Суббота , 5 июля 2025

Шәкизада: Мені ренжіткен адамның ОҢБАЙТЫНЫН БІЛЕМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (359) от 17 нояб­ря 2016 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 


 

 

Шығыс сти­лін­де­гі музы­каға жаны жақын бел­гілі әнші Шәки­за­да биыл жеке шығар­ма­шы­лық кешін өткізіп, әнсүй­ер қауым­ның ықы­ла­сы­на бөлен­ді. Жеке өмірін­де­гі өзгерістер­ге қара­ма­стан, тез ара­да шығар­ма­шы­лы­ғын қолға алған жай­саң мінезді әнші газет­ке бер­ген сұх­ба­тын­да күй­е­уі­мен ажы­рас­қа­ны үшін аса қай­ғыр­май­ты­нын айтты.

 

– Шәки­за­да ханым, сіз жуы­қта ғана шығар­ма­шы­лық кешіңіз өткен Рес­пуб­ли­ка сарай­ын сотқа бер­гелі жатыр деп, интер­нет-сайт біт­кен жары­са жазып жатыр екен…

– Иә, өнер­де жүр­гені­ме отыз жыл болған соң, осы кон­цер­тім­нің жақ­сы өтуі үшін, сон­ша­ма қара­жат құй­ып, күні-түні еңбек­теніп, сары уай­ы­мға салын­дым. Тіп­тен ден­са­улы­ғы­ма да қара­май кет­тім. Барым­ды салып, оның жоға­ры дең­гей­де өтуі үшін жан­та­ла­стым. Біз жақтан кет­кен ешқан­дай қателік жоқ. Сарай­дың сұраған­да­ры­ның бар­лы­ғын беріп, айтқан­да­рын мүл­тіксіз орын­дап отыр­дым. Кон­цер­тім­де орын алған бар­лық кем­шілік­тер сол Рес­пуб­ли­ка сарай­ы­ның кесірі­нен кет­ті. Ондағы­лар біздің жұмысы­мы­зға немқұрай­ды­лық таныт­ты. Бұл жағ­дай сарай­дағы­лар қаза­қтың әншілерін мен­сін­бей­тін­ді­гін білдірді.

Деген­мен, сотқа бере­мін деп, ашу­мен айтқан шығар­мын. Жасаған қия­нат­та­рын бір құдай­ға тап­сы­ра­мын. Бір күні өз қателік­терін мой­ын­дай­тын болар. Бірақ мені рен­жіт­кен адам­ның оңбай­ты­нын білемін…

 

– Әйел­дің жасын сұра­май­ды десек те, елуді еңсер­сеңіз, әже бол­ды­ңыз, неме­реңіздің де тұса­уы сахна­ның төрін­де кесіл­ді. «Елу» деген ел қалай екен?

– Бұрын қызым бол­са деп арман­да­у­шы едім. Сол арма­ным орын­дал­ды, қазір екі қызым бар. Келінім өз қызым­дай болып кет­ті. Менен «неше балаңыз бар?» деп сұрай­тын бол­са, «үшеу» дей­мін. Аллаға шүкір, Кәу­са­рым бір жарым жастан асып қал­ды. Би билеп, ән айта­ды. Өнер­ге жақын болып өсіп келеді. «Кәу­са­рым жарқын жұл­дыз бол­сын» деген ырым­мен тұса­уын Мақ­пал апа­мыз бен ақ жаулы­қты ана­мы­зға кест­ір­дім. Осы кісілер­дің жолы мен жасын бер­се, қуа­ны­шты­мын! Неме­ре­мнің тұса­уы үлкен киелі сахна­да кесіл­ді. Осы­ған қарап, өзім­ді бақыт­ты әже­мін деп айта аламын.

Қазір кон­церт пен той­ды өткізіп, иығым­нан ауыр жүк түс­кен­дей болып жүр­мін. Бірақ күн­де таңер­тең оянған­да, кон­церт­ке дай­ын­дық өткі­зу керек сияқты сезім­де тұра­мын. Шыным­ды айт­сам, әлі де дұрыс дема­лып үлгер­ген жоқпын.

 

– Иә, сол кон­церт­те өнер­де­гі отыз жыл­дық еңбе­гіңізді көр­сет­тіңіз. Халы­қтың көңілі­нен шықты. Сарай жағы­нан кет­кен кем­шілік­ті айт­паған­да, өзіңіз сол кон­церт­ке қан­дай баға бердіңіз?

– Қолым­нан кел­ген­ше ойым­дағы­ны жүзе­ге асы­руға тыры­стым. Қасым­да жүр­ген қыз-жігіт­тер­дің бар­лы­ғы өз мүм­кін­дік­терін­ше көмек­те­сті. Әркім­нің талға­мы – әрқа­лай. Халы­қтың көңілі­нен жүз пай­ы­зға шығу мүм­кін емес. Бірақ ерекше кон­церт жаса­дық деп ойлай­мын. Көп­те­ген ағай­ын­дар «ерекше кон­церт бол­ды, әде­мі дүни­е­лер көп екен…» деп жатты.

Әйт­се де, отыз жыл сахна­да жүр­сем де, өз-өзім­ді ешу­ақыт­та мақтаған емес­пін. Өз өнері­ме баға қоя алмай­мын. Өйт­кені мен өмір­бақи ізденіс үстін­де жүр­ген әншімін.

Өмір­де неше түр­лі жағ­дай­ларға тап бола­мыз ғой. Сон­дай қиын кезең­дер­де жақ­сы­лы­ққа, бақы­тқа жетуді арман­дай­ты­н­мын. Кон­церт­тің ұйым­да­сты­ры­луы­на атса­лы­сқан бар­лық доста­ры­ма, «Бақыт шоу» балет бишілеріне алғы­сым­ды айтқым келеді. Бота Асқа­ро­ва кон­цер­тім­де басы­нан аяғы­на дей­ін режис­сер бол­ды. Кон­церт­тен кей­ін төрт жүз жет­піс ада­мға дүр­кіретіп той жаса­дық. Оңай­ға түс­кен жоқ. Осын­дай жақ­сы­лы­қта қасым­нан жақ­сы адам­дар табы­ла біл­ді. Әрине, анау-мынау әңгі­ме­лер­дің бола­ты­ны анық. Бірақ мен­де тек қана алға басу деген мақ­сат бар.

 

– Сахна кере­мет безен­діріл­ген, лазер­лі жары­қтар көздің жауын алды, шоуға толы көріністер бол­ды. Мұн­дай кон­церт өткі­зу үшін қомақты қар­жы­ңыз да сар­пы­лған шығар?

– Әрине, жақ­сы дүние жасау үшін қомақты қара­жат керек. Тоғыз жыл­дан бері «L capital» инве­сти­ци­я­лық ком­па­ни­яда қар­жы кеңес­шісі ретін­де жұмыс істеп келе­мін. Өз ірге­та­сым­ды қалап алғанмын.

Қар­жы­лай «L capital» көмек­те­сті, сон­дай-ақ көмек қолын созған доста­рым да бол­ды. Мен өз шығар­ма­шы­лы­ғы­ма ақша аямай­тын әнші­мін. Нан жеме­сем де, мін­дет­ті түр­де өнерім­ді өрге басты­ру үшін ақша­ны қажетін­ше құй­ып оты­ра­мын. Ондай кез­де «қан­ша­лы­қты шығыс бол­са, сон­ша­лы­қты кіріс кіреді» деп, өзім­ді жұба­тып қоямын.

 

– «Әнші де көп, ән де көп» деп өзіңіз айт­пақ­шы, қазір­гі кез­де сахна қуған­дар үшін әнші болу оңай болып кет­кен жоқ па? Қалай ойлайсыз?

– Қазір­гі әншілер­дің өнері мен мүм­кін­дік­теріне өте қызы­ға қарай­мын. Осы уақыт­та өнер­де жүр­ген жастар­ды «бақыт­ты әншілер» деп айтар едім. Жарқы­рап, асқақтай бер­сін. Олар­дың жұмысы­на қар­сы­лы­ғым жоқ. Дұрыс бағыт­та өсіп-өнсе болғаны!

 

– Спор­тқа бей-жай қара­май­тын­дар­дың қата­ры­нан екеніңізді көп жер­де айтып жүресіз. Елу жаста бол­саңыз да, қыздай көрі­нетініңіз осы себеп­тен екен ғой. Артық сал­мақтан ары­ла алмай­тын қыз- келін­шек­тер­ге не кеңес айтар едіңіз?

– Кіш­кене кезім­нен жеңіл атле­ти­ка­мен айна­лы­сқан­ды жақ­сы көретін­мін. Волей­бол, бас­кет­бол ойна­уға құштар едім. Қазір де арнайы тре­на­жер залы­на бара­мын. Бос уақы­тым сол жер­де өте­ді, және әркез­де дие­та­да жүре­мін. Дие­та – әркім­нің ерік-жігеріне бай­ла­ны­сты. Ол үшін ауы­зды тый­ып, ұннан жасалған және тәт­ті тағам­дар­дан бас тар­ту керек. Күніне он рет тамақтан­саңыз да, асқа­зан­ды созбай аздап жеңіз. Және көбірек қимылдаңыз.

 

– Инста-парақ­шаңы­здағы бір оқыр­ман. «Бұй­ыр­са өз енем сияқты емес, сіз сияқты ене бола­мын» деп там­са­на жазып­ты. Сон­да өте жұм­сақ мінезді, жай­лы ене болға­ны­ңыз ба?

– Негізі адам бала­сы­мен жан­жал­дасқан­ды жек көре­мін. Біре­у­ге қат­ты сөз айтып, жара­сын тыр­на­удан да аулақ­пын. Әрине, кей­де ашуға булы­ққан кез­де, сүй­ек­тен өтетін сөзді қал­жың ара­ла­сты­рып айтуым мүм­кін. «Қызым саған айта­мын, келінім сен тың­да» демек­ші, келіні­ме де кей­де ақыл-кеңе­стерім­ді реті­мен бере­мін. Мүл­дем дауыс көтер­мей­мін. Оның үстіне келінім­нің де артық мінезі жоқ. Әру­ақыт­та «ана­шым» деп сәлем салып, жаны қал­май, мен үшін бәй­ек­теп тұра­ды. Сый­лаға­ны­на рах­мет! Мен оны келінім деп сый­ла­сам, маған ол «енем» деп сый-құр­мет көр­сетіп оты­ра­ды. Қатып қалған шар­ттар мен талап­тар қой­май­мын. Өзі пысық, кей­бір нәр­се­лер­ді маған қарап оты­рып үйреніп ала­ды. Сон­ды­қтан мен­дей енені ешқай­дан тап­пай­сыз: мен қай­та­лан­бай­мын (күл­ді).

 

– Бір­не­ше жыл­дан бері Бақыт Шада­е­ва, Жеңіс Ысқақо­ва секіл­ді құр­бы­ла­ры­ңы­з­бен жара­сым­да­ры­ңыз жазыл­май келеді. Деген­мен, кон­цер­тіңіз­де өзіңіз­бен дуэт орын­даған Жеңіс ханым еке­улеріңіздің ара­ла­ры­ңыз онша емес деген сыбыс бар еді…

– Жеңіс – менің әріп­тесім. Еке­уміз отыз жыл бойы сахна­да бір­ге жүр­міз. Біздің қазақ өсек­ке жақын ғой… Бір кез­дері Жеңіс еке­уміздің ара­мы­зға іріт­кі салушы­лар да бол­ды. Ал өз басым ешкім­нің өміріне, ісіне ара­лас­пай­мын. Егер мен тура­лы сұрай­тын­дар бол­са, жақ­сы өмір сүріп жатыр­мын деп қана жау­ап бере­мін. Елге менің өмір­ба­я­ным қызық. Яғни, халы­қты қызы­қты­ра­тын әнші болға­ным ғой. Мені рен­жіт­кен адам­дарға қолым­ды бір сіл­те­умен қоя сала­мын. Ары қарай қаз­ба­лап жүретін мен емес. Оны қарға­май­мын да. Бір құдай­ға тап­сы­ра­мын да жүре беремін.

 

– Жаңа пәтеріңіз­ге қоныс аудар­ды­ңыз. Бірақ жеке бір өзіңіз жалғыз тұру­дан жалы­қ­пай­сыз ба? Мәсе­лен, неме­реңізді қолға алу ойы­ңы­зда жоқ па дегенім ғой…

– Жалғы­здық құдай­ға жарасқан. Деген­мен, бірін­ші­ден, мен жалғыз емес­пін. Күн­делік­ті бала­ла­ры­ма барып, аман­ды­қта­рын біліп тұра­мын. Маған да олар жиі келеді. Олар жас отба­сы, сон­ды­қтан жеке тұрған­да­ры дұрыс.

Екін­ші­ден, жалы­ғуға уақыт жоқ мен­де. Үшін­ші­ден, неме­рем­ді өз қолы­ма алу ойым­да бар дүние. Өзінің күту­шісі де бар. Деген­мен, қазір неме­ре қарап, үйде оты­ра­тын жағ­дай­да емес­пін. Жұмыс істеп, бала-шағам­ның, туған-туы­ста­рым­ның жағ­дай­ын жаса­уым керек. Жиыр­ма жылға жететін­дей қор жинап қою­ды мақ­сат тұта­мын. Ертең­гі күні неме­ре­мнің оқуы, тойы бар. Және екін­ші неме­ре­ге де дай­ын­да­лып отыр­мыз. Жақын­да ғана ауру­ха­наға неме­рем­мен бір­ге өзім жатып шықтым. Келінім жүк­ті, оған вирус жұғып кет­пе­сін дедім. Бұл ісі­ме таңы­рқай қараған­дар: «Күту­шісін неге жатқы­з­бай­сың?» деп сұрай­ды. Бірақ неме­ре­мнің ден­са­улы­ғын өзім қадаға­ла­у­ым керек шығар.

 

– Жұрт ара­сын­да «жаңа пәтер­ді Шәки­за­даға күй­е­уі сый­лап­ты» деген әңгі­ме­лер жүр дей­ді. Бұған не дер едіңіз?

– Ойбу‑у, керісін­ше, мен оған үш қабат­ты үйді қал­ды­рып кет­тім. Ол жас әйел­ге үйленіп, үбір­лі-шүбір­лі болғы­сы кел­ді. Кедер­гі жаса­май­мын дедім. Үйдің үшін­ші қаба­тын­да біз­ден бөлек үш бөл­месін­де аға­сы бала-шаға­сы­мен тұра­ды. Ол жер­ден өзі­ме бір тиын да алған жоқ­пын. Бұл әңгі­мені кім айт­са да, ақиқат­ты шата­сты­рып алған екен. Мен ешу­ақыт­та бірін­ші күй­е­уі­ме де, екін­шісіне де «маған үй әпер, көлік сый­ла» деп айт­паған­мын. Мүм­кін бұлай талап қой­мау да қателік шығар. Бірақ бізді әке-шеше­міз «несі­беңді өз еңбе­гің­мен тап, өз жұмысы­ң­ның раха­тын көр» деп тәр­би­е­леді. Сол тәр­би­е­мен келе жатқан әнші, ана, жар­мын. Сон­ды­қтан қазір­гі пәтерім­ді өз ақша­ма сатып алдым. Бала­ла­ры­ма да екі бөл­мелі пәтер­ді өзім сый­ла­дым. Шыны – осы: өз аузым­нан естіп отырсыз.

 

– Бір ірі ком­па­ни­я­ның қар­жы кеңес­шісі қыз­метін атқа­ра­сыз: ақшаға қалай­сыз, үнем­шіл­сіз бе?

– Бұрын ақшаға ықти­яр­сыз бол­дық. Кей­ін­нен қар­жы кеңес­шісі бола жүріп, ақша­ны қалай үнем­деу жағын үйрен­дім. Ақша­ны шашып ұста­саң, күліп келеді де, жылап кете­ді екен. Қалай жұм­сау мен көбей­тудің жолын оқы­дым, білім жина­дым. Сон­ды­қтан үлкен тір­лік­тер­ге кіріс­кен­де, алды­мен бола­шақ шығын­да­рым­ды жос­пар­лап ала­мын. Содан кей­ін ғана ақша жаратамын.

 

– Қазір­гі қым­бат­шы­лық жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты оқыр­ман­дарға ақша­ны дұрыс жара­ту тұрғы­сын­да қан­дай кеңес бере аласыз?

– Ақша­ның соңы­нан қуып жет­кен адам­ды әлі көр­ген жоқ­пын. Қан­дай да бір жасаған ісіңіз сіз­ге табыс әке­летін­дей бол­сын. Ақша­ны адам емес, ол сіздің арты­ңы­здан қуу керек. Жал­пы адам бала­сын­да той­ым жоқ: бір мил­ли­он бол­са, оны екі мил­ли­онға жет­кіз­сем деп оты­ра­ды. Сол үшін қар­жы­ны қалай жұмыс істе­те білу үшін, есеп жағы­нан сау­ат­ты болған дұрыс.

 

– Кей­де қар­жы ісі­мен айна­лы­су­да қорқы­ныш бол­май ма сізде?

– «Қорқа­ты­ның бар – біре­удің қорас­ын­да неге кіресің?» деген сөз бар. Қар­жы сала­сы­нан сау­ат­ты және заң­ды түр­де жұмыс істе­сеңіз, қорқу­дың еш қажеті жоқ. Иә, біз­ден де басқа неше түр­лі ақша сақтай­тын пира­ми­да­лар бар. Оған қар­жы­лық жағы­нан сау­ат­сыз кісілер ұры­нып қалып жатыр. Қомақты ақша­ла­рын жоғал­тып жатқан­да­рын ести­мін. Бірақ біздің ком­па­ния мүл­дем басқа, ондай қорқы­ныш жоқ.


 

– Әңгі­меңіз­ге рахмет!

Анар

ДӘУКЕН,

[email protected]

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн