Санжар бала КЕНЕСАРЫ бола ала ма?

Үміт пен күдік

 

Биыл жарыққа шығатын танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмiнде Кенесары ханның рөлiн актер Санжар Мәдиев сомдайтын болды.

Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ вице-президентi Дидар Амантай: «Режиссер Сатыбалды Нарымбетов Ермұхан Бекмаханов туралы тамаша фильмдi аяқтап қалды. Сол фильмде үзiк-үзiк Кенесарының образы көрiнедi. Кенесарының рөлiн Санжар Мәдиев сомдайды. Оны қазақ киносы тарихындағы Кенесарының тұңғыш рөлiн сомдаушы адам деп айтуымызға болады», – деген еді.

Мұндайда тәп-тәуір тақырыпқа тұздық боларлық «тұңғышты» қоя тұрып, өткен күнге белгі қалдырмауға тырысқан отарлық саясатқа қарсы шығып, тұтас қазақ тарихын, онан қала берді, хан Кененің тұлғалық көрінісін империялық «шаң-тозаңнан» аршып алған ғалым Бекмаханов жайлы ауыз толтырып айтқан құба-құп еді-ау, тәйірі?!

Ал бұл ретте елімізге танымал режиссер Сатыбалдының «Аманаты» біз күткен үміттің үддесінен шығып, отандық телеарнада кешегі тарихтың тағы бір тың парағын ашады деп үміттенетініміз – тағы шындық.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн