«Общественная позиция»
(проект «DAT» №37 (401) от 12 октября 2017 г.
Апта аптығы
Семейде 1 қазаннан бастап жылу тарифі 7,5%-ға көтеріледі, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Семей қаласында тариф тапшылығы бар, оның бір бөлігі республикалық бюджеттен жабылады, оған жыл сайын тапшылықты жабу үшін қаржы бөлінеді. (…) «Жылукоммунэнерго» МКК кәсіпорны оңалтудан шықты және ол қарызға батпауы керек, олардың тарифі көрсетілетін қызметке сай болуы тиіс», – деді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков. «Егер біз бүгін тарифті көтермесек, онда бұл кәсіпорын тағы да қарызға батады», – деді ол.
Хабарда атап өтілгендей, жаңа тарифті Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бекіткен. Сондай-ақ жылу көздерінің жүктемесінің көптігінен қаланың оң жақ жағалауындағы тұрғындар үшін жылу энергиясы тапшылығы байқалуда.
Семейдің жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және ЖЭО-1 жаңғырту жұмыстары 2009 жылы, РК-1 жаңғырту жұмыстары 2012 жылы басталды. «Бүгінгі таңда ЖЭО-1 бойынша жоба сомасына Т1,7 млрд-қа түзету енгізу керек. РК-1 жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін Т416 млн керек. РК-1-де қуаты 12 МВт болатын импорттық өндірістің заманауи турбинасы қондырылған, ал осы нысанда іске қосу-қалыпқа келтіру жұмыстарын бастауға Т870 млн керек», – деді әкім орынбасары.
Н.Ушаковтың ақпарынша, бүгінгі таңда бұл сұрақтардың барлығы ҚР Қаржы министрлігінде қаралып жатыр, бағдарлама қолдау тапты. РК-1-дегі жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай (оны аяқтау осы жылға жоспарланған) және электр энергиясын шығаратын турбиналарды іске қосу бойынша, әкім орынбасарының айтуынша, қалада жылуға қатысты проблема болмайды.
ҚазТАГ