Воскресенье , 6 июля 2025

САУДА СОҒЫСЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

Қаза­қтың қарғы­сы тиді…

 

Еура­зи­я­лық инте­гра­ция алға­шқы ауыр қиын­ды­ққа тап бол­ды. Біздің әріп­тесі­міз Ресей­дің «валю­та­лық соғы­сы­на» Қаза­қстан жағы «сауда соғы­сы­мен» жау­ап бер­ді. Ал Укра­и­на­ның оңтүстік-шығы­сын­дағы жан­жал мен Қырым­ның Ресей­ге ора­луы, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ (ЕАЭО) аясын­дағы инте­гра­ци­я­лық үдерістер­дің терең­де­уі мен жедел­де­ту бола­шағы көмес­кі­лене бастады.

 

Қаза­қстан­дағы биз­нес-қауым­да­сты­қтар­дың өкіл­дері бір­не­ше рет ескерт­кен жағ­дай орын алып отыр. Қаза­қстан Ресей­ден келетін сүт, кәм­пит, май, тауық еті және басқа да ет өнім­деріне тый­ым сал­ды. Тауық етін импорт­тау мәсе­лесі ресей­лік қана емес, бела­русь­тік өндіру­шілер­ге де әсерін тигізді. ҚР бас сани­тар­лық дәрі­гері Жан­дар­бек Бек­шин мәлім­де­ген­дей, бұл шара уақыт­ша сипатқа ие. Бір ғана тауық еті бой­ын­ша тый­ым салы­нған тізім­ге тек «Смо­ле­ви­чи Брой­лер» бела­русь­тік кәсі­пор­ны­ның ғана кір­гені қызық. Қалған­да­ры­ның бәрі ресей­лік: «При­оско­лье», «Май­коп­ский пти­це­ком­би­нат», «Кур­ский агро­хол­динг» және «Урал-Биз­нес». Тек осы айты­лған ком­па­ни­я­ларға ғана емес, КСРО көле­мін­де дүріл­деп тұрған Мико­ян ет ком­би­на­ты, «Данон», «Юни­милк» және «Вимм-Билль-Данн» да бар. Кон­ди­тер­лік бұй­ым­дар да шет­те қал­маған: «Рус­ский биск­вит», «Крас­ный Октябрь», «Рошен», «Яшки­но» және «Марс». Тіп­ті май­о­нез­дер­ге де жетіп­ті: «Сара­тов­ский 67%» және «Махе­евъ».

Қаза­қстан тіп­ті мұны­мен тоқта­мақ емес. Жақын ара­да бұл тізім­ге ресей­лік шырын­дар, ұн мен жұмыр­тқа да кіруі мүм­кін. Тый­ым салы­нған заттарға берілетін ресми түсінік­тер ресми сипатқа ие, ал кей­біре­уі тіп­ті, былай­ша айтқан­да, құлақта­ры­нан сүй­реп кіргізілгендей.

Алай­да осы ара­да эко­но­ми­ка­лық сұрақ туын­дай­ды: егер бас сани­тар тіз­бе­леп бер­ген бұзу­шы­лы­қтар болған бол­са, онда неге дәл қазір тый­ым салы­нып отыр және жап­пай түр­де? Неге ол Кеден одағы (КО) іске кіріс­кен­нен кей­ін неме­се оған дей­ін жасал­маған? Неге бұған дей­ін ресей­лік мұнай өнім­дерінің импор­ты­на тый­ым салын­баған? Мем­ле­кет­тік тіл­де таң­ба­лау бол­ма­ды ма? Міне, осын­дай «неге­лер» толып жатыр.

Жан­дар­бек Бек­шин тіз­бек­теп бер­ген бірқа­тар Ресей өнім­дерінің импор­ты­на тый­ым салу себеп­тері ресми сипатқа ие, деген Ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Рақым Ошақ­ба­ев қаңтар айы­ның аяғын­дағы мәлім­де­месін­де. Сол кез­де ол Қаза­қстан­да ресей­лік импор­тқа шек­теу салу мүм­кін­ді­гінің қарас­ты­ры­лып жатқа­нын айтқан бола­тын. Және сани­тар­лық нор­ма­лар мен тілі тура­лы заң­ды ресей­лік тарап­тың сақта­мауы­ның бұл жер­де еш қаты­сы жоқ.

Неге Қаза­қстан ресей­лік тау­ар­ларға Кеден одағы аясын­да фри­тре­дер­лік адал­ды­қтан ашық қол­дам­паз­дық үстем­дік­ке көшті? Жау­а­бы айқын: был­тыр қат­ты құн­сызданған ресей­лік рубль тең­генің оған сай кел­мей­тін әлсізді­гі­нен қаза­қстан­дық өндіру­шілер­ді бір сәт­те бәсе­ке­ге қабілет­сіз етті, оларға қалай­да аман қалу керек бол­ды. Жал­пы, Аль Капоне айтқан­дай: «артық ештеңе жоқ, тек бизнес».

Бірақ қалай болған­да да, Ресей жау­ап ретін­де кей­бір өңір­лер­де «Айс-Плюс» айра­ны­на, «ДЕП» сүтіне, «Лидер-2010» өнім­деріне, қызы­л­ша мен қауы­нға тый­ым сала оты­рып, өз есесін жібер­ген жоқ. Ал егер осы­ған ресей­лік санк­ци­я­ларға тап болған елдер­дің Бела­русь және Қаза­қстан арқы­лы реэкс­порт­тай­тын өнім­дері­мен бай­ла­ны­сты жан­жал­ды қоса­тын бол­сақ, онда Кеден одағы­ның іргесі сөгіл­ді деу­ге негіз бар.

Осы­лай­ша ешқан­дай асы­ра сіл­те­усіз біз еура­зи­я­лық инте­гра­ция аясын­да алғаш рет «валю­та­лық соғы­стың» қалай­ша «сауда соғы­сы­на» айна­ла­ты­ны­на куә бол­дық. Оған қоса осы­ның бәрі КО, БЭК және ЕАЭО аясын­дағы шағын ұлт­тық құры­лым­дар­дың төмен тиім­ділі­гін мең­зей­ді, өйт­кені осы­ған ұқсас қашып құты­ла алмай­тын қара­ма-қай­шы­лы­қтар­дың бар­лы­ғын өкілет­тік бар кезін­де әлгілер­дің бей­мәлім фаза­дан ашық түр­ге ауы­спай тұрғанға дей­ін­гі сәтін­де шешу­ге олар қабілет­сіз болды.

Оның үстіне бұл ЕАЭО валю­та­лық одағы­ның келе­ше­гіне үлкен күмән туғы­за­ды, ол тура­лы жақын­да ресей­лік пре­зи­дент қай­та­дан сөй­леді де. «Серік­те­стер­мен моне­тар­лық сая­сат­тар­ды үйле­стіруді жалға­сты­ра­мыз деп келістік. Алдағы уақытт­та валю­та­лық одақ құру мүм­кін­ді­гі жай­лы да сөз қозғай­тын уақыт кел­ді деп ойлай­мыз. Иық түй­істіріп жұмыс жасай оты­рып, сыр­тқы қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық қауіп-қатер­лер­ге жедел әре­кет ету, біздің бір­лес­кен нары­ғы­мы­зды қорғау жеңілірек», – деді сонау 20 науры­зда Вла­ди­мир Путин Қаза­қстан, Ресей және Бела­русь пре­зи­дент­терінің үшжақты кез­де­суі­нен кейін.

Бірақ ресей­лік мем­ле­кет бас­шы­сы­ның мәлім­де­месі ықы­лас-тілек­ті ақиқат ретін­де ұсы­нуға тал­пы­ну­ды еске түсіреді. Және міне нелік­тен? Басталған «сауда соғы­сы» «валю­та­лық соғы­стың» сал­да­ры бол­ды, ол ең жоға­ры мін­бе­лер­ден келісіл­ген ақша­лай-неси­елік және валю­та­лық сая­сат­ты жүр­гі­зу қажет­тілі­гі тура­лы декла­ра­ци­я­лық мәлім­де­ме­лер­ге қара­ма­стан, мұны жаса­уға деген қабілет­сіздік пен тілек­тің жоқты­ғы­на нұсқай­ды. Әрі бірін­ші кезек­те ресей­лік рубль­дің баға­мын одақтағы өз серік­те­стерінің мүд­де­лері есебін­сіз ғана емес, соны­мен бір­ге Қаза­қстан мен Бела­русь­тің дәл сон­дай құры­лым­да­ры­мен келі­сусіз-ақ еркін жүзу­ге жібер­ген ресей­лік Орта­лық банк тарапынан.

Айт­пақ­шы, осы жай­лы жақын­да ҚР Ұлт­тық бан­кінің экс-бас­шы­сы Гри­го­рий Мар­чен­ко «Рос­сия 24» теле­ар­на­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да ескерт­ті. «Біз қазір (валю­та­лық одаққа – Қаз­ТАГ) дай­ын емес­піз, тіп­ті жуы­қта­май­мыз да, мак­ро­эко­но­ми­ка­лық пара­метр­лер тұрғы­сы­нан да, іс-қимыл­ды үйле­сті­ру тұрғы­сы­нан да. ЕАЭО елдерінің орта­лық банк­тері деваль­ва­ция жүр­гі­зу кезін­де одақтағы серік­те­стерінің мүд­де­лерін ескер­мей­ді. Себебі Ресей­де жел­тоқ­сан айын­да деваль­ва­ция орын алды, Бела­русь­те 30% салық енгізді, ал Қаза­қстан бағам­ды өзгеріс­сіз сақтап қал­ды. Қар­жы сек­то­рын­да И. Кры­ло­втың «Аққу, шор­тан һәм шаян» мыса­лы­нан басқа жақ­сы иллю­стра­ция табу мүм­кін емес», – деп түсін­дір­ді өз пози­ци­я­сын Ұлт­тық банк­тің бұры­нғы төрағасы.

Сол себеп­ті де Қаза­қстан мен Ресей­дің ара­сын­дағы «сауда соғы­сы­ның» фонын­да Ресей пре­зи­ден­тінің «моне­тар­лық сая­сат­тар­ды үйле­стіруді жалға­сты­руға» келі­су тура­лы мәлім­де­месі пара­сат­ты мағы­на­ны әжу­а­лау секіл­ді естіледі. Өйт­кені тіп­ті шын­дап бастал­маған нәр­се қалай­ша жалға­суы мүм­кін? Егер де Қырым мен Сева­сто­поль­дің Ресей­ге қосы­луын еске­ретін бол­сақ, онда енді­гі жалғыз валю­та­лық одақтың ғана емес, бүкіл ЕАЭО келе­ше­гі өте-мөте бұлы­ңғыр көрі­неді. Сон­ды­қтан енді ғана жүзу­ге кетіп үлге­ре оты­рып, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ қазір­гі бар фор­ма­тын­да еура­зи­я­лық инте­гра­ци­я­ның «Тита­ни­гін» көбірек еске сала баста­ды. Және кім біледі, Ресей­дің был­тыр тұтан­ды­рған және ішкі себеп­тер­ге орай оған Қаза­қстан­ның «сауда соғы­сы­мен» жау­ап бер­ген «валю­та­лық соғыс» өрті ЕАЭО үшін дәл сол басқа­руға көн­бей­тін сәт­сіз айс­берг болып шық­пай ма екен?

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн