Воскресенье , 6 июля 2025

ҮШ ЖІГІТТІ ЕКІ АДАМ АТТЫДЕГЕН ЖОРАЛҒЫСЕНІМСІЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (353) от 6 октяб­ря 2016 г.

 

 

Ұзы­нағаш тра­ге­ди­я­сы: егжей-тегжей


 

 

 

Газеті­міздің өткен санын­да Алма­ты­ның іргесін­де­гі Ұзы­нағаш мал база­рын­да өз тір­лік­терін жасап, бала-шаға­сын асы­рап жүр­ген үш ағай­ын­ды жігіт­тің өлі­міне қаты­сты жарық көр­ген мақа­ла­да қан­ды оқиғаға қаты­сты сұрақтың көп екенін айтып өткен бола­тын­быз. Осы іске қаты­сты поли­ция тара­пы­нан толы­ққан­ды хабар бол­маған соң, аты­шу­лы база­рға, қарақ­шы­лық оқиға болған аймаққа барып, қазір­гі жағ­дай­дың мән-жай­ын біліп қайт­тық. Қан­ды қыл­мысқа қаты­сты мәлі­мет­тер­ден бөлек, орал­ман ағай­ын­дар­дың көкей­ін­де­гі кір­бің­дер мен мұң-мұқта­жын естіп, өз оқыр­ман­да­ры­мы­з­бен бөлі­суді жөн санадық.

Естеріңіз­ге сала кет­сек, 18 қыр­күй­ек­те мал сату­мен айна­лы­сып жүр­ген Дол­данұ­лы Жарқын­бек, Зар­лы­ханұ­лы Мұқи­ят және Әлім­хан Қадыл­бек есім­ді ағай­ын­ды үш аза­мат із-түс­сіз жоға­лып, кей­ін­нен өртен­ген көлік­тері мен көміл­ген дене­лері табы­лған. Осы іс бой­ын­ша күдік­ті ретін­де Мұрат Оңал­ба­ев және Талғат Сүлей­ме­нов есім­ді екі күдік­ті қамауға алын­ды. Алай­да осы қыл­мыс екі адам­ның (оның бірі – бір көзі соқыр мүге­дек) қолы­нан кел­ді деген­ге ел ішін­де әртүр­лі ой-пікір­лер туып, қыл­мысты істі тер­ге­уші құқық қорғау орган­да­ры­на деген сенім­сіздік артуда.

 

 

Қан­ды қарақ­шы­лық қыл­мысқа қаты­сты осы сияқты жоралғы­лар­ды (вер­сия) тек­се­ру мақ­са­ты­мен бір­не­ше адам­ды сөз­ге тар­тқан едік. Бірақ олар­дың біра­зы өз пікір­лерін айту­дан ат-тон­да­рын ала қашты. Ол түсінік­ті де – қорқы­ныш. Себебі Ұзы­нағаш мал база­ры кәсіп­кер­лік­тің ғана емес, соны­мен бір­ге қыл­мыс пен үрей­дің де орта­сы екеніне көз жет­кіздік. Өзін Нұр­бақыт деп таны­сты­рған мал сату­шы былай дейді:

 

– Бір жігіт­тер мал­да­рын 4 мил­ли­он­дай тең­ге­ге сатып, маши­на­ла­ры­ның каби­на­сы­нан ұрла­тып алды. Оны істеп жүр­ген осы ара­да жүр­ген адам­дар ғой. Олар үштен, бес­тен топ­та­сып жүреді, бірақ кім екенін біл­мей­сің. Бірі аңди­ды, бірі қара­уыл­дай­ды. Осы база­рдың тәр­тібі рет­тел­се, ұрлық-қар­лық аза­яр ма еді? Мыса­лы, біз сен­бі күні кеш­кі сегіз­дер­де кел­дік, таңға дей­ін жауын­ның астын­да тұр­мыз. Маши­на­ның ішін­де жар­ты сағат­тан көз ілдір­ген­дей болдық.

Ұзы­нағаш мал база­рын кәсіп еткен адам­дар­дың ара­сы­нан Қытай­дан көшіп кел­ген Жек­сен Жар­мұ­ха­метұ­лы деген бауы­ры­мы­зды әңгі­ме­ге тарт­тық. Мал сату­шы қан­да­сы­мыз осы қыл­мысқа қаты­сты білетіні­нен бөлек, көкей­ін­де жүр­ген біраз нәр­сенің шерін тарқатты.

– Сол күні біз марқұм болған жігіт­тер­ге қара­ма-қар­сы орын­да малы­мы­зды сатып тұр­дық, – деп баста­ды сөзін Жек­сен. – Мал өтпей тұр­ды. Мыса­лы, мен өзім­нің малым­ды сатыл­маған соң, кері алып қайт­тым. Бұл өзі бір нашар базар бол­ды. Осы­ның алдын­да да малы­мы­зды алып қай­тқан­быз. Аты­лған ағай­ын­ды жігіт­тер де сөй­тіп алып қай­тқан. Бірақ сол күні таңер­тең «мал­ды сата­тын бол­дық» деген. Алай­да мал­ды кім­ге, қан­шаға сата­ты­нын айтқан жоқ, мен сұраға­ным жоқ. Олар «бір кісілер кел­ді, бірақ қожай­ын­да­ры арты­мы­здан келеді, ақша­сын әке­леді» деп айт­ты да қойды.

– Сатып алушы адам­дар ретін­де күдік­ті болып ұста­лып оты­рған Талғат пен Мұрат есім­ді жігіт­тер­ді база­рдан көр­діңіз бе?

– Жоқ, бұрын-соң­ды ол еке­уін көр­ме­гем. Бірақ та сол күні сауда­ласқан адам­дар­ды көр­ген жігіт­тер бар ғой… Жігіт­тер жоғалған соң, ел-жұрт ізденіс­ке шықты. Менің артым­нан тағы малым кел­ген соң, ізде­у­ге бара алма­дым. Бірақ ізде­у­ге шыққан менің қасым­дағы адам­мен үне­мі теле­фон арқы­лы хабар­ла­сып, жағ­дай­ды біліп отырдым.

Оның айтуын­ша, Үлгілі деген ауыл­дың жанын­да әлгі екі мәшине бат­паққа батқан. Оларға сол ауыл­дың бір аза­ма­ты көмек­ке кел­ген. Маған сол аза­мат­тың әңгі­месін теле­фон­мен баян­дап берді.

Оған поли­ци­яда жұмыс істей­тін, я бұрын істе­ген Айбек есім­ді бір жігіт келіп, осы жер­де бір адам­дар­дың көлік­тері бұзы­лып қалып­ты, соны жасап бер­ші деген. Ол жігіт трак­то­ры­мен барған. Айтуын­ша, бат­паққа батқан көлік­тер­дің жанын­да 5–6 жігіт жүр­ген. Түгел қызу. Арақтың бос бөтел­ке­лерінің жатқа­нын көр­ген. Содан көлік­теріне от алды­рып бер­ген. Кей­ін оны тар­тқан­да, рөл­де оты­рған адам­ның тәжіри­бесі жоқ болу керек, тор­моз­ды бас­пай, трак­тор­ды шалқа­сы­нан түсір­ген. Трак­тор­дың мұр­жа­сы сынып қалған, ол жал­пы­сы 30–40 мың тең­ге тұра­тын нәр­се болған­ды­қтан, төлеп беруді талап еткен. Сон­да бір жігіт оған «менің қал­там­да 25 мың тең­ге ғана бар, соны ала тұр, еш алаң­да­ма, менің атым – Талғат, қалған ақшаң­ды ертең әкеліп бере­мін» деп­ті. Трак­тор­шы жігіт келіс­кен екен. Оны ертіп кел­ген Айбек тағы бір трак­тор алып келіп, құлаған трак­тор­ды тұрғы­зған. Трак­тор­шы жігіт­тің айтуын­ша, сол кез­де екі мәши­не­де мал бол­маған. Ол: «Мына мәши­не­лерің таза қытай­ды­кі ғой» десе, «жоқ, біз сатып алған­быз, Шым­кент­тікі­міз» деген екен. Кей­ін Талғат 25 мың тең­гесін беріп, «сен алаң­да­ма, қалға­нын кей­ін әкеп бере­мін» деп келіскен.

– «Біз Шым­кент­тен­біз» деп айтқа­ны кім бол­ды екен сонда?

– Мәши­не­лер­дің басы-қасын­да жүр­ген жігіт­тің біре­уі айтқан. Үлгілі­де­гі трак­тор­шы жігіт поли­ци­яда істей­тін Айбек­ті ғана тани­ды екен. Бұны ертіп келіп жүр­ген сол ғой. Кей­ін бел­гілі боған­дай, бұл Аста­на трас­са­сын­да табы­лған, өртеніп кет­кен мәшине екен.

Марқұм болған үш жігіт тура­лы айт­сам, олар әрдай­ым мал әкеліп жүретін. Өздері өте жуас жігіт­тер бола­тын. Ара­сын­дағы Қадыл­бек мото­рист болған. Өте кере­мет, халы­қтың алғы­сын алып жүр­ген аза­мат. Жарқын мен Мұқи­ят еке­уі де біре­удің бетіне қар­сы кел­мей­тін, шару­а­шы­лы­қта­рын өздері жан­дан­ды­рып жүр­ген аза­мат­тар еді.

Менің білуім­ше, марқұм­дар­мен мал­дың ақша­сы­на сауда­ласқан адам­дар­ды көр­ген Мәуіт деген аза­мат бар – маған өзі айтқан: «Бұлар сауда­ла­сып жатқан­да, қаста­рын­да болған­мын», – деп.

– Ол адам­дар­дың жанын­да Талғат пен Мұрат болған ба?

– Ол еке­уін осы Мәуіт деген жігіт­ке көр­се­ту керек. Таны­са – сол таниды.

– Мәуіт­ті неме­се сіз­дер­ді осы іс бой­ын­ша сұрақ-жау­ап алу үшін поли­ция қыз­мет­кер­лері іздеп кел­ді ме?

– Мәуіт ауыл­дан әлі қай­тып кел­ген жоқ, соңғы рет екі-үш күн бұрын теле­фон­мен сөй­лес­кенім­де, «мал жинап жүр­мін» деп айтқан. Біз­ден ешкім сұрақ-жау­ап алған жоқ. «Поли­ци­я­мын» деген адам кел­ген жоқ, көр­ген де жоқпыз.

Жал­пы, Ұзы­нағаш база­ры Қаза­қстан көле­мін­де­гі ірі базар­лар­дың бірі. Аумағы да өте үлкен. Сон­ды­қтан база­рдың тәр­тібі өте мықты болуы керек қой. Әр жер­ден келіп жатқан халық, өздерінің нанын таба­мыз деп, 100–200 мәшине келіп жата­ды. Нешетүр­лі адам­дар келеді. Сон­ды­қтан соның бәрін түсіріп, жазып оты­ра­тын каме­ра­лар болуы керек. Қай­наған база­рда біреу ақша­сын, біреу малын, біреу ада­мын жоғал­тып жатыр. Сон­дай­да каме­ра­ның көме­гі бар ғой.

Каме­ра­лар база­рдың аузын­да ғана тұр, өздері үшін орнатқан. Ақша төле­мей, мәшине өтіп кет­пе­сін деген оймен қой­ы­лған каме­ра­лар. Мал түсіріп, мал­ды мәши­не­ге баса­тын жақта, әр бұры­шта бір-бір каме­ра орна­ту қажет. Қан­дай­да бір жаман пиғыл­ды адам каме­ра­ны көр­се, оның жазып тұрға­нын біл­се, сес­ке­неді ғой. Мен өзім Қытай­дан кел­дім, онда қыл­мыс жасаған адам жаза­дан неге құтыл­май­ды десем, бар­лық жер­де қалың каме­ра орна­ты­лған екен ғой.

– Сон­да сіз үш жігіт­ті екі адам ғана өлтір­ді деп ойлай­сыз ба?

– Менің ойым­ша, екі адам ғана болуы мүм­кін емес. Бұл жағ­дай­ды поли­ция нақты­ла­уы керек. Мұның артын­да үлкен қомақты нәр­се бар ма – соны аны­қтау қажет.

Мыса­лы, Ұзы­нағаш поли­ци­я­сы­ның алды­на адам­дар жиналған­да, поли­ция нақты хабар бер­мей қой­ған. Айбек деген поли­ция тура­лы айт­са, ондай адам жоқ, анау-мынау деген сыңай біл­дір­ген. Бәл­кім, Ұзы­нағаш поли­ци­я­сын басып тұрған үлкен күш жатыр ма? Жоқ әлде база­рдың ішін­де осы­мен астасқан адам­дар бар ма деген мәсе­ле халы­қты толған­ды­рып тұр. Ізде­у­ге қаты­сқан адам­дар осы мәсе­ле­лер­ді талқы­лап жүр: 5–6 адам­ның екі мәши­не­де жүр­гені, олар бір-бірі­мен бай­ла­ны­сты адам­дар ма? Оның ар жағын­да басқа адам­дар бар ма? Бірақ осы жәйт­ті сыр­тқа шығар­мау жөнін­де келісім бар шығар. Бұның орта­сын­да поли­ция бар ма? Бұл жағ­дай Ұзы­наға­штың поли­ци­я­сы­на нұқ­сан кел­тіретін болған соң, жасы­рып отыр ма – біл­мей­мін. Осы­ны нақты тек­се­ру керек.

Қазір поли­ция халы­қтың сені­мі­нен қалған. Мыса­лы, біз Шығыс Қаза­қстан­нан 1000 шақы­рым­нан астам жол жүріп келе­міз. Жол бой­ы­ның бәрі ГАИ. Сол қалың ГАИ біз­ден ақша ала­ды. Бір тоқтатқа­ны – 1000 тең­ге. Жары­ғың жан­бай қалып­ты, ана жерің үйтіп­ті, мына жерің бүй­тіп қалып­ты дей­ді. Барған жер­де жөн­дей­мін дегеніңді ұқпай­ды. Мен про­то­кол жазам дей­ді. Содан соң еріксіз сұраға­нын бересің. Солар­дың ішін­де Қаза­қстан­ды өркен­де­тей­ін, орта­сын гүл­ден­дірей­ін, тәр­тібін түзей­ін деп жүр­ген поли­ция көр­ген жоқ­пын. Олар өз қал­та­ла­ры­на ақша жинау үшін шығып жүр­ген адамдар.

Шір­кін, осы­лар­ды жай киім киіп, істе­ген тір­лік­терін каме­раға түсір­се дей­мін ғой. Не деген жаман­дық бұл! Құрым Қытай­дың іші­нен ондай дүние көр­медік қой біз. Мем­ле­кет­тің аты­нан жол­да тұрған адам сол мем­ле­кет­ке қыз­мет жаса­уы керек қой, шір­кін! Қытай­да қаға­зын, тало­нын кесіп береді. Еш дау-дамай­сыз айып­пұл­ды төлеп, қаға­зын ала­мыз. Мем­ле­кет­тің тәр­тібі, оның орнатқан заңы өз орнын­да тұру керек қой.

Осы Ұзы­нағаш база­ры­ның өзін алсақ, кір­ген кез­де әр көлік­ке 1500 тең­ге, әр ірі қараға 700 тең­ге ала­ды. Бірақ осын­ша ақша алын­ды деген еш қағаз берілмейді.

Мен ата­ме­кен­ге был­тыр көшіп кел­гем. Қытай­да да 17 жыл бойы мал тасу­мен айна­лы­сқам. Мал тасу – кәсібім. Осын­да келіп, заң­сыз дүни­е­лер­ді көріп, күй­іп кет­тім. Жол поли­ци­я­сы­ның «келі­се­міз бе?» дегені не? Мем­ле­кет­тік заң бой­ын­ша тәр­тіп­ті бұз­дың десе, тало­нын кесіп бер­сін, пәлен жер­ге төлей­сің десе – мақұл. Бұлар бол­са, «келі­сей­ік пе?» дей­ді. Еріксіз «ал» дей­сің. Бұл дегенің сая­си тона­у­шы­лық қой!

– Айт­пақ­шы, Қытай­да адам өлі­міне қаты­сты қыл­мыс үшін қан­дай жаза қол­да­нар еді?

– Тек өлім жаза­сы неме­се өмір­лік түр­ме жаза­сы. Бірін­ші толық тер­гей­ді, қан­дай ниет­пен, қан­дай құрал­мен өлтір­генін аны­қтай­ды. Егер өмір­лік жаза­ға кел­ме­се, атып тастай­ды. Қаза­қстан­да адам саны аз, ату жаза­сын заң көтер­мей­ді деген ұғым – қате, ойдан шыға­рып алған дүние. Бұл үлкен бір бай­лар­дың өздеріне лай­ы­қтап шыға­рып алған заңы ма деп те ойлай­сың кей­де. Бір адам­ды атпа­саң, ол адам үш адам­ды өлтіріп жат­са, оның несі заң сон­да? Қытай­да мына­дай мақал бар: «Бір тауы­қты сой­ып, мың май­мы­лға сабақ өту» деген. Осын­дай қасақа­на адам өлтір­ген­ді атып тас­та­са, басқа­ларға сабақ болар еді.

– Ата­ме­кен­ге оралға­лы бері түй­ген ойла­ры­ңыз қандай?

– Мен көшіп кел­гелі бері жал­пы түй­ін­де­генім – жер­гілік­ті халы­қта тәр­тіп­сіздік­пен кет­кен, заңға бағын­бай­тын адам­дар көп екен. Бұл елдің заңы оларға жүр­мей ме деп ойлай­мын кей­де. Баба­ла­ры­мыз білек­тің күші­мен, най­за­ның ұшы­мен алып қалған осын­дай ұлан-ғай­ыр жер­де ұлағат­ты орта болу керек! Бір-бірі­мен қыры­лып, бір-бірі­мізді өлтіріп жат­сақ, қалай ұйы­сқан ұлт боламыз?!

Қытай­да бір жарым мил­ли­он қазақ бар: қазір сон­дағы ағай­ын­да­рым теле­фон соғып, қай­ты­ң­дар деп жатыр. Сон­да қазақ елі деп несіне кел­дік? Мен жаным­ды баға алмай кел­ген жоқ­пын елі­ме. Қытай­да үлкен шаруа қожа­лы­ғым болған. Қазір Қытай­дың өзі қымы­здың пай­да­сын біліп алып, қымыз ішетін болған. Бием­ді бай­лап, малым­ды бор­лап, қытай­ға сатып жүре бер­медім бе?! Жоқ, мен елім-жерім деп кел­дім. Балам Қаза­қстан­да оқи­мын деді. 10 мил­ли­он қаза­ққа барып, бала­мы­зды қазақ қылай­ық дедік қой.

Себебі қазір Қытай­да бала­бақ­ша­дан бастап, бәрі қытай­ша болып кет­кен. Бола­шақта бала­ла­ры­мыз қаза­қтың дәстүрі­нен, сал­ты­нан, тілі­нен айы­ры­лып қал­ма­сын­шы деп кел­дік. Кел­ген кез­де жағ­дай осын­дай бол­са, ішің күй­еді ғой. Қытай­ды мақтай­ын деп жатқа­ным жоқ, бірақ Қытай­да бай бол­саң, сені ресми түр­де алға шыға­рып, үлгі етіп көр­се­те­ді. Ал Қаза­қстан­да бол­са, «өлгелі жүріп келіп еді», «бай­ып алып­ты», «оңбаған орал­ман» деген әңгі­ме­лер шыға­ды. Не деген жаман нәр­се бұл! Қаза­қстан­ды ойла­сақ, бүгін оңа­луы­мыз керек, әйт­пе­се бола­шағы­мыз бұлы­ңғыр болып қала береді.

Димаш АЗАМАТОВ,

«

 

 

 

Өз аузы­нан

 

Гүл­нар Есіркенова,

жер­гілік­ті тұрғын:

ҚАНДЫ ҚЫЛМЫСТЫ

екі адам ғана жасаға­ны күдікті

 

–Ұсталған екі жігіт­ті бала кез­дері­нен біле­мін. Семья­ла­ры жуас жан­дар, өздері­мен-өздері күн­дерін көріп жүр­ген. Талғат­тың әке-шеше­сі бұрын қай­тыс болып кет­кен. Ал Мұрат­тың әкесі трак­то­рист болған, бір­тоға кісі. Отба­сы­ла­рын­да 6–7 бала бар. Қара жұмыс істеп бәрін жет­кіз­ген. Мұрат­тың өзі жал­да­нып мал баға­тын, біре­удің трак­то­рын айдап, шөбін шауып беретін. Сөй­тіп күнін көріп, бала-шаға­сын асы­рап жүр­ген. Бұған қоса өзі мүге­дек, бір көзі жоқ. Бұрын еш бұзы­қты­қта­рын, жаман әдет­терін есті­ген жоқ­пын. Әйелі жас бала­лар­мен үйде оты­рған. Ал Талғат ауыл­да «косто­прав» болып жұмыс жасай­тын. Әйелі – мұғалім. Ол да өзі­мен-өзі күнін көріп жүр­ген бала. Ара­сын­да «так­со­вать» ететін. Біз Ұзы­наға­шқа барып, сүт сата­тын­быз, сон­да бізді тасып жүретін. Осы жігіт­тер қан­ды қыл­мыс жаса­ды деген­ге сен­бей­мін. Өйт­кені бұдан бұрын жаман әдет­терін есті­ме­ген­мін. Тіп­ті осы екі жігіт­тің мал база­ры­на келіп-кетіп, мал­мен айна­лы­сқа­нын көрмеппін.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн