Пятница , 4 июля 2025

Шекаралық Нарынқол ауданы ҚАЙТАДАН ҚҰРЫЛАДЫ. Марқакөл мен Тарбағатай ше?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №28 (392) от 11 авгу­ста 2017 г.

 

Жақ­сы хабар


 

Кеше Қаз­ТАГ Алма­ты облы­сын­да жаңа аудан құры­ла­ты­ны тура­лы хабар тарат­ты. Бей­сен­бі­де­гі облы­стық мас­ли­хат­тың оты­ры­сын­да үкі­мет­ке сәй­кесін­ше ұсы­ныс беру тура­лы шешім қабыл­данған екен.

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­метіне Алма­ты облы­сы­ның құра­мын­да әкім­шілік орта­лы­ғы Нарын­көл ауы­лы бола­тын және Алма­ты облы­сы Рай­ым­бек ауда­ны­нан жер бөлу арқы­лы жал­пы ауда­ны 711 937 гек­тар бола­тын жаңа аудан құру тура­лы ұсы­ныс беріл­сін», – делін­ген мас­ли­хат­тың шешімінде.

Ата­лып өткен­дей, рес­пуб­ли­ка­лық оно­ма­сти­ка­лық комис­си­я­ның қара­уы­на жаңа­дан құры­лған ауданға «Нарын­көл» ата­уын беру тура­лы рес­пуб­ли­каға ұсы­ныс жіберіл­ген екен.

Дұрыс боп­ты! Ал енді өзге­лер­ге өгей болған шека­ра­лық Марқа­көл және Тар­баға­тай (орта­лы­ғы – Ақжар село­сы, ШҚО) аудан­да­ры қашан қай­та­дан құры­ла­ды? Халқы үде­ре көшіп, көп­те­ген ауыл­да­ры аңы­рап қалу алдын­да тұрған аудан­дар­ды қай­та­дан қал­пы­на кел­тір­се, мем­ле­кет­тің бюд­жеті ортай­ып қал­ма­сы кәдік. Енде­ше, ШҚО әкім­ді­гі мен мәc­ли­ха­ты алма­ты­лық Аман­дық Бата­ло­втың баста­ма­сын іліп әке­туі тиіс-ақ!

«

 

Қазір жасы­ра­ты­ны жоқ, кезін­де жабы­лып қалған шека­ра­лық аудан­дар­дың аху­а­лы­на ел бас­шы­лы­ғы көңіл бөлетін уақыт кел­ді. Оның үстіне, қоғам­да «Қытай мәсе­лесі» қозып тұрған шақта, бұл аудан­дар­ды қай­та­дан түле­ту – ел тағ­ды­ры­на елең­де­ген әре­кет болар еді.

Несін айта­сыз, Қытай жағы гүл­деніп тұр, шека­ра­ны бой­лай алып үйлер бой түзе­ген, жол­ды жасап, екі араға тіреп қой­ған. Қытай­лар­дың мақ­са­ты айқын: олар Нары­нқол маңын­да бұры­нғы, көне тари­хи Құл­жа жолын қай­та жаңғырт­пақ. Кезін­де қытай мен қазақ ара­сын жалғаған бүгін­гі Құл­жа жолы Нары­нқол арқы­лы өтетін асу еді. Осы жол­дың бой­ын­да Нары­нқол мен Кеген ара­лы­ғы, Қарқа­ра өзені бой­ын­да, Орта Ази­яға таны­мал «эко­но­ми­ка­лық аймақ» ретін­де таны­лған Қарқа­ра сауда-сат­тық аймағы болған. Қытай елі соны қай­та қал­пы­на кел­тір­мек. Бұл «май­лы жілік» Қорғас пен Жәр­кент­ті екі орап ала­ды, пай­да­ның көзі. Өйт­кені қатар­лас қырғыз елі бар: үш елді қатар қам­тып, ары қарай өзбек пен тәжік­ке тура тар­та­тын төте дәліз Қарқа­ра арқы­лы таралған. Тарих­та аты қалған Қарқа­ра жәр­мең­кесі арқы­лы кезін­де Рес­сей Вер­ный қала­сы мен Құл­жа­дағы әскерін қаржыландырды.

Өкініш­ке қарай, сол дүр­кіреп кетей­ін деп тұрған мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­на алма­дық. Енді айдаһарға жем болған­ша, оны­мен бәсе­ке­лесіп, ғалам­дық нарық жағ­дай­ын­да бәсе­ке­ле­стік туды­руға тал­пы­ныс керек-ақ. Алып импе­ри­я­лар ара­сын­дағы сауда-эко­но­ми­ка­лық қақты­ғы­стар­ды Нары­нқол сияқты шека­ра­лық өткел­дер мен дәліз­дер арқы­лы өз пай­да­мы­зға шешу­ге бел буа­тын кез келді.

Сол мүм­кін­дік­тер­ді пай­да­ла­ну бары­сын­да үкі­мет­тің жәр­де­міне сүй­ен­ген ауыл халқы өз жоба­ла­рын жүзе­ге асы­рып, игілік­ті істер­ді қоғам­дық түр­де қолға алса, көп нәр­се шешілер еді. Амал жоқ, әзір­ге Аста­на жақтан жәр­дем бол­маған соң, дәр­мен­сіздік дер­ті шека­ра­лық жұрт­шы­лы­қты мең­деп бара­ды. Елге мил­ли­он­даған таза қар­жы әке­летін аймақты босқа қор қылып отыр­мыз. Қазақ өзі істе­мей­ді, істе­ген­ді көре алмай­тын құл­дық сана-сезім­мен өз қолы­мы­зды өзі­міз бай­лап, өзге­ге жал­тақтап, күн кешуді әдет­ке айнал­ды­рған. Себебі жер­гілік­ті жер­лер қазы­наға бай­ла­у­лы, өздерінің қар­жы көзі жоқ.

Ал егер Нары­нқол ауда­ны қай­та­дан құры­лып, ол аймақ Құл­жа жолы, Қарқа­ра жәр­мең­кесі және қырғыз елі ара­сын­дағы еркін эко­но­ми­ка­лық аймаққа айналған­да, жер­гілік­ті жер бірер жыл­дың ішін­де дүр етіп, гүл­деп кетер еді. Нары­нқол жұрт­шы­лы­ғы­ның осы талап-тіле­гі Аста­на мен Ақор­даға жетер, бұл жанай­қай­ды тың­дар құлақ табы­лар деп үміттенеміз.

Ержан ЖҮНІС,

Алма­ты облысы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн