Суббота , 5 июля 2025

ШАҢЫРАҚТА ШЫРҚАЛҒАН ӘНДЕРШАР ТАРАПҚА ТАРАЙ БАСТАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Ана бақы­ты

 


 

Аспанға қарап не ойла­ды екен осы мезет? Әлде әде­мі әуен естіді ме? Мүм­кін, рояль­дің қақ­пағы құлап кет­пес пе екен деп қоры­қты ма? Әйте­уір, көзі бақы­рай­ып, шығар­ма­сын ойнап шыққа­ны есім­де. Бұл Дима­штың 5 жастан асқан кезі, нота­ны тез жат­тап ала­тын, сабақ ұна­май бара жат­са, аспап­тың асты­на кіріп алып, шық­пай қоя­тын. Ұста­зы Дина Ния­зо­ва апай­ы­на бар әңгі­месін айтып, ара­сын­да ойнап, ара­сын­да тамақ жеп, сабағы­нан әйте­уір өзі риза болып, апай­ын мәз қылып шығып келе жататын.

 

Міне, бүгін сол Дима­шы­мыз елінің алдын­да, жұр­ты­ның тіле­гін­де. Шүкір, өзі айтқан­дай, «баста­уы» жаман емес. Бүгін­де Аста­на­ның төрін­де­гі өнер­дің ұста­ха­на­сы – «Шабыт­тың» сту­ден­ті. Сабағы мен сахна­сын қатар мең­геріп, ұста­зда­рын да, көре­рменін де қуан­тып келеді. Әлем наза­рын тік­кен ЭКСПО аясын­да Елор­да­да тұңғыш рет жеке кон­цер­тін бер­ді. Иығы­на үлкен жүк­тің, зор жау­ап­кер­шілік­тің арты­лға­нын сезіп, күн ‑түн демей, бұл кон­церт­ке дай­ын­дық жасады.

Әрі қуа­нып, әрі уай­ым­дап жүр­генін көзі­нен ғана аңғар­дық. Сыр бер­мей­тін мінезі өзі­міз­ге мәлім.

Тек қана аман бол­сын! Ғұмыр­лы бол­сын! Өзі айтқан­дай, бұл – «Бастау» ғана! Өзінің шаңы­рағын­да шырқалған әндері шар­та­ра­пқа тарай бергей!

Све­та АЙТБАЕВА

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн