Вторник , 26 августа 2025

Серікболсын ӘБДІЛДИН Тәуелсіздікті КІМ АЛДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №46 (363) от 15 декаб­ря 2016 г.

 

Ширек ғасыр: бала­ма шежіре

 


 

 

«Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гінің 25 жыл­ды­ғы­на орай ауыз тол­ты­рып, кім­нің сөй­ле­у­ге хақы­сы бар?» деген сұрақ туа қал­са, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­пен бір­ге аты ата­луы тиіс бір тұлға бар. Ол – Серік­бол­сын Әбділ­дин. Қараңыз: ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің он бірін­ші шақы­ры­лы­мы­ның депу­та­ты (1985–1990); Халық депу­та­ты (1990–1994); 1990 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің төраға­сы­ның орын­ба­са­ры; 1991–1994 жыл­да­ры ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің төраға­сы; 1999–2004 жыл­дар ара­лы­ғын­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пар­ла­мент мәжілісінің депутаты.

Бірақ соңғы екі-үш күн бой­ын­да аспан­нан мара­пат жауып жатқан­да, Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гінің ірге­та­сын қала­у­ға тіке­лей қаты­сқан Серік­бол­сын аға­ның аты-жөні пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың етек­тей Жар­лы­ғын­да атал­маға­ны – ақиқат­ты ағаш атқа теріс мін­ге­стіріп жібер­ген жағ­дай бол­ды. Айт­пақ­шы, ресми бас­пасөз­де жария болған бұл Жар­лы­қтан Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның қар­жы нары­ғын қалып­та­сты­рған әзір­ге әйгілі бан­кир Дәу­лет Сем­ба­ев­тың да аты-жөнін көре алмадық…

Осы айту­лы мере­ке­ге орай Серік­бол­сын аға Әбділ­дин­нің тая­у­да жары­ққа шыққан «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» деп ата­ла­тын кіта­бы­нан үзін­ді жари­я­лай оты­рып, «тәу­ел­сіздік» ата­уы­ның даңқы мен даб­ы­рас­ын ажы­ра­туға тырыстық.

(Ескер­те кетей­ік, бұл кіт­па­ты газет­тің соңғы бетін­де мекен-жайы көр­сетіл­ген «ДАТ»-тың редак­ци­я­сы­нан сатып алуға болады).

Мем­ле­кет­тің өмірі – сол мем­ле­кет­тің халқы­ның өмірі, халы­қтың өмірі – ол халы­қтың тір­шілі­гі, халы­қтың әл-ауқа­ты – ол халы­қтың тарихы. 1936 жыл­дың 5 жел­тоқ­са­ны­нан, яғни ҚазАКСР-сының Кеңес Одағы­ның құра­мы­на Одақ­тас Рес­пуб­ли­ка ретін­де қай­та­дан құры­лға­ны­нан бастап, қазір­гі күн­ге дей­ін­гі Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын екі­ге бөліп қара­уға бола­ды: Қаза­қстан Кеңес Одағы құра­мын­да және Тәу­ел­сіз мем­ле­кет болуы.

Жал­пы, тари­хи жағ­дай­ға көз сала­тын бол­сақ, мен туған­нан бері, ол оты­зын­шы жыл­дар­дың аяғы­нан бастап, тари­хи үлкен-үлкен беле­стер бол­ды. Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс. Әкем сол соғы­ста қай­тыс бол­ды. Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс қай жер бол­сын: соғыс болған жер бол­сын, соғыс жет­пе­ген жер бол­сын – халы­қтың мой­ны­на өте көп ауырт­па­шы­лық әкел­ді. Соғыс біт­кен­нен кей­ін, халық шару­а­шы­лы­ғын қал­пы­на кел­ті­ру жұмысы басталды.

Енді 1950 жыл­дан бері қарай өмір­ге келетін бол­сақ, бұл бір жақ­сы заман деп есеп­те­у­ге бола­ды. Жыл сай­ын тау­ар­лар­дың баға­сы арзан­дап жат­ты, еңбе­кақы төлеу жүй­есі іске кірісті, тіп­ті бұры­нғы кол­хоз­дарға ешқан­дай тиын-тебен­сіз жұмыс істеп кел­ген­дер еңбе­кақы­сын ақша­лай ала­тын бол­ды. Тың көтеріл­ді. 1961 жылы қазақ жері­нен Адам бала­сы алғаш рет ғары­шқа ұшты. 1978 жылы ҚазКСР-сының екін­ші Кон­сти­ту­ци­я­сы қабыл­дан­ды. Жал­пы айтқан­да, ол заман – көтері­лу, даму заманы…

Одан кей­ін­гі Жел­тоқ­сан оқиға­сы тура­лы айтыл­маған жәйт­тар әлі көп. Шын­дық бола­шақта шыға­ды ғой. Бірақ бір ақиқат – ұйым­дасқан топ жастар­ды алаңға алып шықты және алаңға шыққан жастар­дың басы­на қиын­шы­лық түс­кен­де, ұйым­да­сты­ру­шы­лар басын ала қашты. Тәу­ел­сіздік үшін төгіл­ген жастар қаны үкі­мет­тің ұяты­на жүк­тел­сін, ол кез­де халық мұн­дай қан­тө­гісті күт­пеп еді. Қай­рат Рысқұл­бе­ков­ке «Халық қаһар­ма­ны» атағы беріл­ген­де, оның тақ­та­сы­ның басын­да шеше­сінің жылап тұрып: «Оның тірі болға­ны дұрыс еді» деп, аяқтаған сөзі дұрыс еді.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін­гі күн­дер­ді екі кезең­ге бөлу­ге бола­ды: бірін­ші кезең – 1991 жыл мен 1993 жыл­дың жел­тоқ­са­ны­ның ара­лы­ғы, халық пен билік тари­хи мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып, Қаза­қстан­ды тәу­ел­сіз мем­ле­кет ретін­де құруға ұмты­луы. Бұл жыл­дар Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіз демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тік құру жыл­да­ры бол­ды. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тәу­ел­сізді­гін әлем­нің әр елдері мой­ын­дай баста­ды. Екі жарым айдан кей­ін 1993 жыл­дың 2 науры­зын­да БҰҰ Бас ассам­бле­я­сы­ның 46-сес­си­я­сын­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын БҰҰ-ның мүшелі­гіне қабыл­дау тура­лы 46224 қара­ры қабылданды.

Басқа шене­унік­тер­дің қалай қабыл­даға­нын қай­дам, бір­ден-бір жетек­ші ретін­де бұл тәу­ел­сізді­гі­мізді әлем мем­ле­кет­тері мой­ын­даға­нын мен мем­ле­кеті­міздің билі­гі мен бар­лық Қаза­қстан жұрт­шы­лы­ғы­ның берік­ті­гіне сынақ ретін­де қабылдадым.

Өзім­ді қоғам өмірінің жақ­са­руы­на, эко­но­ми­ка­сын өсіру­ге, халы­қтың тұр­мысын тұрақты сақта­уда үлес қосып, осын­дай бай­қа­удан өту үшін атте­ста­ци­ядан өтетін­дей сезіндім.

Жоғарғы Кеңе­стің XII шақы­ры­луын­да еге­мен­ді мем­ле­кет­тің құқы­қтық база­сы құрылды:

Рес­пуб­ли­ка тәу­ел­сіз мем­ле­кет болып жарияланды.

Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның бірін­ші Кон­сти­ту­ци­я­сы қабылданды.

Мем­ле­кет­тік рәсім­дер: Ту, Әнұран, Елтаң­ба және мем­ле­кет­тік награ­да­лар бекітілді.

Ұлт­тық валю­та – тең­ге енді.

Халық шару­а­шы­лы­ғын­да құры­лым­дық жұмыстар басталды.

Халық уақы­тын­да жалақы­сын алып, кеңе­стік кез­де­гі­дей ақы­сыз білім алу, меди­ци­на­лық көмек, зей­нет­кер­лер және басқа­ла­ры да әле­умет­тік көмек­терін алып отырды.

Халық бұры­нғы­ша келе­шек­ке сенді.

Мем­ле­кет құры­лы­сын, эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар­ды, шару­а­шы­лық құры­лы­сты, әле­умет­тік жетілуін, заң­дар­дың тұрақты­лы­ғын, сыр­тқы бай­ла­ныс құры­лы­мын шешетін 300-дей заң­дар қабылданды:

«ҚазССР-да мем­ле­кет­тік билік пен басқа­ру құры­лы­мын жетіл­ді­ру тура­лы» заңы.

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да аза­мат­тық тура­лы» заң.

«Қорға­ныс және қорға­ныс күш­тері тура­лы» заң.

«Жеке мен­шік тура­лы» заң.

«ҚР халқы­ның ден­са­улы­ғын сақтау тура­лы» заң.

«Білім тура­лы» заң.

1993 жыл­дың қаңта­рын­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сы қабыл­да­нып, оның 23 және 24-бап­та­рын­да тегін оқу және ақы­сыз меди­ци­на­лық көмек көр­се­ту нор­ма­сы бекітілген.

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ауыл, село­лар мен азық-түлік база­сын өркен­де­ту» тура­лы заңы қабылданды.

«Семей облы­сын­дағы поли­гон­да ядро­лық сынақты тоқта­ту» жөнін­де Жоғарғы Кеңе­стің қаулы­сы шықты.

Алғаш рет Қаза­қстан­ның пар­ла­мент тәжіри­бесін­де депу­тат­тар үкі­мет­ті сай­ла­ды, іс-шара­ла­рын талқы­ға салып, тыңдады.

Қабыл­данған заң­дар­дың мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер жұмысы­на немқұрай­лы қараған­ды­қтан – бір­та­лайы орын­дал­ма­ды. Эко­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік рефор­ма­лар­да біры­ңғай мем­ле­кет­тік сая­сат­тың бұзы­лған­ды­ғы жөнін­де жет­кілік­ті фак­тілер­ге ие бол­дық. Үкі­мет­тің жұмысын тек­сер­ген Жоғарғы Кеңе­стің бақы­лау пала­та­сы, оның төраға­сы халық депу­та­ты Ғ.Алдамжаров көп­те­ген заң бұзу­шы­лы­қтар­ды (мем­ле­кет­тік мен­шік­ті ком­мер­ци­я­лық сфе­раға айнал­ды­ры­лған, үкі­мет­тің кепілі­мен неси­е­лер тара­ты­лған, т.б.) әшке­ре­ле­ген. Бұл Жоғарғы Кеңе­стің жұмысы пре­зи­дент­ке ұнаған жоқ.

Он екін­ші шақы­ры­лған Жоғарғы Кеңе­стің тара­ты­лға­ны – пре­зи­дент әкім­шілі­гінің жұмысы. Heгe төрт жыл бойы шешім қабыл­дап, қажет кезін­де пре­зи­дент­ке қар­сы­лы­қта­рын да біл­діріп оты­рған депу­тат­тар­дың бір бөлі­гі өз бет­терін­ше кет­ті? Мұн­да бір­не­ше себеп­тер бар:

1. 1993 жылғы қазан айын­дағы Ресей­дің Жоғарғы Кеңесін атқан­нан кей­ін біздің мем­ле­кет­тің кей­бір депу­тат­та­ры қорқып қалды.

2. Кей­бір депу­тат­тар тұр­мыс жағ­дай­ын түзеу үшін пре­зи­дент­тің сөзіне сен­ді. Ол солай бол­ды да, біре­у­ге орын, біре­у­ге атақ-медаль берілді.

Он екін­ші рет шақы­ры­лған Жоғарғы Кеңе­стен кей­ін, Жоғарғы Кеңе­стің XIII шақы­ры­луы мен Кон­сти­ту­ци­я­лық сот таратылды.

Бұл жөнін­де мен өзім­нің бұры­нғы әріп­те­стерім­ді кінәла­удан аулақ­пын – әркім­нің өз шеші­мі бар. Соны­мен қатар еге­мен­ді Қаза­қстан­ның негіз­гі заң­да­рын бір­ге ақыл­да­сып шеш­кен, бір­ге қыз­мет­тес болған Қаза­қстан­ның Жоғарғы Кеңесінің 12 шақы­ры­лы­мын­дағы депу­тат­тарға алғы­сым­ды білдіремін.

Еге­мен­ді Қаза­қстан­ның екін­ші кезеңінің басы 1994 ж. қаңтар айын­дағы Жоғарғы Кеңе­стің 12-шақы­ры­лы­мы­ның тара­луы­нан баста­лып – бүгін­гі күн­ге дей­ін созы­ла­ды. Бұл екін­ші кезең­де рес­пуб­ли­ка­да тәу­ел­сіз пар­ла­мент пен тәу­ел­сіз сот жүй­есі бол­ма­ды, яғни атқа­ру­шы билік толы­ғы­мен бақы­лау­сыз қал­ды, пре­зи­дент жасалған іс-шара­ла­ры­на жау­ап­кер­шілік­пен қара­ма­ды. Қаза­қстан өзінің эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сізді­гін жоғалт­ты. Жап­пай жеке­ше­лен­ді­ру бастал­ды, мем­ле­кет­тік мен­шік шетел­дік­тер­ге таратылды.

Эко­но­ми­ка­да. Ста­ти­сти­ка­лық мәлі­мет­тер­ге қараған­да, 1990ж. Қаза­қстан­ның асты­ғы адам басы­на шаққан­да 1,7 т., АҚШ-та 1,3 т, сүт 307 және 269 кг, мұнай 1,5 және 1,4 т., көмір 7,7 және 3,6 т., темір руда­ла­ры 1,0 және 0,2 т. бол­ды. Ресур­ста­ры жағы­нан Қаза­қстан ең бай деген Аме­ри­ка­дан бай бол­ды. Бұл өнім­нің бар­лы­ғы кез кел­ген уақыт­та ішкі рын­ок­та да, сыр­тқы рын­ок­та да сұра­ны­ста бола­ды. Ал тәу­ел­сіздік алған­нан он бес жыл­дан кей­ін мұнай­дан басқа өндіріс сала­ла­рын­да Қаза­қстан 1990 жылғы жағ­дай­ы­на жет­кен жоқ. Бүгін­де рес­пуб­ли­ка жеке азы­қтық қауіп­сізді­гін жоғалт­ты деу­ге болады.

Қар­жы­лық тәу­ел­сіздік­те. Қаза­қстан­ның қар­жы база­сы жет­кілік­ті болған. Егер рес­пуб­ли­ка­ның ұлт­тық кірісін орта­ша кеңе­стік баға нор­ма­сы­мен қай­та есеп­те­ген­де, Тәу­ел­сіздік кезеңін­де Қаза­қстан­нан басқа рес­пуб­ли­ка­ларға 4,6 млрд. сом шикі­зат қоры төгіл­ді. Оның бір бөлі­гі дота­ция ретін­де рес­пуб­ли­ка­ның бюд­жетіне құй­ыл­ды. Қаза­қстан өз пай­да­сы­нан кәдім­гі­дей, 1 млрд. сомдай саль­до иелен­ді, бұл деген 1,5 млрд. АҚШ доллары.

Өкініш­ке орай, «Жеке тұлға­лар үшін шетел­дік валю­та­дағы ано­ним­дік есебін кір­гі­зу» тура­лы 1994 ж. 1 ақпан­да пре­зи­дент­тің № 1537 жар­лы­ғы­мен қазы­на­ны тонау, парақор­лы­қтан тұра­тын құқы­қтық база енгізіл­ді. Кей­ін­нен бұл акт 1995 ж. 21 сәуірін­де № 2230-мен толы­қты­рыл­ды. Қаза­қстан­да қар­жы ашты­ғы бастал­ды, төлем­сіз, инфля­ция көрін­бей­тін өлшем­ге өсті. Өндіріс орын­да­ры банк­ро­тқа ұшырады.

Қаза­қстан 60% эко­но­ми­ка­лық потен­ци­а­лы­нан айы­рыл­ды, 40% жоға­ры­ға эко­но­ми­ка­лық сапа­дағы аза­мат­та­ры жұмыс­сыз қалды.

Эко­но­ми­ка­ның құл­ды­ра­уы­нан негіз­гі тау­ар өнді­ру көзі төмен­деді. Елдің бай­лы­ғы талан-тара­жға салын­ды, ірі өндіріс орын­да­ры шетел­дік фир­ма­ларға сатыл­ды, елде жұмыс­сыздық қап­та­ды. Халы­қтың күн­көрісі төмен­деп кетті.

Қаза­қстан­да кезін­де­гі жасалған өнім­дер Азия, Афри­ка, т.б. елдер­ге экс­пор­тқа шыға­ры­лған. Әлем­дік сауда­да Алма­ты ауыр маши­на жасау зауы­ты­ның, Өске­мен мыс-мырыш зауы­ты­ның және Шым­кент прес­сав­то­ма­ты зауы­ты­ның өнім­дері сұра­ны­ста бол­ды. Өске­мен мыры­шы, Балқаш, Жезқазған катод­ты мысы, Шым­кент қорға­сы­ны Лон­дон­дық түсті метал­дар бир­жа­сын­да сапа эта­ло­нын­да жоғарғы және 1‑сапалы болып есеп­телін­ді. Шикі­затпен қатар Қаза­қстан­да өндіріл­ген өнім де жоға­ры сұра­ны­ста бол­ды. Ал қазір тек пай­да­лы қаз­ба­лар­дан түсіп жатқан ақша­лар­дың жұғындыс­ы­мен ғана тір­шілік етіп жатқа­ны­мы­зға мәзбіз.

Сая­сат­та. Сая­сат­та тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да, сая­си жағы­нан «демо­кра­ти­я­лық» деп ата­ла­тын мем­ле­кет­те, жаңа модель, яғни авто­ри­тет­ті және шығы­стық дес­пот­тық эле­мент­тері­мен, ағай­ын-туы­стық басқа­ру жүй­есі құрылған.

Демо­кра­ти­я­ның үнде­уі – сыр­тқы қол­да­ну және сай­лау алдын­дағы рито­ри­ка, яғни маз­мұн­сыз көпір­ме сөз­дер. Ең қор­лы­қты­сы (намысқа тию) – билік­те оты­рған­дар­дың Қаза­қстан халқын аңқау, ақыл­сыз, демо­кра­ти­я­ны түсіне алмай­тын етіп көр­се­туі. Бұл нағыз ұлт тарихын қор­лау деп түсі­ну­ге болады.

Қазақ дала­сын­да қаған­дар­дың, билер­дің, болы­стар­дың сай­лау жүй­есі, еркін сөз тәжіри­бе­лері бұрын­нан қалып­тасқан. «Бас кеспек бол­са да, тіл кеспек жоқ» деген нақыл сөз бар. Бұл дегенің еркін сөз емей, не?..

Жаса­лып жатқан жұмыстарға қара­саң, билік­те­гілер мем­ле­кет­тен гөрі – Аста­на құры­лы­сы­на көп мән береді. Халы­қтың мүд­десі мем­ле­кет билі­гін­де оты­рған­дар­дың мүд­десі­мен ауы­сқан. Кон­сти­ту­ция мен заң­дар­ды оқы­ған­да ұға­ты­ның – пре­зи­дент­тің құқы­сы шексіз, ал жау­ап­кер­шілі­гі ешқандай.

Қоғам­да. Енді ес жия бастаған­да, жарам­сақтар тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның тарихын ойлап шыға­ра баста­ды. Халы­ққа «Қаза­қстан жас мем­ле­кет», «Тәу­ел­сіздік қан­мен кел­ген», «1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­сы бостан­ды­қтың қозға­лы­сы», т.б.

Біз халы­қтың көзін ашуы­мыз керек. Ең бірін­ші «Жас мем­ле­кет­ке» деген түсінік: бұл тер­мин­ді Кеңе­стің басқа тараған мем­ле­кет­тері пай­да­лан­бай­ды. Олар өздерінің түп-тамы­рын өзгерт­пе­ді. Біздің Қазақ мем­ле­кеті ежел­ден келе жатыр. Жас мем­ле­кет деп санау мораль­сыз. Біздің осы­ған дей­ін­гі қазақ халқы үшін, жері үшін, бостан­ды­ғы үшін қорғаған қаған­дар мен батыр­лар­дың бар­лық халық алдын­да, елі алдын­да өзін, дәре­же­сін төмен­де­ту деген сөз.

Соңғы жыл­да­ры білім беру жүй­есі құры­ды. Ғылым ака­де­ми­я­сы, басқа да мәде­ни­ет және білім ошақта­ры тара­ты­лған, мил­ли­он­даған халы­ққа, әсіре­се ауыл ада­мы­на меди­ци­на­лық көмек көр­се­ту қиын­дап кетті.

Билік­те­гілер Қаза­қстан­ның жетісті­гі – «ұлта­ра­лық тұрақты­лық» дей­ді. Осы сөз­ден кей­ін, тәу­ел­сіздік алғанға дей­ін Қаза­қстан­да ұлт­тар бір-бірі­мен қыры­лы­сқан секілді.

Негіз­гі этнос ара­сын­дағы достық пен сенім­ділік үкі­мет­тің арқа­сын­да емес, Қаза­қстан­ның көпұлт­ты халы­қта­ры­ның достық қарым-қаты­на­сы­ның арқа­сын­да кел­ген бей­біт­шілік. Қоғам тамы­ры­мен өзгер­ді. Бірақ ең өкіні­штісі – жақ­сы мен жаман­ды айы­ра алмай бара жатқанымызда.

Тәу­ел­сіздік­ке кім ие бол­ды? Бала (бала, жас нәре­сте) тәу­ел­сіздік­ті алды ма? Соңғы жыл­да­ры 1000-нан астам бала (нәре­сте­лер) елден шыға­рыл­ды (сатыл­ды, беріл­ді) оның ішін­де 300-дей­інің жайы бел­гілі. Қалған­да­ры белгісіз.

Жастар тәу­ел­сіздік­ті алды ма? Қаза­қстан­да 4 млн-нан астам жастар, оның тең жар­ты­сы жұмыс­сыздар. Бір бөлі­гі қыл­мыс­кер­лер, жар­ты­сы түр­ме­де отыр.

Жұмыс­шы­лар тәу­ел­сіздік­ті алды ма? Көп­те­ген жұмыс­шы­лар жұмыс­сыз қал­ды. Зауыт, фаб­ри­ка­лар жабы­лып қалды.

Шару­а­лар тәу­ел­сіздік­ті алды ма? Ауыл­дың 23 бөлі­гі талқан­дал­ды. Мал ұрла­у­шы­лар қап­та­ды, қалаға қашты.

Кәсіп­кер­лер тәу­ел­сіздік­ті алды ма? Әрбір кәсіп­кер­дің артын­да бір­не­ше сауын­шы­лар (фис­кал­ды, құқы­қтар және басқа орган­дар қап­таған), егер олар­дың алақан­да­ры­на ештеңе сал­ма­са, ертең жабылады.

Интел­ли­гент­тер тәу­ел­сіздік­ті алды ма? Көбісі жұмыс­сыз, база­рдағы кіші­гірім сату­шы­лар­ды құра­у­шы­лар – солар.

Соғыс, еңбек арда­гер­лері тәу­ел­сіздік­ті алды ма?

Қазір­гі кез­де жар­ты­лай қай­ыр­шы­лы­қта жүр­ген­дер – осы­лар. Қаза­қстан­ның пат­ри­от­та­ры мате­ри­ал­дық жағы­нан да, мораль­дық жағы­нан да басыл­ды. Олар­ды садақа­мен, тегін тамақтан­ды­ру­мен дәре­же­лерін төмен­детіп болды.

Соны­мен тәу­ел­сіздік­ті кім алды? Көп­те­ген сая­сат­кер­лер мен зерт­те­ушілер­дің қоры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша, бүкіл үкі­мет­ті, Қаза­қстан­ды жеке­ше­лен­діріп алған бір топ – тәу­ел­сіздік­ті алды. Ал мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер өзін-өзі еркін сезе алмай­ды. Бүгін олар «маса­лар», ертең өрмек­ші­ге жем болған «шыбын­дар».

Тоқе­терін айтқан­да, өткен жиыр­ма бес жыл мил­ли­он­даған қаза­қстан­ды­қтар үшін ең ауыр жыл­дар бол­ды. Яғни, өндіріс кеміп, жұмыс­сыздық көбей­іп, парақор­лық, ұрлық, заң­сызды­қтың өрші­ген, халы­қтың мате­ри­ал­дық, руха­ни жағы­нан кедей­лен­ген жыл­дар болып тарих­та қалды.


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн