Понедельник , 5 мая 2025

Үш сағаттық жерден келген БІР УЫС ТОПЫРАҚ

 

 

Жеңістің 70 жыл­ды­ғы­на орай Мәс­кеу облы­сы өкіл­дері Алма­ты­ға топы­рақ салы­нған кап­су­ла мен Жеңіс туы­ның көшір­месін әкел­ген еді. Құра­мын­да аты шулы «Ноч­ные вол­ки» мото­клу­бы­ның өкілі де бар деле­га­ция бұны «Ұлы Отан соғы­сын­дағы жеңіс сим­вол­да­ры» деп атапты.

 

Алма­ты­лы­қтарға табыс ету үшін Мәс­кеу облы­сы өкіл­дері әкел­ген «жеңіс сим­вол­да­ры­ның» бірі – 1941 жыл­дың 16 қара­ша­сын­да Дубо­се­ко­во разъ­езі түбін­де­гі әйгілі шай­қас болған жер­ден алы­нған топы­рақ салы­нған кап­су­ла. Бұл шай­қасқа Қазақ ССР‑і мен Қырғыз ССР‑і тұрғын­да­ры­нан құры­лған 316-атқы­штар диви­зи­я­сы­ның 28 жауын­гері қаты­сқан деп сана­ла­ды. Диви­зи­я­ны гене­рал-май­ор Иван Пан­фи­лов басқарға­ны бел­гілі. Әлгі екі сим­вол­ды тап­сы­ру рәсі­мі мамыр­дың 10‑ы күні Жам­был атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік филар­мо­ни­я­сын­да өтті.

Кап­су­ла әуелі гене­рал Пан­фи­ло­втың жиен­дері Әлия және Алуа Бай­қа­да­мо­ва­ларға табыс етіл­ді. Еке­уі кап­су­ла­ны бір­ден Алма­ты­дағы гене­рал Пан­фи­лов атын­дағы 54-ші Қазақстан–Ресей гим­на­зи­я­сы дирек­то­ры­на бер­ді. Ол енді мек­теп­тің жауын­гер­лік даңқ мұра­жайы экс­по­на­ты­на айналмақ.

Ал Жеңіс туы­ның көшір­месі кезін­де рейхс­та­гқа ту тік­кен­дер­дің бірі Рақым­жан Қошқар­ба­ев дирек­то­ры болған «Алма­ты» қонақ үйіне беріл­ді. 1945 жыл­дың 30 сәуірін­де ресей­лік Гри­го­рий Була­тов еке­уі тік­кен ту рейхс­таг­тың маң­дай­ша­сын­да бір тәулік­тей ілініп тұрған.

Бұл ерлі­гі үшін еке­уін де Совет Одағы­ның Баты­ры атағы­на ұсы­нға­ны­мен, олар­ды «Қызыл жұл­дыз» ордені­мен ғана наград­таған. Р.Қошқарбаевқа «Халық Қаһар­ма­ны» атағы қай­тыс болған­нан кей­ін, 1999 жылы беріл­ген. Жеңіс туы­ның көшір­месі әске­ри-тари­хи мұра­жай ашы­лған соң, сон­да сақталады.

 

Comments

 

Жет­піс жыл­дан бері ұшақ­пен ұшса – үш сағат, поез­бен жүрер бол­са – үш күн­дік жер­ден неге «жете алмай» қалған «топы­рақ» ол? 

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн