ҮШ ТІЛДІҢ «жол картасы» ЖАСАЛАДЫ

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрлігіне Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Қазақстанда үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беруге көшудің жол картасын жасап шығаруды тапсырды.

«Білім министрлігіне Мәдениет министрлігімен бірлесіп үш тілді білім берудің жол картасын жасап шығару қажет», – деді Н. Назарбаев бейсенбі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік тілді белсенді түрде үйрене бастаған қазақ емес азаматтардың саны артқан.

«Бүгінде мен қазақ тілін үйреніп жүрген барлық қазақ еместерге шын жүректен рахметімді айтып, басымды игім келеді. Балабақшадан бастап, балаларын өз Отанының тілінде сөйлеуге баулитын ата-аналардың алдында, бұл біздің ортақ азаматтығымызды біріктіріп, қалыптастыратын болады. Қазақ тілінің дамуы осыған дейін ешқашан мұндай ауқым мен қарқынды білген емес – қаншама қазақ еместер қазірдің өзінде қазақ тілін біледі: қиын, мен санай алмадым, бірақ көп», – деді президент.

Осы ретте ол Қазақстанда ұлтаралық тілдесім тілі – орыс тілі – «орасан стратегиялық көршіміз – Ресейдің туған тілі» кеңінен қолданылатынын еске салып өтті.

«Мемлекет қазақстандықтардың барлық этникалық топтарының тілдерін дамыту туралы қам жейді. Біз үштілділікті ендіру қарқынын үдетіп келеміз. Бұл ойдан шығарылған нәрсе емес, бұл әлдекімнің тілегі емес, бұл – қажеттілік. Осының өзінде қазақстандықтардың 20%-ы ағылшын тілін меңгерген, яғни үш тілді білу – жаһандық өмірге деген жолдама, ол адамның өмірдегі табыстылығының қағидаты. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз ғаламшардың азаматы болады – оларға әр жерде жұмыс жасауға тура келеді және олар осынау қиын дүниеде өздерін судағы балықтай сезінуі тиіс», – деп есептейді ол.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн