Пятница , 4 июля 2025

ШӘЙКЕ МОЛДА және Алаш мұсылмандарыТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

Қуғын-сүр­гін құрбандары

ШАЙКЕ МОЛДА ТУРАЛЫ НЕ БИЛЕМИЗ1

ХХ ғасыр­дың басы­нан­да өрке­ни­ет­ке сай өрісте­ген, бүгін­де Алаш аты­мен ата­ла­тын қазақ ұлт-азаттық қозға­лы­сы­ның баста­уын­да діни қай­рат­кер­лер де тұрған еді. Ұзақ уақыт отар­лық езгі­де келе жатқан қазақ халқы­ның азатты­қты аңсаған жаңа тұр­пат­ты сая­си ойы мен әре­кеті, шынын­да, діни-руха­ни қыз­мет­шілер­дің от таста­уы­мен тұтан­ды. Қозға­лыс дін адам­да­ры­ның қар­сы­лық істері­нен бастау алып, бірін­ші орыс рево­лю­ци­я­сы­ның дүм­пуі­мен жаңа­ша маз­мұн­да дами бастады.

Бұл жаңа­ша даму­дың өзін­дік ерекшелі­гі – Ресей импе­ри­я­сы орнатқан отар­лық езгі­ге қар­сы әре­кет­тер­дің зия­лы қауым тара­пы­нан кең қол­да­уға ие бола баста­уын­да еді. Қазір­гі Қаза­қстан­ның сол кез­де­гі аумағын­да тұра­тын халы­қтар­дың өмірі, эко­но­ми­ка­сы мен әле­умет­тік қарым-қаты­на­ста­ры жиыр­ма­сын­шы жүз­жыл­ды­қтың қар­саңы мен баста­лар шағын­да ірі өзгерістер­ге ұшы­раға­ны мәлім. 1861 жылғы рефор­ма бой­ын­ша, ішкі Ресей­де­гі құл иеле­ну­шілік – шару­а­лар­дың басы­бай­лы­лы­ғы жой­ы­лған соң, еркін­дік алған шару­а­лар іші­нен қазақ жеріне күн­көріс қамы­м­ен көшіп келу­шілер саны арта түс­кен. Одан, 1891 жылғы Дала Ере­же­сіне сәй­кес, пат­ша үкі­меті қазақ жер-суын мем­ле­кет мен­ші­гі деп жари­я­лаған­нан кей­ін, сырт­тан орыс шару­а­ла­ры­ның қазақ ара­сы­на бақ-дәу­лет іздеп келіп қоны­ста­нуы, сосын өкі­мет­тің мақ­сат­ты түр­де көр­сет­кен көме­гі арқа­сын­да шұрай­лы жер­лер­де өз қожа­лы­ғын құруы өріс алды.

ШАЙКЕ МОЛДА ТУРАЛЫ НЕ БИЛЕМИЗ

Бұл науқан­ның қанат жаюы­на, тура­сын айтқан­да, «жаңа жер­лер­ді» иге­ру­ге қоны­ста­ну­шы­лар­ды ұйым­дасқан түр­де көшіріп апа­руға, іс жүзін­де қазақ жер-суын күштінің құқы­мен отар­ла­у­ға орыс үкі­меті мүд­делі бол­ды. Осы­лай ету арқы­лы пат­ша­лық билік ішкі орыс губер­ни­я­ла­рын­да шие­лені­се түс­кен шару­а­лар қозға­лы­сын әлсіре­ту­ден үміт­тен­ген еді. Сол оймен 1901 жылы «қазы­на­лық жер­лер­ді» (қазақ жер-суын) жеке адам­дарға бөліп беру тура­лы заң шығар­ды. Шару­а­лар­ды орта­лық облы­стар­дан шет аймақтарға көшіріп апа­рып қоны­стан­ды­ру басқар­ма­сын құрып, қаза­қтар­дан тар­тып алы­нған жер­лер­ді «қоныс ауда­ру қоры» есебіне алды. Қаза­қстан жерінің асты-үстін­де­гі бай­лы­қтарға түгел тұзақ салы­нып, бәрін орыс және шетел капи­та­лы биледі. Қаза­қтың жер қой­на­уы және дәстүр­лі шару­а­шы­лы­ғы­ның өнім­дері арсызды­қ­пен тала­нып, қана­у­шы­лық жол­мен сыр­тқа тасып әкеті­ле берді.

Бір­тін­деп, қаза­қтар Ресей өнер­кәсібін өркен­де­ту­ге қажет арзан шикі­зат өндіріп ала­тын тау-кен және ауы­л­ша­ру­а­шы­лық база­сы­на айнал­ды­рыл­ды. Қаза­қтар­дан бар­лық орман-тоғай­лар, құнар­лы, шұрай­лы жер­лер, ірі сулар­дың (Жай­ық, Ертіс, т.б.) жаға­ла­у­ла­ры, егін­шілік­ке қолай­лы ата-қоны­ста­ры тар­тып алын­ды. Қаза­қтар шөл және шөлейт аймақтарға ығы­суға мәж­бүр бол­ды. Шөбі шүй­гін жай­ы­лым­дар мен шабын­ды­қтар­дан айры­лу – жай­ы­ла көшіп, мал бағу­ды кәсіп еткен қазақ халқы­ның дәстүр­лі шару­а­шы­лы­ғы­на қиға­шты­қтар, теріс өзгерістер енгізіп, шаш-етек­тен зиян тигізді. Тұр­мыс жағ­дай­ын күрт төмен­дет­ті. Кедей­лен­ген, қай­ыр­шы­лы­ққа ұшы­раған көшпен­ділер жатаққа айнал­ды. Олар­ды пат­ша үкі­меті қазақ жерін­де ашы­лған түр­лі кәсіп­шілік­тер­ге жал­дап, арзан жұмыс күші ретін­де, ауыр жұмыстарға пайдаланды.

Қазақ еліне терең­дей енген Ресей­дің капи­та­ли­стік эко­но­ми­ка­сы, осы­лай, жер­гілік­ті халы­қты аяу­сыз қанау және езу жолы­мен даму бағы­тын ұстан­ды. Импе­рия билі­гі қаза­қтың XVXVIII ғасыр­лар­дағы ұлт­тық мем­ле­кет­тілі­гін бір­жо­ла­та жой­ып, орны­на – ел басқа­ру­дың ресей­лік жүй­есін орнат­ты. Халы­қты жер-суы­мен бөл­шек­теп, бір­не­ше орыс губер­ни­я­сы мен гене­рал-губер­на­тор­лы­қта­ры­на қарат­ты. Эко­но­ми­ка­лық және руха­ни тұса­у­лар сал­ды. Мешіт­тер, мед­ре­се­лер ашқы­з­ба­ды. Бұрын­нан жұмыс істеп тұрған­да­рын жап­ты. Одан да сорақы­сы сол – тіп­ті, халы­қты шоқын­ды­ру бағы­тын ұстан­ды. Орыс-тузем мек­теп­тері жүй­есін жасап, кеңей­ту арқы­лы жас ұрпақты оры­стан­ды­ру ісін қолға алды. Не керек, жал­пақ көшпен­ді елде­гі күл­лі тыныс-тір­шілік­ті импе­рия өміріне бей­ім­деп, сан-алу­ан әкім­шілік шара­ла­рын жүр­гі­зу арқы­лы, отар­шыл күш­тер Қаза­қстан­ды ХХ ғасы­рға дей­ін-ақ Ресей­дің басы­бай­лы ота­ры­на айнал­ды­рып үлгер­ген болатын.

ХХ ғасыр­дың басын­дағы алға­шқы азаттық аңсаған қоғам­дық-сая­си ойлар мен иде­я­лар­дың тууы­на осы­нау отар­лық қамыт басқа салған құқы­қ­сыздық және қараңғы­лық аху­ал түрт­кі болған еді. Бұл, сөз жоқ, қоғам­да озбыр сая­сат жете­гі­мен орын алып тұрған нақты аху­ал­ды және адам­ның өз құқта­рын қорғап, әділ­дік­ке жетуіне ешқан­дай мүм­кін­шілік қал­маған жағ­дай­ды ақы­лға салып пары­қта­удың түрі еді. Ондай ұмты­лы­стың дүни­е­ге келуі мен дамуы­ның басты себебі – қазақ қауы­мы бастан кешіп оты­рған эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік, руха­ни кем­сіту­шілік­тер­дің шек­тен шыға шие­лені­суін­де жатқан еді. Ойлы аза­мат­тар­ды бұған қан­дай амал қол­дан­бақ керек деген өзек­ті мәсе­ле толған­тқан еді. Сон­дағы толға­ну­дың нәти­же­сін­де, зия­лы аза­мат­тар­ды бас қосуға шақы­ру, кеңес құру, ортақ мүд­дені айқын­дау және сол мақ­сат­та бұқа­ра­ның көзін ашу жөнін­де­гі сая­си мұрат өмір­ге кел­ді. Атап айта­ты­ны сол, ағым­дағы сая­сатқа сыни көз салуға шақы­ра­тын осын­дай иде­я­ны көтеріп, тара­ту әре­кетін бірін­ші кезек­те діни қыз­мет­шілер қолға алды.

Содан бір­не­ше жыл ғана бұрын, жаңа ғасыр қар­саңын­да, дәлірек айтқан­да 1897 жылы, Әнді­жан­дағы дін қыз­мет­кер­лері «кәпір­лер­ге қар­сы қаси­ет­ті соғыс – ғаза­уат» жари­я­лаған. Мұсыл­ман­дар­дың елді отар­шыл­дар­дан азат етуін мақ­сат еткен көтерілісін баста­уға пәр­мен еткен еді. Түр­кістан өлкесінің бай­ы­рғы тұрғын­да­ры (қазақ, қырғыз, өзбек, т.б.) бас қосып атса­лы­сқан­мен, көтеріліс бұқа­ра­лық сипат ала алмай, тез ара­да қатыг­ездік­пен басып-жан­шыл­ды. Бұл жағ­дай дін­ба­сы­ларға да, көкіре­гі ояу бар­ша оқы­ғанға да көр­некі сая­си сабақ бер­ген еді. Ғаза­уат­тың бостан­ды­ққа жету жолы бола алмай­ты­нын көрсеткен.

Содан барып, зия­лы­лар­дың сая­си тұрғы­да өрке­ни­ет­ке сәй­кестене ояну кезеңі бастал­ды. ХХ ғасыр­дың бас кезін­де отар­шыл­дар­дың озбыр зор­лық-зомбы­лы­ғы қал­жы­ра­тып, шара­сызды­қтан мау­жы­раған халы­қты сая­сатқа сер­гіту, сая­си күрес амал­да­рын түр­лен­ді­ру әре­кет­тері бел­сен­дірек жүр­гізіл­ді. Солар­дың ішін­де Көк­ше­тау мешітінің діни қыз­мет­кер­лері, атап айтқан­да, дін­ба­сы Науры­з­бай Тала­сов пен мед­ре­се мұғалі­мі Шәй­мер­ден Қос­шы­ғұ­лов айры­қ­ша дара­ла­на­ды. Олар 1903 жылы қаза­қтың бел­гілі зия­лы­ла­рын ел мұқта­жын талқы­лай­тын басқо­суға шақыр­ды. Сол орай­да өзек­ті сая­си-құқы­қтық иде­я­лар мен ойлар тұжы­рым­далған үндеу-хат (про­кла­ма­ция) әзір­леді. Оны гек­то­гра­ф­пен көбей­тіп, халық ара­сы­на жасы­рын таратты.

Осы дін адам­да­ры­ның пат­ша әкім­шілі­гі­нен құпия түр­де әзір­леп, өлке­де­гі көзі ашық аза­мат­тарға жол­даған үндеу-хатын­да импе­рия үкі­метінің қазақ жерін­де зыми­ян мақ­сат көз­де­ген ағар­ту ісі тал­данған бола­тын. Онда қазақ бала­ла­ры­на арнап ашы­лған ресми ауыл мек­теп­терін­де­гі залал­ды бағыт сынал­ды. Ғасыр­лар бойы қол­да­ны­лып кел­ген араб әлі­п­биін оқы­туға тый­ым салып, оны, тіп­ті, ұмы­тқы­зуға тыры­сқан әре­кет әшке­ре­лен­ді. Бала­лар­ды тек орыс әріп­тері­мен оқып-жазуға үйре­ту шара­ла­ры­ның аста­ры ашыл­ды. Билік тара­пы­нан мұсыл­ман­дық ілім­ді оқы­туға рұқ­сат беріл­мей оты­рға­ны, қаза­қтар­дың өз тілін­де жазған өтіні­ш­терін әкім­шілік буын­да­ры­ның ешбірі қабыл­да­мауы да нақты мысал­дар­мен талданды.

1902 жылы Ақмо­ла облы­сын­да шаруа (кре­стьян) басты­қта­ры атты жаңа лау­а­зым­ды шене­унік­тер тағай­ын­далған, осы шаруа басты­қта­ры инсти­ту­ты­ның өмір­ге енгізілуіне орай қаза­ққа қаты­сты белең алған қатер­лі іс-дағ­ды ашып айтыл­ды. Шаруа басты­қта­ры әмір­шіл­ді­гінің сал­да­ры­нан қаза­қтар­дың дәстүр­лі қожа­лы­қта­ры жаңа күй­зеліс­ке ұшы­раға­ны көр­сетіл­ді. Аталған келеңсіздік­тің бәрі үкі­мет тара­пы­нан сана­лы түр­де жүр­гізілу­де деп қоры­тыл­ды. Про­кла­ма­ция автор­ла­ры бұлар­ды үкі­мет­тің қаза­қтар­ды оры­стан­ды­ру, дін-ислам­нан айы­рып, шоқын­ды­ру, тұр­мысы­на кәдім­гі орыс тір­шілі­гін таңып, мұжы­қтан­ды­ру бағы­ты­на бет алған арам­за сая­са­ты­ның сал­да­ры деген ой айт­ты. Осы­лар­ды баян­дай келе, елін де, жерін де алған отар­шыл­дар­дың жымысқы пиғы­лы­на қар­сы тұруға бар­ша жұрт­шы­лы­қты шақырды.

Әрине, импе­рия әкім­шілі­гін про­кла­ма­ци­я­ның сая­си иде­я­сы шошыт­ты. Қазақ дала­сы­на лез­де тарап кет­кен астыр­тын үндеу-хат­ты жан­дар­ме­рия шарқ ұрып ізде­стіріп, соған бай­ла­ны­сты елге сый­лы әлде­не­ше ондаған зия­лы­лар­дың үйлеріне тін­ту жүр­гізді. Кіта­п­ха­на­ла­рын, жеке баста­ры­ның жаз­ба­ла­рын, сақталған хат­та­рын тәр­кіледі, өздерін тер­ге­у­ге алды. Көп­шілі­гін түр­лі әкім­шілік жаза­ға тарт­ты. Бірқа­та­рын өзге өлке­лер­ге жер аудар­ды. Басты айып­кер­лер деп табы­лған діни қыз­мет­шілер Науры­з­бай Тала­сов – Сібір өлкесін­де­гі Ени­сей губер­ни­я­сы­на, Шәй­мер­ден Қос­шы­ғұ­лов – Якут облы­сы­на айдал­ды. Міне, осы оқиға жаңа тұр­пат­ты Алаш қозға­лы­сы­ның баста­уы­на айнал­ды деу­ге болады.

Көк­ше­та­удағы ел-жұр­тқа аса қадір­ді дін­ба­сы Науры­з­бай Тала­со­вты халық айры­қ­ша құр­мет­теп, Нау­ан хазірет деп атап кет­кен-ді. Ол ХІХ ғасыр­дың 60–70-жылдары шама­сын­да, жас кезін­де, басы­на түс­кен үлкен қиын­шы­лы­қтарға мой­ы­май, Бұқа­раға оқуға барған. Өзінің қабілет­тілі­гі мен дары­ны­ның арқа­сын­да сол жақта мек­теп, мед­ре­се тауы­сқан. Он бес жыл оқы­ған. Діни ілім­ді терең игеріп, жоға­ры мек­теп­те дәріс беріп жүр­ген. Сол шақта, Түр­кістан өлкесін­де ғұла­ма ғалым ретін­де шыққан атақ-даңқы­нан хабар­дар көк­ше­та­улық жер­ле­стері оған қай­та-қай­та арнайы елші аттан­ды­рып, елге шақыртады.

Ол шақы­ру­ды қабыл ала­ды да, Көк­ше өңіріне оралған бет­те халы­қты мұсыл­ман­ша сау­ат­тан­ды­ру ісіне кірі­седі. Мешіт ұстай­ды, мед­ре­се ашып, бала оқы­та­ды. Нау­ан хазірет­тен дәріс алып, оның лай­ы­қты ізба­са­ры бола біл­ген, білі­мін Бұқа­ра­да жетіл­діріп кел­ген діни қыз­мет­ші және мед­ре­се мұғалім­дер­дің бірі – Шәй­мер­ден Қос­шы­ғұ­лов еді. (Оны Шаһ­мар­дан, Шәй­ке мол­да деп те атай­ды, орыс құжат­та­рын­да – Шай­мар­дан Коще­гу­лов). Міне осы екі зия­лы­ның – Көк­ше­тау мешітін­де қыз­мет ететін асқан білім­ді, өмір тәжіри­бесі мол дін­ба­сы мен оның оты­здар­дағы жігер­лі шәкір­тінің аталған үнде­уді жазу­шы, негіз­гі сая­си ойды тұжы­рым­да­у­шы тұлға­лар болуы мүл­дем табиғи жәйт еді.

Шәй­мер­ден Қос­шы­ғұ­лов үнде­уде пат­ша­лық билік­тің сұрқия сая­са­тын әшке­ре­леді, соған бай­ла­ны­сты алға тар­ты­лған сая­си иде­я­ны тұжы­рым­да­ды. Сон­дай-ақ, өзін­дік пікірі бар зия­лы аза­мат­тар­ды күн тәр­тібін­де­гі зәру де өзек­ті мәсе­ле­ге орай бас қосып, кеңе­су­ге шақы­ру­ды тіке­лей ұйым­да­стыр­ды. Толған­ды­рған жәйт бой­ын­ша ол өз қолы­мен кемең­гер ақын және ағар­ту­шы Абай Құнан­ба­евқа арнайы хат жаз­ды. Қос­шы­ғұ­ло­втың сол хатын жан­дарм­дар ұлы ойшыл Абай­дың ауы­лын, хәкім Абай­дың өзі мен қасын­дағы адам­дар­дың қой­ын-қоны­шта­рын еш қысыл­ма­стан тінт­кілеп, тауып алған.

Бірін­ші орыс рево­лю­ци­я­сы­ның теге­уіріні импе­ра­тор­ды бір­ша­ма шегіністер­ге мәж­бүр­ле­гені бел­гілі. Атап айтқан­да, 1905 жылғы 18 ақпан­да ішкі істер мини­стріне рескрипт жол­дап, халық өкіл­дері қаты­са­тын Мем­ле­кет­тік дума құру жай­ын­да заң дай­ын­да­уды тап­сыр­ды, халы­қтың өз мұң-мұқтаж­ды­қта­ры, талап-тіле­гі жөнін­де­гі өтініш хат­та­рын үкі­мет бас­шы­сы аты­на жол­да­уы­на биле­уші сенат арқы­лы пұр­сат бер­ді, ал 21 сәуір­де­гі рескрип­ті­мен ар-ождан бостан­ды­ғын жария етті.

Осы құжат­тар­ды арқа тұтқан қазақ қай­рат­кер­лері пети­ция науқа­ны­на бел­сене атса­лы­сты. Жер-жер­ден билік­ке жұрт тіле­гі жазы­лған хат­тар жол­да­уды ұйым­да­сты­рған, сон­дай әре­кет арқы­лы жаңа сипатты азаттық қозға­лы­сын өріс­те­те түс­кен. Мәсе­лен, 1905 жыл­дың мау­сы­мын­да Қоян­ды жәр­мең­кесіне кел­ген қалың халық Қарқа­ра­лы пети­ци­я­сы­на қол қой­ған еді. Бүгін­де жұрт­шы­лы­ққа кеңі­нен мәлім, сол тілек-хат Әли­хан Бөкей­ха­нов пен Ахмет Бай­тұр­сы­но­втың бас­шы­лы­ғы­мен жазы­лған бола­тын. Онда үкі­мет­тің қаза­ққа дін істерін­де жасап оты­рған қия­на­ты, Көк­ше­тау діни қыз­мет­шілері Нау­ан хазірет пен мед­ре­се мұғалі­мі Шәй­мер­ден Қос­шы­ғұ­ло­втың айда­лып кет­кені атап айтыл­ды. Ар-ождан еркін­ді­гі, діни істер­ге кедер­гі кел­тір­меу, ұлт­тық мек­теп-мед­ре­се­лер ашуға шек­теу қой­мау мәсе­ле­лері пети­ци­яда үкі­мет­ке қой­ы­лған талап­тар­дың негіз­гілері қата­рын­да тұжы­рым­дал­ды. отар­шыл күш озбыр­лы­қ­пен тұн­шы­қты­рып оты­рған руха­ни мәсе­ле­лер­ді қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесі Үкі­мет­ба­сы­на батыс өлке­ден жол­данған пети­ци­яда да сұралды.

Өлкенің дін­ба­сы­ла­ры мен бас адам­да­ры енген қазақ деле­га­ци­я­сын қоғам қай­рат­кері Бақыт­жан Қара­та­ев 1905 жылғы жаз­да Санкт-Петер­бург­ке бастап бар­ды. Деле­га­ция гене­рал Ғұбай­дол­ла Жәң­гір­ха­но­втың көме­гі­мен ІІ-ші Нико­лай пат­ша­ның қабыл­да­уын­да болып, діни аху­алға қаты­сты мұң­да­рын шақты, шақы­рыл­мақ Мем­ле­кет­тік думаға қазақ өкіл­дерін де сай­лау мүм­кін­ді­гі ескерілуіне қол жет­кізу­ге тырысты.

Шәй­мер­ден Қос­шы­ғұ­лов айда­удан рево­лю­ция дүм­пуі­мен туған 1905 жылғы «17 қазан мани­фесі» жария болы­сы­мен боса­нып, Ақмо­ла облы­сы­на орал­ды да, діни-ағар­ту­шы­лық қыз­метіне кірісті. Пат­ша үкі­метінің қыспағы мен қуғын-сүр­гіні оның ел ішін­де­гі беделін арт­ты­ра түс­кен. Халық оны сүй­іспен­шілік­пен Шәй­ке мол­да деп атап кет­ті. Шәй­ке мол­да Саха елін­де айда­уда жүр­ген­де, орыс рево­лю­ци­я­сы рух­тан­ды­рған мұсыл­ман қозға­лы­сы импе­ри­яда өрі­стей түскен.

Қозға­лыс бары­сын­да, 1905 жылғы тамы­зда, Ресей мұсыл­ман­да­ры­ның алға­шқы съезі бол­ды. Өкі­мет рұқ­сат бер­ме­ген­дік­тен, съезд жасы­рын жағ­дай­да, серу­ен жаса­у­шы­лар­ды алып, Ока өзені бой­ы­мен жүзетін кеме үстін­де өткізіл­ген. Оның азаттық иде­я­сын Шәй­мер­ден мол­да бір­ден қол­да­ды. Ұза­май кезек­ті ІІ Бүкілре­сей­лік мұсыл­ман­дар съезіне деле­гат болып сай­лан­ды. Бұл жиы­нға да билік рұқ­сат бер­ген жоқ, сон­ды­қтан да съезд 1906 жылғы қаңтар­да Петер­бург­те жасы­рын жағ­дай­да өтті.

Съез­де мұсыл­ман­дар­дың халы­қтық сая­си пар­ти­я­сын құру мәсе­лесі көтеріл­ді. Шәй­мер­ден Қос­шы­ғұ­лов осын­дай қажет­тілік жай­ын­да оң пікір біл­діру­шілер қата­ры­нан табыл­ды. Құрыл­мақ мұсыл­ман пар­ти­я­сы­ның бағ­дар­ла­ма­сын жасау жөнін­де­гі комис­сия құра­мы­на сай­лан­ды. Осы­лай ол мұсыл­ман қозға­лы­сы­ның бел­сен­ді қай­рат­керіне айналды.

Ақмо­ла облы­сын­дағы таң­дап сай­ла­у­шы­лар 1906 жылы жазғы­тұ­рым Шәй­ке мол­да­ны, Бірін­ші Мем­ле­кет­тік думаға депу­тат етіп сай­ла­ды. Алай­да әкім­шілік оның орыс тілін білу дәре­же­сі жетім­сіз деп танып, сай­лау нәти­же­сін бекіт­пей қой­ды. Сол тұста І‑ші Дума да тарқа­тыл­ды. Оның артын­ша кезек­ті мұсыл­ман съезі шақырылды.

ІІІ-ші Бүкілре­сей­лік мұсыл­ман­дар съезі 1906 жыл­дың тамы­зын­да Ниж­ний Нов­го­род­та өтті. Оған деле­гат боп барған Шәй­ке Қос­шы­ғұ­лов съездің төралқа­сы құра­мы­на сай­ла­нып, жиын­ды басқа­ры­сты. Ағым­дағы сая­си аху­ал, оқу және дін істері жөнін­де­гі съездің талқы­ла­у­ла­ры­на үн қосты. Тиісті қаулы­лар мәтін­дерінің ақы­рғы редак­ци­я­сын жаса­уға, ағым­дағы сая­си сипа­ты бар талқы­ла­у­ларға бел­сене атса­лы­сты. Съез­де бүкілре­сей­лік мұсыл­ман пар­ти­я­сы ұйым­дық тұрғы­да «Ресей мұсыл­ман­дар одағы» болып рәсім­дел­ді. Оның жұмысын жүр­гі­зу үшін жабық дауы­спен орта­лық коми­тет жасақтал­ды. Сон­да құры­лған орта­лық коми­тет­ке Шәй­мер­ден Қос­шы­ғұлұ­лы да бір ауы­здан мүше болып сайланды.

1907 жылы Қос­шы­ғұ­лов ІІ-ші Мем­ле­кет­тік Дума­ның депу­та­ты бол­ды. Сай­лау қоры­тындыс­ын бекі­тер­де оның орыс тілін білу дәре­же­сі тағы да дау­лы мәсе­ле­ге айналған, деген­мен бұл жолы депу­тат­ты­ғы мой­ын­дал­ды. Шәй­мер­ден Қос­шы­ғұлұ­лы Санкт-Петер­бург­ке аттан­ды. Дума­да ол мұсыл­ман фрак­ци­я­сы­на тір­келіп, өз сая­си пікіріне сәй­кес жұмыс атқар­ды. ІІ-ші Дума­ның мүше­сі ретін­де, татар­лар­дың «Үлфат» газетіне қосым­ша етіп қаза­қ­ша «Сер­ке» газетін шыға­руға атсалысты.

ІІ-ші Нико­лай пат­ша­ның 1907 жыл­дың 3 мау­сы­мын­дағы «Үшін­ші мау­сым төң­керісі» ата­нып, қаза­қтар­ды заң шыға­ру меке­месіне өкіл сай­лау құқы­нан айы­рған әйгілі мани­фесі шығуы сал­да­ры­нан, ІІ-ші Мем­ду­ма қуы­лған соң, Шәй­мер­ден Қос­шы­ғұлұ­лы Ақмо­ла облы­сы­на ора­лып, діни және ағар­ту­шы­лық істер­мен шұғыл­дан­ды. Кеңес өкі­меті тұсын­дағы кадр тап­шы алға­шқы кезең­де көп­те­ген дін қыз­мет­шілері қата­рын­да бірер мез­гіл Ахмет Бай­тұр­сы­но­втың төте жазу тәсілі­мен жұмыс істей­тін совет­тік мек­теп­тер­де мұғалім болған. Деген­мен мол­да ретін­де ұдайы түрт­пек­теліп, сая­си қыспақта жүр­ді де, ақы­ры, 30-шы жыл­да­ры дүни­е­ден озды.

Мем­ле­кет­тік дума­ның Мұсыл­ман фрак­ци­я­сы Ақпан рево­лю­ци­я­сы­на дей­ін­гі төрт шақы­ры­лым­да да жұмыс істе­ді. Ол пат­ша­лық ішін­де­гі бодан халы­қтар­дың азаттық көк­се­ген қозға­лы­сы­ның орта­лы­ғы іспет­ті қыз­мет атқарған еді. Мұсыл­ман қозға­лы­сы­мен қатар Алаш қозға­лы­сы­ның дамуы­на да ұдайы дем беріп тұр­ды. І‑ші Дума­да фрак­ция төраға­сы­ның орын­ба­са­ры болған уфа­лық депу­тат Сәлім­ге­рей Жан­төрин Питер­ге Дума тарқа­ты­лған шақта ғана келіп жет­кен семей­лік депу­тат Әли­хан Бөкей­ха­но­втың пат­ша шеші­міне нара­зы топ­пен бір­ге Выборг­ке атта­нып, әйгілі үнде­у­ге қол қоюы­на әсер етті.

ІІ-ші Дума­да Бақыт­жан Қара­та­ев фрак­ци­я­ның қол­да­уы­мен биік мін­бе­ден қазақ жер-суы және оның отар­ла­нуы хақын­дағы атақты сөзін сөй­леді. ІІІ-ші және ІV-ші Дума­ларға қазақ халқы­ның депу­тат сай­лай алмаға­ны бел­гілі, бірақ ұлт қай­рат­кер­лері қазақ мәсе­лесін Мұсыл­ман фрак­ци­я­сы арқы­лы көтеріп жүр­ді. Мәсе­лен, Қара­та­ев, Серәлі Лапин және басқа да аза­мат­тар ІІІ Дума­да көшпен­ді жұрт­ты жер­ге орна­ла­сты­ру жөнін­ден елге жай­лы заң қабыл­да­туға фрак­ция арқы­лы әре­кет­тен­ді. Мұс­фрак­ция ұйым­да­сты­ру бюро­сы­ның хат­шы­сы Мұста­фа Шоқа­ев 1916 жылғы көтерілістің себеп­тері мен сал­дар­ла­рын зерт­теу үшін ІV-ші Мем­ду­ма комис­си­я­сы­ның құры­луы­на және оның Түр­кістан өлкесін­де жемісті жұмыс атқа­руы­на атса­лы­сып, ІV-ші Дума мүше­сі Мәмед-Юсуф Жафа­ро­втың көтеріліс жай­ын­да жасай­тын баян­да­ма­сын жазуға көмек­те­сті. Монар­хия құлаған­нан кей­ін­гі алға­шқы айлар­да Мұсыл­ман фрак­ци­я­сы, Ресей мұсыл­ман­да­ры­ның бір­тұ­тас орта­лы­ғы ретін­де, жал­пақ импе­ри­ядағы отар халы­қтар­дың, соның ішін­де қаза­қтар­дың да жер-жер­де жина­лы­стар өткізіп, ұлт­тық мүд­де­лерін қорғай­тын ұйым­дарға ұйы­суы­на мұрын­дық болды.

Ұлт-азаттық қозға­лы­стың 1‑ші орыс рево­лю­ци­я­сы ауқы­мын­да жаңа­ша өрісте­уі жай­ын­да мен «1905 жыл» атты тари­хи-таным­ды роман жазған едім, жур­нал­дық нұсқа­сы 1989 жылы жари­я­ланған, кітап болып 1993 жылы шықты. Содан бер­гі уақыт­тар­да, 1905 жыл­дан 1917 жылға дей­ін бір мүшел бойы өрісте­ген Алаш қозға­лы­сы мен оның жеңісті шыңы – 1917 жылғы 12 (25) жел­тоқ­сан­да Екін­ші Жал­пы­қа­зақ съезі Алаш авто­но­ми­я­сы және оның Ала­шор­да аталған үкі­метін құрғанға дей­ін­гі кезеңді қам­ты­ған шығар­ма­лар топ­та­ма­сын жаз­дым. Бұлар­да мұсыл­ман қозға­лы­сы және оны­мен тығыз бай­ла­ны­ста дамы­ған Алаш қозға­лы­сы қарас­ты­ры­лып, жоға­ры­да аталған және атал­маған басқа да ұлт қай­рат­кер­лерінің бірқа­та­ры жай­ын­да әңгі­ме­лен­ді. Он бөлік­тен тұра­тын осы топ­та­ма этюд­терінің көп­шілі­гі «Рух-Сарай» атты тари­хи-таным­ды көп­том­ды­қтың 2004–2010 жыл­да­ры шыққан алға­шқы төрт томын­да басыл­ды. («1905 жыл» рома­ны топ­та­ма­ның бірін­ші бөлі­міне енді). Солар­дың бәрі жинақта­лып, «Алаш жолы» рисәләсін құрап отыр. Олар оқыр­манға отан­шыл­дық рух беретін тағы­лым­ды тари­хи дастан, Алаш қозға­лы­сы­ның эпо­пе­я­сы тәріз­деніп, жастар­ды тарих арқы­лы тәр­би­е­ле­у­ге еле­улі үлес қосуы тиіс. Ала­шор­да­ның 100 жыл­ды­ғы­на арналған бұл жұмыста дін қыз­мет­шілерінің азаттық жолын­дағы күресіне де едәуір көңіл бөлінген.

Алаш қозға­лы­сы­на ара­ласқан діни қай­рат­кер­лер (ишан­дар, имам­дар, ахун­дар, дамул­ла­лар, мол­да­лар) совет өкі­метінің түр­лі рефор­ма­ла­ры мен сая­си науқан­да­ры кез­дерін­де жап­пай қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­тыл­ды. Көбі түр­лі мерзім­ге сот­тал­ды, жер ауда­рыл­ды, бірқа­та­ры аты­лып кет­ті. «Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мы Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің архиві­мен тығыз бай­ла­ны­ста жұмыс істей оты­рып, «Аза­лы кітап. Кни­га скор­би» деген тақы­рып­пен сая­си репрес­си­я­лар құр­бан­да­ры жай­ын­дағы деректер­ді тоғыз кітап етіп шығарған бола­тын. Ондай басы­лым­дар облы­стар­да да жүзе­ге асы­рыл­ды. Солар­дың ішін­де­гі жазы­қ­сыз жаза­ланған дін қыз­мет­кер­лерін аны­қтап, есім­дерін ұлы­қтау оң іс болар еді.

Үлгі ретін­де, орыс пра­во­сла­вие шір­ке­уі мит­ро­по­лит­тік окру­гінің «Әділет» қоға­мы­ның қол­да­уы­мен Жаңа­лық қоры­мын­дағы мемо­ри­алға сая­си репрес­си­я­лар құр­ба­ны болған свя­щен­ник­тер­дің тізі­мі қашалған естелік тақта қой­ға­нын айта кет­кім келеді. Алма­ты түбін­де­гі Жаңа­лық қоры­мы­на 30–40-шы жыл­да­ры төрт мың­нан астам аты­лған­дар көміл­ген. «Әділет­тің» алдын­да тұрған бір мін­дет – сон­дағы мемо­ри­ал жаны­нан мұсыл­ман­дар мен хри­сти­ан­дарға арналған ғиба­дат ету орын­да­рын (шағын мешіт пен часов­ня) тұрғы­зып, ару­ақтар­ды еске алып аза тұтуға келетін­дер­ге жағ­дай жасау. Мұны діни ұйым­дар арқы­лы жүзе­ге асы­руға бола­ры анық. Осы күн­дері шір­кеу бұл іске әзір­лі­гін біл­діріп, білек сыба­нып отыр. Сон­дай ықы­лас елі­міздің дін басқар­ма­сы, діни оқу орын­да­ры, мешіт­тер тара­пы­нан да таны­тыл­са орын­ды болар еді.

Алаш қозға­лы­сы­на өзін­дік үлес қосқан, ста­ли­низм жыл­да­ры қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған қаза­қтың дін-ислам қыз­мет­шілерін еске алып, Ала­шор­да­ның биы­лғы ғасыр­лық мерей­жы­лы орай­ын­да рух­та­ры­на тағ­зым етуді тәу­ел­сіздік аза­мат­та­ры­ның пары­зы деп білейік.

Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ,

«Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мы төрағасының

орын­ба­са­ры, жазу­шы, тарих ғылым­да­ры­ның кандидаты


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн