Суббота , 5 июля 2025

ШАҺИЗАДА Республика сарайымен СОТТАСАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (358) от 10 нояб­ря 2016 г.

 

Ойдан-қыр­дан


  • Жақын­да ғана Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да дүр­кіретіп кон­цер­тін өткіз­ген Шаһи­за­да ханым атал­мыш мәде­ни­ет ғима­ра­ты­ның ұжы­мы­на өкпе­сі қара қазан­дай, деп жаза­ды Alashinform.kz сайты.


Өйт­кені кон­церт бары­сын­да тех­ни­ка­лық қателік­тер болып, әншінің көп­тен күт­кен кешінің шырқы бұзы­лған. Бұл жай­ын­да ол «Аста­на» арна­сы­ның «Ел аузын­да» бағ­дар­ла­ма­сы­на бер­ген өзінің сұх­ба­тын­да мәлім­деді.
«Рес­пуб­ли­ка сарай­ы­на кінә тағып отыр­мын. Себебі ондағы маман­дар дыбысты өшпей­тін жер­де өшіріп, әде­мі көріністер­ді тоқта­тып тастай­ды. Шыным­ды айт­сам, мен өте қапа бол­дым, қан­ша­ма ақша төленіп отыр, қан­ша­ма сенім артқан бола­тын­быз», – дей­ді өнер иесі. Таны­мал әнші осын­дай үлкен сарай­дың аты­на сай еме­сті­гін, лай­ы­қты жұмыс жасал­маға­нын айта­ды. 
Мұн­дай жағ­дай «Рин­го» тобы­ның әншілерін де айна­лып өтпеп­ті. 
«Мик­ро­фо­ным бір­не­ше рет қосыл­май қал­ды. Ондағы­ларға болған жайт­ты айтқа­ным­да, бай­қа­май қалға­нын айт­ты», – дей­ді топ әншісі Дани­яр тіл­шілер­ге бер­ген сұх­ба­тын­да. 
Орын алған жағ­дай­лар­дан кей­ін әншілер­дің Рес­пуб­ли­ка сарай­ы­ның бас­шы­лы­ғы­на деген рені­ші өршіп тұр. Шаһи­за­да бұны жабу­лы қазан күй­ін­де қал­дыр­мақ емес, шара қол­да­на­мын дей­ді: «Мен заң­гер­лер­мен арнайы келісім-шарт бой­ын­ша Рес­пуб­ли­ка сарай­ы­ның қателік­тері үшін, кон­цер­тім­ді бұзға­ны үшін олар­мен ақыл­да­сып, сотқа берей­ін деп отыр­мын. Өйт­кені олай жасай беру­ге бол­май­ды ғой». 
Соны­мен қатар ол бірер жыл бұрын күр­делі жөн­де­уден өткен сарай­дың сапа­сы­на да сын тақты. «Қан­ша­лы­қты жөн­де­уден өткіз­генін мен түсіне алма­дым. Ішін­де­гі дүни­е­лер ескі, сыр­ты ғана жыл­ты­рап тұрған сияқты. Қал­жы­ң­дап айтқан­да, ішін­де­гі дүни­е­лер «китай­ский» екен», – дей­ді өнер иесі.
Жеке кешінің ойдағы­дай өтпе­геніне, төле­ген ақша­сы­ның ақтал­маға­ны­на әнші қат­ты өкі­неді. Енді­гі жер­де меке­ме ұжы­мы­нан өте­мақы талап етпек ойы бар.

Аlashinform.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн