Воскресенье , 6 июля 2025

ШҚО мәслихатының хатшысы РЕСЕЙ АЗАМАТЫ БОЛЫП ШЫҚТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №3 (367) от 26 янва­ря 2017 г.

 

Шатақ

 


 

Редак­ци­я­мы­зға төмен­де­гі­дей кісі шошыр­лық мағлұ­мат келіп түсті. Сол мәлі­мет­ке сен­сек, 1998 жыл­дың 12 тамы­зын­да Голо­ва­тюк Вла­ди­мир Михай­ло­вич есім­ді аза­мат Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның «Аза­мат­тық тура­лы» заңы­ның 3‑бабының негізін­де Аста­на­дағы Ресей елшілі­гінің кон­сул­ды­ғын­да Ресей аза­мат­ты­ғын ала­ды. Тиісін­ше пас­порт рәсім­де­ме­ген, тек өзге елдің аза­мат­ты­ғын алған, сөй­те тұра, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғы­нан бас тартпаған.

 

Біздің елде мұн­дай жайт­тар бар екені жасы­рын емес. Көбіне Ресей­мен шека­ра­лас аймақтар­дың қара­пай­ым тұрғын­да­ры екі­жақты аза­мат­тық ала­ды да оны жасы­рып жүреді. Бірақ Голо­ва­тюк Вла­ди­мир Михай­ло­вич қатар­дағы қара­пай­ым адам емес. Ол – Шығыс Қаза­қстан облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның хат­шы­сы! Яғни, шека­ра­лық аймақтың өкіл­дік билі­гінің жетек­шісі! Облы­стың басты тұлға­ла­ры­ның бірі!

Мәсе­лен, Қытай­дағы Іле-Қазақ авто­но­ми­я­сы­ның бас­шы­сы неме­се Ресей­де­гі Орын­бор облы­стық дума­сы жетек­шісінің Қаза­қстан аза­мат­ты­ғы болуы мүм­кін бе? Жоқ! Ал біздің елде бәрі мүмкін!

Біздің қолы­мы­зда Ресей Феде­ра­ци­я­сы Феде­рал­дық мигра­ци­я­лық қыз­метінің элек­трон­ды база­сы­нан көшіріл­ген тәрізді құжат та бар. Онда В. М. Голо­ва­тюк­тың 1998 жыл­дан бастап, көр­ші елге жылы­на бір­не­ше рет бара­ты­ны көр­сетіл­ген. Дәл осы қағаз­да 1998 жыл­дың 12 тамы­зын­да В.Головатюкке Ресей аза­мат­ты­ғын беру тура­лы шешім қабыл­данға­ны жазы­лған. ШҚО облы­стық мәс­ли­ха­ты хат­шы­сы­ның Ресей аза­ма­ты ретін­де­гі жеке іс-құжа­ты­ның нөмірі де аны­қталған – 170309960.

Қаза­қстан мен Ресей – көр­шілер, достас мем­ле­кет­тер, бірақ біл­дей бір өңір­дің жау­ап­ты қыз­метінің тіз­гінін өзге ел аза­ма­ты­ның ұстап оты­рға­ны мем­ле­кет­тік қауіп­сіздік қағи­да­ла­ры­на қай­шы. Мәсе­лен, ел пре­зи­ден­ті Өске­мен­ге жұмыс сапа­ры­мен бар­ды делік, оның жол жүру бағыт­та­ры­нан көр­ші елдің түр­лі қыз­мет­тері мәлі­мет алып отыр­май­ты­ны­на кім кепіл­дік бере ала­ды? Облыс орта­лы­ғы­ның әске­ри бөлім­ше­лері­нен бастап, стра­те­ги­я­лық ком­му­ни­ка­ци­я­лар жүй­е­леріне дей­ін түр­лі меке­ме­лер­дің ішкі ақпа­рат­та­ры мем­ле­кет­тік құпи­яға жата­ды. Өзге ел аза­ма­ты­ның олар­ды оңай біліп оты­руға мүм­кін­ді­гі бар. Бұл ұлт­тық қауіп­сіздік­ке төн­ген қауіп бол­маған­да – не?

Әрине, Голо­ва­тюк­тің Ресей аза­мат­ты­ғы жөнін­де сол елдің тиісті меке­ме­леріне сұрау салып көру­ге бола­ды. Бірақ олар­дың рас­тай қоюы күмән­ді. Бүкіл әлем­де арнайы қыз­мет­тер өз адам­да­рын сат­пай­ды. Бірақ біздің арнайы қыз­мет­тер де осал емес, қажет болған­да, не нәр­сені де аны­қта­уға қабілет­ті. «Қам­шы» пор­та­лы тіл­шісі пошта­дағы мате­ри­ал­ды тек­се­ру бары­сын­да Голо­ва­тюк Вла­ди­мир­дің Геор­гий лен­та­сын тағып түс­кен суретін кезік­тір­ді. Еске сал­сақ, Қаза­қстан­да шене­унік­тер аталған лен­та­ны тақ­пай­ды. Бұл лен­та қоғам­да ресей­лік сепа­ра­тизм сим­во­лы ретін­де танылған.

Qamshy.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн