Суббота , 5 июля 2025

Шәкизада неліктен АШУҒА МІНДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

Ойдан-қыр­дан

 


 

Әнші Шәки­за­да өзіне тіл тигіз­ген оқыр­ма­нын ел алдын­да әшке­ре қыл­ды. Бірақ бұл қылы­ғын жөн көр­ме­ген инста-парақ­ша­сын­дағы жұрт әнші­ден көңіл­дері қалға­нын айта­ды. Соның әсері­нен ол сын нөпірінің астын­да қалды.

 

Бай­қа­у­лар­дың бірін­де әділқа­зы­лық еткен Шәки­за­да ханым­ды бір оқыр­ма­ны «ақша алды» деп айып­та­ды. Өнер көр­сет­кен өнер­паз­дарға әділ баға қой­ыл­маға­нын жазып, соған бай­ла­ны­сты әнші­ге кінә арта­ды. Бұны өзіне тағы­лған жала ретін­де қабыл­даған Шәки­за­да ханым желі қол­да­ну­шы­сы­на қат­ты ашу­ла­на­ды. Тіп­тен ол қызды тауып алып, видео арқы­лы өзі­нен кешірім сұратқан. Инста­грам оқыр­ма­ны өзінің аңда­май сөй­ле­генін жет­кізіп, әншінің алдын­да ақталған видео жібе­реді. Тіп­тен Шәки­за­да ханым­нан тізер­леп кешірім сұрай­ты­нын айтады.

Бұл кешірім­нен көңілі жіби қой­ма­ды ма, әлде басқа­ларға сабақ бол­сын деді ме екен – әнші видео­ны инста-парақ­ша­сы­на жари­я­лай­ды. Асты­на тек «Аман бол!» деп пікір қал­ды­ра­ды. Мұны көр­ген басқа желі қол­да­ну­шы­ла­ры әншінің оқыр­ман қызды жұрт алдын­да масқа­ра еткені деп түсін­ді. Өнер ада­мы­на жара­са қой­май­тын іс екенін айту­да. Бір желі қол­да­ну­шы­сы: «Пікір үшін сот­та­су­дың, аяққа жығу­дың алдын­да жүресіз­дер. Енді бас кесу жаза­сын қол­дан­ба­саңы­здар бол­ды» деп ренжіген.

Бірақ была­пыт сөз жазғы­штар­ды осы­лай жаза­лау керек деп, әншіні құп­та­у­шы пікір­лер де бар. Еске сал­сақ, өз сұх­бат­та­рын­да Шәки­за­да ханым өзіне жаман­дық жасап, жала жапқан, балағат сөз айтқан адам­дар­ды тек­ке қал­дыр­май­ты­нын ескер­тіп жүретін. Сол сөз­дерінің бекер­ге айтыл­маған болу керек.

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн