Понедельник , 7 июля 2025

САЙЛАУҒА БАР, ҚАЗАҒЫМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №09 (280) от 05 мар­та 2015 г.

 

 

ИРАН-ҒАЙЫП

 

САЙЛАУҒА  БАРҚАЗАҒЫМ… 

 

*  *  *

       ( Сыйыну )

 

 

Көзін­де –

Нұр,

Көкіре­гін­де –

Жарық Күн:

Алып­ты­ғым –

Күй­ін кеш­кен Ғаріптің.

Өз Қолы –

Өз  Жаға­сы­на жармасып,

Өзін-Өзі –

Өлім­ші еткен Халықпын!

 

Тақтан тай­дым,

Тағ­ды­рға бас имедім,

Азып-тоздым –

Ауру тістей сиредім.

Діл­ден-Тіл­ден –

Безіп қаштым…

Алай­да,

Жоғал­ма­дым –

Жоңғар кебін кимедім…

 

Діңім шіріп,

Қуа­рар ма ед пәлегім –

Орал­ма­са

Көш­кен жасыл Әлемім?!

Құр­сан қылған

Құдіретіне Құдай­дың –

Бүгіні­ме:

«О, Иншал­ла!» дер едім!

 

Шүкір?!

Тәу­бе!

Бүтін тұтас Халқым бар –

Тапқан Бостан

Тәу­ел­сіздік қал­пын зар:

Қары­қты­рып

Күл­лі Әлем­нің жанарын,

Жай оғын­дай жарқылдайды

Алтын­дар!

 

Алға бастап

Абы­рой­лы әр ісім,

Бас пен Жақтай –

Тату –

Жақын-Алы­сым!

Он сау­сағым

Жұмы­лған­да –

Жұды­рық:

Орыс,

Татар,

Ұйғыр,

Неміс,

Кәрісім…

 

… Бар!

Бар!

Түгел –

Төрт  Құбы­лам –

Пәр­менім!

Құштым Сәби,

Жұт­тым ыстық

Жар демін!

Туы­лған­дар –

Туған Елдің бағына –

Пар­ла­мен­тім –

Пре­зи­ден­тім  бар менің!

 

Жары­лқай бер,

Жара­ту­шы-Тәңірім?!

Жоғым- Барым –

Бәрі –

Өзіңнің Әмірің!

Тез­ге  көнбес

Тасыр

Таудай Талы­сты –

Сый­ғы­за­сың

Қауы­зы­на Тарының!

 

О, Иншал­ла!

Қол­да,

Қорға,

Бір Алла?!

Үш Мыңын­шы –

Кезең күтіп тұр алда!

Қана­ты­мен

Күн  көтер­ген  қайыспай,

Қаза­қстан –

Айналғай Хас-Қыранға?!

 

Уа,

Бір Алла…

 

 

*  *  *

                                                                 «Дос – жыла­тып айтады…» –

                                                                                              Халық Даналығы.

 

Жылап –

Айтам…

Жыла­тай­ын –

Демей­мін,

Іштен –

Шалып,

Құла­тай­ын –

Демей­мін!

Қорғап,

Дәй­ім,

Тіл мен Көздің –

Сұғы­нан,

Төн­бек –

Тосын:

Нәу­бет-Нәлетін –

Бөгей­мін!

 

Білем!

Білем:

Дүние –

Жалған…

Бекерін!

Сенен дағы,

Менен дағы –

Өтерін!

…Күн­нен –

Жарық,

Айдан –

Анық,

Аға-Дос:

Жүз­ден –

Жүй­рік,

Мың­нан –

Тұл­пар екенің!

 

Соның –

Үшін,

Қонған Бағың –

Басы­ңа,

Бол­ма­сын деп,

Ел Соры­мен –

Ашы­на:

Күн­діз-Түні,

Жал­ба­ры­нам –

Тәңір­ге,

Ерік –

Беріп,

Көз­ден аққан –

Жасы­ма…

 

 

*  *  *

 

Рас,

Кей­де…

Үрей билеп –

Ойым­ды,

Күн­діз –

Күл­кі,

Түн­де –

Ұйқым­ды қашырад:

Илла-Алла-лап,

Тік­теп келем –

Бой­ым­ды,

Ел қатар­лы –

Өзім­ді өзім асырап…

 

Мақұл-Жан­мын –

Бұй­рық-Нәсіп-Мәзір­ге:

Көк­ке –

Той­ып,

Қай­тқан Малдай –

Өрі­стен!

…Күн-Көрісім –

Бір кем емес… әзірге,

Көр­ші-Қолаң –

Ұйғыр…

Орыс,

Кәрі­стен!

 

Бекер,

Тек­ке,

Көн­біс-Көңілім –

Жұтар ма,

Дүние-Боққа,

Білем,

Билік –

Той­ма­сын:

Ала-Қап­ты,

Алу­ан-Гәп­ті –

Қытай­ға,

Қор бол­ма­сын

Дей­мін дағы –

Қой-Басым…

14.02.2015

 

 

                      *  *  *

                          «Мен-Мен»-ге.

 

«Мен!»!

«Мен!»!

«Мен!»!

«Мен!»!

«Мен!»!

«Мен!»:

Сенің –

«Мен-Менің»!

Менің –

«Менім­нің»,

Біле­місің –

«Өлгенін»?!

Мен де –

Сен­дей:

Жан-Жүрек­ті –

Жұмыр-Бас,

Егіз-Бүй­рек –

Ер-Жыныс,

Жәй –

Пен­де­міг…

 

…Менің –

«Менім­ді»,

Неге –

«Өлтір­дің»,

Нән-Адам?!

Мен де –

Сен­дей:

Туғам –

Һауа-Ана­дан!

Құдай –

Хақтың,

Құлақ-Кесті –

Құлы­мын:

Адам-Ата

Кін­ді­гі­нен –

Тараған!

 

Мен де –

Сен­дей:

Қаз-Дауы­сты –

Қаза­қ­пын!

Мен де –

Сен­дей:

Ғала­мат­пын!

Ғажап­пын!!

Мен де –

Сен­дей:

«Жел­тоқ­сан­да» –

Қан жұтып,

Бостан­ды­ғын –

Алған,

Мәң­гі –

Азатпын!!!

 

Менің –

«Менім­ді»,

Неге –

«Өлтір­дің»,

Нелік­тен:

Айы­рас­ың,

Аза­мат­тық –

Ерік­тен?!!       

 

                       *  *  *

                       Рәт­бек-Бал­ды­зы­ма.

 

«Ит –

Бол­дыр­са,

Үред!

Адам –

Бол­дыр­са,

Күлед!»!

Ақын –

Бол­дыр­са,

Қай­терін:

Кәні,

Кімің –

Білед?!

 

Күлем!

Күлем!

Күлем!

Күліп,

Қат­ты –

Сілем:

Жан­дай­шап пен

Жағым­паз,

Жемқор,

Жебір –

Кілең!

 

Сүр­гін –

Ала-Шапқын:

Ыңғай –

Сұм­пай,

Сатқын…

…Жез бен

Мысы –

Сан-Құбыл:

Алтын –

Тәж бен Тақтың…

 

 

14.02.2015     

 

 

 

 

*  *  *

 

Уай,

Басты­ғым?!

Басты­ғым!

Есің­де ме,

Аш-Күнің:

«Ит-Күр­кең­де» –

Ұйлы­ғып,

Ұлый­ты­ны –

«Қасқы­рың»?!

 

Жоқ-Нәр­се­ге –

Уанып,

Қолға –

Қызыл Ту алып,

Қаңғып-Қаңғып:

Бос-Құр­сақ –

Жата­тын Шақ,

Бұра­лып…

 

Бір –

Кез­дер­гі:

Қара-Нан,

Қара-Суға –

Зар-Адам?!

Бүгін:

«Жұтқын-Мүсін­сің»,

Құй­ы­лған

«Нән –

Қола­дан»?!

 

Жүре­гің –

Жоқ!

Жаның –

Жоқ!

Құна­рың –

Жоқ!

Қаның –

Жоқ!

Дін­нен,

Діл­ден –

Жұр­дай­сың!

Има­ның –

Жоқ!

Арың –

Жоқ!

 

Обыр-Өңеш –

Кегей­сің!

Қоға­мы­ңа –

Өгей­сің!

…Қират­сын ба,

Құла­тып:

Тәу­ен-Жұр­тқа,

Не –

Дей­сің?!

 

 

                                                                       15.02.2015

 

 

* * *

   Бір Ініме.

Қатқан Қара –

«Бала» едің,

Со Кез­ден-ақ,

«Шала» едің:

«Тақ­пақ» –

Деуші ең,

Өлеңнің,

Ұқпа­у­шы едің –

Әле­мін.

 

Жан­дай­ша­уып –

Жүру­ші ең,

Жәре­уке­леп –

Күлу­ші ең.

«Зәр жіберіп» –

Бұты­ңа,

Зымыста­нып –

Тұру­шы ең…

 

…Ақыл-Пай­ым –

Шарқың да,

Пара­са­тың,

Парқың да –

Нәсіп-Тал­таң,

Сой-Кер­дең,

Сол –

Күй­ің:

«Таз-Қал­пын­да».

 

Бүгін,

Ной­ыс –

Зор­дай­сың,

Билік қазған –

«Ордай­сың»:

«Ет-Жақы­ның» –

Еме­сті,

Елден шет­теп –

Қор­лай­сың.

 

Ақиы­ғы –

Алтай­дың,

«Жолын» –

Қудым,

Нар­тай­дың:

«Іш-Дәретіңді» –

Бұз­дық па,

Жапа­лан­дың –

Жал­пай­дың…

 

«Бақа»,

«Пірәлі» –

Қатар­лы,

Еттім –

«Жетес-Атаң­ды»:

«Ділің» –

Нет­кен берік-ті,

«Дінің» –

Қан­дай қатал-ды.

 

«Қорқыт-Түбіңді» –

«Қаз­дым»,

Мен,

«Жалаңтөсіңді» –

Мән-Маз­мұн­мен…

«Тұр­маған­бетің»…

«Махам­бет»…

…Неден –

Жаңы­лып…

«Жаз­дым»,

Мен…

 

Шығар­ма­стан –

Төрі­ме,

Жолат­пас­тан –

Жері­ме:

Тірі­дей­ін –

«Өлтіріп»,

Тығар­дай­сың –

«Көрі­ме».

 

Тақта оты­рған –

«Піл­дей­сің»,

Зір­кіл­дей­сің,

Зіл­дей­сің:

Өзі –

Өлсе де,

«Ғай­ып­тың»,

Сөзі –

Өлмесін,

Біл­мей­сің.

 

Тау шөк­тіріп –

«Сал­мағың»,

Нөңсіп,

Жоқтай –

Арма­ның…

…Үйтіп –

«Жүнім-Жұрқам­ды»…

Бүй­тіп,

Әкім –

Болға­ның…

 

                          *  *  *

                 (Қаза­қы-Өлең)

 

Көп­пен –

Бір­ге:

Қотан­да­сып-Ілби­мін,

Кеп­телі­сем –

Ұйлы­ғы­са-Итініп.

Итерісіп,

Мау­жы­рай­мын –

Мүл­ги­мін,

Көрін­бей­тін

Күн-Шоғы­на –

Үйтіліп…

 

…Қия­лым­ның

Түп-Тереңін –

Бой­лай­мын:

«Жүріп –

Келе жаты­рым…» –

Деп,

Ойлай­мын…

                                      15.02.2015     

 

 

 

 

                          *  *  *

                               Өлер­мен­ге.

 

Табиғи-Апат:

Аспа­ни-Зауал,

Жер-Індет,

Руха­ни-Соқыр,

Нада­ни-Керең –

Пақыр­сың!

Тірі –

Күй­ің­де:

Өзіңді –

Өзің кебін­деп,

Өз Көріңді –

Өзің…

«Лақат­тап» –

Қазып жатыр­сың…

 

 

                                      16.02.2015

 

 

 

 

 

 

                          *  *  *

                     ( Аксиома )

 

Машһар-Күні­ме,

Ақы­рет-Түбі­ме –

Сұра­нып:

Халқым –

Ханы­ма,

Ханым –

Халқы­ма…

Лай­ық!

 

…Бірі:

Шын –

Құдай­ға,

Пен­де­а­уи –

«Серік» қоса­ды,

Бірі:

Жалған –

Құдай­ла­нып,

Хай­у­а­ни –

«Солық» баса­ды…

 

17.02.2015

 

 

 

*  *  *

                                                                «Заманға жаман күй­ле­мек»

Абай.

 

«Заманға –

Жаман күй­леді!» –

Деп…

Жыла­ма?!

«Күй­леп,

Жеке –

Биледі?!» –

Деп…

Жыла­ма!

Айт­сын –

Абай…

Абай –

Айт­ты екен деп,

Заман,

Сон­да,

Бір Орнын­да –

Тұра ма!

 

Билесін –

Ол!

Бат­па­сын –

Де,

Күнәға?!

«Енді,

Қан­ша –

Күй­ле­мек?!» –

Деп,

Сұра­ма!

…Бәрін!

Бәрін:

Құдай,

Өзі –

Жөн­дей­ді…

Құр –

Бекер­ге,

Көзің Жасын –

Бұла­ма!

 

 

*  *  *

 

Не –

Жоқ дей­сің,

Әлем­де:

Құпия-Тыл­сым –

Жос­пар­лы,

Халы­қа­ра­лық –

Көлем­де,

«Спек­такль» –

Бастал­ды!

 

Бағын –

Баян­ды етпекші,

Елдің –

Соры қай­на­ды:

«Күні бұрын –

Өтпек­ші,

Пре­зи­дент –

Сай­ла­уы?!»!

 

«Келісі­мін –

Бере ме,

Бер­мей­ді ме –

Ел Басы?!»:

Кел­тір­мей­тін –

Келе­ге,

Құй­тұрқы­лық –

Жалға­сы!

 

«Шірік-Басы –

Балы­қтың»,

Бәз-Баяғы –

Баяғы:

«Қары­ны ашса –

Халы­қтың,

Хан –

Түй­есін сояды!»!

 

«Жүк» –

Түс­кен соң,

«Иығы­на»,

Береді –

Ол…

«Келісім»:

Мәгәс,

Мәң­гүрт,

Миғұ­ла –

Сені менен,

Мен үшін!

 

Жақын­ның да

Алы­стың,

Қан­ды­ра­ды –

«Айы­зын»:

Алып,

Бер­ген –

«Дауы­стың»,

99 –

Пай­ы­зын!

 

«Кім –

Бола­ды,

Келесі –

«Алтын-Тақтың» –

Қонағы?!»:

Өй,

Көр­ген­сіз,

О,

Несі?!

…Әрине,

«Өзі» –

Бола­ды!

 

22.02.2015

                                              

 

 

*  *  *

 

Сай­ла­у­ға бар,

Ағай­ын,

Сай­ла­у­ға бар:

Бүгінің –

Ертеңіңді ойла­у­ға бар!

Бүгінің жақ­сы болса –

Той­ла­у­ға бар,

Ертеңің жаман болса –

Қой­мауға бар!

 

Сай­ла­у­ға бар –

Бол­май­ды бармасыңа,

Қой­мауға бар –

Қорен­ді

Ел Басы­на?!

Өз Дауы­сы­ң­ды –

Өзің бер,

Өктем­дік­тің

Алдан­ба –

Ама­лы­на-Айла­сы­на!

 

Өзің бер –

Дауы­сы­ң­ды әз Қалауыңа,

Айнал­ма –

Жыр­тық Тон­ның жамауына?!

Жол бер­ме –

Жан-Тәніңді қана­уы­на,

Үстем­сіп –

Рухы­ң­ды тонауына?!

 

Сай­ла­у­ға бар –

Қалай­да

Дау­сы­ң­ды бер,

Хан­нан тұл

Қара­шы­ға аусын жігер:

Ми-Жазы­қта

Мастанған пәс Төбешік,

Қай­та қон­са Тағына –

Тау­сып жүрер…

 

Сай­ла­у­ға бар –

Нең қал­ды бармайтындай,

Бар­ма­саң –

Адам түрің қалмайтындай:

Хай­у­ан-Күй­ісі­нен

Тан­бай­тын­дай –

Түп-Тұқи­ян-Түгелің­мен

Жал­май­тын­дай!

 

…Сай­ла­у­ға бар,

Қаза­ғым,

Сай­ла­у­ға бар:

Енді не істеу керегін –

Ойла­у­ға бар!

Бар­ма­саң:

Елің –

Жетім,

Жерің –

Жесір,

Ота­ның –

Отың-Басы ойран болар!

 

Сай­ла­у­ға бар,

Қаза­ғым…

 

 

*  *  *

( Ішкі Диалогтар )

 

– Сай­лау –

«Мара­фо­нын­да»:

Жететін –

Кім…

Жеңіс­ке?!

 

– Қала­тын –

Кім…

Соңын­да?!

Жам­был ма,

Әлде,

Мэлс пе?!

 

– Берілетін –

Әр Дауыс:

«Алтын-Таққа» –

Бай­ға­зы…

 

– Тәңір-Сыйы» –

Таң-да-ныс:

Бәл­кім,

Аман­тай –

Қ‑а-ж‑ы…

            01.03.2015

 

                       *  *  *

 

Қоға­мы­ма –

Сай бол­ма­дым,

Демей­мін.

Кедей бол­дым,

Бай бол­ма­дым,

Демей­мін.

 

Қыз­метін –

Қылғы­з­ба­ды,

Демей­мін.

Қуғын­дап,

Аһ –

Ұрғы­з­ба­ды,

Демей­мін.

 

Аяғым­ды –

Бастыр­ма­ды,

Демей­мін,

Ауы­зым­ды –

Аштыр­ма­ды,

Демей­мін.

 

Дей­тінім­ді –

Дей алма­дым,

Демей­мін.

Дегенім­нің,

Уай­ы­мын –

Жемей­мін.

 

Не –

Десем де,

Дедім –

Жаным-Тәнім­мен.

Не –

Жаз­сам да,

Жаз­дым –

Жүрек-Қаным­мен.

 

Әз-Халқым­ның –

Қаза­қты­ғын,

Жыр­ла­дым.

Ғажап­ты­ғын –

Азатты­ғын,

Жыр­ла­дым.

 

Тұзым –

Сор да,

Еңбе­гім –

Еш,

Дей алман.

Бүгінім –

Үшін:

Ертеңім­нен –

Ұял­ман.

 

Ақын­ды­қтың,

Ақы­ретін –

Тарт­тым,

Мен.

Өмірі­ме,

Өлім Жүгін –

Арт­тым,

Мен…

 

…Өз Елім­де,

Күй­ін кештім –

Өгей­дің,

Дей алмай­мын.

Бұдан –

Басқа:

Не –

Дей­мін!

 

 

                       *  *  *

            ( Эпи­лог орнына )

 

Сөз-Жұпа­рың –

Бұрқы­рап,

Хошта­на­сың,

Өлеңім:

Шыбын-Жаным –

Шырқы­рап,

Шынға –

Айна­ла…

Бере­мін!

 

Қанам­нан –

Тыс,

Жеңіл­деп,

Жалғанға –

Бас имедім:

Көметұғын –

Кебін­деп,

Шыным –

Сен­сің,

Сүй­генім!

 

Бақ-Бап­сыз –

Сор-Маң­дай­мын,

Тағ­дыр

Уы –

Татқа­ным!

…Ажа­лым­ның,

Аңдай­мын:

Қай­дан –

Келе жатқа­нын…

 

Келеді –

Ажал…

Маңы­стап,

Келіп,

«Өлшеп-Пішеді»:

Мені,

Саған –

Табыст­ап,

Өзі,

Көр­ге –

Түседі!

 

…Сөз-Жұпа­рың –

Бұрқы­рап,

Хошта­на­сың,

Өлеңім…

                        01.03.2015

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн