Суббота , 5 июля 2025

СЕЙТҚАЗЫНЫ ҚОЛДАУ қоғамдық комитеті құрылды

Қаза­қстан­да ҚР Жур­на­ли­стер одағы басқар­ма­сы­ның төраға­сы Сей­тқа­зы Мата­ев­ты қол­дау коми­теті құрыл­ды, деп хабар­ла­ды жаңа­дан құры­лған комитеттен.

Хабар­да айты­лған­дай, Алма­ты­да жина­лыс бол­ды, жина­лыс бары­сын­да С.Матаевты қол­дау коми­тетін құру тура­лы шешім қабыл­дан­ды. Коми­тет мақ­са­ты – Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы төраға­сы­ның ісін әділ әрі ашық тер­ге­у­ге ықпал ету үшін қоғам­ды кеңі­нен ақпараттандыру.
Коми­тет­ке Тама­ра Кале­е­ва, Мар­жан Елші­ба­е­ва, Алек­сандр Крас­нер, Ермұрат Бапи, Юрий Мизи­нов, Жұма­діл Әділ­ба­ев секіл­ді бел­гілі қаза­қстан­дық жур­на­ли­стер, сон­дай­ақ Қаза­қстан өңір­лерінің, таяу шетел және алыс шетел­де­гі жур­на­ли­стер мен меди­а­ме­не­джер­лер кір­ді. Атап айт­сақ, С.Матаевты қол­да­уға «Ақ Жай­ық» аты­ра­улық медиа­хол­динг­тің бас дирек­то­ры Әбділ­да Мұқа­шев пен «Ақ жай­ық» газетінің бас редак­то­ры Сабыр Қай­ыр­ха­нов, «Ураль­ская неде­ля» газетінің редак­ци­я­сы, Орта­лық Азия елдерін­де­гі әріп­те­стер, батыс және ресей­лік жур­на­ли­стер де ниет білдірді.
Коми­тет­тің қосалқы төраға­ла­ры ретін­де Мар­жан Елші­ба­е­ва мен Тама­ра Кале­е­ва тағайындалды.
Алдағы уақыт­та коми­тет Алма­ты­да, Аста­на мен ел өңір­лерін­де бірқа­тар жур­на­ли­стік ынты­мақ­та­стық акци­я­ла­рын өткізу­ге ниетті.
Коми­тет­тің әре­кетін қол­дағы­ла­ры келетін­дер­дің бар­лы­ғы Қаза­қстан­ның ғалам­торқа­уым­да­сты­ғын­дағы www.mataev.iak.kz. сай­тын­да хабар қал­ды­ра алады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн