Понедельник , 7 июля 2025

САЛЫҚ БҰҒАУЫ Алматы кәсіпкерлерін ҚЫСЫП БАРАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 45 (269) от 11 декаб­ря 2014 г.

 

Апта апты­ғы

 

САЛЫҚ БҰҒАУЫ

Алма­ты кәсіпкерлерін

ҚЫСЫП БАРАДЫ

 

Мем­ле­кет­тік кірістер депар­та­мен­тінің түсін­дір­мелік жұмыста­ры­нан кей­ін, алма­ты­лық 80 ком­па­ния бюд­жет­ке 1,3 млрд салық төле­ген, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ агент­ті­гі депар­та­мент­тің бас­пасөз қыз­метіне сіл­те­ме жасап.

 

Депар­та­мент­тің «түсіндір­мелік жұмыстар» деп оты­рға­ны алма­ты­лық ком­па­ния бас­шы­ла­ры алды­на қой­ы­лған уль­ти­ма­тум: «Не мем­ле­кет­тің кірісіне қосым­ша пәлен­бай сома­ны салық ретін­де өз еркің­мен тө­лейсің, не бол­ма­са біз сенің кәсібіңді қазғы­ла­уды бастай­мыз» деген бала­ма­сы жоқ та­лаптың мәні – мем­ле­кет­тік рэкет. Ал салық орын­да­ры кәсіп­керлерді буын­ды­рып оты­рған бұл талап­тың аста­рын­да эко­номикалық дағ­да­ры­стың, мем­лекеттік билік жүй­есінің тығы­рыққа тірел­ген жағ­дайы жатыр.

Егер қомақты кірісі бар бел­гілі бір ком­па­ния бас­шылығы бұл әпер­бақан тала­пқа көнбей­тін бол­са, салық орган­да­ры ол ком­па­ни­я­ның жұмысын тексе­ріспен титы­қта­тып, ақыр соңы орас­ан зор сома­дағы салық пен айып салып тына­ды. Сон­дықтан алма­ты­лық айту­лы ком­па­ни­я­лар мем­ле­кет­тік рэкет­тің бұл қоқан-лоқы­сы­на лаж­сыздан көніп, бюд­жет­ке тиісті сома­ны ауда­руға мәж­бүр болуда.

Еске сала кет­сек, тақыр таза тау­сы­лған мем­ле­кет­тік бюд­жетті жеке кәсіп­кер­лер есе­бінен толы­қты­ру жөнін­де­гі нұс­қау Ақор­да­ның нақ төрі­нен жол­данған еді. Қазір тек қана Алма­ты­да ғана емес, бүкіл ел­дің жер-жерін­де әртүр­лі дә­режедгі әкім­дер тек қана осы нұсқа­уды өл-тіріл орын­да­у­мен ғана айналысуда.

Сырым ДАТОВ

 

Мара­пат мерейі

 

Мем­сый­лы­қты

КІМДЕР АЛДЫ?

Қаза­қстан прези­денті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «Әде­би­ет пен өнер сала­сын­дағы 2014 жылғы Қазақ­стан Республика­сы­ның Мем­ле­кет­тік сыйлы­ғын беру тура­лы» Жар­лы­ққа қол қой­ды, деп хабар­ла­ды мем­ле­кет басшысы­ның бас­пасөз қызметінен.

Соған орай Қаза­қстан Рес­публикасының Мем­ле­кет­тік сый­лығы Қажы­ға­ли Мұханбет­қалиұлына, жазу­шы – «Тар ке­зең» тари­хи рома­ны үшін; Гүл­нар Сей­іт­жанқы­зы Салықбае­ваға (сурет­те), ақын – «Кешірің­дер кел­генім­ді өмір­ге» өлең­дер жинағы үшін; Пан­те­лей Кон­стан­ти­но­вич Кесо­глу­ге, әнші – «Пес­ня – душа моя» атты жеке кон­цер­ті үшін; Бал­нұр Балға­бекқызы Қыдыр­бек­ке, ком­по­зи­тор – «Рек­ви­ем» вокал­ды-сим­­фо­ни­я­лық шығар­ма­сы үш­ін; автор­лар ұжы­мы­на: Асқар Иса­бекұ­лы Мыр­за­хме­тов­ке, Ба­қытжан Құдай­бер­генұ­лы Әшір­баевқа, Насир Ачи­ло­вич Руста­мо­вқа, Әмір­хан Бек­жанұлы Шүме­нов­ке, Нұр­лы­жан Марат­бекұ­лы Бөке­ба­евқа – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Тәу­елсіздігінің 20 жыл­ды­ғы­на ар­налған тари­хи-мону­мен­тал­дық саябақ кешені үшін.

 

«Семей таңы» газетін

САҚТАП ҚАЛҒАН

редак­тор­дың еңбе­гі аталды

 

«Семей таңы» газетінің бас редак­то­ры Риза Мол­да­ше­ва «Қаза­қстан­ның құр­метті жур­на­лисі» атан­ды, деп ха­барлайды Қаз­ТАГ тіл­шісі. Бұл сый­лы­қты ол қаза­қстан­дық жур­налистиканың дамуы­на сіңір­ген еңбе­гі мен еле­улі үлесі үшін алды.

Рес­пуб­ли­ка­дағы ескі деген басы­лым­ның алға­шқы саны­ның шығуы­на 95 жыл толуы­на орай­ластырылған сал­та­нат­ты кеш­те газет қыз­мет­кер­леріне диплом­дар мен Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшелік билет­тері табыст­ал­ды, респуб­ликалық тиісті меке­ме­лер мен облы­стық және Семей қала­лық әкім­шілік­терінің мара­пат­та­ры мен баға­лы сый­лы­қта­ры берілді.

Басы­лым тарихы 1919 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да бастал­ды, ол кез­де «Қазақ тілі» газетінің тұңғыш саны шықты және жер­гілікті халы­қты сау­ат­ты­лы­ққа, мәде­ни және әде­би дәстүр­­лер­ді дамы­туға бау­лу­мен ты­ғыз бай­ла­ны­сты бол­ды. Өз кезін­де бұл газет­те Ахмет Бай­тұрсынұлы, Мағ­жан Жұма­ба­ев, Қаныш Сәт­ба­ев мақа­ла­ла­рын жари­я­ла­са, Жүсі­п­бек Аймауы­тов пен Мұх­тар Әуе­зов оның бас редак­тор­ла­ры болды.

90-жыл­да­ры газет жабы­лудың аз-ақ алдын­да тұрған ау­ыр кезең­де басы­лым­ды Риза Мол­да­ше­ва өз қолы­на алып, шы­ғармашылық ұжым­ды сақ­тай оты­рып, тек Ертіс маңын­да ғана емес, соны­мен бір­ге Қа­зақ­станның басқа өңір­лерін­де таны­мал газет­тің тари­хи дәс­түрлерін жалға­сты­ра алды. Бү­гінде «аймақтық» айда­ры бар бұл газет­тің тара­лы­мы 21 мың дана­дан аса­ды. Салы­стыр­ма­лы түр­де айтар бол­сақ, Шығыс Қаза­қстан облы­стық әкімшілі­гінің орга­ны сана­ла­тын облыс­тық «Дидар» газетінің тира­жы 10 мың­нан асар-аспас қана.

Еңбек­терің жана бер­сін, «семей­таңы­лы­қтар»!

Болат ҚАСЕНҰЛЫ

 

Алдас­пан

 

Жел­тоқ­сан­ды­қтар

 

Айқай сап,

Дауы­сы жер жарып,

Теңді­гін сұраған,

Тар қол­тық асты­нан оқ тиіп

құлаған.

Төгіл­ген қандардан,

Кек пенен ызадан,

Өзінің ішін­де тұншығып

жылаған.

 

Қан­ша­ма дұшпанның

меселін қай­ы­рған,

Атағы жаһанға жайылған.

Мәс­ке­удің нан піскен

кеудесін басты­рып,

Жаға­сын айырған.

 

Жаралған қара жер өтінен,

Жел­тоқ­сан­ды­қтар –

қаһар­ман шетінен.

Қарға тамыр­лы қайран

қаза­қтың қамы үшін,

Ет кесіп бер­ген ол етінен.

 

Жалын­ды жүрек­пен көкке

қол созған­дар,

Жеңіс­ке жете­леп әлемнен

озған­дар.

Күн тек­ті қыранқұс

Бостан­дық туралы,

Көк мұзға қып-қызыл

қаны­мен жазғандар.

 

Күл-талқан арман­дар,

Сон­да да қыңбаған,

Біре­улер сияқты шытынап

сын­баған.

Күл­кі­ден кілкілдеп

қан тамып тұр­са да,

«Менің Қаза­қста­ным­ды»

қосы­лып жырлаған.

 

Қорқау қасқыр­лар

Ашқа­рақ көз­дері қанталап,

Қырам деп, жоям деп

жет­кен­де анталап,

Жан беріп, жан алған

май­дан­ның ішінен,

Жол­да­сын ап шыққан

арқа­лап.

 

Жүз жыл­дық наладан,

Жазы­қ­сыз жабылған

жала­дан,

…Сыздаған жара­сын

жалаған,

Кеудесін тік ұстап

тай­сал­май тесіліп,

Ажал­дың көзіне

тұп-тура қараған!

 

Есі­гін шындықтың

қаққан­дар,

Аспан­да рух боп аққандар,

Алма­ты үстін­де алдаспан

ойна­тып,

Азаттық ала­у­ын жаққандар.

 

Ар туған арландар,

Тас бекім тарландар,

Бостан­дық жолында

қан жоса болғандар.

Ұлтым деп ұран сап,

Сорға­лап жасындай

Қызыл импе­ри­я­ның

жүре­гі жарғандар.

 

Күл­лі әлем бала­сын осылай

оятқан,

Қаза­қта қан­дай арман бар!

Болат

ШАРАХЫМБАЙ

 

 

Республиканский еженедельник онлайн