Суббота , 5 июля 2025

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ: Батырлар рухынан қорықсақ, ҚАНДАЙ ЕЛ БОЛҒАНЫМЫЗ?!

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №9 (326) от 3 мар­та 2016 г.

Мерей­той мезеті

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ:
Батыр­лар рухы­нан қорықсақ,
ҚАНДАЙ ЕЛ БОЛҒАНЫМЫЗ?!

Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, ҚР-на еңбе­гі сің­ген қай­рат­кер, бел­гілі ақын Серік Тұрғын­бекұ­лы 70 жасқа тол­ды. Секең – Иран Ғай­ып сияқты, біздің газет­тің тұрақты авторы.
Неге «сияқты»? Себебі бұл ақын­дар­дың поэ­зи­я­сын­да аза­мат­тық рух, ол рух­та бүгін­гі қыты­мыр күн­нің сары­ны бар. Әлбет­те, қаза­қта ақын аз емес. Олар­дың поэ­зи­я­сын­да аза­мат­тық үн, ұлт­тық мүд­де жоқ деп айтуға бол­мас. Талай дүние тыл­сым­да жатқа­ны анық: көп­шілі­гі запы­ран-заман жыр­ла­рын қол­жа­з­ба күй­ін­де сақтап, жары­ққа шыға­руға жүрексініп жүр­гені сезіледі. Ал Серік – қоғам­ды мең­де­ген құқай­ды «ұрып қой­ған» ақын. Сон­дай «ұрып қой­ған» өлең­дері уақ-уақ біздің газет­те жари­я­ла­нып тұрады.

– Сіз Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның өткен ғасыр­дан келе жатқан егде мүше­лерінің бірісіз. Міне, енді алты беле­сті артқа тастап, жет­пістің жел­кесіне мінер тұста, біз Сізді баяғы Абыз жасы­на жет­ті деп есеп­тей­міз. Осы белесіңіз­бен құт­ты­қтай оты­рып, Абы­зға бір­не­ше сұрақ қой­ғы­мыз келеді…
– Рах­мет! Алды­мен «Абыз» дегеніңе тоқта­лай­ын. Сұрағы­ң­ды сонан соң қояр­сың. Бұл өзі аса жау­ап­ты, екінің біріне айты­ла бер­мей­тін қаси­ет­ті, қастер­лі сөз деп есеп­тей­мін. Абыз деген атқа кеше­гі Әбіш (Кекіл­ба­ев – Ред.) лай­ық еді. Әттең, тірі кезін­де оған лай­ық осы сөзді қадап айта алма­дық. Енді өлген­нен кей­ін «Әулие» деп, «Әмбие» деп шулап жатыр­мыз. Оның өзі де, сөзі де, бол­мыс-біті­мі де өз заман­даста­ры­нан әлдеқай­да озық ерекше жара­ты­лған жан еді. Әбе­кеңе біз аза­мат­тық тұрғы­да емес, мем­ле­кет­тік көзқа­рас­пен баға бер­дік. Еңбек Ері атағын алды. Бұл атақ «Әбіш Кекіл­ба­ев» деген киелі есім­нен әлдеқай­да төмен еді. Қазір екінің бірі, кез кел­ген биз­не­смен­нің ақша беріп, ала беретін атағы­на айна­лып кет­ті. Сон­да Әбі­штің дара­лы­ғы қай­да? Одан гөрі, жаңағы өзің айтқан­дай «Абыз», «Би», «Қаһар­ман» деген атақ бол­са, аз да бол­са Әбе­кеңнің бол­мысы­на жақын­дар еді.
Ал шын­ту­ай­ты­на кел­ген­де, әртістер бол­са бір сәрі (олар көре­рмен­дер­дің алды­на күн­де шыға­ды ғой), жал­пы атақты қалам­гер­ге, әйгілі жазу­шы­ға қосақталған мара­пат­тың түк­ке кере­гі жоқ. Әбіш Кекіл­ба­ев қырғы­здың Шыңғыс Айт­ма­то­вы сын­ды әлем­дік дең­гей­де­гі жазу­шы. Ал Шыңғы­сты мара­пат-лау­а­зы­мы­м­ен ешкім ата­май­ды. Айт­ма­тов! Сол жетіп жатыр. Әбіш те солай. Мәсе­лен, бұл күн­дері дүй­ім ел 85 жыл­ды­ғын той­лап жатқан Мұқаға­ли Мақа­та­ев­тың Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері екенін көп­шілік біле бер­мей­ді. Оның үстіне оған бұл атақ көзінің тірісін­де емес, өлген­нен кей­ін беріл­ді. Өйтіп қалам­гер­ді атақ­пен «қор­ла­у­ға» бол­май­ды. Мұқаға­ли бұл атақтың дең­гей­і­нен көзінің тірісін­де-ақ биік­теп кет­кен ақын: Абай, Мағ­жан, Қасым сияқты. Оның өлеңін жұрт­шы­лық атағы­на қарап оқы­май­ды. Оны халық сүй­іспен­шілі­гіне бөле­ген – өлеңі. Мұқаға­ли Мақа­та­ев – ақын. Осы сөз­ден артық марқұм Мұқаңа да, қалың елге де ештеңе керек емес.

– Осын­ша қаз­ба­лап кет­кеніңіз­ге қараған­да, атақ беру­ші орын­дарға бір өкпе­ңіз бар-ау, шамасы…
– Жоқ, жеке басы­ма бай­ла­ны­сты ешкім­ге өкпем жоқ. Жазу­шы­лар одағы бол­са, ол әлдебір ақын-жазу­шы­ны атақ-мара­патқа ұсы­ну­шы ғана орын. Қолын­да тіке­лей ештеңе жоқ. Себебі ол бар-жоғы қоғам­дық ұйым ғана. Әуел­де Кон­сти­ту­ци­я­ны түзе­ген­де, әлдебір қас­көй­лер тәу­ел­сіз мем­ле­кет­ке тәу­ел­ді жазу­шы­лар бол­сын деген ниет­пен, бүкіл Кеңес үкі­метінің өзіне қозғау сала ала­тын қалам­гер­лер­ді қол­да ұстау үшін осы­лай жасаған.

– Бел­гілі бір одақтың қорас­ы­на әртіс, сурет­ші, мүсін­ші сияқты шығар­ма­шы­лық адам­да­ры­ның бәрі қамалған жоқ па?
– Жазу­шы­лар­дың күйі солай болған соң, басқа­лар қай­да бара­ды? Үкі­мет олар­ды ашса алақа­нын­да, жұм­са жұды­ры­ғын­да ұстап отыр. Мәсе­лен, қазір әншілер ақша табу үшін той­ларға көп бара­ды. Бай адам­дар­дың ықпа­лын­да бола­ды. Олар ақша табу­дың бар­лық тетік­тері мен тәсіл­дерін бес сау­сақтай үйреніп алды. Бәрі бір­дей демей­мін, әрине, бұрын­нан ары бар, атағы бар, абы­ройы бар, біраз әншілер­ге олар­дың әлі де тісі бата бермейді.
Бірақ ақыл емес, құлқы­нға ерік бер­ген мына заман­да бәрін күту­ге бола­ды. Қазір ақша бол­са, бәрін жаса­уға бола­ды деген харам ой екінің бірін билеп алған. Бүгін­гі күн кітап оқу­дың, ғылым-білім тоқу­дың зама­ны емес, даңға­за-шоудың зама­ны. Өйт­кені әлдебіре­улер одан да өз нәпақа­сын тауып отыр.

– Жазу­шы­лар одағы­на өкпе­ңіз жоқ екен, онда Мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа бір­не­ше рет ұсы­ны­лып, ірік­те­уден неге өтпей қалып жүрсіз?
– Құлаған жалғыз мен бе, осы сый­лық алған­дар­дың алды – алты рет, соңы – ең бол­маған­да екі рет құлаған­дар. Бір­ден ұсы­ны­лып өтіп кет­кен­дер өте сирек. Сон­ды­қтан мен енді оны қалып­ты жағ­дай деп есептеймін.

– Соған қара­ма­стан, әлі де додаға түсіп, бақ сынау ойы­ңы­зда бар ма?
– «Жығы­лған күрес­ке той­май­ды» деген рас екен. Иә, ден сау бол­са, әлі де бақ сынап көрер ойым бар.

– Ал сон­да ақын-жазу­шы­ға қосар­ланған атақ қажет емес деген ұста­ны­мы­ңыз қай­да қалады?
– Шын ақын бол­саң, шығар­ма­шы­лық жол­дың шырға­лаңы­на төзу керек. Бәл­кім, бір жолғы ұсы­нған шығар­маң, шынын­да, төрт аяғы тең, кем-кетіксіз дүние емес шығар. Енді не де бол­са, келесі шығар­ма­лар­дан жақ­сы­лық күтей­ін деген ой жете­гін­де бола­сың. Мұның өзі сені тың сер­пін­ге, жаңа шығар­ма­лар жазуға шың­дай­ды. Оның сыр­тын­да әр жыл­дар­да өтіп жатқан ұлы­лы-кішілі (рес­пуб­ли­ка­лық, халы­қа­ра­лық) жыр мүшәй­ра­лар жары­сы­на қаты­сып, көп жағ­дай­да жолым болып жүр. Мәсе­лен, өткен жылы «Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­дық» тари­хи мүшәй­ра­сы­на қаты­сып, бас жүл­де алдым. Бір-екі мүшәй­ра­да авто­көлік мін­генім де бар.
Ал Мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа кел­сем, жолын тауып, алып жатқан­дар­дың қуа­ны­шы­на мен де қосы­лам. Бірақ Мем­ле­кет­тік сый­лық біры­ңғай билік­ті мақтаған­дарға, солар­ды жақтаған­дарға, яғни жағым­паз­ды­ққа жол ашса, ондай әде­би­ет­тің маң­дай соры бес елі деп баға­лар едім. Өкініш­ке орай, кей­ін­гі сый­лы­қтарға билік ара­ла­сып, беделі кетіп бара­ды. Енді айты­стың өзі билік­тің уысы­на түсіп тұр. Билік ара­ласқан жер­де әде­би­ет те, өнер де бол­май­ды. Оларға еркін­дік керек.
Қоғам­да қалып­тасқан осын­дай жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты бір шумақ өлеңім бар еді:
Тым тереңге
бойламай,
Ақын қамын ойламай.
Бір сүйекке
Жүз итті –
Таластырып
қойғаны-ай!..

– Сай­лау науқа­ны баста­лып жатыр ғой. «Ақ жол­дағы» ақ жал ақын­дар­дың бірі едіңіз: дауы­сқа түсіп, депу­тат­тық додаға қаты­сып көр­медіңіз бе?
– Атай көр­меңіз! Сай­ла­удың нағыз лас сая­сат екеніне көзім жет­ті. «Ақ жол­дан» бір емес, бір­не­ше мәр­те дауы­сқа түстім. Бәрі есеп­те­улі, бәрі өлшеулі…
«Ақ жол­дың» өткен сай­ла­у­ы­на біры­ңғай қал­та­лы­лар қаты­сып, ақша­ның арқа­сын­да пар­ла­мент пар­та­сы­на отыр­ды. Сон­дағы бір жина­лы­ста менің қат­ты сөй­ле­генім бар: «Бір­де-бір Алаш ары­ста­ры­ның кім екенін ажы­ра­та алмай­сы­ң­дар, Әли­хан Бөкей­ха­но­вты, Ахмет Бай­тұр­сы­но­вты, тіп­ті Абай­ды оқы­ған жоқ­сы­ң­дар. Мем­ле­кет­тік тіл­ден мақұ­рым­сы­ң­дар. Тек қана қал­та­ла­рың қалың, соның арқа­сын­да пар­ти­яға бүгін кіріп, ертеңіне пар­ла­мент мүше­сі бол­ды­ң­дар. Біз­де он жыл осы пар­ти­я­ның пұшпағын илеп жүр­ген­дер­дің бір­де-біре­уі ілік­пей отыр: Айта­лы, Исра­ил, Хан­бибі, әнші керек пе – міне, Мыр­жы­қ­ба­ев, әртіс керек пе, әні – Асыл­бо­лат Ысмағұлов».
Пар­тия бас­шы­лы­ғы­ның бірі де міз бақ­па­ды. Бәрі ақша­ла­рын өткізіп қой­ған. Өйт­кені пар­ти­яда ақша жоқ, өзін-өзі қар­жы­лан­ды­ру керек. Дұрыс делік. Сон­да «Алаш» пар­ти­я­сы басты ныса­наға алған Ала­штың сөзін құн­дап, өзін наси­хат­тап жүр­ген­дер­дің бір­де-біре­уі жара­маға­ны ма? Өздері мем­ле­кет­тік тіл­ге шорқақ. Оны қой­шы, тіл біл­ме­се де жүре береді ғой. Бәрі­нен бұрын қал­та­ның күші басым болға­сын, рен­жі­гені­міз рас. Бұры­нғы­лар­дың көбісі сол жолы пар­ти­я­мен қош айты­сты. Мен әлі мүше­мін. Мақ­са­тым – депу­тат болу емес. Ала­штың сөзін бүкіл мін­бер­ден асы­ра алсам, арма­ным бол­мас еді. Әттең, не керек, ол бір қол жет­пей­тін арманға айнал­ды. Енді жет­піс­ке кел­ген­де маған не керек?! Ұлт­тың сөзін сөй­леп, халы­ққа игі тіле­гім­ді жет­кі­зе алсам, жарап жатыр. Әзір мені «Ақ жол­дан» қуып жатқан ешкім жоқ. Әлі де жүре тұрғым келеді. Себебі онда «Алаш» плат­фор­ма­сы бар. Алаш арда­гер­леріне қаты­сты соңғы жыл­да­ры көп жұмыстар жасал­ды. Солар­дың бел орта­сын­да жүр­сем, жарап жатқан жоқ па?

– Туған жеріңіз Торғай­ға барып тұра­сыз ба? Ел ішін­де­гі жағ­дай нешік екен?
– Туған жеріне жиі барып тұра­тын бір­ден-бір ақын – осы мен шығар­мын. Барған сай­ын жүре­гім ауы­рып қай­та­ды. Соның бәрі Торғай өзенінің жыл­ма-жыл тар­ты­лып бара жатқа­ны­нан болып отыр. Кеңес үкі­меті жыл­да­ры толас­сыз таси­тын бұл Торғай­ға не бол­ды? Әркім әртүр­лі пікір айта­ды. Біре­улер айта­ды, Торғай­дың анау Ұлы­тау жақ баста­уын­да, Мая­тас жағын­да алтын, күміс өндірісі бар: соған есеп­сіз су бай­лаған дей­ді. Енді біре­улер айта­ды: қара­у­сыз қалған дала­да өзен­ді әркім өзін­ше пай­да­ла­нып, кере­гін­ше бөгет салып, өз қажетіне жара­ту үшін арна­сын бұрып әкет­кен­дер бар дей­ді. Торғай­дың сараң тасуы сал­да­ры­нан сар­саңға түс­кен ел қай­да бара­рын біл­мей, тығы­ры­ққа тірел­ген күй кешу­де. Әлдебіре­улер айта­ды: соның бәрі анау қасын­дағы Бай­қоңыр­дан есеп­сіз ұшып жатқан раке­та­лар­дың қыр­сы­ғы дей­ді. Жыл­ма-жыл киік­тер­дің топыр­лай қыры­луы­на себеп болып оты­рға­ны да содан дей­ді кей­бір білгіштер.
Осын­дай сау­ал­ды жүй­е­леп, себеп-сал­да­рын тауып, халы­ққа түсін­діріп жатқан ешкім жоқ. Ондағы халық та, дала­да өріп жүр­ген аң да – бір. Көбісі ол өңір­ге аң аулау, балық аулау машы­ғы­мен бара­ды. Қыры­лып жатқан киік­тер­ге пысқы­рып та қара­май­ды. Өткен жылы Торғай дала­сын­да жап­пай киік қыры­лған­да, сіздің газет қана ашы­на жазып, өзім­нің жанай­қай­ым­ды әйте­уір «ДАТ» арқы­лы халы­ққа жет­кіздім. Ал үкі­мет­те­гілер бұл оқиға­ны сан-саққа жүгір­тіп, ақы­ры адам­ның ақы­лы­на сый­май­тын дүдә­мал дәлел­дері­мен жұм­бақ күй­ін­де қал­дыр­ды. Себеп-сал­да­рын ашып айтпады…
Ал осы Торғай дала­сы­ның жер көле­міне кемін­де үш Фран­ция, бес Бель­гия сый­ып кете­ді екен. Жер қой­на­уын ақта­рып қал­саң, тұнып тұрған қаз­ба бай­лық! Мал өсіру­ге тап­тыр­май­тын жер. Ата­ла­ры­мыз кеше­гі Кеңес үкі­метінің кезіне дей­ін мыңғы­рған мал өсіріп, тау-тау астық алған. Жеке облыс болып, Арқа­лық қала­сы­ның абы­ройы асқақтап тұр­ды. Қала­дағы бок­сит қоры тау­сы­луға айнал­ды деген – жәй сыл­тау ғана. Ол тау­сыл­са, тағы бір кен бай­лы­ғы қой­нын ашып, тұта­сып жатыр. Зерт­те­ушілер бұл дала­да мұнай­дың орас­ан зор қоры бар екенін там­са­на айта­ды. Көмір­ден де кен­де емес. Жер асты су қор­ла­ры қолға алу­ды күт­келі қашан. «Ізде­стір­се – резерв көп» деген Кеңес үкі­метін­де бір келелі сөз бар еді. Сол сөз мағы­на­сын әлі жой­ған жоқ. Сонау Ұлы­та­удан баты­сқа қарай Ырғы­зға дей­ін­гі ара­лы­қтың асты-үсті толған ырыздық.
Менің жаны­ма бата­ты­ны Абай мен Шәкәрім­нің елі – Семей мен Ахмет пен Мір­жақып­тың жері – Торғай­дың еле­усіз қалып, бүтін бай­лы­ғы­ның игеріл­мей жатуы. Ең басты­сы – руха­ни қазы­на. Бұл қара­пай­ым халы­қтың емес, тіке­лей ел басқа­рып оты­рған шек­пен­ділер мен шене­унік­тер­дің кінәсі деп білемін.

– «Шене­унік» демек­ші, Сіздің осын­дай бір өлеңіңіз бар еді ғой?!
– Иә, бар, оқып берейін:
Білімсіз,
Надан нәтінде.
Өресіз –
Өмір дерегі.
Шене­унік болған
сәтінде.
Шіреніп шыға келеді.

Біл­мей­сің,
Болжап тегі кім?
Ойла­май қамын
өзгенің.
Шенеуніктердің
көбінің
Шел басып кеткен
көздерін.

Шұрай­лы шықса
жер – егін,
Дихандар байғұс
баптаған.
Шенеуніктерді
көремін.
Шегірткелердей
қаптаған.

Кем­бағал жансың –
Кем мүлкі –
Бармасаң
«Тақ­сыр, ләппайға!»
Бай­лық пен мансап
соныкі,
Шене­унік болмай –
бақ қайда?!

Жүре­гі –
Жұр­дай намыстан.
Бөліп ала­ды сый­ды да.
Тек солар ғана –
данышпан,
Қалға­ны түгел –
миғұла.

Қай­мы­ғам мен де
несінен.
Сол шығар маған
керегі…
Шене­унік көрсем,
Шетінен –
Шық­пыр­тып алғым
келеді.

Сөзім­нің соңы
тым келте,
Созба­лап қайтем
көп бекер.
Шене­унік көрсем,
Шымкентше,
«…О шешең!» дегім
кеп кетер!

– Торғай­да эко­ло­гия ғана емес, әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­ал да оңай бол­май тұрған сияқты ғой…
– Торғай тура­лы сөз қозғал­са, маң­дай­ы­ма тастай тиетін бір тақы­рып бар. Ол тас жолға бай­ла­ны­сты. «Нұр­лы жол» бағ­дар­ла­ма­сы­мен Аста­на­дан баты­сқа қарай бағыт түзей­тін тас жол­дың жыры әзір бітетін емес. Басы мен аяғы жоқ, бір біт­пей­тін әңгі­ме. Біздің естуі­міз­ше – елор­да­дан бастау алған тас жол Қорғал­жын өңірін басып өтіп, Тері­саққан­ды тіліп өтіп, Арқа­лы­қтың іргесі­нен Аман­гел­ді, Жан­гел­дин аудан­да­ры­ның үсті­мен Ырғы­зға тіре­луі тиіс-тін. Оның үстіне бұл жоба «Нұр­лы жол» бағ­дар­ла­ма­сы­мен жүзе­ге аса­тын болған соң, халы­қтың сені­міне сел­кеу түсе қой­ған жоқ әлі. Айты­ла-айты­ла темір жол­дан күдер үзген халық «ең бол­ма­са тас жол түс­се екен» деп, екі көзі төрт болып отыр. Жағ­дай осы қалып­та жалға­са бер­се, ол өңір­де жастар­ды тұрақтан­ды­ру­дың өзі бір қия­мет-қай­ым болға­лы тұр.

– Жақын­да ел ара­сын­да пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың Алма­ты­дағы бір сапа­рын­да шар­шы топ­тың алдын­да сөй­ле­ген бір сөзі халық ара­сын­да зор дүр­бе­лең тудыр­ды. Маған мына­дай өсек (слух) жет­ті деді пре­зи­дент: бір меке­ме­ге орыс тіл­ді адам орыс тілін­де өтініш айт­са, оған орыс тілін­де жау­ап қай­та­ры­луы тиіс…
– Естідім! Енді бұл елба­сы ара­ла­са­тын іс емес. Өзі де айтып отыр ғой: про­ку­ра­ту­ра неге тек­сер­мей­ді деп. «Слух­ты» жет­кіз­ген кісі неге тіке­лей про­ку­рор­дың өзіне шық­пай­ды? Енді бұл пре­зи­дент­тің аузы­нан шыққан­нан кей­ін, заңға айна­лып, қаза­қ­ша жау­ап бер­ген қазақ бай­ғұс жаза­сын тар­тып жатқан шығар. Мен солай деп ойлаймын.
Осы­ның бәрі – қазақ тілін құнт­та­маған­ды­қтан, оның қадір-қаси­етін түсініп, тың­да­маған­ды­қтан туын­дап оты­рған жай. Тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға ширек ғасыр өтсе де, басы­бай­лы бір дұрыс заң қабыл­дан­баған­ды­қтан болып оты­рған бас­сыздық. Мен мұны мем­ле­кет­тік тіл­ді талқы­ға салып, тәл­кек ету деп түсі­нем. Мем­ле­кет­тік тіл ешқа­шан да сөз­бұй­даға салын­бай­ды. Кон­сти­ту­ци­я­лық негіз­де қатаң заң жүзін­де жұмыс істеп, жүзе­ге асуы керек еді. Әттең, амал не?! Біздің елде олай бол­май отыр.

– Сіздің «Кей­кі батыр» даста­ны­ңы­зды әде­би орта жылы қабыл­да­ды. Осы шығар­маңы­зға халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғын алды­ңыз. «Махам­бет және Жәң­гір хан» даста­ны­на да Махам­бет сый­лы­ғын алға­ны­ңыз бел­гілі. Мұны әдейі айтып оты­рған себебім – Сіз осы тұлға­лар тура­лы дастан жазып қана қой­май, оны әрі қарай діт­теп, зерт­теп, зер­де­леу жағы­нан да күш салып келесіз. Енді осы шығар­ма­ла­ры­ңы­здың жалға­сы бола ма?
– «Кей­кі батыр­ды» киноға лай­ы­қтап жазып жатыр­мын. Өйт­кені оның өмір-тра­ге­ди­я­сы бір дастан­мен неме­се бір дра­ма­мен тәмам­да­ла сал­май­ды. Ол бір­тұ­тас эпо­пе­яға лай­ық тұлға ғой.
Ал Махам­бет­ке келетін бол­сам, ол тура­лы Әбіш Кекіл­ба­ев, Әнес Сара­ев, оның әр жағын­да Берқай­ыр Аман­шин түбе­гей­лі зерт­теп, жеке-жеке кітап шығар­са да, қай­та­лан­бас тұлға­ның бел­гісіз қыр­ла­ры әлі де жет­кілік­ті. Соларға сүй­ене оты­рып, Махам­бет­ті одан әрі толы­қты­рып жазып жатыр­мын. Әсіре­се өткен кітап­та кем­шін­деу соққан Иса­тай тұлға­сы­на көбірек көңіл бөлдім.
Қазір Кене­са­ры тура­лы үлкен дастан жазып жатыр­мын. Үзін­ділері біраз бас­пасөз­дер­де жари­я­ла­нып үлгер­ді. Кене­са­ры – теле­гей-теңіз дүние ғой. Бас-аяғын түген­деп болу мүм­кін емес.
«Басы» дей­тін себебім – Кене­са­ры мен Кей­кінің басы орыс импе­ри­я­сы­на қар­сы басқын­шы ретін­де Санкт-Петер­бург­тің жасы­рын қой­ма­сын­да жатқа­ны анық. Оны біздің зерт­те­уші-жазу­шы­лар Тұр­сын Жұрт­бай мен Думан Рама­зан өз көзі­мен көріп қайт­ты. Сол кез­де дай­ын басты алып кетудің де орай­лы сәті кел­ген. Қым­бат қара­жат та сұра­маған. Бірақ үкі­мет­тің құлы­қ­сызды­ғы­нан қаси­ет­ті екі Бас та құлы­пқа түсіп кетті.
Біре­улер маған айта­ды: «Кене­са­ры мен Кей­кінің басын туған топы­рағы­на әке­луді қала­май­тын­дар бар. Себебі ол қаси­ет­ті Бастар өз топы­рағын­дағы денесіне қосыл­са, халы­қтың Рухы оянып кете­ді-мыс», – дейді.
Аста­пы­рал­ла! Батыр­лар рухы­нан қоры­қ­сақ, қан­дай ел болғанымыз?!

– Рах­мет, аға! Мерей­той құт­ты болсын!
Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,
«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн