Вторник , 1 июля 2025

«САМКА» қарыз алуға МҰҚТАЖ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №08 (279) от 26 фев­ра­ля 2015 г.

 

Апта апты­ғы 

Дағ­да­рыс дабылы

 

«Самұрық-Қазы­на» Ұлт­тық әл-ауқат қоры және оған кіретін құры­лым­дар 2015 жылы сыр­тқы қарыз бой­ын­ша $4,7 млрд төле­уі керек, деп хабар­ла­ды қор төраға­сы Өмір­зақ Шөкеев.

«Жал­пы, шетел валю­та­сын­дағы біз­де­гі қарыз шама­мен 37 млрд дол­лар­ды құрай­ды… Ол қары­зды жабуға біз­ге көп қар­жы керек. Тек 2015 жылы ғана біз­ге 4,7 млрд дол­лар керек. Соны­мен қатар біз инве­сти­ци­я­лық жоба­лар­ды жүзе­ге асы­ру үшін қары­зда­на­мыз және инве­сти­ци­я­лық жоба­лар аясын­дағы мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша біз­ге 1 млрд дол­лар­ды жабу керек», – деді Ө.Шөкеев жұма­дағы брифингте.

«Біздің сыр­тқы алыс-берісі­міз­ге келер бол­сақ, ол біздің алыс-беріі­міз­ге әсер ете­ді деп ойла­май­мын. Менің ойым­ша, біздің екін­ші дең­гей­лі банк­тер біз­ге валю­та­мен қарыз береді және тең­ге­мен біз БҰЗҚ-нан қалай қор­лар ала­мыз деп ойлап жүр­міз, яғни біздің қазір­гі жағ­дай­ы­мыз осын­дай», – деді Ө.Шөкеев.

«Қазір біз­де, мүм­кін, биыл 2,5 млрд дол­лар ара­лы­ғын­да қарыз алу қажет­тілі­гі туын­дап қалар. Біз қазір соны қай­дан ала­мыз деп ойлап отыр­мыз. Бәрі жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты. Егер сыр­тқы нары­қтағы жағ­дай біз үшін барын­ша қызы­қты бол­са, онда біз сыр­тқы нары­ққа шыға­мыз. Бірақ біздің қазір­гі жағ­дай­ы­мыз бой­ын­ша біз­ге ішкі нары­қтан қарыз алған қолай­лы. Ішкі нары­қта қор бар», – деді мем­хол­динг басшысы.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн