Суббота , 5 июля 2025

Серікболсын ӘБДІЛДИНМЕН СОҒЫСТЫҢ ТҮЛЕГІМІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

Естелік

 


(Жалға­сы. Басы газет­тің өткен сандарында)

 

Еңбек жолым. Онжыл­дық мек­теп­ті алты жер­де оқып біті­ру ауыл­да да, қала­да да сирек кез­де­сетін жағ­дай екенін ержет­кен соң, доста­рым­ның айтуы­нан аңғар­дым. Тек әске­ри қыз­мет­те­гі отба­сы­ның бала­ла­ры әкесін қай­да жібер­се, амал­сыз сон­да оқыпты.

Ал соғыс және соғы­стан кей­ін­гі жыл­дар­да, әсіре­се ауыл­да «еңбек­те­ген бала, еңкей­ген қарт­тың қол қусы­рып» отыр­маға­нын өз басым­нан өткіздім. Лақ та, қозы да бақтым, соғыс жыл­да­ры біздің кол­хоз­да қой, ешкі сауы­ла­тын, сол себеп­тен саулы­қтар­ды қошақан­дар­дан ажы­ра­тып бағып-қаға­тын. Кей­інірек бұзау бақтым, құлын­ды желі­ге бай­лап, одан ағы­туға шамам келетін бол­ды. Қыста – мек­теп қабы­рға­сын­да, жаз­да – кол­хоз дала­сын­да еңбек еттім. Бөкеш пен мені кол­хоз­шы­лар­дың тізі­міне 6–7 жасы­мы­здан, басқа бала­лар­дан ерте­рек ілін­діріп, жыл аяғын­да бір пұт бидай беріп жүретін.

Осы заман­да естелік жаза­тын қари­я­лар­дың кей­біре­улері ерте­рек еңбек жолы­на кіріс­кенін пат­ри­от­тық сезім­мен ұшта­сты­рып жата­ды. Ол, мүм­кін, дұрыс та болар. Әйт­кен­мен, мені кол­хоз­дың жұмысы­на салған­да, пат­ри­от­тық жігерім бол­ды деп айта алмай­мын. Ең бірін­ші сезім – ана­ла­ры­ма көмек­те­су, екін­ші – күн көру­ге тыры­су; ол жаста Абай­ды оқы­ма­сам да, «еңбек етсең ерін­бей, тояды қар­ның тілен­бей» деген ұста­ным болған сияқты.

Бала­лық шағым­ның көп­шілі­гін атам­ның қасын­да өткіздім. Атам мені тай, құнан, дөнен аттар­ды үйре­ту­ге баулы­ды. Асау жылқы­ны үйретіп, мал­шы­ларға, шөп­шілер­ге, тіп­ті кол­хоз бас­шы­ла­ры­на тап­сы­рған­да, атам еке­уміз­ге «еңбек күні» жазы­ла­тын. Алға­шқы кез­де аса­уға міну­ге жүрексініп тұрға­ным­ды біліп, атам­ның: «Сенің баба­ла­рың жау­жүрек, батыр болған, балам, сенің ынжық болуға жөнің жоқ!» дегені есім­нен кетпейді.

Бір­де кол­хоз басты­ғы­на дөнен емес, бес­ті үйретіп беру керек бол­ды. Жал­пы, аса­уды үйре­ту – оны құры­қта­удан баста­ла­ды. Оның әдістері әртүр­лі: кей­де шыбын­дап, үйір­де тұрған аса­уға бұға­лық сала­ды, бол­ма­са оны қуып жетіп, екпіні­мен шауып келе жатқан аса­удан озы­ңқы­рап, мой­ны­на қыл арқан­нан бұға­лық тастай­ды. Егер бұға­лық жыл­жып кет­се, аса­уды тоқта­ту қиы­нға соға­ды, ал қыл мой­ны­на түс­се, арғы­мақ біраз бұлқы­на­ды да, демі­гіп, өзі жер­ге сылқ етіп жығы­ла­ды. Ол есін жиған­ша, құлағы­ның түбі­нен қысып ұстап, жүген­деп үлге­ру­ге болады.

Атам бес­тіні жүген­деп, шыл­быр­ды тақы­мы­на басты да, маған бес­ті­ге қарғып мін деді. Бірақ асау мені жолат­пай, мен оған міне алма­дым. Сон­да атам астын­дағы айғыр­дың жуа­сты­ғын пай­да­ла­нып, арты­на мін­гізіп алып, аса­уды өзі­мен бір­ге жары­сты­рып, ақкөбік болып шар­шаған соң, қатар­ла­сып шауып келе жатқан аса­уға қарғып мін деді. Мен осы жолы аса­удың жалы­на жабысып, үстіне сәт­ті қона қал­дым. «Жарай­сың» деген пиғыл біл­діріп, шыл­быр­ды тақы­мы­нан суы­рып алып, тіз­гін­мен қоса ұста деп, маған лақты­рып жібер­ді. Бес­ті ат мөңки баста­ды, бірақ бұрын ондай мөңкуді ат үйрет­кен­де де, өгіз үйрет­кен­де де көр­ген басым тақы­мым­ды қат­ты қысып, бір қолым­мен тіз­гін­ді ұстап, екін­ші қолым­мен аса­удың жалы­нан ұстап, жығылдым.

 

Жал­пы, ауыл­ды жер­де өскен бала­лар­дың да өмірін­де әр қилы жағ­дай­ла­ры бол­ды. Сол жаз­да Ақсу­ат­тан жай­ла­у­ға менің кла­с­тас досым Ғина­ят Ора­за­ев келе қал­ды. Тәу­ең (Тәуір­шені – Тәуе дей­тін­біз) маған: «Мына менің Ғина­ят бауы­ры­ма атпен жүріп жары­су­ды үйрет» деп тап­сыр­ма бер­ді. Ол өмірі атқа да, өгіз­ге де мін­бе­ген екен. Мен аттың сол жағы­нан аяғы­нан көтеріп, мін­гізіп жат­сам, ол оң жағы­нан дома­лап жер­ге түсіп қала­ды. Ақы­ры бір ескі ертоқым тауып, атты ерт­теп, аяғын үзең­гі­ге салып, зорға ат үстіне оты­рғы­здым. Еке­уміздің жасы­мыз да, бой­ы­мыз да бірқа­лып­ты, мен көбіне жай­дақ атқа қарғып мініп, шаба жөне­лем, ал Ғина­ят досым ертоқым­ның қасы­нан ұстап, ілбіп жүріп, соңы­нан желіп те, шауып та үйреніп, біз­бен қымы­зды тостаған­дап жары­са ішетін болды.

Ғина­ят, Тоқтар Нұре­ке­нов үше­уміз бесін­шы сынып­та бір пар­та­да оты­рып едік, ал алтын­шы­дан бастап, Киров мек­тебіне ауы­сқан­ша, Ғина­ят­пен бір­ге және алды­ңғы мұғалім­нің қар­сысын­дағы пар­таға отыр­дық. Оның да себебі бар: оқу­да озат болған соң, ептеп еркін­дік жасай­тын­быз, сон­ды­қтан мұғалім­дер «әй, тыныш» деуіне қолай­лы деп, бізді қасы­на оты­рғы­зған болар. Жыл­дар өтіп, Ғина­ят меди­ци­на ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты бол­ды. Сызға­нов атын­дағы ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­тын­да сол заман­дағы атақты Сер­ге­ев­ский деген про­фес­сор­мен кар­дио­хи­рур­ги­я­ның мама­ны­на көтеріл­ді. Ал Тоқтар мате­ма­ти­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор дәре­же­сіне жет­ті. Тоқтар еке­уміз Ақсу­ат өңірі­нен шыққан бірін­ші ғылым док­тор­ла­ры едік, Қазір Ғина­ят та, Тоқтар да жоқ, анда-сан­да солар­мен бір­ге өткіз­ген өмір көзі­ме елестейді.

 

Ат жай­ын­да бір оқиға «мен тура­лы да жаз» деп қолым­нан итер­ме­леп оты­рған­дай сезініп, аттың нағыз мөңкі­генін Моңғо­ли­яда көр­генім­ді тақы­ры­пқа, бала­лық шаққа бай­ла­ныс­сыз бол­са да, еске алай­ын. Сек­сенін­ші жыл­дар­дың басын­да Моңғо­лия Халық Рес­пуб­ли­ка­сы тың көте­рудің 25 жыл­ды­ғын атай­мыз деп, Кеңес Одағы­нан қонақ шақы­рған. Тың жер­дің көп­шілі­гі Қаза­қстан­да көтеріл­ген­дік­тен бе, Мәс­кеу мем­ле­кет­тік деле­га­ция Қазақ ССР-нан бар­сын деп қау­лы қабыл­дап­ты. Ол заман­да одақтық «Коми­тет по нау­ке и тех­ни­ке» және «Гос­план СССР» атты мықты меке­ме­лер болған. Соларға деле­га­ци­я­ның құра­мын аны­қтап, келісіл­ген уақыт­та Моңғо­ли­яға жібе­руді Орта­лық коми­тет пен Мини­стр­лер кеңесі тап­сы­рып­ты. Ол жыл­да­ры Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау коми­теті төраға­сы­ның орын­ба­са­ры едім, маған Кеңес Одағы­нан бара­тын деле­га­ци­я­ны басқа­ру жүктелді.

Оншақты деле­га­ция мүше­лері­мен, негізі қаза­қстан­ды­қтар, Мәскеу–Иркутск–Ұлан-Батор ұшағы­мен Моңғо­ли­яға жет­тік. Ондағы елшілік және Моңғол үкі­метінің қыз­мет­кер­лері қар­сы алды. Кеңес Одағы­ның деле­га­ци­я­сы­на қамқор­лық ету – Моңғо­лия Ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы­ның хат­шы­сы, сая­си бюро­ның мүше­сі Рак­ча жол­дасқа жүк­теліп­ті. Деле­га­ци­я­ның бір апта­лық жос­па­ры бой­ын­ша ертеңін­де тың игер­ген «Моло­деж­ный» деген сов­хозға жеңіл авто­көлік­тер­мен жол тарт­тық. Біздің қаза­қтың дала­сы сияқты кең бай­тақ үстірт­пен күн бата сов­хоз орта­лы­ғы­на жет­тік. Келесі күні шару­а­шы­лы­қ­пен таны­са жүріп, біз­ге арнап ұйым­да­сты­ры­лған ойын-сауы­қты да көр­дік. Сон­да мен аттың нағыз мой­нын ішіне алып, пысқы­рып, қышқы­рып мөңкі­генін көр­дім. Біраз­дан соң қызып кетіп, маған да осын­дай бір атты ерт­те деп едім, қасым­дағы­лар: «Секе, оны­ңыз не?!» деп шу ете қал­ды. Сонан соң арғы­мақты мөңкітудің құпи­я­сын сұрап бол­маған соң, моңғол­дар шынын айт­ты. Жігіт атқа мін­ген сәт­те оның жел­кесіне ине-біз шан­ши­ды екен. Сол иненің зардаб­ы­нан құты­лу үшін арғы­мақ мой­нын ішіне алып, ары бері айна­лып мөң­ки­тін көрі­неді. Маған сол күні сов­хоз дирек­то­ры асау ат орны­на үлкен қара атан түйе мін­гізіп, оның мұрын­ды­ғын қолы­ма ұстат­ты. Сол түй­е­ге мін­ген сурет пен мұрын­ды­қты әлі күн­ге сақтап жүрмін.

Сов­хоз­дан кел­ген соң, кеш­кі аста Рак­ча бір­ге бол­ды, ол біздің көңіл-жай­ы­мы­зды сұрап, өзінің ерте­ректе қаза­қтар мекен­де­ген Бай­өл­ке­де аймақтың бірін­ші хат­шы­сы болып қыз­мет істе­гені, біздің әдет-ғұрып, сал­ты­мы­зды білетінін, қаза­қтар­дан дом­бы­ра шер­туді үйрен­генін әңгі­ме­леді. Мысқыл­дап, ашық сөй­лей­тін аза­мат екен, бір сәт­те «біздің моңғол­дар жалқау, істі тын­ды­рып жүр­ген­дер осын­дағы қаза­қтар мен оры­стар» деп те соғып салды.

Сонан соң: «Сіз сов­хоз­да асау атты ерт­тетіп мін­гіңіз келіп­ті ғой, жылқы­ны жақ­сы көресіз бе?» – деп сұра­ды. Мен жылқы­шы­ның неме­ресі, атпен жүріп, кең бай­тақ қазақ жерін қорғаған жау­жүрек білек­тілер­дің ұрпағы­мын деп, мақта­на айт­тым да, әй мына­лар­дың ара­сын­да «КГБ» жоқ па деп те сес­кеніп қал­дым. Онан әрі Рак­ча сіздің есі­міңіз­де­гі «бол­сын» деген жұр­нақ қаза­қ­ша нені біл­діреді деп сұра­ды. Оған мен де қал­жы­ңға айнал­ды­рып: «Сіздің көсе­міңіз Чой­бол­санға ұқса­сын деп қой­ған болар…» деп едім, қысы­лып оты­рған екі жақтың аза­мат­та­ры да ду күл­ді. Содан кей­ін пар­тия хат­шы­сы, менің жау­а­бым қатаң­дау бол­ды ма, мені «бар­ла­у­ын» тоқта­та қойды.

Тақы­рып­тың желісіне «асау тұл­пар» арқы­лы қосы­лып кет­кен Моңғо­лия тура­лы әңгі­мені топ­шы­лай­ын. Бір апта бойы Кеңес Одағы­нан кел­ген қонақ ретін­де құр­мет көр­дік. Елшілік құра­мын­да дипло­мат Қай­рат Ома­ров, ал ауыл шаруы­шы­лы­ғы тура­лы кеңес­ші тобын­да – Нико­лай Кня­зев, Аман­тай Құл­та­ев сияқты қаза­қстан­ды­қтар бар екен. Солар арқы­лы және Моңғо­лия аза­мат­та­ры­ның ұйым­да­сты­руы­мен елдің эко­но­ми­ка және мәде­ни­еті­мен таны­суға жақ­сы жағ­дай бол­ды. Мем­ле­кет аста­на­сы – Ұлан-Батор біздің Цели­но­град, Қоста­най қала­ла­ры­на ұқсас 4–5 қабат­тық үйлер мен кең­се­лер сияқты көрін­ді, тек бір ерекшелі­гі – астан­амен ірге­лес мың­даған ақ киіз үйлер­ден құралған қала­шық бар екен. Көше­лерін­де жүр­ген авто­көлік­тер біз­дер­де­гі сияқты «Вол­га», «Нива», «Газ», «Уаз», т.б. Сол заман­да «Моңғо­лия Кеңес Одағы­ның он алтын­шы рес­пуб­ли­ка­сы» деген қал­жы­ң­ды есту­ші едік – сол рас па деп қал­дым. Апта аяғын­да Моңғо­ли­я­ның Мини­стр­лер кеңесінің төраға­сы Жам­бын Бат­мунх біздің деле­га­ци­я­ны қабыл­дап: «Қонақтар уақы­тын қалай өткізді?» деп Рак­чаға сөз бер­ді. Мен сөз кезе­гі кел­ген­де Бай­кен Әші­мо­втың сәле­мін жет­кіздім де, ел ара­лап, танып-біліс­кені­мізді, сый-құр­мет­ке бөлен­гені­мізді мәлім­дедім. Сол күні өкі­нетін бір жағ­дай – Мәс­ке­уден А.Косыгиннің қай­тыс болға­ны тура­лы суық хабар жет­ті. Үкі­мет бас­шы­сы біздің деле­га­ци­яға да көңіл айтып, Косы­гин­мен жақ­сы қарым-қат­на­ста болға­нын әңгі­ме етті. Б.Әшімовке мен арқы­лы сәле­мін жол­да­ды. Ертеңін­де елге оралдық.

«Сый­ға – сый, сыраға бал» деген­дей, 1993 жылы Моңғо­ли­я­ның тұңғыш пре­зи­ден­ті Пун­сал­ма­гийн Очир­бат­ты мен Жоғарғы кеңе­сте қабыл­да­дым. Кез­де­су­де бұры­нғы жыл­дар­дағы қарым-қаты­нас, біздің деле­га­ци­я­ның барға­ны да әңгі­ме бол­ды. Ол маған Рак­ча­ның сәле­мін жет­кізіп, зей­нет­кер екенін айтты.

 

Моңғо­лия жай­ын­да «үзіліп» кет­кен әңгі­мені қай­та жалға­сты­рай­ын. Менің еңбек жолым тек асау үйретіп, атам­ның жанын­да қымыз ішу­мен шек­тел­меді. Ол жыл­да­ры шөп­шілер­дің қоста­ры мен жылқы­шы­ның киіз үйі жаз бойы бір­ге көшіп жүретін. Қысқа мал азы­ғын даяр­ла­у­ға ат күшін де пай­да­ла­на­тын, оны бағып-қағу табын жылқы­мен бір­ге жылқы­шы­ға жүк­те­летін. Оның үстіне шөп­шілер­ге және кол­хоз орта­лы­ғын­дағы тұты­ну­шы­ларға қымыз әзір­леу үшін желілеп құлын бай­лап, 15–20 бие сауы­ла­тын. Шағын кол­хоз­дың жұмысын осы­лай ұйым­да­сты­ру­дың өзі де қазір­гі менедж­мент­тік әдіс деп сана­уға болады.

Бөкеш еке­уміз ауа райы бұзы­лып, жаң­быр жау­са қуа­на­тын­быз. Себебі шөп су болған­ды­қтан, жұмыс тоқтай­тын, біз­ге атпен жары­сып, жылқы­ның маңай­ын­да жүру­ге мүм­кін­дік бола­тын. Ал басқа күн­дері таң­ның аты­сы, күн­нің баты­сы­мен бір­ге 7–8 жасы­мы­зда шөме­ле жинай­тын «вала­ку­ша­ның» екі өгізін – ол, екі өгізін мен жүр­гізіп, шөп­ті мая­ла­у­ға даяр­лай­тын­быз. «Вала­ку­шты» шөме­ле­ге таяған­да итеріп оты­ра­тын менің әкем­нің туған қарын­да­сы Жания апай бола­тын. Оның Базар­бек, Бей­біт атты ұлда­ры, Ажар­бек, Тыны­штық деген қызда­ры, әке­лері Айсәу­ле соғы­сқа кетіп, біз сияқты әкесіз жетім бол­ды. Менен бірер жас үлкен болған­ды­қтан ба, Базар­бек­ті шөп шаба­тын маши­наға «погон­чик» етіп жұмсайтын.

Келесі жыл­да­ры бізді де маши­ни­стің төрт өгізіне «погон­чик» етіп қой­ды. Мен Ғазездің (әкем­нің әскер­ге жасы тол­маған інісі) маши­на­сы­ның төрт өгізін айдай­тын «погон­чик» бол­дым. Жания апам да, Ғазез ағам да мені аялап, шар­шаған жоқ­сың ба, дема­ла ғой деп, түсте жеу­ге әкел­ген тамақтың (айран, құрт-ірім­шік, талқан, қуы­ры­лған бидай­дан, ол кез­де мол­шы­лық заман емес) тәуірін маған беретін.

Мен бала кезім­нен-ақ қаза­қтың «қаны бір­дің – жаны бір» деген құдірет­ті түй­сі­гін басым­нан өткіздім. Сон­ды­қтан ба осы заман­да бір­ге туған­дар бірін-бірі тонап, өлтіріп жатқан­да­рын есті­ген­де, жаным түр­ші­геді. Бұл сая­сат айран­дай ұйы­ған қаза­қты (ұлт­ты) қай­да жетек­теп бара­ды деген сұрақ мазам­ды ала­ды. Сегізін­ші-тоғы­зын­шы сынып­тар­да «өгіз­ден» құты­лып, «Трех­б­рус­ка» деген шөп шаба­тын жаңа агре­гат­тар кол­хоз­да пай­да бола баста­ды. Соның полот­но­сын алып тастап, кең қанат­ты тыр­на­уыш тір­ке­у­ге бола­тын. Маған сон­дай жұмысты сеніп, Жәлел ағам­ның қасын­да көмек­ші болып жүріп, трак­тор­ды да, трех­б­рус­ка­ны да жүр­гі­зуді үйреніп алған­мын. Ол заман­да арнайы маман­дар даяр­ла­у­ға үлгі­ре алмаған­ды­қтан ба, әйте­уір шару­а­шы­лы­ққа кел­ген тех­ни­ка­ны «менің шамам келеді» деген­дер­ге сеніп беретін. Жұрт­тың көп­шілі­гі өгіз­ден гөрі трак­тор­ды иге­ру­ге құмартты.

Мал азы­ғын дай­ын­дау, шөп жинау жұмыста­рын­да жүр­ген кей­бір жыл­да­ры маған сол бри­га­да­да есеп­ші (учет­чик) жұмысын атқа­ру тап­сы­ры­ла­тын. Сол жыл­да­ры гео­мет­рия пәнін оқы­ған­быз, сон­дағы көлем арқы­лы сал­мақты өлшеу тәжіри­бесін пай­да­ла­нып, қан­ша отау, мая салы­нға­нын санап, олар­ды нөмір­леп, сал­мағын гео­мет­ри­я­лық тәсіл­мен қағазға жазып, есеп сұраған кез­де кол­хоз­дың бух­гал­теріне тап­сы­ра­ты­н­мын. Сөй­тіп менің кол­хозға сіңір­ген еңбе­гім 1954 жылы Мәс­ке­уде­гі Бүкі­ло­дақтық ауыл шару­а­шы­лы­ғы көр­месіне жол­да­ма­мен баға­лан­ды. Жол­да­ма­да «Путев­ка №232575 с 30 авгу­ста по 3 сен­тяб­ря 1954 года. Тов. Абдиль­дин Серик­бол­сын кол­хоз­ник при­гла­ша­ет­ся в город Москва на Все­со­юз­ную сель­ско­хо­зяй­ствен­ную выстав­ку 1954 года, как экс­кур­сант от кол­хо­за «9 мая» Аксу­ат­ско­го рай­о­на Семи­па­ла­тин­ской обла­сти» деп жазылған.

 

Кол­хоз­да еңбек ету­ге аға­ла­рым Рама­зан, Ғазез, Мәзен, Жәлел баулы­ды, солар­ды арқа­ла­на­ты­н­мын, қай кез­дер­де мен істей­тін шару­а­ны өздері бітіріп қоя­тын. Мен апам­нан ұза­май, Жәлел­мен үше­уміз бір­ге тұр­дық. Жәкең Нұрғай­ни деген қызға соғы­стан кей­ін­гі жыл­дар­да үйленіп, Ардақ, Серікқа­зы, Мұха­медқа­зы, Ерлан, Айман, Айжан атты үш ұл, үш қыз өсірді.

Қазір­гі заман­да Әстай­дан тараған үрім-бұтақтар­дың ұзын саны жүз­ден асқан шығар. Атам маған жеті атаң­ды біл деп: «Елші­бек-Ақтаз, Есен­тай, Қара­шо­лақ батыр, Құл­шан, Өскен­бай, Әстай, Әлім­жан (мына мен)» деп, осы жеті атам­ның атын құлағы­ма құй­ған­дай бол­ды. Біз қалың най­ман­ның ішін­де Бура­мыз деп те қоя­тын. Ера­сыл (Қабан­бай батыр) жай­ын­да әңгі­ме айтатын.

Бір әңгі­ме­де: «Ата, бізді неге «кір­месің­дер» дей­ді?» деген сұрағы­ма: «Біздің арғы ата­ла­ры­мыз Алтай­дан жауды қуып, Тарғы­ба­тай­дан асы­рған жылы қыс ерте түсіп, осы жақта қоныс теуіп қалып­ты. Бай­ба­за­рдың сан­ды­рағы осы­ған бай­ла­ны­сты, егер сенің баба­ла­рың жауды той­тар­ма­са, Бай­е­кенің басы шапқын­шы­лар­дың қан­жы­ға­сын­да жүрер еді» деп, атам­ның жымиға­ны бар. Атам әдет­те маған «құлы­ным, құр­бы­ла­ры­ң­ның алды бол!» деуші еді. Осы бата, әрі тілек маған руха­ни тірек болған­дай сезінемін.

Осы естелік­тің басын­да жастар­дың өсу жолын­да сая­сат­тың қаты­сы тура­лы сөз қозғаған едік. Енді соны топ­шы­лай­ық. Мыса­лы, мен соци­а­ли­стік қоғам­да туып-өстім, ауыл­дың қара­та­бан бала­сы­нан мем­ле­кет­тік қай­рат­кер дәре­же­сіне көтеріл­дім. Ол заман­да нәре­сте сату, иә бол­ма­са туған бала­сын далаға тастап кету, иә бол­ма­са жасөс­пірім­дер өзіне-өзі қол жұм­сау неме­се біріне-бірі пышақ салу, атып тастау, тағы да басқа бүгін­гі қоғам­да етек алып оты­рған жағым­сыз жағ­дай­лар­ды көр­медік те, есті­медік те. Соци­а­ли­стік қоғам­ды, ком­му­ни­стік тәр­би­ені қазір­гі билік қан­ша жаман­да­са да, ол жүй­енің жастар­ды оқы­ту, маман­дар­ды даяр­лау, кадр­лар­ды ірік­теу сая­са­ты қара­пай­ым қаза­қтың отба­сы­нан шыққан жастарға тиім­ді еді. Сон­ды­қтан келе­шек буын­ның алдын­да әділет­ті, шынайы халы­қтық қоғам орна­ту мін­деті сұра­нып-ақ тұр!

(Жалға­сы бар)

 

• Редак­ци­ядан: Серік­бол­сын Әбділ­дин аға­мы­здың осы естелі­гі толық жазы­лған «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» деп ата­ла­тын кіта­бын мына мекен-жай­дан сатып алуға бола­ды: Алма­ты қ‑сы, Сей­фул­лин көше­сі, 288. Тел. 382−72−33, 382−72−30.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн