Воскресенье , 6 июля 2025

СЕН СЕКІЛДІ МӘҢГҮРТТІ қай қазақ тудырып еді?!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (287) от 23 апре­ля 2015 г.

 

Тура­би тұғыры

 

Нұр­тө­ре Жүсіп:

Хай­у­а­нат­тар бағын­да үлкен екі піл тұр: жақын­да оның ұрға­шы­сы піл­деді, әкесі­нен айны­май­тын бір кіш­кен­тай піл өмір­ге кел­ді. Үлкен піл­дер кіп-кіш­кен­тай қазы­ққа жұп-жұқа шын­жыр­мен бай­ланған. Бір тарт­са пырт еткізіп үзіп, қашып кетуіне болар еді. Олар неге қашпай­ды? Өйт­кені үлкен піл­дер де кіш­кен­тай кезін­де қан­ша күшен­се де, бұл жер­ден ешқай­да қашып кете алмай­ты­нын түсін­ген. Сон­ды­қтан қан­ша үлкен, қан­ша күшті бол­са да, олар қашып кету тура­лы ешқа­шан ойла­май­ды да…

Бой­ын­да піл­дің қуа­тын­дай күш-қай­рат бола тұра, біздің қаза­қтың ештеңе істе­гісі кел­мей­тінін піл­дің пей­ілі­мен түсін­діру­ге бола­тын сияқты…

 

 

Серік Өмір­тай:

Көрін­ген өзі біліп, хат жол­дай сала­тын заман бол­ды ғой. Ұлым «әке, сіз­ге «сік» деген біре­уден хат кел­ді» деп, айқай сал­ма­сы бар ма?!

«Тәйт! Аузы­ң­ды бұзам» деп, ашу­мен қолы­нан жұлып алсам, расы­мен «СІК_РК» деген біре­уден орыс­ша: «26.04.15 күні сай­ла­у­ға келіңіз…» деген хат келіпті.

Сіз­дер­ге де кел­ді ме?))

 

 

Ахмет­бек Нұрсила:

…Жан­та­ла­сып соғы­сып жатқан әлем­де бір бей­қам жатқан, «шоу»-латып, шырыл­да­уық шегірт­ке сияқты той­ла­тып: «аспанға қарап, жұл­ды­зды санап, «чип-чип» деп, «жүре­гі ауыр­май» жүр­ген бір ұлт бар. Теле­ди­да­рын қосып қал­саң, «Той­бест­стар», «Бене­фис-шоу», «Түн­гі студия»!..

Қашанғы «шоу»-латады екен­біз? Апа­мыз күн­діз жоға­лып, ойнап кет­кен­де ұрсу­шы еді: «Ой, ойы­ның осы­лғыр­лар!» – деп. Түбін­де ойы­ны­мыз осы­ла­ды-ау… «Шан­шар» мен «Ныса­на­ның», «Екі езу» мен «Базар жоқтың» зама­ны жүріп-ақ тұр қазір…

Қазір­гі кез бәрін қой­ып, «Қалай сауда­ны, өндірісті дамы­та­мыз, келер ұрпаққа қалай бай да мәде­ни­еті жоға­ры қоғам қалып­та­сты­рып кете­міз» деп, әрқай­сы­мыз ойла­на­тын заман емес пе?!

«Не түсер құр күл­кі­ден жыр­тың-жыр­тың…» – демеп пе еді Хакім Абай?!

 

 

Айтқо­жа Фазыл:

«…Пат­ри­от бол!! Пат­ри­от бол!» деген жалаң сөз­ге еріп, пат­ри­от болып жатқан жастар аз. Және сол «пат­ри­от бол» мен «пат­ри­от­пын» деп айғай­лай­тын­дар­дың көбісін көріп, жастар «пат­ри­от» деген боқа­уыз сөз деп ұғы­нар… «АРТ» теле­ка­на­лын­дағы жек­пе-жек­те қазақ тілі қоға­мы­ның обл­бас­шы­сы мені екі сөзінің бірін­де «сіз пат­ри­от емес­сіз» деп әшке­ре­ле­мек бол­ды өзін­ше. Екі айдан кей­ін ол ақша жеп ұста­лып, өз басы­мен қай­ғы болып кетті.

Маған оры­стар­дың пат­ри­от­тық тәр­би­есі ұнай­ды. «Крым­Наш», «Сев­Каз­Наш», «Вели­кая Рос­сия» деген сөз­дер­де орыс жаста­ры үшін табыл­мас, суал­мас пат­ри­от­тық жатыр. Біз­де­гі пат­ри­от­тық тәр­би­е­леу бүгін­гі күн­ге неме­се келе­шек­ке бай­ла­ны­сты емес, түгел­дей өткен ғасыр­лар­дағы жетістік­тер­ге «батыр­ларға, қал­мақ қырғын­да­ры­на» бай­ла­ны­сты. Қазір­гі мақтай­ты­ны­мыз – ет, киіз үй, қаза­қтың салт-дәстүрі, киім­дері, т.б. қазір­гі заман тала­бы­на сәй­кес емес нәрселер…

Мен жол­даста­рым­мен бір­ге Путин­нің «Қазақ мем­ле­кеті бол­маған» деген мәлім­де­месіне қар­сы Аста­на­дағы Ресей­дің елшілі­гіне бар­дым: оған 100 метр жет­кіз­бей бізді бір авто­бус «ОМОН» ұста­ды. Мем­ле­кет мүд­десі, келе­ше­гі үшін керісін­ше істеу керек еді ғой…

Мен орыс теле­ка­нал­да­ры­ның біздің эфир­ді түгел­дей жау­лап алуы­на 1000% қар­сы­мын. Себебі бұрын ауы­лы­ң­ды, үйіңді тонау үшін, ұры­лар ауыл иттеріне сүй­ек тастап, өздеріне үрмей­тін етіп ала­тын болған. Ресей теле­ка­нал­да­ры – оры­стар­дың біздің жастарға тастаған сүйегі.

Укра­и­на­дағы оқиға, одан кей­ін­гі оры­стар­дың шуы­лы, Путин мен «Жирик» сияқты­лар­дың мәлім­де­ме­лері­нен біздің жауы­мыз 80% Ресей деп ойлау керек.

Біз қазір олар­мен ауыз жала­сып, келесі ұрпаққа түтін­деп жатқан шоқ тастап кетіп барамыз.

 

 

Мар­жан Момбекова:

Таңер­тең «ФБ»-қа бір шолу жасай­мын. Орыс тіл­ді бір досым­ның парақ­ша­сын қарап шығып, мәң­гүрт­тік­ті жеңу мүм­кін емес екен­ді­гіне көз жет­кіздім. Тақы­рып келім­сек­тер тура­лы бола­тын. Еуро­па­лы­қтар­дың дағ­да­рыс сал­да­ры­нан өздеріне жет­пей жатқан соң, Афри­ка, Азия елдері­нен көшіп келіп жатқан келім­сек­тер­ге нара­зы­лы­қта­ры тура­лы талқы­ла­нып жатқан. Қызды-қызды­мен бір жас қыз: «У нас сво­их пере­се­лен­цев хва­та­ет из Мон­го­лии, Китая, орал­ма­ны гово­рят толь­ко на казах­ском и учат­ся у нас» депті.

Әтте­ген-ай, сен секіл­ді мәң­гүрт­ті қай қазақ туды­рып еді?!

 

 

Аманға­ли Әбуов:

Ресей маман­да­ры мен идео­лог­та­ры баяғы пат­ша­лық кезең­де басталған басқын­шы­лық, қаза­қтың жерін иеленіп, өзін жою, не мәң­гүрт-оры­сқұлға айнал­ды­ру иде­я­ла­рын әлі жүзе­ге асы­руын жалға­сты­рып келеді. Тая­у­да ғана «Ортақ еура­зи­я­лық ақпа­рат үшін медиа­ре­сур­стар­ды бірік­тірей­ік» деп ұсы­ныс жасап отыр. Бұл енді таза «Қаза­қстан Ресей­дің бір губер­ни­я­сы болып, қол асты­ма кір» деген­дері ғой. Медиа­ре­сур­стар­ды бірік­тір­сек – «қара иван­дар» болғанымыз.

Біздің билік ауы­спай, Мәс­ке­уден бой­ын аулақ сала­тын билік кел­мей бол­май­ды. Өйт­кені 1991 жыл­дан бері біз онсыз да оры­стың импе­ри­я­шыл медиа­ре­сур­ста­рын тұты­нып, оқып, көріп, тың­дап келе­міз. ТМД-ға ортақ деп «Мир» деген арна­ны ашты, ол толық Ресей­дің наси­хат­шы­сы болып отыр. Еура­зия, КТК, НТК, «31», «7 канал», «Каз­с­порт» та жар­ты­лай, «Аста­на», тағы басқа қаза­қстан­дық деп сана­ла­тын теле­ар­на­лар­дың басым бөлі­гі орыс тілін­де хабар, ақпа­рат тара­тып қана қой­май, ресей­лік теле­ар­на­лар­дың өнім­дерін көр­сетіп жүр. Қаза­қстан­дық теле­ар­на­лар­да кемі 50 пай­ыз орыс тілін­де ақпа­рат, өнім тара­та­ды. Тіп­ті қай канал­ды ашып қал­саң да, қаза­қ­пен қазақ оты­рып алып, орыс­ша сай­рап жата­ды. Дүң­гір­шек­тер­де­гі газет-жур­нал­дың 70 пай­ы­зы орыс­ша, ол аз десеңіз, басым бөлі­гі ресей­лік өнім­дер. Билік «Қаза­қстан­дық өнім­ді сатып алай­ық!» – деп ұран­да­тып жүр ғой. Медиа­ру­сур­стар­да да тек «Қаза­қстан­дық өнім­дер­ді сатып алу керек» деп, халы­ққа қаза­қи, ұлт­тық, ең бол­маған­да, қаза­қстан­дық идео­ло­ги­я­ны наси­хат­та­удың орны­на Ресей­дің медиа­ре­сур­ста­ры­на бар­лы­ғын қосып берей­ік деу – барып тұрған орысқұлдық.

 

(Пікір­лер интер­нет­тің әлеуметтік

желілері­нен алынды)

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн