Суббота , 5 июля 2025

СЕМЕЙ ҚАЙТАДАНОБЛЫС БОЛА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №2 (366) от 19 янва­ря 2017 г.

 

Сарғай­тқан сауал

 


 

1996 жылы рес­пуб­ли­ка эко­но­ми­ка­сы­ның қиын-қыстау кезін­де шығы­стағы екі облыс бірік­тіріл­ді. Сол өңір­де­гі сегіз село­лық аудан жабы­лып, көр­шілес аудан­дарға қосыл­ды. Бұл рефор­ма­лар­дың авто­ры Ә.Қажыгелдин бола­тын. Ол пре­мьер-министр кезін­де Қаза­қстан­ды ірі-ірі бес аймаққа бөлу жос­па­рын жасап, елба­сы­на ұсы­нып­ты. Сол ұсы­ныс бой­ын­ша Пав­ло­дар, Шығыс Қаза­қстан, Семей облы­ста­ры қосы­лып, Шығыс Қаза­қстан аймағы құрыл­мақ­шы екен. Орта­лы­ғы – Семей деп бел­гі­лен­ген көрінеді.

 

Мұның бәрі қар­жы жетіс­пе­ушілі­гі­нен туын­даған уақыт­ша шара­лар екен­ді­гін Әке­жан Қажы­гел­дин­нің өзі 1996 жылы Семей­ге кел­ген бір сапа­рын­да ашық айтқан. Бірақ кей­ін, 1997 жылы Семей мен Шығыс Қаза­қстан облы­ста­ры қосы­лып тын­ды. Оған сол кез­де­гі Өске­мен­де болған сепа­ра­ти­стік көзқа­рас­тар да қат­ты әсер етті.

Қазір Өске­мен қала­сын­да елу пай­ы­здан астам қаза­қтар тұра­ды. Бас­шы­лар­дың көбісі – қаза­қтар. Облы­стағы екі мил­ли­он­нан астам халы­қтың жет­піс пай­ы­здай­ын бүгін­де қаза­қтар құрай­ды. Өске­мен­нің айна­ла­сын­дағы Ұлан, Глу­бо­кое, Шемо­наи­ха аудан­да­ры­нан бұрын жер­гілік­ті халы­қты сирек кез­де­стір­сек, қазір мұн­дағы халы­қтың жар­ты­сы­нан аста­мы өз қан­даста­ры­мыз. Бас­шы­лық қыз­мет­тер­де­гі қаза­қтар­дың саны тоқ­сан пай­ы­зға жет­ті. Бұрын­да­ры Өске­мен, Рид­дер қала­ла­ры­ның бас­шы­лы­ғын­да қаза­қтар жоқтың қасы еді. Қазір бұл қала­лар­ды қазақ жігіт­тері ұтым­ды басқа­рып отыр. Мұны айтып оты­рған себебі­міз – Шығыс Қаза­қстан орта­лы­ғын қаза­қы­лан­ды­ру керек деген мақ­сат жемісін берді.

2003 жылы пре­зи­дент Н.Назарбаев Семей­ге кел­ген сапа­рын­да Семей облы­сын қай­та қал­пы­на кел­ті­ру ісі өз кезе­гін­де пісіп-жетіл­ген­де жүзе­ге аса­ды деген. Осы жағ­дай бүгін­де пісіп-жетіл­ді ме? Бұған бір­жақты пікір айту әлі ерте. Себебі Семей облыс болу үшін, оның бюд­жет­тік қоры кем деген­де 20 млрд тең­ге болуы тиіс. Сон­да ғана облыс өз күнін өзі көре алады.

Қазір­гі кез­де қала­да ресми тір­кел­ген жеке кәсіп­кер қата­ры жыл сай­ын өсіп келеді. 300 мың­ның үстін­де тұрғы­ны бар Семей қала­сы­ның жеке бюд­жетіне 13 млрд тең­ге­ден астам қар­жы түсіп отыр. Осы қар­жы­ны бұдан әрі көбей­тудің қан­дай жол­да­ры бар? Оның жолы – Семей маши­на құры­лыс, СемАз, былға­ры-мех, ет ком­би­на­ты, т.б. кәсі­по­рын­дар­дың өндірістік қуа­тын екі есе­ге арт­ты­ру болып табылады.

Бұл кәсі­по­рын­дар­дың тау­ар өндірісі артқан жағ­дай­да әрқай­сысы жер­гілік­ті бюд­жет­ке кем деген­де 1 млрд тең­ге құя алады.

Соны­мен бір­ге «Қара­жы­ра», «Бақыр­шық» секіл­ді кен орын­да­ры­ның салық мәсе­лесін Семей­ге қарат­са, бюд­жет­ке қосым­ша тағы 1 млрд қар­жы түсер еді. Семей­де­гі цемент, сили­кат, былға­ры өңдеу зауыт­та­ры да әзір­ге бар­лық мүм­кін­дік­терін аша қой­ған жоқ. Бұлар­дың әрқай­сысы рес­пуб­ли­ка дең­гей­ін­де­гі өндірістер. Осын­дай мүм­кін­дік­тері бар ұжым­дарға – «Ролют», «Қаза­қка­бель», Семей ұн-құра­ма жем ком­би­нат­та­рын жатқы­зуға бола­ды. Тек соңғы кез­дер­де Семей­де­гі кей­бір фир­ма­лар­ды Алма­ты­ның қал­та­лы аза­мат­та­ры сатып алып, салық төлеу орнын Алма­ты­ға, Аста­наға ауы­сты­рып жібер­ген. Соның сал­да­ры­нан мил­ли­ард­таған қар­жы басқа облы­стар­дың бюд­жетіне қыз­мет етуде.

Ал егер Семей кеме жөн­деу зауы­ты іске қосыл­са, жағ­дай мүл­дем өзге­рер еді. Семей­дің іргесін­де­гі Шуль­ба ГЭС-інде Ертіс өзені­мен кеме жүретін жасан­ды тоған (шлюз) ашы­лған­нан бері Ертіс кеме қыз­метінің ісі алға басқа­лы тұр. Кезін­де бұл кеме қыз­метіне 200-ге жуық ірілі-уақты кеме­лер қараған екен. Қазір содан жиыр­ма шақты ғана қалыпты.

Омбы кеме қыз­метіне жалға беріл­ген қыры­қтан астам кеме­лері­мізді қай­та­рып алуы­мыз шарт. Бүкіл Ертіс бой­ын­дағы көлік қаты­на­сы Семей кеме қыз­метіне бағын­ды­рыл­са, мил­ли­ард­таған қар­жы айна­лы­мға түсіп, рес­пуб­ли­ка бюд­жетін молай­та­ты­ны сөзсіз.

Бірақ бұл – арман, Семей қала­сы – облыс орта­лы­ғы мәр­те­бесіне ие болған­да ғана жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Егер Семей облы­сы қай­та құры­ла қалған­да, оның 8–9 ғана ауда­ны болға­ны абзал. Атап айтқан­да, Семей облы­сы­на – Боро­ду­ли­ха, Бесқа­рағай, бұры­нғы Жаңа­се­мей, Шар («Бақыр­шық» кен орны бар), Абай, Деге­лең (бұры­нғы Абы­ра­лы) аудан­да­ры­мен қоса, Өске­мен­нің – Шемо­наи­ха, Пав­ло­дар­дың – Лебя­жі, Май аудан­да­ры да кір­гені дұрыс деп ойлай­мыз. Лебя­жінің кіруі – «Семей орма­ны» мем­ле­кет­тік меке­месі мен кеме қыз­метінің құры­луы­на бай­ла­ны­сты бол­са, Май ауда­ны – Кур­ча­тов қала­сы­на бай­ла­ны­сты. Себебі Кур­ча­тов – сол өңір­дің кешен­ді дамуы­на ықпал ететін орта­лық. Соны­мен қоса Кур­ча­то­вқа – Шаған, Бөдене сияқты елді мекен­дер­ді де қарат­са, халы­қтың әле­умет­тік жағ­дайы бір­ша­ма түзе­лер еді. Ал бұрын Семей облы­сы құра­мын­да болған Ақсу­ат, Көк­пек­ті, Жар­ма, Аягөз, Үржар аудан­да­ры Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның құра­мын­да қала бер­гені олар­дың эко­но­ми­ка­сы­на тиімді.

Семей­дің жанын­дағы Жаңа­се­мей ауда­ны­ның мүм­кін­ді­гі өте жоға­ры. Оның орта­лы­ғы­на – Шуль­ба кен­ті сұра­нып-ақ тұр. Сон­дай-ақ Абы­ра­лы ауда­нын­да алтын өндіретін «Мей­зек» кен орны бар. Бірақ әлі толық игеріл­ме­ген. Егер осы екі аудан толы­ғы­мен жұмыс істе­се, облы­стың аху­а­лы бір­ден көтеріледі. Семей облыс бол­са, Жар­ма ауда­ны Шар ауда­ны­нан бөлі­неді. Өске­мен — Шар темір жолы бар. Бұл – аудан­мен қоса, облы­стың бюд­жетіне де мил­ли­он­даған қар­жы құй­ы­ла­ды деген сөз. Ал Шемо­наи­ха ауда­ны­ның Семей­ге қара­ты­луы – сүт, астық өнім­дерін өңдей­тін өндірістер­ді дамы­туға жол аша­ды. Семей облы­сы­ның бұры­нғы аудан­да­рын түгел­дей қай­та өзіне қосқа­ны­мен, оны облыс бюд­жеті көте­ре алмайды.

Енді мәсе­ленің мәнісіне мораль­дық тұрғы­дан көз сал­сақ, Шығыс Қаза­қстан облы­сы Семей­ден 1932 жылы 10 науры­зда бөлініп, жеке отау құрған. Ол негізі­нен түсті, ауыр метал­лур­ги­я­ны дамы­ту үшін жасалған қадам бола­тын. Кеңе­стік эко­но­ми­ка осы­ны қажет­сін­ді. Ал 1938 жыл­дың 15 қаңта­рын­да Семей­ден Пав­ло­дар облы­сы бөлініп шықты. Бұл еке­уі де 1868 жылғы 14 қазан­дағы пат­ша жар­лы­ғы бой­ын­ша құры­лған Семей губер­ни­я­сы­ның уез­дері ғана еді. Сөйт­кен Семей облы­сы 1997 жылы тара­ты­лып, халқы жаңа жұмыс ізде­у­ге мәж­бүр болды.

Әрбір қазақ Семей өңірін қаси­ет­ті топы­рақ, ұлы­лар мекені, осы өңір­дің мәде­ни-руха­ни орта­лы­ғы деп біледі. Енде­ше сол қаси­ет­ті жер­дің қадірін ойлап, Семей облы­сын қай­та қал­пы­на кел­тір­сек, қан­дай тама­ша болар еді! Оған енді­гі уақыт жет­кен секіл­ді. Бұдан әрі соза беру­ге болмас.

Сүйе­убай Байқадиұлы,

жур­на­лист,

Семей қала­сы

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн