Суббота , 12 июля 2025

САЙЛАУДЫҢ КҮНІ ТУҒАНДА, президенттік стипендиялар таратылды

Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Гүл­ша­ра Әбдіқа­лы­қо­ва 2014 жылғы пре­зи­дент­тік және мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­я­лар­ды тап­сыр­ды, деп хабар­ла­ды пре­зи­дент­тің бас­пасөз қызметі.

«Мәде­ни­ет – қоғам дамуы­ның маңы­зды аспек­тісі. Оған жыл сай­ын мем­ле­кет 7,5 млрд тең­ге бөледі, ұлы ақын­дар шығар­ма­ла­ры­ның көп­том­дық жинақта­ры басы­лу­да, жаңа театр қой­ы­лым­да­ры шыға­ры­лу­да және тағы­сын тағы. Сти­пен­ди­я­лар­ды табыст­ау отан­дық мәде­ни­ет дамуын­дағы лау­ре­ат­тар­дың құн­ды үлесін мой­ын­дау болып табы­ла­ды», – деді Г. Әбдіқалықова.

Сөй­тіп, 2014 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша отан­дық мәде­ни­ет­ті дамы­туға қосқан маңы­зды үлесі үшін әде­би­ет пен өнер сала­сы­ның 100 қай­рат­керіне сти­пен­дия тағай­ын­дал­ды. Пре­зи­дент­тік сти­пен­ди­яға ие болған­дар қата­рын­да Олжас Сүлей­ме­нов, Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков, Бибі­гүл Төле­ге­но­ва, Ескен­дір Хасанға­ли­ев, Вла­ди­мир Толо­кон­ни­ков, Герольд Бель­гер, Асанәлі Әші­мов, Юрий Поме­ран­цев, Шер­хан Мұр­та­за, Әкім Тара­зи, Ана­то­лий Моло­дов және басқа­лар бар.

Сон­дай-ақ Алан Бөрі­ба­ев, Еркебұлан Дай­ы­ров, Әйгерім Беке­та­е­ва, Жанель Төке­е­ва, Әлия Теле­ба­ры­со­ва, Қасым­хан Бұғы­бай және басқа да бірқа­тар жас дарын­дар мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­яға ие болды.

Кино­ак­тер Асанәлі Әші­мов атап өткен­дей, өнер қай­рат­кер­лері Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы, Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңістің 70 жыл­ды­ғы, Қаза­қстан халы­қта­ры ассам­бле­я­сы­ның 20 жыл­ды­ғы секіл­ді биыл­дың ата­у­лы оқиға­ла­рын өткізу­ге бел­сен­ді қатысады.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн