Воскресенье , 6 июля 2025

ҮШ ҚИСЫН Ермек пен Серікжанды қамап, Мұхтар Шахановтың тулауының артында не тұр?

Қаз-қал­пын­да

 

Бүгін­гі күн қоғам­дық-сая­си оқиға­ларға толы бол­ды деу­ге бола­ды. Нақты­лай айт­сақ, өздерін «жел­тоқ­сан­шы­мыз» деп санай­тын «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің мүше­лері Гүл­бахрам Жүніс, Нұр­лы­бек Қуан­ба­ев­тар – қоғам бел­сен­ділері, жәй бел­сен­ді емес, билік сая­са­тын өткір сынға алып жүр­ген сая­сат­кер­лер­ді ұлта­ра­лық араз­дық туғы­зды деп қара­лап, құзыр­лы орган­дарға хат жазып үлгерді.

Әншей­ін­де адам өлтір­ген­ге апта­лап көңіл аудар­май­тын про­ку­рор­лар мен поли­цей­лер мәлім­де­менің сия­сы кеп­пей жатып, Ермек пен Серік­жан­ды қамап үлгер­ді. Даудың басы аты­шу­лы Мұрат Теле­бе­ко­втың ешкім бір оқы­маған кіта­бы тура­лы-мыс… Бұл әсте кез­дей­соқтық емес, алдын ала дай­ын­далған, ұйым­да­сты­ры­лған шаруа.

Екін­ші­ден, Мұх­тар Шаха­нов аға­мыз шала бүлініп, шалқа­сы­нан түсіп, аяқ асты­нан «Ұлт­тық кеңе­стің» жиы­нын шақы­рып, жасыл­дар пар­ти­я­сын құру тура­лы баста­ма көтер­ген Жанұ­зақ Әкім­ді жер­ден алып, жер­ге сал­ды. «Ұлтқа тіл тигіз­ген Мұрат Теле­бе­ков құра­мын­да бар пар­ти­яға неге жолай­сың?» деп тулап, Мұрат Теле­бе­ко­вты жаза­ла­уды ұсын­ды. Бұл не, кез­дей­соқтық па? Әй қайдам?!

Жә, дей­ік. Елдің бәрін ала тай­дай бүл­дір­ген Мұрат Теле­бе­ко­втың өзі ұстал­ды ма? Жоқ. Неге дәл Ермек Нарым­ба­ев пен Серік­жан Мәм­бе­та­лин­ді ұста­удың қажеті бола қалды?

Менің ойым­ша, оның бір­не­ше себебі бар. Бірін­ші­ден, бүгін пре­зи­дент Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аумағын­да орна­ласқан Балқаш тора­бын Ресей тара­пы­на беру тура­лы шар­тты заң­мен бекітті.

Екін­ші­ден, ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін аук­ци­он арқы­лы сату­ды көз­дей­тін заң әне-міне қабыл­да­на­ды. Бұл ел ішін­де үлкен үрей туғы­зып, ашу шақы­рып отыр. Оны енді пре­зи­дент өз қолы­мен бекітуі керек.

Үшін­ші­ден, негіз­гісі осы бол­са керек, бір-екі күн­де Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин Аста­наға ат басын тіреп, ғарыш сала­сы тура­лы, ядро­лық зымы­ран­дар­дың бөл­шек­тері құлай­тын жер­ді жалға алу тура­лы келісім жасамақшы.

Путин­нің келу мақ­са­ты – қазақ жұрт­шы­лы­ғын рен­жіт­пе­се, қуан­та қой­май­ды. Жер – қашан­нан қаза­қтың жан­ды жері. Оның үстіне геп­тил тура­лы соңғы жыл­да­ры аз айты­лып жүр­ген жоқ. Ресей­дің әске­ри поли­гон­да­ры­нан құты­ла алмай жүр­ген­де, тағы­сын тағы қосып алмақпыз.

Сон­ды­қтан елдің наза­рын басқаға ауда­рып, әле­умет­тік желі­де басқа дау туғы­зу­дың аса қажет­тілі­гі туын­да­ды. Осы мәсе­ле­де қаза­қтың ең осал, ұрым­тал жері – ұлт­шыл­ды­қты күн тәр­тібіне шыға­ру керек болды.

Соны­мен бір­ге билік жел­тоқ­сан­шы­лар­ды сая­сат­кер­лер­ге айдап салып, жел­тоқ­сан­шы­лар­дың ел алдын­дағы абы­рой­ын төмен­дет­се, екін­ші­ден, ел алдын­да жүр­ген Мұх­тар Шаха­но­вты тағы бір масқа­ра­лап алғы­сы кел­ді. Шаха­но­вты масқа­ра­лау арқы­лы онсыз да өлудің алдын­да тұрған «Ұлт­тық кеңе­сті» жоқ қыл­мақ ойда бар.

Билік бұл мақ­са­ты­на тама­ша жет­ті. Алай­да оның арты неге соға­ры белгісіз.

Айтып айт­пай не керек, бүгін­гі күн үлкен өзгерістер­дің баста­ма­сы бол­ды. Арты жақ­сы бол­са игі…

Мақ­сат ІЛИЯСҰЛЫ,

«Фейс­бук» парақшасынан

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн