Воскресенье , 6 июля 2025

Сайқымазақ сайлауға ҚАРСЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

«Кан­ди­дат­тар» қата­рын­да Сай­лау­бек пен Әбі­ля­зов та болды

 

Бұл екі ара­да Azattyq.org интер­нет-пор­та­лы 26 сәуір­де өткен мерзі­мі­нен бұры­нғы пре­зи­дент сай­ла­уы әле­умет­тік желілер­де әртүр­лі мысқы­лға ұла­сты деп жаза­ды. Құқық қорға­у­шы­лар мұны «сай­ла­у­шы­лар­дың қар­сы­лы­ғы» деп сипаттайды.

 

Facebook әле­умет­тік желісін­де Қаза­қстан­да 26 сәуір­де өткен кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да кім­нің кім­ге дауыс бер­гені қызу талқы­ланған тақы­рып­тар­дың бірі бол­ды. Аза­мат­тар­дың кей­бірі сай­лау бюл­ле­тень­дерінің сурет­терін іліп, кім­ге «дауыс бер­ген­дерін» жазып қой­ған. Солар­дың бірі Ainura Zhamieva есім­ді қол­да­ну­шы: «Үш кан­ди­дат ата да иде­а­лы­ма сай бол­маған­ды­қтан, соған лай­ық адам­ды қосуы­ма тура кел­ді» деп, төр­тін­ші кан­ди­дат ретін­де актер Киа­ну Рив­здің аты-жөнін қосып жазған сай­лау парағы­ның суретін жариялаған.

Сай­ла­у­шы­лар бюл­ле­тень­ге қосқан «кан­ди­дат­тар» ара­сын И.Тасмағамбетов, Ж.Қалыбай, М.Әбілязов, МС Сай­лау­бек сияқты адам­дар­дың есім­дері де кездеседі.

Мақ­сат Іли­ясұ­лы есім­ді Facebook пай­да­ла­ну­шы­сы осын­дай сай­лау құжат­та­рын жинап, «Халық өз таң­да­уын жаса­ды» атты көр­ме ұйым­да­сты­руға шақы­ра­ды. «Өз таң­да­у­ла­ры­ңы­зды паш ететін осын­дай құжат­тар мен фото­лар, мате­ри­ал­дар бол­са, жазып, фото­сын салып оты­ры­ңы­здар. Мұның бәрі – тарих», – дей­ді ол.

Бірақ әле­умет­тік желі қол­да­ну­шы­ла­ры ара­сын­да пре­зи­дент сай­ла­уы бюл­ле­тень­дерін бұлай тол­ты­руға нара­зы адам­дар да бар. Тұр­ды­бек Құр­мет­хан есім­ді пай­да­ла­ну­шы «кім­ді таң­даға­нын бел­гілеп сурет­ке тар­тып, әле­умет­тік желі­ге салған­дар­ды түсін­бей­тінін» айта­ды. «Көрініп қалғы­сы келе ме? Онсыз да басқа­лар­да қан­дай таң­дау бар ғой дей­сің» дей­ді ол.

Ал Ғабит Сапар­бе­ков есім­ді аза­мат­тың пікірін­ше, сай­лау парағы­на ресми кан­ди­дат­тар тізі­мін­де жоқ адам­дар­дың аты-жөн­дерін қосу «есі дұрыс адам­ның тір­лі­гі емес». «Сай­лау­бек, Абля­зов деп шимай­лап, пат­ша­ны емес, өздерін мазақ қылып отыр ғой» деп ашу­ла­на­ды ол. Оны Kuat Omarov есім­ді қол­да­ну­шы да мақұл­дап, «сай­лау бюл­ле­тенін құр­тқан адам­дар­ды зан­ды түр­де жаза­лау керек, айып­пұл төле­ту керек» екенін айтады.

Құқық қорға­у­шы Евге­ний Жовтис сай­лау бюл­ле­тенін бұлай тол­ты­рға­ны үшін ешкім­ді жау­а­пқа тар­ту мүм­кін емес екенін айтады.

– Қазір жари­я­ла­нып жатқан бюл­ле­тень­дер­дің сурет­тері – дауыс беру­шілер­дің қар­сы­лы­ғы­ның көрінісі. Адам­дар­да таң­дау бол­ма­ды. Егер бюл­ле­тень­де­гі төр­тін­ші жол­да «бар­лық кан­ди­дат­тарға қар­сы­мын» деп жазыл­са, кан­ди­дат­тарға қар­сы­лар соны бел­гіле­уші еді. Сон­дай-ақ үміт­кер­лер­дің ішін­де олар­дың көңілі­нен шыға­тын, дауыс бер­гісі келетін кан­ди­дат­тың бол­маға­нын бюл­ле­тень­ге қосым­ша фами­ли­я­лар жазу­дан көру­ге бола­ды, – дей­ді Евге­ний Жовтис.

ЕҚЫҰ бақы­ла­у­шы­лар мис­си­я­сы Қаза­қстан­да 26 сәуір­де өткен пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да шынайы оппо­зи­ци­я­ның жоқты­ғы­нан және аза­мат­тар­дың еркін біл­ді­ру құқы­ғы тары­лған­ды­қтан, сай­ла­у­шы­лар­дың таң­да­уы шек­тел­ді деп мәлім­деді. ЕҚЫҰ сай­лау кезін­де бюл­ле­тень­дер­ді сай­лау жәші­гіне топ­тап тастаған 46 оқиға бай­қалға­нын айта­ды. Ұйым дере­гін­ше, дауыс беру­шілер­дің қой­ы­лған қол­да­ры­ның ұқса­сты­ғы, топ­та­сып дауыс беру, сай­лау бюл­ле­тень­дерін сала­тын жәшік­тің тиісті тала­пқа сай бекітіл­ме­гені, бір­не­ше мәр­те дауыс беру, дауыс беру­шілер­ге қысым жасау сияқты заңбұ­зу­шы­лы­қтар да болған.

Facebook желісі қол­да­ну­шы­ла­ры­ның кей­бірі мұн­дай оқиға­лар қата­ры­на сай­лау учас­кесін­де­гі дауыс беру бюл­ле­тенінің тау­сы­лып қалуы сияқты тосын жайт­тар­ды да қоса­ды. Ал Шан­хай ынты­мақ­та­стық ұйы­мы бақы­ла­у­шы­лар мис­си­я­сы­ның бас­шы­сы әрі осы ұйым­ның бас хат­шы­сы Дмит­рий Мезен­цев Қаза­қстан­дағы пре­зи­дент сай­ла­уы «ашық, еркін, демо­кра­ти­я­лық түр­де және Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы мен Сай­лау тура­лы заңы­на сай» өткенін мәлімдеді.

Қаза­қстан Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның алдын ала мәлі­меті бой­ын­ша, 26 сәуір­де өткен сай­ла­уда қазір­гі пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев дауыс беру­шілер­дің 97,7 пай­ыз дауы­сын жинап, жеңіс­ке жеткен.

Мән­шүк АСАУТАЙ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн