Семейден – Астанаға НАРАЗЫЛЫҚ ҮШІН

Кеше Астанада Семей қаласының тұрғыны Кенжеғайша Рақымбаева Жоғарғы сот ғимаратының алдында акция өткізіп, әуеге екі көгершін ұшырды. Рақымбаева осылайша қоғам назарын өз шағымының қаралуына назар аудартпақ болды.

– Көгершін ұшырғанда, Жоғарғы сот 2011 жылы 28 сәуірде жауып тастаған менің ұлымның ісін шынайы түрде қарайды деп үміттендім. Оған туған күнінде қалтасына есірткі салып жіберген, – дейді Кенжеғайша Рақымбаева.
Ол бес жыл бойы ұлына қатысты ашылған жайттар бойынша қайта қылмыстық іс қозғауға қол жеткізгенін айтады. Оның сөзінше, іс былтырғы жылы Бас прокуратура алдында өткен акциядан соң қозғалған. Рақымбаева ол кезде өзін кісенмен прокуратура қоршауына таңып тастамақ болған. Бірақ оны полиция ұстаған. Кейін прокуратура оның ұлының ісін Жоғарғы соттың қарауына жіберген.
Кенжеғайша Рақымбаеваның ұлы Семейде 11 жылдық түрме жазасын өтеп жатыр. Рақымбаеваның пікірінше, ұлын қолдан жасалған іс бойынша соттаған.
Кенжеғайша Рақымбаеваның ісі Жоғарғы сотта 18 наурызда қаралуы тиіс. Жоғарғы сотқа жазылған оның хатында осы күні ұлы Берік Рахымбаевты этаппен Өскеменге әкелетіні айтылған. Өскеменнен оны видеоконференция арқылы сотқа қатыстырмақ.
Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн