Суббота , 5 июля 2025

«ШАЛА ҚАЗАҚ» БОЛСА ДА, «ШАЛА ҚЫТАЙ» БОЛМАЙДЫ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №3 (367) от 26 янва­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Актер Әну­ар Нұр­пей­і­сов Син­га­пур­да сая­хат­тап жүр екен. Босқа жүр­мей, ол өзін­ше үлке-е‑н ой түй­іп­ті… Оны­сы былай екен:

«Бұл елде негізі­нен этни­ка­лық қытай­лар мекен­дей­ді. Бай­қаға­ным, олар өз ара­ла­рын­да көбі­не­се ағы­л­шын тілін­де сөй­ле­седі. Әрине, кей­біре­улер кере­мет сөй­лей алмай­ды. Бірақ жал­пы­ла­ма алған­да ағы­л­шын тілінің дең­гейі өте жоға­ры. Ең қызы­ғы оларға ешкім де: «Әй, шала қытай, қытай­ша сөй­ле­мей­сің бе?» – деп айт­пай­ды. Тіп­ті зама­на­уи Син­га­пур­дың негізін қалаған ұлы рефор­ма­тор Ли Куан Юдің өзі туған қытай тіліне қараған­да ағы­л­шын тілін жақ­сы мең­гер­ген. Мұны­мен не мең­зеп тұр дей­сіз­дер ме? Жай айта салай­ын деп едім», – деп­ті Нұр­пей­і­сов baq.kz cай­ты­ның жазуынша.

 

Біздің актері­міздің ақтер-көк­тер болып, жел­пініп, енті­гіп жет­кіз­ген Син­га­пур мен Қаза­қстан­ның қол­да­ны­стағы тіл­дерін салы­сты­ру ол үшін «Жай айта сала­тын» нәр­се екен… Син­га­пур­дың қала-мем­ле­кет ретін­де­гі ерекшелі­гі – ондағы қытай­лар­дың әлем­де­гі саны 1,5 мил­ли­ард­тан асып кететіні, яғни Қытай деген әлем­ге ықпал­ды алып ел тұрған­да, қытай тіліне қауіп деген­нің қай мем­ле­кет­те де, қай тіл­де сөй­ле­се де, бір қытай­дың да ойы­на да, түсіне де кір­мей­тіні Әну­ар­дың да миы­на әзір­ге кір­мей келе жатқа­ны өкіні­шті… Ал Қазақ тілінің өзге бір қазақ мем­ле­кетін­де (Қытай мен Син­га­пур секіл­ді) емес, өз Ота­нын­да да мем­ле­кет­тік тіл ретін­де 25 жыл­дан бері Ата заңға сай төріне шыға алмай келе жатқа­нын ойлау ол үшін тіп­ті жат нәр­се бол­са керек…

Бірін­ші­ден, Син­га­пур­да этни­ка­лық қытай­лар 76 пай­ы­здан асып тұр­са да, төрт мем­ле­кет­тік тіл­дің ішін­де­гі ағы­л­шын тілі басты тіл болып оты­рға­ны­ның басты себебі – қытай имми­грант­та­ры бір­не­ше топқа, яғни кемін­де 6 топқа бөлініп, 6 диа­лек­ті­де сөй­лей­тін болған­ды­қтан, бір-бірін түсі­нудің өзі қиы­нға соға­ды… Ал Алтай мен Аты­ра­удың ара­сын­дағы қазақ түгілі, өмір бойы шетел­дер­де тұрып келе жатқан бар қаза­қтың тілі – бір тіл, диа­лек­тісіз бірі-бірін түсіне береді.

Екін­ші­ден, Син­га­пур­да ағы­л­шын тілі де, қытай тілі де төрт тіл­дің (малай тілі, тамиль тілі) қата­рын­дағы ресми тіл, яғни ста­ту­ста­ры бір­дей. Ал Қаза­қстан­да қазақ тілі – мем­ле­кет­тік тіл де, орыс тілі – ресми тіл. Яғни, ста­ту­ста­ры бір­дей емес!.. Кон­сти­ту­ци­ядағы 7‑баптың 2‑тармағы орыс тіліне мем­ле­кет­тік тіл­мен бір­дей дәре­же­де ста­тус бер­мей­тіні тура­лы 2007 жылы Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес қосым­ша қау­лы шыға­рып, Мұх­тар Шаха­нов бастаған бір топ мәжіліс депу­тат­та­ры­ның сау­а­лы­на жау­ап бер­генін әртістер түгілі, біздің билік басын­дағы сая­сат­кер­лері­міздің көбісі де біл­мей­ді неме­се біл­гісі кел­мей­ді!.. Сон­ды­қтан да екі елдің жағ­дай­ын­дағы екі тіл­ді салы­сты­ру дұрыс бола қоймас.

Син­га­пур­да ағы­л­шын­ша сөй­лей­тін қытай­лар­дың бәрі қытай­ша бес­ке біл­се, Қаза­қстан­да Ресей тілін­де сөй­лей­тін қаза­қтар­дың көбісі, әсіре­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гілер, мини­стр­лер мен әкім­дер, депу­тат­тар­дың біра­зы қазақ тілін­де аты-жөнін дұрыс жаза алмай­ты­ны да қазақ актері үшін қай­ғы­ра­тын жайт емес, «жай айта сала­тын» нәр­се болға­ны өзек өртейді…

Әлгі әйгілі ұлы рефор­ма­тор, зама­на­уи Син­га­пур­дың негізін қалаған мем­ле­кет бас­шы­сы Ли Куан Ю ешқа­шан да «Ағы­л­шын тіліне қытай­ша жау­ап бер­ген­дер жұмыстан қуы­ла­ды» деп айт­паған, тіп­ті олай айту ойын­да да болмаған!..

Біз­де «шала қазақ» деп өзінің ана тілін, яғни қазақ тілін біл­мей­тін­дер­ді айта­ды. Ал Син­га­пур­да ана тілін, яғни қытай тілін біл­мей­тін қытай­лар бар деп ешкім, тіп­ті Син­га­пурға аяғы тие салып, атам қаза­ққа ақыл айта бастаған бала әртісі­міз де айта алмайды…

Ана тілін біл­мей, Ата заң­ды аттап тұрып, мем­ле­кет­тік тілін біл­мей, мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істей беретін ел әлем­де тек Қаза­қстан ғана. Сон­ды­қтан да «шала қазақ» бол­са да, шала қытай, шала орыс, шала түрік, шала өзбек, шала армян, шала гру­зин, т.б. шала ұлт­тар болмайды!..

Біз Әну­ар бауы­ры­мы­здың да, шала білетін шару­аға ара­ла­са­тын «шала тіл­ші» емес, шала актер емес, нағыз кино актері болға­нын, аны­ғын айтқан­да, нағыз қазақ болға­нын қалаймыз…

 

Қазы­бек ИСА,

«Қазақ үні»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн