ман­дар­дың пікірін кезіктірдім…

– Ол оқыр­манға не дей­ін? Сөз бостан­ды­ғын пай­да­ла­нып, өз ойын айтқы­сы кел­ген шығар. Жұрт­тың бәріне жүз пай­ы­зға ұнай алмай­сың. Әр адам­ның өз түсі­ну, түй­сі­ну, талғам дең­гейі бар. Мәсе­лен, кей­бір адам­дар қазақ кино­сын мүл­дем көр­мей­ді. Жақтыр­май­ды. Менің­ше, қаның қазақ бол­са, бірін­ші кезек­те қаза­қи дүниені мен­сін­беу рай­ы­нан ары­ла білу керек. Бәл­кім, қазақ кино­сын мүл­дем көр­мей­тін неме­се түсін­бей­тін адам­дар ғана осы­лай жеңіл-жел­пі пікір жаза­тын шығар.

Ал тағы біре­улері мені актри­са­лық емес, ада­ми тұрғы­да жақтыр­мауы мүм­кін. Сон­ды­қтан ондай ада­мға маған қаты­сты нәр­сенің бәрі жаман болып көрі­нуі ықти­мал. Ал ондай адам­дарға мен ештеңе айта алмай­мын. Бірақ бір қызы­ғы, сол адам­дар мені қан­ша жек көр­се де, күн­діз-түні менің инста-парақ­шам­да оты­ра­ды. Пікір жаза­ды. Демек, менің өмірім оларға қызық болуы мүм­кін. Тіп­ті әр қылы­ғым қыты­ғы­на тиіп жат­са да, инста-парақ­ша­ма кіруін қой­май­тын­дар бар. Негізі, адам­ның пси­хо­ло­ги­я­сы қызық қой…

 

– Сол оқыр­ман­да­ры­ңы­здың ішін­де біре­уі: «Нұр­жан Сал­та­нат­тың күй­е­уі – Ред.) бауы­рым­ды киноға тар­тып көр­медіңіз бе?» деп­ті. Жал­пы шоу-биз­не­сте , не бол­ма­са күй­е­уін экранға «сүй­реп» жүр­ген­дер аз емес. Сіз­де осы секіл­ді ой бар жоқ па?

– Қолым­нан кел­се, бей­не­ба­я­ны­ма бүкіл отба­сым­ды түсіру­ге дай­ы­н­мын. Реті мен қисы­ны келіп тұр­са, бұл әбес­тік­ке жат­пай­ды. Егер отба­сы­лық әнге бей­не­ба­ян түсір­сем, неге күй­е­уім­ді алып шық­пасқа? Нұр­жан реңді, сым­бат­ты жігіт. Ол да бей­не­ба­янға түсу­ге қар­сы­лық біл­ді­ре қояды деп ойла­май­мын. Айт­пақ­шы, Нұр­жан бір фильм­нің эпи­зоды­на түс­кен бола­тын. Егер кей­ін актер болып кетіп жат­са, таң қал­маңы­здар… күлді).

 

– Парақ­шаңы­здағы жаз­ба­лар­дың ара­сын­да: «Кино­дағы жігіт­тер­ден күй­е­уіңіз қызған­бай ма?» деген сұрақ көзі­ме түсті…

– Еке­уі­міз қосы­лған соң, Нұр­жан­ның маған қой­ған өз талап­та­ры бар. Бай­қа­саңыз, теле­хи­ка­я­да менің ешкім­мен құшақ­та­сып, сүй­іс­кен эпи­зо­дым жоқ. Сон­ды­қтан қызға­ныш туды­ра­тын­дай себеп те жоқ…

 

– Сон­да «қызға­ныш туды­ра­ты­ны» фильм­де­гі ашық көріністер ме?

– Жоқ, Нұр­жан бәлен­дей бір нақты талап қой­май­ды. Ең басты­сы, ол маған сенеді. Оның маған деген сені­мін біле тұрып, мен де аза­ма­тым­ның ары­на «түрт­кі» болар­лық артық кино-қылық жаса­мауға тыры­са­мын. Бірін­ші­ден, біз бір-бірі­мізді сый­лай­мыз. Екін­ші­ден, мен оны қат­ты сүй­е­мін. Күй­е­уім мені өнер­ден қызған­бай­ды. Керісін­ше, күй­е­уім­ді мен көп қызға­на­мын. Неге екенін білмеймін…

 

– Білу­ге тыры­сып көр­медіңіз бе? Мәсе­лен, отба­сын­дағы келіс­пе­ушілік­тер «артық әңгі­ме» тудыр­май ма?..

– Егер бір сұраққа келіс­пей қалып жат­сақ, оны еке­уа­ра талқы­ға сала­мыз. Содан кей­ін ғана барып бір­лес­кен шешім қабылдаймыз.

Көбі­не­се Нұр­жан­ның уәжі дұрыс болып шыға­ды. Оның менен жеті жас үлкен­ді­гі бар: өмір­ді көбірек көр­ген­ді­гі­мен көп нәр­сені жақ­сы­рақ біледі. Мен қан­ша тыры­сып, «өз айтқа­ным­ды бол­ды­рам» десем де, соңы қате болып қала­ды. Сон­дай­да ол: «Мен саған айт­тым емес пе?» деп, өзім­ді ұял­тып тастайды.

Мен әйел пен­десі болған соң, эмо­ци­яға көп беріле­мін. Ақы­лға салып жат­пай­мын. Қаза­қ­ша­лап айтқан­да, ұшқа­лақ мінезім бар. Ал Нұр­жан өте сал­мақты. Оның сол мінезі мен тұр­па­тын құр­мет­тей­мін. Жал­пы, Алла ерлі-зай­ып­ты­лар­ды қара­ма-қай­шы мінез­бен жарас­ты­ра­ды екен. Мәсе­лен, мен ақша­ны тез құр­тып қоя­мын. Ал Нұр­жан отба­сы­лық әр шығын­ды ойла­нып барып жұмсайды.

 

– Бір теле­бағ­дар­ла­ма­да қай­ын атаңыз: «Келінім әр таң сай­ын иіліп сәле­мін беріп тұра­ды» деп айтқан еді. Сақа келін болған соң, сол қаза­қы дәстүр ұмыт қалған жоқ па?

– Ора­мал тақ­па­сам да, күн­делік­ті сәле­мім­ді салып тұра­мын. Мұны маған анам үйрет­кен. Қаза­қтың дәстүрін ұста­на­мын, ата-анам­ның бер­ген тәр­би­есі солай. «Үлкен­ге сәлем салған­нан сенің белің сынып қал­май­ды» деп, анам айтып оты­ра­ды. «Олар – сенің күй­е­уіңнің ата-ана­сы, сен жол­да­сы­ң­ды қалай жақ­сы көр­сең, ол кісілер­ді де солай сый­ла­у­ың керек» деген ата-анам­ның ақыл­да­рын есім­нен шығармаймын.

 

– Инста-парақ­шаңы­здағы бір оқыр­ман: «Сіз­ге сти­лист керек, бір­түр­лі киі­несіз» деп жазыпты…

– Жоқ, сти­лист маған керек емес. Өзі­ме ұнаған киім­ді кие бере­мін. Киім кию­де басқа­лар­дың пікіріне жүгі­ну­ге мәж­бүр емеспін…

 

– Сізді өмір­де ғана емес, өнер­де де ерке актри­са дей­тін­дер бар. Сіздің бұл мінезіңізді көп­шілік «мақтан­шақты­қ­пен» салы­сты­рып жата­ды. Сіз көбі­не­се қай кез­де мақтанасыз?

– Менің жар­на­маға түс­кен ролик­те­гі ролі­ме қарап, мақтан­шақ дей­тін­дер бар шығар. Себебі, тап­сы­рыс беру­шілер­дің тала­бы бой­ын­ша, ол ролик­тің маз­мұ­ны солай болуы керек. Жар­на­ма жасау – қазір­гі уақыт­та менің бір кәсі­би сала­ма айнал­ды десем де бола­ды. Инста-парақ­шам­да мил­ли­онға жетер­лік оқыр­ма­ным болған соң, маған әртүр­лі ком­па­ни­я­лар­дан нешетүр­лі сый­лық келіп жата­ды. «Сый­ға – сый, сыраға – бал» деген­дей, оған рах­мет айтуың керек емес пе? Сол үшін мен олар­ды жар­на­ма­ла­у­ға мәж­бүр­мін. Бірақ бұл менің жеке басым­ның мақта­ны­шын біл­дір­мей­ді. Керісін­ше, мен сый­ға тар­тқан дүни­е­лер­дің бар­лы­ғын көр­се­те бер­мей­мін. Егер соны тұта­сы­мен инста-парақ­ша­ма сал­сам, онда не бола­рын біл­мей­мін. Оқыр­ман­дар менің парақ­шам­ды мүл­дем көр­мей­тін бола­тын шығар…

 

– Той әндерінің қап­тап кет­кеніне реніш біл­діріп: «Бәл­кім, бұл менің кем­шілі­гім шығар, бірақ біз лири­ка­лық, сыр­шыл әндер­ді ғана айта­мыз» деп, «Арнау» тобы­ның аты­нан айтқа­ны­ңыз бар екен. Мүм­кін, бұл пікіріңіз лири­ка­лық орын­да­у­шы­лар­ды той­ға аз шақы­ру­дан туған ой шығар…

– Иә, «Арнау» тобы той­да билей­тін әндер айт­пай­ды. Репер­ту­а­ры­мыз махаб­бат­тың сырын шер­тетін әуезді-лири­ка­лық әндер­ге толы. Соған қара­ма­стан, халы­қтың сұра­ны­сы­на иеміз. Соған қуа­на­мын. Әйт­пе­се сұра­ны­сқа ие болу үшін, әдей­ілеп той әнін жазған емес­піз. Жақын­да көңіл­ді ән жаз­дық. Той­дағы халы­ққа тек секіріп билей­тін әндер ғана емес, жақ­сы көңіл-күй сый­лай­тын әуен­ді әндер де қажет.

 

Анар ДӘУКЕН,

anardauken@mail.ru

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн